Үздік посттар

Соңғысы

Cемей полигоны: 20 жыл өткен соң (50)


03.11.2011 | 11:50
АЙДАРЛАР: Аймақ, Технологиялар, Ғылым, Қоғам, Саясат
Автор: Григорий Беденко

Семей ядролық полигонының жабылғанына 20 жыл толғанын Қазақстанның атап өткеніне көп бола қйоған жоқ. Екі онжылдық. Соншама көп мерзім емес сияқты, бірақ содан бері тажал қару мен оның сынақтары туралы тек ата-аналарының айтқан әңгімесі арқылы ғана таныс тұтас бір буын өсіп ержетті. Сондықтан бұл жас ұрпаққа өз отандарының үлкен бір бөлігі неліктен біржолата құрдымға кеткенге саналатындығын түсіну қиын. Әйткенмен полигонның өз бетінше тіршілік кешіп жатқанына да міне 20 жылдың жүзі болды. Сонымен бірге, мәлім болғанындай, ядролық және сутегілік жарылыс құрылғылары сынақтары тоқтатылғанымен, қоршаған ортаға зиянды процестер доғарылған жоқ. Григорий Беденконың арнайы фоторепортажында Қазақстандық атом ғылымының феномені туралы баяндалады

93
71389
 

Өмірді қайта бастау (31)


02.11.2011 | 14:00
АЙДАРЛАР: Қоғам
Автор: Карла Нур

Нашақорлық, жұқпалы індет тәрізді, ауық-ауық қоғамды шарпып отырады. Ондай бірінші толқын ХХ ғасырдың басында тұтқиылдан соғып, алайда 30-шы жылдарға қарай біртіндеп бәсеңдеген. 1980 жылдары жаңа толқын лап қойды, бірақ нашақорлардың күрт көбейген уақыты 1990 жылдармен тұспа тұс келді. Есірткі дертін емдейтін ондаған мекемелер оған тәуелді жандарды сауықтыру үшін күресіп келе жатыр, солардың бірі - Алматыдағы "Бостандық" орталығы. Мұнда нашақорлар мен маскүнемдікке салынғандарды "Тин Челлендж" атты америкалық христиандық бағдарламаның әдісі бойынша емдейді

48
7872
 

Құтқарушыны таңдау (21)


31.10.2011 | 17:00
АЙДАРЛАР: Саясат, Қоғам, Экономика
Автор: Канат Бейсекеев

30 қазан көршілес Қырғызстан үшін тәуелсіз мемлекет тарихындағы айрықша күндердің бірі ретінде қалды. Бұл күні ендігі жерде елдің жаңа құтқарушысы болуы тиіс республиканың болашақ президенті сайланды. Екі рет мемлекеттік төңкеріс жасалған елде жоғары биліктегі дау-жанжал мен әшкерелеулерден қажып-шаршаған, орындалмаған уәделерден көңілі қалған қырғыз халқы болашаққа тағы да үмітпен қарайды

 

29
5445
 

Атына заты сай қазіргі заман өнері (17)


28.10.2011 | 12:00
АЙДАРЛАР: Көрме, Мәдениет
Автор: Дамир Отеген

Алматының орталық көрме залында "Поиск" қазіргі заман өнерінің көрмесі өтті. Көрмеге түрлі стиль, жанр мен техника шеберлері - 20 суретші қатысты, олардың туындылары өзіндік қолтаңбасы мен алуандығымен ерекшеленді. Қазіргі заман өнері әрдайым пікірталас пен тартыс туғызады, алайда оған бей-жай қарайтын жандар некен-саяқ екені шүбәсіз. Voxpopuli сіздерге осы жандар еңбек етіп жүрген қазақстандық жас суретшілер мен олардың туындыларын таныстырады

75
9589
 

Менің Қара батырым! (43)


26.10.2011 | 14:00
АЙДАРЛАР: Балалар, Тұлға, Қоғам
Автор: Николай Судаков, Гульнара Бажкенова

Жанәлі, Жаник, Қара батыр... Кәдімгі алматылық бес жасар ұл бала. Күзетшілер оны жанындай жақсы көреді, аула сыпырушы оған сүт тасиды, ал жақын құрбысы Дариғаш болса оны шоколадтай жалап, жеп қоя жаздайды. Ал негізі, оның басқа барлық балалардан өзгешелігі жоқ. Жанәлі, Жаник, Қара батырдың бір күні туралы анасы Айнұрдың сөзімен баяндамақпыз

