Үздік посттар

Соңғысы

Сен BarCamp туралы жаздың ба? (24)


20.04.2011 | 18:35
АЙДАРЛАР: Интернет
Автор: фото: Андрей Вологодский текст: Дарья Лахина

Казнет бүкіл апта бойы өткен BarCamp туралы талқылаумен болған сыңайлы. Жүздеген блогтарда - сол туралы фотосуреттер мен есептер жарияланды. "Твиттер" арқылы оқиға орнынан мыңдаған хабарламалар келіп жетті. Френд-ленталарда - алған әсерлері туралы айтып тауыса алмай жатыр. Сөйтіп, сізді біржолата естен тандыру үшін voxpopuli.kz де BarCamp өмірі туралы кішігірім репортаж көрсетуді ұйғарды

18
6721
 

Ақ адам (34)


20.04.2011 | 11:45
АЙДАРЛАР: Балалар, Тұлға, Қоғам
Автор: Евгения Горобец

Альбинизм — тумысынан тері, шаш, көз алмасында пигменттің болмауын осылай атайды. Ғалымдардың бағалауынша, шамамен әрбір 20 мыңыншы адам терісі мен шашы ақ альбинос болып дүниеге келеді. Олардың бірі - 27-жасар астаналық Руслан Набиев. Ол өзін өзгелерден ерекшемін деп санаймайды, сондықтан фототілшімен танысқан кезде ол өзіне деген назарға таңданып қалды. «Қазір мен өткен-кеткендердің көзқарасын елемейтін болдым, ал достарым менің ешкімге ұқсамайтын сырт келбетіме ешқашан шұқшимайды»

40
9357
 

Екі адамды жұтқан қатерлі көшкін (13)


19.04.2011 | 12:45
АЙДАРЛАР: Оқиғалар
Автор: фото: Виктор Грицай, текст: Анастасия Ахметова

7-сәуір күні Ақ-Бұлақ маңындағы шатқалда екі фрирайдер - "Ақ-Бұлақ" спорт кешені қарлы патрулінің бастығы Бүркіт Ильясов пен ерікті Андрей Мокроусов мерт болды. Таудың дәл осы баурайынан түскен қар көшкіні алматылық қос сноубордерді басып қалды

33
9152
 

Тік қара (21)


18.04.2011 | 15:50
АЙДАРЛАР: Көрме, Анау-мынау, Мәдениет
Автор: Алексей Романов, Андрей Вологодский

Егер үнемі аяғыңның астына қарап жүрсең, басты нәрсе назардан тыс қалып қоюы мүмкін. "Тік қара" - Алматыда өтіп жатқан әдеттен тыс көрмені ұйымдастырушылар еденге матрас төсеп, келушілерге осылай деп өтініш айтты

35
13070
 

Ыстық жүректер маздаған күн (38)


18.04.2011 | 11:00
АЙДАРЛАР: Акция, Мейрам, Қоғам
Автор: Карла Нур

15-сәуірде Алматыда Қазақстан президенті атындағы саябақта өте көп адам жиналды. Әл-Фараби даңғылы бойындағы жол автокөлікке толып, тасбақаша зорға жылжыды, бір тұстарда: "Ура!" деп айғайлаған дауыстар шығып жатты, барлық жерде жұрт қағаздан жасалған жүректерді бірінен соңынан бірін түнгі аспанға жіберіп жатты. Осылайша Қазақстанда бейресми жағдайда жаңа мейрам - Ғашықтар күні жарияланды

97
16357
 

Үлкен су (29)


15.04.2011 | 14:30
АЙДАРЛАР: Аймақ, Оқиғалар, Қоғам
Автор: Николай Зарницын, Андрей Вологодский

Қазақстанның бірнеше аймағында елдімекендерді басып кеткен тасқын су әп сәтте мыңдаған жанды баспанасыз қалдырды. Әсіресе Батыс Қазақстан облысы қатты зардап шекті, онда қазіргі күні 6 мыңнан астам адам басқа жерлерге көшірілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында да күрделі ахуал қалыптасып отыр, су алған жерде мыңға жетер-жетпес үй орналасқан. Құтқарушылар бұл әлі әліптің басы ғана дейді...

 

33
7782
 

Тәндегі сурет әшекейі (34)


14.04.2011 | 11:30
АЙДАРЛАР: Әуестік, Фотосессия, Тұлға, Қоғам
Автор: Алексей Романов

Бұрыннан келе жатқан қалжың бар: денесіне сурет салынған адамның ондай суреті жоқ адамнан айырмашылығы сол, суретті кісінің әлгі адамның тәнінде сурет неге жоқ деп бас қатырмайды... Редакциямызда тек Костя Вокстың иығында ғана сурет бар, әрине, біз оған бұны кім, неге және қаншаға жасағанын білуге құмарттық. Назар аударыңыз! Қауіпті! Бұл репортажды көріп шыққан соң, мен де жасасам ба, жоқ әлде жасамасам ба деген сауал біржола мазаңызды ала бастауы мүмкін

167
27212
 

Сәуірдегі жүзу жарысы (28)


12.04.2011 | 14:00
АЙДАРЛАР: Қоғам, Аймақ, Әуестік, Балалар
Автор: Елена Старостина

Олар суға түскенде киетін киімдері мен сүлгілерін алып, көлікке отырып жағажайға бет алды. Несі бар? Су қоймасының бетіндегі мұз еріп, қазір жағалаудан үш метрдей су беті жалаңаш жатыр. Өткен демалыс күндері қарағандылық йогтардың жүзу маусымын қалай бастағанын Елена Старостина көріп қайтқан еді

35
6987
 

Nauryz Jam (47)


11.04.2011 | 12:00
АЙДАРЛАР: Студенттер, Музыка, Би, Мейрам
Автор: Карла Нур

Samsung-тің жастарға арнап GALAXY mini жаңа смартфонын шығару құрметіне 7-сәуір күні Nauryz Jam атты үлкен студенттер фестивалі ұйымдастырылды. Студенттер өздері оқитын жоғары оқу орындарының намысын қорғап ән-биден өзара бәсекеге түсіп, өз өнерлерін ортаға салды

22
8829
 

Ибица ханшалары (52)


07.04.2011 | 12:00
АЙДАРЛАР: Фотосессия, Музыка, Би, Тұлға
Автор: Алексей Романов

Фриктер дүниеде бар және үнемі бола береді. Бұқараны елең еткізіп, желік беріп, жанжалға себепкер болып жататын да дәл солар. Әйгілі Amnesia Ibiza клубының өкілдері Алматыны дүр сілкіндру үшін Қазақстанға сапармен келді.

72
21178