Үздік посттар

Пост

Менің кәсібім емес! (18)


20.01.2012 | 12:00
АЙДАРЛАР: Фотосессия, Общество
Автор: Канат Бейсекеев
99
20481
 

СКАЧАТЬ PDF - ВЕРСИЮ

ВКЛЮЧИТЬ СЛАЙД-ШОУ

This content comes from a hidden element on this page.

The inline option preserves bound JavaScript events and changes, and it puts the content back where it came from when it is closed.
Click me, it will be preserved!

If you try to open a new ColorBox while it is already open, it will update itself with the new content.

Updating Content Example:
Click here to load new content

Мектепті тәмамдаған соң біз өз болашағымызды анықтайтын қандай мамандықты таңдаймыз деген таңдауға тап боламыз. Институтқа оқуға түскенде, біз ата-анамыздың, тәжірибесі бар жолдастарымыздың кеңесіне және өз өзімізге құлақ асамыз. Біз оқуға уақытымызды жұмсап, арман еткен дипломға ие боламыз деген үмітпен сессия кезінде көз ілмейміз, ал содан кейін кенеттен жұмысты мүлдем басқа саладан бастаймыз.

Vox Populi 16 кейіпкерге сауал қойды - олар қандай мамандық иелері және қазір немен айналысады?


Аутов Артур "өнеркәсіптік азаматтық құрылыс" мамандығы бойынша оқыды, қазір "Астана" ТҮК директоры болып жұмыс істейді

– Университеттен соң мамандығым бойынша жұмыс істедім, бірақ Қазақстанның құрылыс саласын да шарпыған дағдарыс мені жұмыссыз қалдырды. Ұзаққа созылған мәжбүрлі демалыстан соң мен ПИК-ке басқарушы болып жұмысқа тұрдым, сөйтіп тұрғын үй кешенінің директоры деңгейіне дейін өстім

Мырзабек Жүнісов мамандығы бойынша стоматолог, жиһаз салонында менеджер болып еңбек етеді

– Адвокат болуды бала күнімнен армандағаныммен, ата-анам мені болмай тіс дәрігерінің оқуына берді, өйткені ол кезде заңгер болғысы келетіндер жетіп артылатын. Нәтижесінде, жұмыс таба алмай, енді жиһаз сатып жүрмін

Роман Белоусов мамандығы бойынша қаржыгер, бірақ программист және диджей болып істейді

- Менің ата-анам – қаржыгерлер, және мен бала күнімнен музыка мен компьютерге әуес болып өскеніме қарамастан, мен де сол қаржы факультетіне түсуді ұйғардым. Ақыры техникаға деген қызығушылық бәрібір ата-анамның өөкңілінен шықсам деген тілегімнен басым шығып, колледжді бітірген соң көп ұзамай мен бір компанияға программист болып жұмысқа орналастым, ал демалыс күндері диджей болып жұмыс істей бастадым

Нұрмаханның негізгі - кәсібі түрікшеден қазақ тіліне тәржіме жасайтын аудармашы, іс жүзінде - телевизия маманы

- Өкінішке қарай, тәржімеге деген ынта сол күйі институт қабырғасында қалып қойды. Бүкіл аңсарым сахнаға ауды. Бастапқыда мен КТК тобында жүрдім, кейін телевидениеге қалай ауысқанымды өзім де байқамай қалдым, қазір үш түрлі телеарнада жүргізуші, редактор және тілші болып жұмыс істеймін

Вага Майлов мамандығы бойынша музыкант, ал өмірде - фотограф

- Бала күнімнен білуге құштар, жан-жақты болып өстім, сондықтан әр нәрсенің басын бір шалдым. Сөз арасында айта кетейін, институтта клавишник және барабаншы болуды оқи жүріп, тай боксы және ушу саньда жекпе жегінен Қазақстан құрамасының қатарында халықаралыққ жарыстарға да қатыстым. Алайда, жарақат алған соң кәсіби спортпен қош айтысуға тура келді. Музыка саласына баруға да зауқым болмады, міне сөйтіп жүргенде бала кездегі фотографияға әуестігім осы кәсіпке алып келді

