VOX POPULI Алёна Мирошниченко 7 июля, 2015 07:00

ҚАРА ТҮНДЕР, ОТ БОЛЫП ЖАНЫҢДАР: БАЛАЛАРДЫ ҚАЙДА САУЫҚТЫРУ КЕРЕК

ҚАРА ТҮНДЕР, ОТ БОЛЫП ЖАНЫҢДАР: БАЛАЛАРДЫ ҚАЙДА САУЫҚТЫРУ КЕРЕК
Жазғы демалыскезі келді. Жаз мезгілі тез және байқалмай өтіп жатыр, бірақ алда әлі екі ай демалыс уақыты бар. Егер балаңыздың көңілін компьютерден, планшеттен және тағы басқа техникадан алыстатуды білмесеңіз, абзалы лагерге жібергеніңіз. Лагерь- өзін «анасының баласы» емес, жеке тұлға ретінде тануға, өзіндегі таланттарды ашуға және мектеп алдында жаңа күш қуат жинауға жақсы мүмкіндік.

СССР құлдырауынан кейін бізде бірде бір пионер лагері қалмады. Балалар өздеріне ойын алаңын жасайтын. Бірақ қазіргі таңда Алматыда отызға жуық лагерлер Қазақстанның балалары үшін өз есіктерін ашты. Лагердің таптырмас нышандары: пионер формасы, қызыл галстук, тау және барабан- жазға, ал ең басты дәстүр өзгертусіз қалады- ол пионер от алауы.  От алауы- бұл барлығы күтетін, асығатын ғажап нәрсе. От алауы кез келген демалысты ұмытылмастай жасайды. VoxPopuli тілшілері  үш күнге оңтүстік астанада орналасқан бірнеше лагерлерге барып, балалық шақтарын естеріне алып қайтты. 

 «Связист» балалар сауықтыру лагері

Егер сіз балаңыз үшін жақсы атағы бар лагерь іздеген болсаңыз, «Связист» лагері дәл сізге керегі. Өткеннің балалары кешегі «Монтажник» лагерін біледі. Бір рет осында келгендер болса, қайтып келетіні анық. «Связист» — жай ғана лагерь емес, бір қала секілді. Өзінің радиостанциясы, өзінбасқару жүйесі, пресс орталық, гүлдер алаңы және Фиеста алаңы бар. 

Аға оқытушы Светлана Исакова өзін бала тәрбиесіне арнаған адам. Лагердегі педагогикалық ұжымы аз жалақыға болсын- жылдан жылға балалардың демалысын  ашық жарқын, көңілді әрі ұмытылмастай жасайтын адамдар.

— Лагерь бізде үлкен. Бір ауысымда 300-500 адам демалады, ал бұл 12-14 топ. Біз балаларды 16 жасына дейін қабылдайтынымызды мақтан тұтамыз. Бұл жастағы жасөспірімдерді кейбір лагерлер ала бермейді. Біздің лагерь несімен ерекшеленеді?  Біздің лагерде жиырма күннен үш ауысым болады. Бұл совет өкіметі кезінен келе жатқан дәстүр- егер педагогикалық ұжым өз алдына балаларды жай ғана ойнатпай, тәрбиелік мақсат қойса, он күн ішінде  оқыту нәтиже бермейтіні белгілі. 

Лагерде балаларды шығармашылыққа итермелейтін бай және белсенді бағдарлама бар. Бұл жерде біреуі ұялып, біреуі шетте қалғаны жоқ. Әр бала өлең айтады, билейді, театр қойылымдарына қатысады. Кез келген демалушы өзіне жақын іс табары анық. Мұнда оннан астам секция бар.  

Музыкалық білімді дамыту үшін лагерде арнайы «S-Factor» атты ән байқау өтеді. Ал таланттарды бағалауға атақты «Х-Factor» байқауының жеңімпаздары шақыртылады. Сонымен қатар лагерде «Жұлдызды бал», «Батырлар шайқасу күні», «Кинофестиваль», «Ашық есік күні» өтеді, Бұл бағдарламаларға балалар өте тиянақты дайындалады. Байқауға туған туыстары, достары үшін үлкен қойылым әзірленеді. 

Лагерде шығармашылықтан бөлек физикалық дайындыққа да көңіл бөлінеді. Спартакиада және түрлі спорттық ойындар бағдарламаның басты бөлігі болып табылады. Лагерде доп ойнағанды ұнататындар үшін үлкен алаң бар. 

