VOX POPULI Карла Нур 18 апреля, 2013 09:50

Біреуіміз жоғалтсақ , екіншіміз табамыз...

Күнделікті Алматы қаласында екі мыңға жуық адам өз құжаттарын жоғалтады. Жоғалған құжаттар сұрқиялармен пайдаланылуы мүмкін. Бұндай жағдайды болдыртпау үшін арнайы жоғалған құжаттар жайында дерекқор есебіне тұруы қажет. Карла Нұр табылған заттар бюросына барып, жоғалтып алған және тапқан адамдарды әңгімеге тартты.

1. «ПАНиКа» табылған заттар бюросы 1998 жылдан бері жұмыс істейді, оның негізін қалаушысы бұрынғы ІІМ қызметкері - Пинигин Александр Николаевич.

- Ұлттық табылған заттар бюросы ескі жүйемен жұмыс істейді. Ең алдымен табылған затты міндетті түрде бюроға алып келу керек, тек содан кейін ол заттың иесі табылуы мүмкін, - дейді Александр Николаевич. – Ақырында, ұлттық табылған заттар бюросы барлық жоғалған заттың 0,2-0,5% қайтарады. Сондықтан да, менің ойыма бұдан да тиімді бюро ашуға ой келді.

Біздің жобамыздың болжамы бойынша, кез -келген құжатты немесе заттарды тауып алған адам үйінен, жұмыстан шықпай-ақ бюроға хабар бере алады. Оған тек «ПАНиКа»-ның телефон нөміріне хабарласу керек немесе электрондық пошта арқылы немесе смс хат жіберуіне болады. Барлық жоғалған, табылған заттар туралы келіп түскен ақпараттарды операторлар біртұтас дерекқорға енгізеді. Ал компьютерлік бағдарлама жоғалған, табылған заттар бойынша ақырғы нәтижені шығарады.

90-шы жылдардың соңынан бері иелеріне он мыңдаған құжаттар, шетелдік төлқұжаттар, мыңдаған заттар, көліктердің нөмірі, қымбат дәрілер, жануарлар, ұялы телефондар, тіпті сиырға дейін қайтарылып берілген. Соның ішінде ең бағалысы әуежайда жоғалған Сальвадор Далинің литографиясы.

Әзірше біз тек Алматы мен Астана қаласындамыз. Мен өз алдыма республикалық табылған және жоғалған заттардың базасын құруға мақсат қойдым. Қазақстанның кез-келген қаласында адамдар өз заттарын оңай табуға мүмкіншілік етеді. Бірақ бұл жобаны іске астыру үшін қаражат қажет, - дейді Александр Пинигин.

Күніне табылған заттар бюросына 300-ге жуық адам келеді. Сенбі күндері Сейфуллин даңғылындағы бас кеңсеге 30 секунд сайын қоңырау шалынады. Әсіресе, жұмыс күндері телефонға тыным жоқ.

- Мен осы бюро құрылғаннан бері жұмыс істеп келе жатырмын. - Жұмыс өте ауыр, шыдамдылықты, адаммен тіл табысуды қажет етеді.

«ПАНиКа»-да табылған заттар туралы ақпарат алу ақылы, бағасы табылған заттың көлеміне, түріне байланысты 1000-5000 теңге аралығында болады.

Егер сіз маңызды құжат, бағалы заттар тауып алсаңыз, бірден бізде тіркеңіз. Бугін таңертең бізге ер адам хабарласып, екі қара шабадан тауып алғанын айтты. Оның ішінде кәсіпорынның құжаттары бар екен. Шабаданды иесіне қайтаруға келгенде, оны полиция қызметкерлері ұстап алды, себебі олар ұрланған болып шыққан екен.

Бір ай ішінде «ПАНиКа» табылған заттар бюросы мың жарымға жуық құжаттарды иелеріне қайтарады. Бұл көрсеткіш табылған заттардың 80% мөлшері. Үш айда бір рет иесі табылмаған заттарды ІІМ өткізіледі, ары қарай олармен не болары бізге белгісіз.