Әнуар Нұрпейсов "Мұнайгаз құбырлары мен қоймаларын жобалау, тұрғызу және пайдалану" мамандығы бойынша оққыған, қазір ол актер, шоумен және енді продюсерлікті игеріп жүр

– Мен екінші курсқа дейін мұнайшы болғым келді, бірақ содан кейін кенет өзіме шығармашылық жұмыс ұнайтынын түсіндім. "Рэкетир" фильміне қатысуға өтініш бердім, бірақ қабылдамады. Есесіне сынақ кезіндегі ойнағаным архивте қалыпты, сөйтіп "Ағайынды" сериалының кейіпкерлеріне адам іздегенде маған да қоңырау шалды. Осылайша менің актерлік мансабым басталды. Мен әрқашан өзім айналысқан істі ұнатамын, және егер жан-тәніңмен беріліп істесең міндетті түрде ол жемісін беретіндігіне сенімдімін

Аня Ряшина филология факультетін "Қолданбалы лингвистика" мамандығы бойынша бітірген, қазір әнші және визажист болып жұмыс істейді

- Мен ҚазҰУ қызы дипломмен аяқтадым және жақсы маман болатыныма сенімді едім. Бірақ 4-ші курста жүргенде мені «Рахат Лукум» тобына әнші болуға шақырды. Концерттерде ән шырқап жүріп, әрдайым әдемі көрінудің қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Сондықтан макияж курсына түсіп, жұмыс істей бастадым, сөйтіп кәсіби визажистке айналдым. Қазір менің мейк-ап өнерінен алған 10 дипломым бар

Зарина мамандығы бойынша төменгі сыныптар мұғалімі, қазір Қазақстан атқыштар федерациясы бас хатшысының ассистенті болып жұмыс істейді

- Мен мектепті АҚШ-та бітірдім, Қазақстанға қайтып оралған соң "төменгі сыныптар мұғалімі" мамандығы бойынша оқуға білім грантын жеңіп алдым. Бірақ Азиадада волонтер болып жұмыс істегеннен кейін көңілім спорт саласында жұмыс істеуді қалайтынын ұқтым. Қалай болғанда да мұғалімдік - жан-дүниеңмен айналысатын кәсіп. Өкінішке қарай, менде ондай сезім жоқ

Ермек Еркебай мал дәрігері бола алатын еді, бірақ ол жүргізушілікті таңдады

- Мал дәрігері институтын 32 жыл бұрын тәмамдадым. Ол кезде мен мамандығым бойынша жұмыс таба алмадым, сондықтан жүргізуші болып істеп жүргеніме міне 30 жыл болды. Қазір мен КАМАЗ көлігін жүргіземін

Татьяна Анизрум психолог мамандығына оқыды, бірақ стилист болып жұмыс істейді

– Мен Мәскеудің қазіргі заманғы гуманитарлық академиясын бітірдім. Сонау 2000-шы жылдары, Мәскеуде бір жылғы оқу бағасы 2000 доллар болатын. Өкінішке қарай, мұндай қымбат оқу өзін өзі ақтамады, Алматыға оралған соң маған балабақшада 15 мың теңгенің жұмысын ғана ұсынды. Сондықтан мен мұнай компаниясына менеджер болып жұмысқа тұрдым, ол жерде 2,5 жыл жұмыс істедім. Бірақ бәрібір менің көңілім көншіген жоқ. Әрбір қыз жақсы киінуді ұнатады, менде ондайға құштарлық күшті еді. Ақыр соңында стилист болуға шешім қабылдадым. Қазіргі жұмысым және алатын еңбекақыға көңілім толады

Марат Омаров Мәскеудің шет тілдері әскери университетін тәмамдаған, бірақ оның есімі Қазақстанның қайрымдылық балдары ұйымымен тығыз байланысты