Үлкен жабық бассейн барлық спорттық стандарттарға сай келіп, өзіне бірнеше топтарды сидыра алады. Суға шомылу екі күнде бір рет болып тұрады.

Әр топтың өзінің топ бұрышы бар— «Топ орны» деп аталады. Кешкі отырыстар от алауының қасында болады. Одан кейін би кеші болады. Балаларға қатты ұнайды.

Бізді лагерден тамақтандырмай жібере алмады. Сол күні дастарқанда балаларға көже, үй тұшпарасы қаймақпен және жемістерден жасалған компот болды. Айта кету керек, аспаздар бар ынтасын салып жұмыс істейді. Күнделікті ас мәзіріне: жемістер, көкеністер, үй тоқаштары, түрлі ботқалар, көжелер және екінші тағамдар кіреді. 

2015 жылы балаларға 6 дан 16 жасқа  дейін болатын топтар үш ауысым   20 күннен ұйымдастырды.   10 күндік жолдама да алуға болады.

Сіздер екінші ауысымға жолдама ала аласыздар. Ол жолдама 7сінен  27 ші шілде аралығында болады.

Үшінші жолдама 31нші шілдеден  20шы тамызға дейін болады

Бағасы— тәулігіне 4 800 теңге  

Төрт бес адамнан уш төрт қабаты корпустарда тұруға болады.
«Связист» балаларды сауықтыру лагері Қарғалы ауылы  Жамбыл ауданы Алматинской облысында орналасқан.


Байланыс телефондары: 261-59-45, 261-44-04, 272-91-81


«Романтик» балалар лагері

«Романтик» лагеріне 17 жыл болды. Мұнда екінші буын балалары демалуда. Өткен жазда  «Романтик» жүзінші қонысын тойлаған болатын. Ол уақытта лагерде он мыңнан астам бала демалып қайтқан болатын. «Романтик»ке демалғысы келгендердің саны жыл сайын өсуде.  

2003 жылдан бастап лагерь екі демалыс базасында орналасады- Талғарға жақын таулармен Қапшағай суқоймасы, яхта клуб базасында.

Егер балалңыз жаңа әсер алсын, жеткілікті мөлшерде шомылып, күнге қарайсын десеңіз- нағыз Романтиктер лагеріне келіңіз! 

Суқоймасының жайлы шығанағы жағалауды қатты желден және қоқыстан тқорғайды. Балалардың қауіпсіздігі үшін ата аналар уайымдамаса да болады, себебі аумақ барлық жағынан қорғалған, балалар күзетші, құтқарушы және лагерь қызметкерлердің бақылауында болады.   

Аға көшбасшы Еркежан «Романтикте» бірінші жыл жұмыс істеп жатқан жоқ. Басқа көшбасшылар сияқты ол да таңдаудан және жетпіс бес ағат тәжірибелік  жаттығулардан өткен.

— Біздің Қапшағай лагеріне жыл сайын адам көптен келіп жатыр. Бұл жер өте танымал. Бір келген адам, осында қайтып келеді. Бұл лагерде ауысым бес күнге созылады- дүйсенбіден жұмаға дейін., осы уақыт аралығында біз бәріне үлгеруіміз керек: балаларды шомылдыруға, барлық қызықты іс шаралар өткізуге. Біз түрлі жарыстар, концерттер, КТК, Хэллоуин өткіземіз. Балалар жалығып та үлгермейді. 

Шомылуға арнайы уақыт бөлінеді- түстен кейін және  сағат кешкі беске дейін. Балалар жандарында жүрген көсбасшылардың қатаң бақылауында болады. Лагерде балалар шомылып ғана қоймай, яхтада серуендейді. Бұл серуендеу естен кетпестей болады.

Бұл жердегі су жаңа сүт секілді жылы әрі таза. Дәрігерлер суды жүйелі түрде тазалық бақылауынан өткізіп тұрады.  Сондықтан, «Балам ауырып немесе жұқпалы ауруға ұшырап қалды» деп қорйқпауына болады. 

Балалар екі адамдық қолайлы тұрғын үйлерде тұрады. Бөлмеде барлық қажетті заттар бар. Төртмезгілді тамақтану үйдегі тамақтану  секілді. 