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 245-ші бабы бойынша тауып алған азамат табылған заттың 30% сыйақысын алуына болады. Табылған жеке куәлікке сыйақы 500-ден 1000 теңгеге дейін барады. Егер тауып алған азамат осы мөлшерден көп сұрап, құжатты иесіне қайтармаса, онда ол адамды қылмыстық жауапкершілікке тартады. Сыйықының көлемі келісім бойынша да болуы мүмкін, мысалы, егер үй жануарын тауып алып, оны бірнеше күнде бағып, қараса, онда сол жануарға кеткен шығынды сұрауына болады.

Бір жігіт тауып алған жеке куәлікті тауып алғаны үшін 5000 теңге сұрапты, иесі онымен келісімге келмегендіктен, келесі кездесуде ІІМ қызметкерімен келіпті. Жігіт 2 жылға сотталды. Мынадай да оқиға болған: бір жігіт телефонмен хабарласып, құжаты бар және 500$ бар әмиян тауып алғанын айтты, біз ол туралы барлық ақпаратты жазып алдық. Тез арада сол әмиянның иесі де табылды. Сыйақысы жайында біз хабарсызбыз, клиент қайта хабарласпағанына қарағанда бәрін өзара келісіммен шешкен болар.

Барлық адамдардың ойынша, құжатты тауып алған адам ұры немесе ұрының сыбайласы деп ойлайды. Бірақ бұл жаңсақ пікір. Жазушы Николай Модестов өзінің «Қалалық қылмыстық іс энциклопедиясы» кітабында, полициямен бірге жүргізген зерттеулерінен кейін ұрылардың әмиян ұрлағаннан кейін ақшасын ғана алып, құжаттарын лақтырып жіберетінін айтты. Біз қаншалықты адамға көмектескенмен, көбісі бізге сенбейді, ұрылардың көмекшісі деп сескенеді.

Мемлекеттік мекемелер ынтымақтастыққа өте қиын келіседі. Неліктен адам бір құжат үшін табылған заттар бюросына баруы керек, оданша ХҚКО-на бір адамды отырғызып қойып, сол жерден де анықтаманы беруіне болады, бірақ ХҚКО бізбен жұмыс істеуге асықпайды. Олардың қызмет көрсету тізіміне сай келмейді дейді, сонда да олар банктермен жұмыс істеуде. Осы жерде жемқорлыққа жағдайлар туындайды - біреуге рұсат беріп, келесілеріне тыйым салады.

Мына суретті такси жүргізушісі алып келді. Әуежайға бара жатқан клиент көлікте ұмытып кетіпті. Такси жүргізушілері жиі келеді, көлікте қалған әмиянды, сөмкелерді, ақшаларды қайтарып береді. Көбісі 169 нөміріне өтінім қалдырады, бір түнде 40-тан аса өтінімдер жиналады. Өздері де келетіндер бар.

– Мен осымен екі рет жеке куәлігімді жоғалттым, - дейді Ғайни. – Маған «ПАНиКа»-дан қоңырау шалып жеке куәлігімнің табылғаны жайлы хабарлады. Тапқан кісінің мекен-жайын берді, сол мекен-жайға барғанда менің жеке куәлігімді көрнекке егесін табу мақсатында қойғанын білдім. Бірақ оны басқа біреу алып кетіпті...

– Үш жыл бұрын жолдасым жүргізу куәлігін жоғалтып алған еді, - дейді Гүлшада. Бірақ сол кезде қайта жасатуға қолы тимеді, бүгін анықтама алуға келдік, енді қайта жасатамыз.

Ер адам өзінің жоғалған жеке куәлік, техникалық құжат, қару ұстауға рұқсат, жүргізу куәлігін іздеуге келіпті. Оның бақытына орай құжаттары табылған екен, бірақ тауып алған кісі өте үлкен сыйақы сұрапты. Кездесерде келісетін болар.

