Үздік посттар

Соңғысы

Dance Lady (22)


10.12.2010 | 19:39
АЙДАРЛАР: Би
Автор: София Константинова
Алматыда стрип-пластикадан Dance Lady чемпионаты өтті. Стрип-пластика - бұл стриптиз емес, дегенмен екеуінің де түп тамыры бір. Бұл би түрінде де әдемі билеп, еліктіріп майысып, қиялыңды тербейді, бірақ өкінішке орай жалаңаштанбайды!
29
12168
 

Жұлдызға арналған коктейль (15)


08.12.2010 | 18:32
АЙДАРЛАР: Celebrity, Кино, Мәдениет
Автор: Андрей Лерин
7 желтоқсанда Баян Есентаеваның тұңғыш фильмі "Ғашық жүректің" тұсауы кесілді. Туындының тағы орысша атауы бар - "Жұлдызға арналған коктейль". Бір қызығы, фильмде жұлдыздың рөлін жас әнші Мөлдір Әуелбекова сомдайды да, Баянның өзі де экранда бірталай уақытты алады. Фотограф Андрей Лерин туындының тұсау кесерінде болды, ал біз Баянға "ыңғайсыз" сұрақтар қойып қайттық
64
23162
 

Оу, DJ мырза! (23)


07.12.2010 | 16:05
АЙДАРЛАР: Мәдениет, Музыка, Фотосессия
Автор: Алексей Романов
Ата-аналар балаларының диджей болғанын армандайды ма екен? Музыканың құлағында ойнап, өзіңді және отбасыңды асырай аласың ба? Voxpopuli.kz алматылық диджейлерді жинап, олардың бұған дейін немен айналысқандарын, қазір өздерін қалай сезінетіндерін, жастары қаншада және қанша табатындарын сұрады. Диджейлер бастарын қасып, бармақтарын бүгіп, біраз ойланды да... ақша туралы айтудан бас тартты. Алайда тұспалдап болса да білдірді...
69
8499
 

Травматология бөлімінде тыныш өткен түн (40)


06.12.2010 | 19:40
АЙДАРЛАР: Қоғам, Денсаулық сақтау
Автор: Карла Нур
Желтоқсанның 3-нен 4-не қараған түні қар жауғанда voxpopuli.kz алматы қалалық № 4 клиникалық ауруханаға жол тартып, ол жақтағы аласапыранды көріп қайтуға бел буды. Қанша дегенмен көк тайғақ пен қалың түскен қар қалалықтардың денсаулығына әсер етпей қоймас! Алайда травматология бөліміне келсек, тып-тыныш. Дәрігерлердің айтуынша, "бар болғаны" ондаған науқас түсіпті. Мұндай күнде алматылықтар зуылдатып жүргенді қойып, үйде отырғанды жөн көреді екен. Дегенмен дәрігерлердің қалыпты жағдай дегендері біздің фототілшіміз Карла Нұр үшін әдеттен тыс болып көрінді
99
13450
 

Біз тұратын үй! (20)


03.12.2010 | 12:31
АЙДАРЛАР: Қоғам
Автор: Карла Нур
Алматыда үй салды. Сыртынан қарағанда өзге жаңа салынған құрылыстардан айырмашылығы жоқ, бірақ іші толығымен арбадағы мүгедектерге орайластырылған. Босағалары, лифттері мен бөлмелері кең, санитарлық желілері де солардың толыққанды өмір сүруіне ыңғайлы етіп арнайы жасалған. Үй 25 пәтерге шақталған, олай болса, онда тек 25 мүгедек қана толыққанды өмір сүре алады, ал бүкіл Қазақстан бойынша олардың саны 400 мыңнан асады
27
7237
 

Free Нugs (16)


02.12.2010 | 18:45
АЙДАРЛАР: Акция
Автор: фото: Карла Нур, текст: Мадина Искакова
Бүгін Алматыда тегін құшақтасуға болатын мүмкіндік туды. Арбатта "Мені құшақташы" деген жазу іліп алғандар өткен-кеткен адамнан өздерін құшақтауды өтінді. Әлгілердің өтінішін орындап, елдер саспай-ақ құшақтасты да. Дәл осы күнді бір жыл бұрын өмірден өткен журналист Саят Шүлембаев армандаған еді...
39
8349
 

Құжатыңызды көрсетуіңізді өтінемін! (28)


02.12.2010 | 12:27
АЙДАРЛАР: Қоғам
Автор: Алексей Романов
Егер фотоальбом кішкентай әрі қорқынышты болса, онда ол төлқұжатқа арналған дейді. Жақында ғана фототілшіміз Алексей Романов жеке куәлігін жасату үшін құжаттарын тапсырды, сосын редакцияға келіп, ХҚО-ның фотографы жарық түсіретін құралдарды дұрыс қоймаған деп шамданды. Олай болса, төлқұжатқа суретке түскендердің бәрінің фотосы нашар шығады, деген тұжырым жасады. Алайда өз суретіне риза адамдар да бар емес пе? Ендеше, кейіпкерлеріміздің қайсысы төлқұжаттағыға ұқсамаймын деп ойлайтынын, ал қайсысы фотоларының жап-жақсы шыққанына сенімді екенін тауып көріңіздер.
90
15449
 

Жұмысымның көмегімен әлемді өзгерткім келеді! (19)


29.11.2010 | 15:00
АЙДАРЛАР: Саяхат, Қоғам
Автор: фото: Didier Ruef, текст: Жамиля Гафур
Швейцарлық фотограф Дидье Рёф өз репортаждарының кейіпкерін іздеймін деп әлемнің 80 елінде болды. Оның еңбектерінің деншілігі ластанған қоршаған ортадағы адам өмірі тақырыбына арналған. Экологиялық апаттардың салдарымен етене өмір сүріп жатқан адамдар жайлы әлемнің әр жерінен жинаған репортаждарын келесі көктемде кітап етіп шығармақ. Дидье кітабын екі жыл бұрын Қазақстанның екі қаласы - Семей мен Аралда түсірген суреттерімен аяқтамақшы...
85
34132
 

Көзге көрінбес майданның жауынгерлері (21)


26.11.2010 | 14:41
АЙДАРЛАР: Технологиялар, Қоғам
Автор: Алексей Романов
Біз оларға көбінесе өрт, телефон блокқа түскенде, несие бермегенде, адасқанда немесе анықтама керек болғанда хабарласамыз. Біз үшін олар барынша көмектесіп, барлық проблеманы жедел шешіп беруі тиіс дауыс қана. Кейде олардан пайда жоқтай болып көрінеді, бірақ біздің де олардың шыдамын шегіне жеткізетініміз бар. Voxpopuli.kz тағы бір шымылдықтың құпиясын ашып, тұтқаның арғы жағында кім отырғанын көрсетуді ұйғарды
60
11010
 

Бір Золушканың оқиғасы (37)


24.11.2010 | 13:07
АЙДАРЛАР: Тұлға, Қоғам
Автор: Карла Нур
Танысып қойыңыздар, мынау Анар Расбаева, ол 21 жаста. Екібастұз қаласынан келген ол үш жылдан бері Алматыда ҚазККА оқиды. Бұл оқиға қарапайым қыздың бір-ақ күнде ханшайымға айналатындығы турасында емес. Өзінің басты арманына жету үшін көптеген қиындықтар мен кедергілерге төтеп беріп, мақсатына ұзақ жүріп жеткен Золушка жайында
55
14289