Егер Сіз балаңызды «Романтикке» әкелуге шешім қабылдасаңыз, мына нөміре хабарласыңыз: +7 (727) 354-50-63. Жолдама үшін төлем лагердің кеңсесінде жүзеге асады.  «Романтик» лагері Қапшағай жағалауында демалыс Сізге бес күн үшін 30 000тг болады. Лагерге және лагерден балаларды жеткізу үшін жайлы автобус қарастырылған.   


«Алматау» балаларды сауықтыру лагері

Алматыдан бар болғаны 30 км қашықтықта, Іле Алатауының бөктерінде орналасқан. Бұл база бұрын туристтер мен шаңғышылар арасында танымал болған, ал соңғы 5 жылда «Алматау» Қазақстан қалаларының 5 жастан 17 жасқа дейінгі балаларын жыл сайын қабылдайды. 

«Алматауда» мықты көшбасшы құрылым бар. Барлық көшбасшылар өз істерінің маманы. Қызықты және қанық бағдарлама арқасында бұл жерде балалар жалығып та үлгермейді. Лагерь аймағында түрлі шығармашылық бөлімдер бар. Балалар сурет салумен, қол өнерімен, актерлік шеберлікпен және ағылшын тілін меңгерумен айналысады. Содан кейін сауық кештер өткізіледі. 

Шығармашылық кештерден басқа лагерде спортқа көңіл бөлінеді. Балалар қуана көрші лагерлермен футболдан, пионерболдан жарысқа қатысады. Тағы балалар ешқашан қар ерімейтін жаққа жорыққа шығады. 

Балалар екі қабатты тұрғын үйлерде тұрады. Бөлмелерінде барлық қажетті заттар бар. Тамақтану- бес мезгіл, өте пайдалы және дәмді. Бассейн мұнда жоқ, бірақ шомылудың орнына басқа қызықты іс шаралар өткізіліп отырады.  

Ауысым лагерде 14 күнге созылады. Бірақ кейбір тұрақты қонақтар бір айға келіп демалады. Жолдама ақысы— 2 аптаға 58 000 теңге тұрады. Басқа лагерде сияқты бұл жердеде барып қайту трансферті бар. Ал басқа қаланың балалары үшін топтық турлар өткізіледі. Сондықтан ат-аналар балалары үшін еш алаңдамаса да болады.  
Лагерь «Табаған» кешенінде, Таулы баубақшада орналасқан.

Егер таңдауыңыз осы лагерге түссе, Алматыдағы өкілдеріне хабарласыңыз: +7(727) 328-03-07, +7(727) 272-23-57, 8 702 598 50 72


 «Маугли» барлаушы лагері

Алматау лагерінен ары, биік тау шыңында, шырша мен қарағай арасында, төбелер аспанға жетіп тұрған жерде  «Маугли» лагері орналасқан. Ол 2003ж ашылған. Бұл лагердің ерекшелігі балалардың шынайы табиғатпен бірлесетіндігінде. Жазда барлаушы дипломын 200 бала алады. 

Лагерь басшысы және негізін қалаушысы Анатолий Бондаренко,  — экстремалшы. Қазір ол зейнетте, бірақ жұмысы әрдайым жас болып қалуға көмектеседі.

— Қазіргі лагерлер- міндетті түрде жайлы коттедждер. Ата- аналар өздерінің балалық шақтары 5 жұлдызды қонақүйлерде өтпесе де, балаларына жуынатын бөлмесі, дәретханасы бар лагерлер таңдайды. Балалар жылусүйгіш, ештеңеге жабдықталмаған болып өседі. Ал балаларға экстреим жетіспейді емес пе? Алғашында балалар дәретхана далада болғандығы, ұялы байланыс торы ұстамайтындығы үрейлендіреді. Жорыққа шыққанда «Ой, шыға алмаймын, аяғым ауырып тұр!» десе, ал тиінді қуалағанда- аяғы ауырмайды екен!

Барлаушылардың қолданысында экстрим мүмкін емес заттар болады: кепіл белдіктері, жіптер, тау туризмне арналған құралдар. Жаз мезгілі болғанына қарамастан, балалардың Қызылжар тауына шығуына мүмкіндік бар. 

Жас туристтер «Пионерский» шыңын бағындырады. Ал бұл теңіз деңгейінен 3100м жоғары, олар тағы Бутаков сарқырамасына шығады.  Бар болғаны 5 күннің ішінде шатыр қойып, алғашқы медицина көмегін атқарып, өзен өткелдерін еңсеруге, сақтықпен өрлеу және рюкзакты дұрыс орау. 

