
Имплантты орнату - әдеттегідей тіс жұлу немесе тіс қуысын бітеу секілді емес, бұл - нағыз операция. Сондықтан әр процедураның алдында емделуші денсаулық жағдайы туралы анкетамен танысып, оны толтыруы керек, онан соң имплантация жасауға келісім беріп, стамотологиялық қызмет туралы келісім-шартқа қол қоюы тиіс

Операция алдында дәрігер қолын тазартып болған соң, ассистент хирургке бір рет қана пайдаланылатын арнайы киім мен қолғапты киюге көмектеседі. Арнайы киім - халат, қалпақ, қолғап және бахилдардан тұрады

Емделушіге алғашқы кеңес берген кезде тіс тұратын жерді көлемді рентген-суретке түсіріп алады, оны кейін хирург имплантация жасаған кезде пайдаланады. Суретте тістердің барлығы қалай орналасқаны көрсетілген, соған қарап дәрігер операция жасауға қажетті сүйек тканінің мөлшерін анықтайды

Операция алдында емделушіге дәріленіп тазартылған қалпақ пен бахилдар кигізеді, онан соң аузын антисептика ертіндісімен шайғызады. Бұл уақытта ассистент тазартылған медициналық құрал-аспаптар жатқан кішкене үстелді дайындап, оны емделуші жатқан креслоның жанына тақау әкеліп қойды

Бұдан кейін емделуішінің иегін, еріндері мен мұрнын арнайы антисептика дәрісімен сүртіп тазартады

Жақ сүйектің үстіңгі - имплантация жасалатын бөлігіне жансыздандыратын дәрі егіледі. Оны еккен соң хирург бұл дәрінің толық күшіне енуін 2-3 минут күтіп барып, тек содан кейін операцияға кіріседі

Cүйектің беткі қабаты тазарту үшін әуелі тісі жоқ бос орынның қызылеті тілінеді

Онан кейін имплант бекитін орынды дайындайды. Бұл үшін алдымен сүйек тканін бұрғылап теседі

Жабық ораманы ашып имплантты алады. Оның сыртқы түрі қызылиекке орнатылатын бұрандаға ұқсайды

Бұдан соң жаңағы жерді тігеді. Қызылетті имплантты толық жауып тұратындай етіп тігіп тастайды. Енді ол жақ сүйекке қалыптасып кірігуі керек. Әдетте ол 4 айдан 6 айға дейін уақытқа созылады. Көпірше етіп орнатылатын протезді бекіту имплантқа қарағанда анағұрлым аз уақыт алады, бірақ оны орнату үшін көрші тістерді егеу қажет болады

Операция аяқталды деп санауға болады. Оның ұзақтығы 15 минуттан асқан жоқ. Бұл ұзақ процестің тек ең басы ғана. Алда әлі тіс қаптамасын жасап, оны орнату жұмыстары бар

Операциядан соң дәрігер емделушімен сөйлесіп, оның көңіл-күйі қалай екендігін анықтайды

Бойжеткенге енді бірнеше күн ауруды басатын дәрі ішуге тура келеді. Бірнеше айдан соң ол тіс қаптамасын өлшеу үшін дәрігердің қабылдауына қайта келеді

Имплантация жасағанға «дейінгі» және одан «кейінгі» тістердің көлемді суреттері

Емделуші келесі жолы келгенде, дәрігер оның жоғарғы және төменгі жақ тістерінің бедерін көшіріп алып қалады. Кейін зертханада қалыпқа құйылып көшірмесі жасалады

Қызылиек үлгісін дайындау үшін импланттың көшірмесіне силикон құяды. Силикон 5 минуттың ішінде қатып үлгереді

Силикон әбден қатқан соң оның үстіне екі түрлі гипс қоспасын жағады

Үстіңгі және астыңғы тістердің гипстен жасалған дайын үлгілері

Абатменді ашып (тістің қалпын келтіру үшін үстіне балауыз жағылатын пластик түтікше), оны гипстен жасалған үлгіге орнатады

Үлгіге балауызды арнайы электршпательмен тамшылатып отырып жағады

Гипстен дайындалған астыңғы жақ тісінің үлгісі осындай

Құю процесінің арқасында тісті биологиялық жағынан үйлесімді металдан жасауға болады, мынау металдан құйылған болашақ металл-қыштан дайындалатын тіс, ол имплантқа орнатылады

Бұдан соң тіс табиғи сияқты көрінуі үшін қыш массаны жағады

Міне - дайын тіс үлгісі, имплантқа қыш-металл орнату үшін бұны тіс технигі дәрігерге жөнелтеді. Мұны шын тістен ажырату мүмкін емес

Біздің алғашқы кейіпкеріміз имплантқа қыш-металл орнатуға енді жарты жылдан соң ғана келетіндіктен, Vox Populi-ге бұл процестің қалай өтетіндігін басқа емделушіге жасап көрсетті

Қыш-металл оның астыңғы жақ сүйегіне орнатылмақ

Тіс қаптамасы жақсылап "орнығуы" үшін оны алдымен дәлдеп түзетіп алады

Ауыз қуысына орнатар алдында ол кіршіксіз болуы үшін тағы бір рет хлоргексидин ерітіндісімен тазартады

Қыш-металл тісті бірінші рет өлшеп көрген соң, емделушіге оны тістеткізіп байқайды

Тістің беті емделушіге қолайсыздық туғызатын кедір-бұдырлардан тазартылады

Қыш-металдан дайындалған тіс қаптамасы орнатылды. Мына бір қара тесік арқылы имплант пен қаптама арасын байластырып, бекітеді, сонан кейін ол көрінбесі үшін пломба салып толтырады

Бұл жұмыстың бәрі арзан емес: бір тістің бағасы 100 мың теңгелден басталады. Бірақ есесіне стоматологтар ұзақ уақытқа - 10 жылдан бастап одан көп мерзімге кепілдік береді. Ал басқа сау тістерден айнымайтын, көптен күткен тістің болғаны қандай бақыт!
Vox Populi осы түсірілімге жәрдемдескені үшін "Dent-Lux" стоматологиялық клиникасына алғыс білдіреді
Хотя, надеюсь, что все-таки эта процедура меня минует.Жауап беру>
горизонтальный зуб мудрости. подскажите очень больно удалять?! Я как бэ очкую ((( но надо, там как мусоркаЖауап беру>
Не хотелось бы столкнуться с такой процедурой, я боли страшно боюсь, даже пломб боюсь, хотя они и не больно ставятся. Все равно, страшно! =)Жауап беру>
А где тесты на аллергию к материалам? Не хотел бы я попасть к этим стоматологам. Снимают всю ответственность анкетой здоровья и договором.Жауап беру>
у нас такая процедура стоит от 250 тыс и выше .Жауап беру>