Александра:

— Күндізгі кремді күнде қолдандым. Ал, ВВ-крем мен көздің айналасына арналған кремді серуендеуге шыққанда ғана жақтым. Маған көз айналасына арналған крем өте ұнады: көз астындағы көгерулер басылды, тіпті күн сайын ұйқым қанып тұрғандай көріне бастады. Күндізгі кремнен терім майсыз бір тегіс болды, бірақ безеулер бұрынғысынша шығып жатыр.

— Ал, BB-крем — өте жеңіл, әрі жағылғаны білінбейді, теріні жарқыратып, бір тегіс әдемі етеді. Әрі қарай ВВ-крем мен көз айналасына арналған кремді қолдануды жөн көріп отырмын, бірақ күндізгі крем менің теріме онша келіңкіремеді.


Фото, сделанные до и после месячного эксперимента со Skin Perfection
Skin Perfection пен бір айлық тәжірибеге дейінгі және кейінгі фото

Айгерім:

— Бір ай бойына мен тек екі құралды қолдандым: күндізгі крем және көз айналасына арналған крем. Негізгі құрал маған ұнады, терімнің біртегістеле бастағанын байқадым. Ал, ВВ-кремді көп қолданбадым.

— Жақпа майлар шынында да, бет терісінің ақауларымен күресті. Тері тесіктерінің азайып, қызарулардың басылғанын байқадым, терімнің жалпы жағдайы жақсарып қалды. Болашақта да күндізгі крем мен көз айналасына арналған кремді қолдансам деймін.


Фото, сделанные до и после месячного эксперимента со Skin Perfection
Skin Perfection пен бір айлық тәжірибеге дейінгі және кейінгі фото

Екатерина:

— Менің терім бір тегіс болып, майлы жылтыр кетті. Мен осындай нәтижеге ұзақ уақыт бойы ұмтылдым, бұрын майлы жылтырды кетіру үшін косметикалық салфеткалар қолданатынмын, қазір олар жоқ және кешке дейін алаңсыз жүруге болады. Тіпті, қазір терім тазарақ көрінетін сияқты әсердемін. 

— Бұл құралдарды қолдануды қуана-қуана жалғастырамын, өйткені оларды тональный кремнің орнына жағуға болады. Енді мен өз теріме шамадан тыс бояу жақпаймын және өзімді жаңарғандай сезінемін.


Фото, сделанные до и после месячного эксперимента со Skin Perfection
Skin Perfection пен бір айлық тәжірибеге дейінгі және кейінгі фото

Раилям:

— Мен Skin Perfection кремдерін күнде қолдандым. Маған басқаларына қарағанда ВВ-крем көбірек ұнады - оны бетіме күніне екі рет жақтым.  Ал, күндізгі кремді кейде ғана бетім тітіркенгенде жақтым, ол да жақсы көмектесті, жақсы ылғалдандырады.

— Көз айналасына арналған түзеткіш кремді жиі қолдандым. Бұл кремді ВВ-кремнің тамаша дуэті деп білемін: көз астындағы қалташалар жойылып, тері біртегістеледі. Әрі қарай да, осы құралдарды сатып алуды жоспарлап отырмын, бірақ бәрінен бұрын тамаша ВВ-крем үшін жүгіретін сияқтымын.


Skin Perfection пен экспериментке қатысқан сұлу қыздарға рахмет. Ал сіз, құрметті оқырмандар,  L'Oreal Париждің жаңа желісін қолданып көргіңіз келе ме?