Барлаушылардың лагерінде балалар туризм, альпинизм, құзға шығу туралы негізгі білім алып ғана қоймай, таза ауда өтетін жарыстарға, театр қойылымдарға қатысуына күштері қалады. Ал ең сүйікті аттракциондарының бірі  «Тарзанка» деп аталады. Әрине, қандай кеш би кешісіз және от алауысыз өтеді?!

Лагерь — көп тер төгіп еңбек еткен Бондаренко отбасының баласы. Мұндағы әр ілгек Анатолий және оның баласы екеуімен жасалған. Балалар ауасы экологиялық таза, өзіне 50ге жуық бала сидыратын 18ші ғасырдың қайығына ұқсайтын ағаш кемпингте өмір сүреді. Мұнда душ жоқ, бірақ жақсы моншамен шағын бассейн бар. Төртмезгілдік тамақтану. Таза ауада, көбінесе тауда өрлеп келгеннен кейін балалар бәрін тауысып жеп қояды. 

Сол күні біз лагерь ауысымының жабылуына келгенбіз. Дәстүр бойынша балалар біріне тілек жазып жатты. Қоштасу оларға қиынға соқты. Төтенше жағдайларда өмір сүрі оларды одан әрі жақындата түсті.

Ауысым «Мауглиде» 10 күнге созылады. Рахаттану бағасы  40 000-нан  45 000 теңгеге дейін. 

Егер балаңыз нағыз барлаушы, қиындықтардан қорықпайтын  болсын десеңіз, келесі нөмірлерге хабарласыңыз:

+7(727) 295-23-22, +7(727) 250-14-34, 8 705 226 09 81, 8 777 586 45 58


«Тау Самал» балаларды сауықтыру лагері

Қала шуынан, жазғы жылудан алыс, Іле Алатауының бөктерінде, Ұлттық табиғат саябағының аумағында «Тау Самал» балаларды сауықтыру лагері орналасқан. Кешен 1986 жылдан бастап жұмыс істейді және жақында өзінің отызжылдық мерейтоын тойлайтын болады. «Тау Самал» — бұл отбасы және балалар үшін нағыз табиғат қалашығы. Есігі әрдайым ашық. Қазақстанның 7 жастан бастап 14 жасқа дейінгі балалары келеді. 

Тап-таза ауа,  тау ағынының сылдыры, шыршалар, жөкелер, талдар бәрін бір сәтке ұмыттырады, қуаттандырады және жағымды әсерлер береді. Лагерь аумағы қаладға қайтқың келмейтін жұмақ бұрышына ұқсайтын. Инелермен жөкенің ауаға сіңген иісін камера жеткізе алмайтындығы өкінішті!

Лагердің барлық қызметкерлері- мейірімді әрі жанашыр ұстаздар. «Тау Самал» — бұл жәй ғана лагерь емес, балалар денсаулығын жақсартып, қажетті емдік рәсімдер кешенін қабылдай алатын санаторий.

Аға тәрбиеші Гульпара Маханова лагерь мақтанышының бәрін көрсетті. 

Бұл ЕФК кеңсесі. Жаттығу құралдарының бәрі өткен жылы ғана жаңартылған. Балалар өздері-ақ келіп жаттыға береді. 

Әр бала 5-күндік массажға баруы керек. Сондықтан массаж жасаушы мұнда демалмай жұмыс істейді. Ал балқарағай фитобөшкесі балалардың ең сүйікті рәсімдеріне айналды. Оның сиқыры өсіп жатқан организмге және түрлі ауруларды алдын алуға қолданылады. 

Таудағы сауықтыру шөптерінен жасалған оттегі коктейлі балалардың жеңсігіне айналды. Кейбіреулері қосымша тағы сұрайды. Айтпақшы шөптерді балалар жинап, оны тәрбиешілермен, басшылармен бірге жасайды.  Жақында тәтті тау таңқұрайы піседі. Оттегі коктейлі одан әрі тәтті әрі пайдалы болады. 

Балаларды күніне бес рет ерекше балалар тағамымен тамақтандырады. Тамақтану теңгерімді, жас ағзаға қажетті барлық дәрумендері бар. Күн сайын дастарқанда көкеністер, жемістер және йогурт тұрады. 

