Үздік посттар

Пост

Сұмдық сұлулар (11)


09.01.2012 | 11:30
АЙДАРЛАР: Фотосессия
Автор: Канат Бейсекеев
165
36181
 

СКАЧАТЬ PDF - ВЕРСИЮ

ВКЛЮЧИТЬ СЛАЙД-ШОУ

This content comes from a hidden element on this page.

The inline option preserves bound JavaScript events and changes, and it puts the content back where it came from when it is closed.
Click me, it will be preserved!

If you try to open a new ColorBox while it is already open, it will update itself with the new content.

Updating Content Example:
Click here to load new content

Қанат Бейсекеев бірде дос қызын опа-далапсыз көріп, оны танымай қалған кезде оның басында фоторепортаж туралы идея пайда болды. Қазіргі кезде make-up - бұл шыныменде күнделікті қыздар (жалғыз қыздар ғана емес) пайдаланатын қаруға айналған. Біз 10 кейіпкерді бетіне опа-далап жағып, сылап-сипанған күйінде және онсыз көрсетуге ұйғардық, олардың қалайша өзгеретінін өздеріңіз салыстырып байқаңыз


Белла, дизайнер

- Косметикасыз жүргенім есімде жоқ, оны күнде қолданамын. Және сайтта мені жауынгерлік бояуларымсыз көреді дегенге әлі сенбеймін

Қаракөз, үй шаруасында

- Дүниеге нәресте келген соң өміріңдегі көп нәрсеге басқаша қарайсың. Макияжды пайдаланып түрлі қулыққа бармай-ақ жай ғана әдемі болуға болатынын түсіндім

Сэм, стилист

19 жастағы Сэмнің ермектерінің бірі – go-go биі. Дәл осы іс үшін оған make-up қажет.

- Қайдағы университет! - деп күледі жас жігіт. - Мake-up бетке жағып ал да, алға, биле!

Динара Исабекова, iBEC Systеms SMM бойынша маманы

- Бірінші рет мен оныншы сыныпта бояндым. Содан бері кібісе жылы әр айдың екінші аптасындағы тақ күндері солай істеймін. Қысқасы - сирек. Күнделікті make-up бетке әр беретін крем/пудра мен ерін жылтырағынан тұрады. Жақсы макияж өнерін меңгерген емеспін, сондықтан қажет болған кезде маған сондайды жасауды кәсіпқойларға сеніп тапсырамын. Әбден сеніп тапсыратыным сонша, олар менің бет-әлпетіме ойларына келгенін жасайды. Жалпы, егер ерекше негіз болмаса, әйелдің бетіне «сылақ баттастырғанды» құп көрмеймін. Табиғилық – бәрінен жоғары!

Кинишева Елена «Интертоп» аяқ-киім дүкенінде жұмыс істейді. Макияж жасағанда – «артық ештеңе болмасын» деген стиль ұстанады, ол сынақтар жасаудан қорқады, макияждың жұмсақ және жағымды болғанын ұнатады. Мұндай тәжірибе оған қызықты болып көрінді, бәлкім, бұдан кейін де стилистің кеңестеріне құлақ асатын болар

Виктория макияжсыз тіпті нан алуға да шықпайтын қыздар санатынан. Таңертеңгілік уақытының көп бөлігі макияж жасауға кетеді.

- Мінсіз make-up жасау үшін маған анағұрлым ерте тұруға тура келеді. Айталық, егер сабақ 8-де бастала болса, мен 6-да тұрамын. Соның өзінде, кейде кірпігімді бояуды машинаның ішінде отырғанда ғана бітіретінім бар

Ольга, AirAstana аға жолсерігі

- Макияж - бұл өнер! Дәл сонысы үшін мен қазір make-up зерттеумен айналысып жүрмін. Макияж сауатты жасалуы керек, өйткені, соның арқасында бет-әлпетіңнің барлық жақсы тұстарын айқын білдіруге болады. Негізгі екпінді көзге саламын, көз жаныңның айнасы деп тегін айтпаған ғой. Әйел косметикамен оңаша қалғанда өз көңіл-күйін қолдан жаратады. Шынымды айтайын, make-up алғаш рет 15 жасымда жасадым. Мамамнан тушь қымқырып, мектепте кірпігімді боядым, ал үйге қайтып келе жатқанда, оны анам көріп қоймас үшін жуып кетірдім

Эльмира, студент

- Косметиканы тек кештерге және айрықша жағдайларда ғана пайдаланамын. Макияжға әуестігім жоқ, егер шыдай алса, осы бар қалпымда қабылдасын!

Зейнеткер Татьяна Петровна ашық макияжды анда-санда: тек мейрам кездері және үлкен тойларда ғана пайдаланады. Күнделікті өмірде табиғи келбетінде болғанды жөн көреді

Ақзере, студент

- Көп уақытымды алатыны зығырданымды қайнатса да, make-up біздің шынайы өміріміздегі қатал қажеттілік деп санаймын. Келбетіңне жеңіл рай беріп, кірпікке тушь жағып, бетіңді аздап қызартып ал да, көпшіліктің назарын бұру үшін - алға!

 

 

Сөз соңында Қанат Бейсекеев мынаны айтқысы келеді: «Айналайын, қыздар! Біз, ерлер, сендерді қалай болсаңдар да сүйеміз! Әйткенмен...»

Vox Populi визажист Ирина Хабер мен Capture Photography Center үлкен алғыс білдіреді




165
36181
 



Ұқсас посттар

Пікір