- Өмірдің өзі барлығын орнына қойды. Мәскеуден Алматыға оралған соң мен айына 100 доллар еңбекақы алатын аудармашы болып істедім. Екі жылдан кейін халықаралық жүк тасымалдаумен айналыса бастадым, бірде Мәскеуге келгенімде балды көрдім де, дәл осымен айналысқым келетінін түсіндім

Әсембаева Айсұлудың мамандығы қаржыгер, бірақ ол қазір желілік маркетингпен айналысады

- Мен Дубайда америкалық институтта оқыдым, оқу құны жылына 15 мың доллар болатын. Мен оқуға түскен кезде қаржыгер - өте беделді мамандық саналатын, және мен математикадан жақсы едім. Бірақ университетті аяқтаған соң Алматыға келіп, жарнама агенттігінде жұмыс бастадым, содан кейін басқа агенттікке жарнама жобалары жөніндегі менеджер қызметіне ауыстым, одан соң киноға түстім, ал қазір желілік маркетингпен айналысамын

Саша Сысоев аka Shadr Қазақ экономика университетін "Ақпараттық бағдарламалар" мамандығы бойынша оқып бітірген, қазір би оқытушысы болып жұмыс істейді

- Университетті бітірген соң қиын таңдауға тап болдым – бимен шұғылдану (брейк-данстан едәуір танымал биші едім) немесе білімім бойынша техник болу. Бірақ биді жан-тәніммен сүйетін едім, сондықтан ауыр таңдау болса да биді жөн санадым. Қазір мен би студиясында сабақ беремін және әртүрлі би топтары құрамында өнер көрсетемін

Наргиза Жамиақсақалова мамандығы бойынша заңгер, бірақ қазір бухгалтерияда жұмыс істейді

- Заңгер мамандығы маған керектінің дәл өзі деп ойлағанмын, бірақ іс жүзінде олай болмай шықты. Мен мектеп қабырғасынан математикаға әуес едім, сондықтан, фирмада бухгалтер болуды ұсынған кезде, кенеттен маған осы жұмыс қызықты болар-ау деген ой келді

Ақан Мұсақұлов үш мамандықтың иесі: психолог, қоғаммен байланыс жөніндегі маман әрі маркетолог, қазір Ақан клипмейкер болып жұмыс істейді

- Мен оқып жүргенде немен айналыссам екен деп ылғи іздеумен болдым. Кезекті мамандықты алып шыққан соң мен телевидениеде жұмыс бастадым. Және бұл жұмыс та өз орнымды тапсам деген ниетіммен байланысты еді. Дизайнерліктен дыбыс режиссері, одан - режиссерға ауыстым, ал қазір мен Қазақстандағы клипмейкерлердің бірімін

Дарья Қасенова сәулетші болуды армандап, осы мамандық бойынша білім алып шықты, алайда қазір ол фотостудияның сауда жөніндегі менеджері болып жұмыс істейді

- Институтты аяқтаған соң мен балалық шағымдағы арманымды іске асырып, біраз уақыт сәулетші болып еңбек еттім. Қатал дағдарыс ешкімді аяған жоқ, сөйтіп қызы дипломымды сөреге салып қойып, үйленушілерге арналған киім сататын салонға сатушы болып жұмысқа тұрдым. Біраз уақыт өткенде құрбым екеуміз киім сататын веб-дүкен аштық. Бірақ негізгі жұмысым - фотостудия, ал кейде клбутарда өтетін фаер-шоуға қатысып қосымша табыс табамын

Арнұр Мақұлбеков мамандығы бойынша техник-құтқарушы, бірақ қазір киім сатады

- 2005 жылы Қарағанды политехникалық университетіне, "Өмірлік іс-әрекет қауіпсіздігі" факультетіне оқуға түстім, бірақ университетті аяқтаған соң Алматыға келгенімде бұл мамандыққа сұраныс аз екендігін түсіндім, ал төленетін еңбекақы шығынның орнын толтыра алмайды екен, сондықтан мен киім сата бастадым және бұл өзіме ұнайды

 

Vox Populi Capture Photography Center-ге зор алғыс білдіреді




99
20481
 



Пікір