«Тау Самалда» балалар бір жылға сергектік пен денсаулық жинап ғана қоймай, өзінен артист талантын да ашады. Бір күнде көңілді әрі ашық іс шараларсыз, жарыстарсыз және қойылымдарсыз өтпейді. Әсіресе, балалармен  «Ғашықтар күнін», «Мисс и Мистер Тау Самал», Жәрмеңке, от алауы және ауысымның ашылуымен жабылуын жақсы көреміз. Күн сайын сурет студиясы, хореография сабағы өтеді. Ал Vox Populi тілшілеріне арнап, балалар керемет бимен өткен нағыз концерт ұйымдастырды.  

Лагерь аумағында таза суымен ашық бассейн бар. Кешке тауда салқынырақ болады, бірақ күні бойы су жылып, шомылуға болатындай тұрады. Басқа қала қонақтары үшін қала ішінде экскурсиялар, аквапарк және Медеуге саяхат болады. 

Балалар төрторынды барлық жайлылығы бар бөлмелерде тұрады. Ауысым лагерде он төрт күнге созылады. Жолдама бағасы ем алумен бірге тәулігіне 6 500 теңге тұрады.

Лагерь мекен жайы: Алматинская облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар ауылы(Таулы баубақша).

Лагерьге жолдама алу үшін мына нөмірлерге қоңырау шалыңыз: +7(727) 389-99-57, 8 777 281 32 40, 8 705 206 90 10


«Маралсай» балалар лагері

«Маралсайға» бір рет келіп, қайтып оралмаған бала жоқ шығар. 2001 жылдан бастап, лагерь бүкіл мемлекеттен, тіпті Ресейден балаларды қабылдайтын.  «Маралсайдың» есігі тек жазда ғана емес, барлық жыл мезгілінде ашық болады.  

«Маралсай» Алматы қаласының ең үздік лагерлерінің бірі екендігі жасырын емес. Бұл жайлы корпустары бар таулы  қонақүй болып табылады. Барлық бөлмеде дәретхана және жайлы жиһаз бар. Балалар бір бөлмеде бес адамнан жатады. 

Лагерь имиджімен әрдайым студенттер — дизайнерлер айналысады. Лагерь асханасы ертегі сарайындағы мейрамхана секілді тәтті тағамдарымен қуантады.

Бесмезгілдік тамақтану да осы балалар мейрамханасында. Ас мәзірі алдын ала аспаздармен ойлап табылған. Барлық тамақ таңдаулы, тәтті және пайдалы. Ең тәтті сорпалар, екінші тамақтар, пайдалы көкеністермен жемістерден жасалған салаттар, шырындар және йогурттар немқұрайлы қалдырмайды. Vox Populi тілшілері балалармен тамақтанып, дәмді сорпамен пісірілген тауық етімен картопты бағалады. Алайда, өкінішке орай кешкі асқа қала алмадық. Кешкі асқа балаларға манты болған еді. 

Демалыс бағдарламасы бай және әртүрлі. Әр күн минут сайын есептелген. Балалардың бос уақыты да жоқ. Лагерде әр түрлі секциялар жұмыс істейді. Ал соңғы бес жылда Жургенов атындағы өнер Академиясының түлектері актерлік шеберлікке байланысты сабақтар ұйымдастырады. Ауысымның соңында нағыз үлкен театрлық қойылым қойылады. Шет тілін меңгерумен Қытайдан, Польшадан, Америкадан және Ұлыбританиядан келген еріктілер айналысады. 

Лагерь алаңында футбол, волейбол, баскетбол және ойын алаңдар бар. Теннис, үстел теннисін ойнауға болады. Тіпті өз аттары бар. Мұнда балалар ат міне алады. Тағы лагерде заманауи аппаратурамен жабдықталған нағыз диско клуб бар. 

Тұнық суы бар, жылытылған екі ашық бассейн күннің ыстығында шомылуға шақырып тұрғандай. 

Лагерь жеті жастан он төрт жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Алайда он бес, он жеті жастағы жасөспірімдерге арналған бағдарламалар бар.
Ауысым он екі күнге созылады. Жолдаманың бірінші және соңғы ауысымы 78 000 теңге тұрады, ал басқа уақытта 84 000 теңге төлей аласыз.