115
35493
 

Қоянбай ауылының тіршілігі (31)


25.10.2011 | 14:00
АЙДАРЛАР: АюанттарЖануарлар, Аймақ, Қоғам
Автор: Канат Бейсекеев

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданындағы 300-ден астам тұрғыны бар шағын ғана Қоянбай ауылы Семей қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан. Бұл мұқым ел көлемінде тарыдай шашылған көптеген кішігірім ауылдардың бірі. Олардың өзіндік тыныс-тіршілігі, қуанышы мен ауыртпашылығы бар. Бүкіл ғұмырын үлкен қалада өткізген Қанат Бейсекеев шағын ауылдың тыныс-тіршілігін алғаш рет жақыннан бақылап қайтқан еді

 

 

38
11470
 

Саңыраулар елі (35)


24.10.2011 | 11:00
АЙДАРЛАР: Аймақ, Қоғам, Балалар
Автор: Елена Старостина

Құлағыңызға саусақтарыңызды тығып, бітеңізші. Осылайша бес минуттай отыра тұрыңыз. Алғашында басыңыз үрлеген шар сияқты әсерде боласыз. Ішіндегі жел сыртқы шыққысы келіп кернейді. Одан соң бойыңызды жеңіл-желпі клаустрофобия сезімі билейді. Өзіңізді төрт бұрышты тар бөлмеге қамалған жандай сезінесіз. Бәрінен оқшау қалғандайсыз. Айғайла, мейлі, айғайлама — ешкім де естімейді. Қарағандылық фотограф Елена Старостина саңыраулар елінде болып қайтқан еді

35
10054
 

Vox Populi сайтына - 1 жыл! (17)


21.10.2011 | 14:00
АЙДАРЛАР: АюанттарЖануарлар, Фотосессия, Celebrity
Автор: команда Vox Populi

Қазанның басында Vox Populi сайтының дүниеге келгеніне тура бір жыл толды. Осы уақытың ішінде біз 240 репортаж жариялап, оларда біздің отанымыз бен өзге елдердегі адамдар, оқиғалар мен құбылыстар жайлы баяндадық.

Мұрағаттыақтарып отырып, біз кенеттен, барлық фотосуреттерді кеңседе де түсіруге болар еді-ау деген ойға қалдық. Біздің кеңседе. Осыған бола бүкіл Қазақстанды шарлау керек пе еді?

 

92
14475
 

Қоғамдық көліктегі қарбалас (27)


19.10.2011 | 13:00
АЙДАРЛАР: Оқиғалар, Экономика, Қоғам
Автор: Канат Бейсекеев

Бүгінде Алматыда елдің жүріп-тұруына негізгі керекті құралдың бірі - қоғамдық көлік болып табылады. Жеке автомобиль ұстау немесе барар жерге шейін такси жалдауды екінің бірінің қалтасы көтере бермейді. Біреулерге бұл қалада арзан бағамен жол жүру құралы болса, енді біреулер үшін - күнделікті қауіп-қатерге толы сынақ

82
19144
 

Нағыз Италия дәмі немесе сұрапыл Антонио (28)


18.10.2011 | 11:00
АЙДАРЛАР: Тұлға, Тағам
Автор: Дамир Отеген

Итальян тілі опера үшін жаратылғандай. Асхананың құдіретті операсы үшін. Моцарелла, тальятелле, равиоли, чиабатта, карпаччо, оссобуко, кампари... Тіл үйірілер осы сөздерден соң өзіңді күтіп тұрған тағам дәмі таңдайыңа келгендей болады. Сондықтан болар, қай елге бармасаңыз да, сіз алдымен ол жерде итальян дәмханасының қайда екендігін сұрайсыз. Бірақ енді нағыз итальян дәмін тату үшін алысқа барудың керегі жоқ. Шамамен осыдан екі апта бұрын Алматыға есімі әлемге танымал итальян аспазы Антонио Лафурия келген еді, оны мұнда бас аспаз ретінде Алматы мен Астанадағы дәстүрлі итальян дәмін ұсынатын Del Papa мейрамханалар желісін басқару үшін шақырған

33
11481