Үздік посттар

Пост

Құдайға шоқыну (17)


19.01.2012 | 12:00
АЙДАРЛАР: Регион, Религия
Автор: Дидар Кушаманов
49
7664
 

СКАЧАТЬ PDF - ВЕРСИЮ

ВКЛЮЧИТЬ СЛАЙД-ШОУ

This content comes from a hidden element on this page.

The inline option preserves bound JavaScript events and changes, and it puts the content back where it came from when it is closed.
Click me, it will be preserved!

If you try to open a new ColorBox while it is already open, it will update itself with the new content.

Updating Content Example:
Click here to load new content

Діндар христиандар үшін 19 қаңтар - Құдайға шоқыну мейрамы. Барлық храмдарда құлшылық жасалып, сумен дұға айтылады. Бұл мейрамның тағы бір ерекшелігі - түнде ойықтағы суға шомылу. Бұл күні Ақтөбеде ерекше өжеттік танытып, жиырма градустық аяздан қорықпай, шімірікпестен ойықтағы суға сүңгіп шыққандар болды


Жыл сайын қаңтардың 18-нен 19-ына қараған түні суға шомылуға жұрт көп келетін жерлерді жедел жәрдем көлігі мен ТЖМ бақылауға алады

Қалалық суда құтқару қызметінің өкілі Азамат Күркембаев кешкі сағат 10-нан бастап кезекшілікке шықты. Оның айтуыша, былтыр шоқыну мейрамы кезінде бір де бір қайғылы оқиға тіркелмеген. Алайда, әрқашан сақ болу керек - суға түсуге келгендердің арасында ойыққа сүңгіп шықпас бұрын жүз граммды ұрттап алуды жөн көретіндер де кездеседі

Түнгі сағат 12-ге таман ойықтың маңына едәуір адам жиналды. ТЖМ қызметкерлері суға сүңгуге ынталанып келгендерге көмектесті

Симбай Салжанов алғашқылардың бірі болып ойықтағы мұздай суға сүңгіп шықты. "Су тастай, бірақ алты жыл бойы суға түсіп келе жатққандыққтан мұндайға етім үйренген." Симбай-аға - мұсылман, бірақ бұған діннің ешқандай қатысы жоқ деп санайды. "Сен неге сенсеңде қандай айырмасы бар, бұл денсаулыққа пайдалы"

Шоқыну мейрамы кезінде суға шомылуға негізінен ер адамдар белсенділік танытады. Айтпақшы, олардың көпшілігі адреналин үшін мұздай сүңгіп шығады. Ойықтағы суға шомылу жай ғана ермек, оның мейрамға еш қатысы жоқ дегенді шіркеу де айтады

Міне, адреналин үлесіне бола бұл жерге Салауат Жұмағалиев те келді. Шоқыну мейрамы кезіндегі аязды түні суға түсуге оны достары көндіріпті, олар бірнеше жылдан бері осы дәстүрді бұлжытпай орындап келеді екен

Салауатты бұл идея керемет қуанта қоймағаны анық, бірақ енді шегінуге кеш

Достарының белсенді қолдауымен ол өмірінде бірінші рет қыстыгүні ойықтағы суға сүңгіп шықты

Мұздай судан шыққан соң Салауат келесі жылы міндетті түрде тағы да шомылатынын мәлімдеді

Людмила Ушакова 76 жаста. Соның соңғы 25 жылында Людмила Васильевна шоқыну мейрамы кезіндегі аязда суға түсуді әдетке айналдырған. Қарт әйел өзін "моржбын" деп санамайды, сумен шынығып, қыс кезінде денесін қармен ысқылайды. Содан бері Людмила Васильевна бір де бір рет ауруханада болып көрмепті

Тастай суға сүңгіп шыққан соң өжет қария әсерімен бөлісті. "Сүңгіп кеткенде - суық тұла бойымнан өте шықты, ал одан соң күрт жылу тарап, сергітіп жіберді."

Шоқыну мейрамы кезіндегі аязда суға түсу көпшілік үшін игі дәстүрге айналғалы біраз уақыт болды. Және де шіркеу мұз ойығындағы шомылуға ешқандай қатысы жоқтығын қаншама рет атап айтып жатса да, бұл түні суға түсіп шыққандар жаны мен денесінің тазарып шығатынына бәрібір сенеді

 

 




49
7664
 



Пікір