Лагерь Маралсай бөктерінде, Іле Алатауында, Ұлттық табиғат саябағында, Талғардан қалаға дейін тоғыз шақырым жерде орналасқан.
Жолдама алу үшін лагердің Алматыдағы кеңсесіне, немесе мынап нөмірлерге хабарласыңыз:+7 (727) 279-14-14, +7 (727) 279-57-57.  



 «Огонек» балаларды сауықтыру лагері

«Огонек» лагері  2016 жылы өзінің алпыс жылдық мерейтойын тойламақшы. Оның кешегі пионерлері қазір ата, әже болып, өз немерелерімен шөберелерін әкеліп жүр.  

Лагерь аумағына кіріп, өзіңді бұрыңғы заманда жүргендей сезінесің: биік ағаштар, ал жігіттер мен қыздар қызыл галстукте жүр. Артынан барабан дауысы және пионерлер өлеңдетіп келе жатыр. 

Жасы үлкендеу пионерлер жазғы корпустарда тұрады. Олар уақыт ағынына ұшыраса да, өте таза, ашық әрі жайлы. Одан кішірек топтарға екі қабатты қолайлы бөлмелер бөлінген. 

Лагерь алаңында үлкен ашық бассейн бар. Балалардың қауіпсіздігіне тәжірибелі нұсқаушы қарайды.На территории лагеря есть большой открытый плавательный бассейн. Ол да осы жерде қызықты эстафеталармен суда ойнауға болатын ойындар ұйымдастырады. Бірақ спорт бассейнмен шектеліп қалмады. Лагерьде керемет спорт алаңы, баскетбол, волейбол және тенниске арналған алаңдар бар. Сонымен қатар балалар бір күндік тауға жорыққа шығады.

«Огонекта» бесмезгілдік тамақтану. Дастарқанда жемістер күнделікті болады. Асхана бірнеше отряд балаларын сидыра алатын болсада, балалар жазғы алаңда тамақтанғанды ұнатады. Таза ауада тамақ одан әрі дәмді болады. Қонақжай көсбасшылар бізді түскі аспен тамақтандырды. Біріншіге біз күріш көже, екіншіге күйдірілген күріш жедік. 

Теледидармен компьютерлер  «Огонекта» жоқ. Бірақ мұнда бай әрі трүрлі бағдарламалар бар. Отряд жарыстарымен кештерден басқа балалар алдында цирк, театр ұжымдары өнер көрсетеді. Сонымен қатар, Алматы бойынша, демалыс саябағына, аквапаркқа және страус фермасына экскурсия жүргізіледі. 

«Огонек» алты және он төрт жас аралықтағы балаларды қабылдайды. Ауысым ұзақтығы— он бес күн. Жолдама бағасы тәулігіне  5 000 теңге. 

Лагерь мекен жайы: Алматинская облысы, Талғар ауданы, Қызыл Қайрат ауылы. Телефондары: +7(727) 308-45-62, 8 701 775 58 39


«Юный спасатель» барлаушылар лагері

«Юный спасатель» лагері Шымбұлақтан жоғары, «Туюк су» жиымында ең керемет жерде орналасқан. Лагерге төртінші жыл толды. Осы уақыт аралығында  «Юный спасатель» экстремалды спортты ұнататындар үшін ең сүйікті жері болып үлгерді. Жеті күн таза ауада, таулар, шыршалар арасында, ұялы телефонмен компьютерді ұмытып өткізген керемет емес пе! Бұл жерде өте тыныш. 

Лагердің негізін қалаушылары — тәжірибелі спортсмен-альпинистер Олег Щукин және Дамир Молгачёв. Төтенше жағдайларда құтқару қызметін атқарып жүріп, балалармен жұмыс істеу үлкен ляззат алатындығын түсінді. Жігіттер шатыр, өрмелеу жабдықтарын сатып алып жасөспірімдерге ең қажеттіні жасады.  

Бұл лагерде жайлы төсектермен дәретханасы бар корпустар жоқ. Болашақ құтқарушылар екіорындық шатырда карематтармен және жылы қаптарда ұйықтайды. Бұл жерде жуынатын бөлмемен ыстық суда жоқ. Оның орнына  монша бар. Асхана да үлкен шатырдан дайындалған. Бірақ кішкентай экстремалшыларды ештеңе қорқытпайды. Керісінше демалысқа романтикалық рух беріп тұр. 