Көліктердің нөмірі біздің жолдарымыздан түсіп қалатын болар.

Кеңсеге бір әйел кіріп келіп, операторға тауып алған заттарын өткізіп жатыр:

- Мына құжаттарды өз иесіне бере салыңызшы, маған ешқандай сыйақы керек емес!

Әйелдің есімі Әлия:

- Мен қонақүйдің әкімшілігінде жұмыс істеймін. Таңертең асығып жүріп студенттік билетін, құжатын тастап кеткен болар, маған одан ештеңе керек емес, өзімде кезінде студент болғанмын, ақшамен қалай қиналғаным есімде.

Қарасай батыр көшесіндегі «ПАНиКа»-ның бөлімшесінде көптеген адам жиналыпты, барлығы да құжаттарын жоғалтқандар.

Ең көп келетіндер студенттер, автобуста олардың сөмкелерінен әмияндарын, құжаттарын суырып алады.

- Сөмкемнен әмиянымды суырып алыпты, - дейді Әсем. – Ішінде ақшасы болған жоқ, тек жеке куәлігім ғана еді.

Бір жыл бұрын балам қздік бағамен бітірген мектеп аттестатын және ҚазБСҚА-ны бітірген дипломын жоғалтып алған,- дейді Маргарита Дмитриевна. – Балам қазір Ресейде тұрады, бұл құжаттар өте қажет болып жатыр екен.

– Менің бір саяжайшым сату–сатып алу құжаттарының қайда кеткенін білмейді, - дейді саяжайшылар одағының төрағасы Жұмагүл. Көптеген саяжайшылардың құжаттарды қалпына келтіруіне мүмкіншіліктері болмайды, сондықтан менің көмектесуімді сұрайды.

– Бір апта бұрын ЖК-тің мөртаңбасын жоғалтып алыппын, әлі ешкім қолданбады деп сенемін, - дейді Руслан.

Табылған заттар бюросында жұмыс істейтін қызметкерлер өздерінің клиенттерінің заттарымен ғана емес, өздері де сол сұрқиялардың құрбаны болады.

- «ПАНиКа»-да бір жыл көлемінде жұмыс істеймін. Жұмысқа енді орналасқан кезімде, менің сөмкемнен құжаттарымды және әмиянымды суырып алған еді, бірақ құжаттарым тез арада табылды. - дейді Меруерт.

– Бізге бір әжетай жоғалып қалған қызды ертіп келген, біз полицияға хабарлап тез арада қыз ата-анасына қайтарылды,- дейді оператор Гаухар. – Бір егде ер адам бізге алтын сәндік заттары бар сөмке алып келді. Біз жоғалтып алған қызды таптық, сөйтсек сөмкені қыздың қолынан жұлып алған екен. Алтындарды байқамаған болар, тек ақшасын ғана алыпты. Ол алтындарды суреттеп бергеннен кейін, сөмке иесіне қайтарылды. Көптеген адамдар құжаттарды тауып алып, қай жерге хабарлау керектігін білмей, үйлерінде сақтап, кейін лақтырып жібереді. Егер сіз құжаттарыңызды жоғалтып алған болсаңыз, келешекте қиыншылық, тусініспеушілік туғызбау үшін, бірден біздің дерекқор есебіне тұруыңызды сұраймыз.

Күнделікті біз жоғалған құжаттардың көмегімен несие алған, жер үйлерін басқа адамның атына аударып тастаған, қылмыс болған жерге тастап кететінін, аманат ретінде қалдыратыны, бизнестерін сатып жіберген жағдайлармен кездесеміз. Бірақ құжаттар жоғалғаны туралы растау анықтамасы бойынша адамдар сотты ұтып алып, өз заттарын қайтаруда.
 
«ПАНиКа»-ның көпарналы телефон номері: 390-99-66, 328-22-33 немесе 169
Табылған заттар бойынша пайдалы ақпаратты мына сайт арқылы біле аласыз www.panika.kz
 
Бөліс
Карла Нур
Карла Нур