Бір апта лагерде өткізген балаларын ата аналары тіпті танымай да қалып жатыр.  Енді бала «GTA» и «Diablo» деп емес, тәжірибелі құтқарушы секілді алғашқы медициналық көмек көрсететін бала болған: жасанды тыныс жасау, қан тоқтату және т.б. Сосын жаттығулардан кейінгі стресстен пульсті қалпына қалай келіру керектігін айтып бере алады. 

Лагерде алғашқы медициналық көмек көрсеті— бұл шектеу емес. Сонымен қатар жас құтқарушылар өзінің достарынмен құтқару жұмыстары, карта бойынша бағдарлану, табиғат аясында өмір сүру, от жағу, тауда өрмелеу туралы ақпаратпен бөлісе алатындығымен мақтана алады. 

Бұл лагерде би кештері мен театр қойылымдары жоқ. Алайда, балалар бар ынтасымен от алауының жанында бір бірімен сырласып, әзілдер айтып, көсбасшыларының бастан кешкен оқиғаларын тыңдап отырады. Ал ең қорқыныштысы балалардың үлкендерсіз түн өткізуі болып табылады. Ең бастысы — жабдық құрау, от жағу және өзіңе тамақ жасау. Әрине, нұсқаушылар бәрін бақылап отырады, бірақ балалар ол жайында тіпті білмейді де.

«Юный спасатель» бес жастан он бес жасқа дейінгі балаларды қабылдайды.

Лагерде демалу ақысы 50 000 теңге.

Балаңыз шыдамды, күшті болсын десеңіз нұсқаушылармен сөйлесу мына нөмірлермен байланысуға болады: 8 777 237 50 95, 8 707 116 01 44.


«Салем» балаларды сауықтыру лагері

Бұл лагерде керемет лагерлердің бірі. Бұл лагерде жүріп өзіңді пионерлік балалық шаққа орылғын келгенін байқайсың. Бұрын бұл лагерь «Дзержинец» деп аталатын. Және бұл лагерде бір заманның балалары ғана болмаған.

Жылдар өтіп, аттар ауысып, пионерлер өседі, бірақ бұрыңғы лагерь рухы өзгеріссіз қалады. 

Тұрғын үйлер таза әрі жайлы болып келеді. Әр топтың өзінің корпустары бар.
Лагерде тамақтану әртүрлі және бесмезгілді. Тамақтануға міндетті түрде жаңа көкеністер, жемістер, ірімшіктер, йогурт және айран кіреді.

Сегіз гектарға созылған аумақта бәрі бар: Үлкен футбол алаңы, баскетбол, волейбол алаңы, амфитеатр және бассейн. Бұл лагерге балалар Қазақстанның түпкір түпкірінен келеді. Көбісі бұл жерде бірінші рет емес. 

Лагерде қызықты және қанық спорт бағдарламасы бар. Бұл жерде қалаушыларға арналған «Көңілді старттар», Спартакиада, жарыстар және ойындар ойнатылады. Лагерь болмаса, басқа қай жерде балалар өздерін тәжірибелі футболист сезіне алады. 

Лагерь ашылуы ме жабылуында от алауы, фейрверкпен өтетін театрлық шоу өтеді. Бұл шоуға көспасшылармен балалардың өздері қатысады. 

Бағдарламалардан бөлек дамыту ойындары мен ағылшын курстары өтіледі. Ал кешке балаларға арнап Алматы циркінен артисттер, казақстанның жас эстрада әншілері өнер көрсетеді. Одан басқа балаларда Алматыны және сұңқар фермасын көруге мүмкіндігі бар.

«Салем» лагері өзінің педагогикалық ұжымымен мақтана алады. Тәжірибелі көсбасшыларымен тәрбиешілер барынша тырысып бағуда. Олардың басты мақсаты: өсіп келе жатқан ұрпақты жақсылыққа тәрбиелеу және  «Салем» лагерінде алатын әсерлерін көркемдету.

Лагерде  алты жастан он алты жасқа дейінгі балалар демалады. Ауысым бағасы 40 000 теңгеден жоғары.

«Салем» қала кептелісінен бірнеше минуттық жерде Ремизов сайында, «Көктем» санаториының қасында орналасқан.

Лагерге жолдаманы лагерь аумағында немесе келесі нөмірлер арқылы алуға болады: +7(727) 378-27-09, 8 775 698 96 86

Балаңыздың жылдам өтіп жатқан жазы ұмытылмастай болсын!

Бөліс
Алёна Мирошниченко
Алёна Мирошниченко
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000