VOX POPULI Святослав Антонов 8 апреля, 2015 14:01

Үлкен істерге шабыттандыра: ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ

Үлкен істерге шабыттандыра: ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ
Жақсылық Үшкемпіров 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасында алтын медаль алған тұңғыш қазақ болды. Аңызға айналған күресші, бұл жеңіске жолында кездескен көптеген қиындықтарға қарамастан, 10 жыл бойы келген.

Болашақ жеңімпаз Қазақстанның оңтүстігінде, Жамбыл облысының Тегістік атты шағын елді-мекенінде дүниеге келген. Бала кезінен Жақсылық керемет денсаулығы және берік дене бітімімен ерекшеленетін. Үйінің алдындағы көгал оның бірінші күрес алаңына айналды  – ауыл балалары күні бойы сол жерде алысатын.

1968 жылы жас жігіт Семейге, зооветеринарлық институтқа оқуға түсуге кетеді. Бірінші курста-ақ Жақсылық мәселеге тап болады – шаңғы спорт түрінен сынақ тапсыру керек болды. Қар жылына бірнеше күнге ғана түсетін мекенде өмір  сүрген жігіт бұл сынақтан өте алмады.

– Мені институттан шығарама деп ойладым. Жаттықтырушымен сөйлесуді ұйғардым, оны күрес залында таптым. Ол маған: «Күресті жеңсең – сынақтан өтесің», – деді. Күресуге тура келді. Үш қарсыласты қатарынан жықтым, оған қоса олардың біреуі спорт шебері атағына үміткер болатын. Жаттықтырушы маған еркін күрес секциясына жазылуды кеңес етті. 15 күндік жаттығудан кейін мен институт біріншілігіне қатыстым. Сол кезде өмірімдегі алғашқы турнирді жеңіп алдым. 

Үшкемпіров ЖОО аралық турнирлерде, қала және облыс біріншіліктерінде жеңімпаз атанған. 1970 жылы ол ұлттық дәрежедегі жүлдегерлерді артта қалдырып, ауыл спортшылары арасындағы республика жүлделігінде бірінші орын алған. Қазақстан құрамасының бас бапкері Жақсылықтың жеңістерін кездейсоқтық деп, оны КСРО жүлделігіне қатыстырмайды. Классикалық күрестегі белгілі жаттықтырушы, Роман Ильматов дәл сол уақытта ең жеңіл салмақтағы (48 килограммға дейін) халықаралық жарыстарға дайындау үшін өзіне шәкірт іздейді, және Жақсылық оның жаттығуына кетеді. 

Өзі үшін жаңа күрес түріндегі бірнеше ай жаттығуынан кейін-ақ Үшкемпіров республика жүлдегері атанады. Ильматов дарынды күресшіге бірегей дайындау бағдарламасын жасап шығарады – жылына 1100 сағат жаттығу. Жылдамдығы және шыдамдылығын арттыру үшін, Үшкемпіров крростық жүгіру, жүзу және  есумен айналысатын. 1973 жылы Жақсылық КСРО чемпионатында  қола жүлдеге ие болып, республика құрамасына түседі. Халықаралық дәрежедегі жеңістер топтамасы басталды  – Үшкемпіров Германия, Финляндия, Болгария турнирлерінде медальдарды ұтады. 

1974 жылы Үшкемпіров институттағы оқуын аяқтап, «Қайрат» ДСО атынан өнер көрсету үшін Қазақстан астанасына көшуді жөн санайды. Тағы да ауыр жаттығулардың апталары. Үшкемпіров алтыншы жазғы Спартакиадаға қатысты. Күрестен жарыстар Алматыда өтетін, сондықтан оның жеңімпаздары автоматты түрде КСРО жеңімпазына айналатын. 

Ақтық күресте Жақсылық Еуропа чемпионатының жүлдегері Владимир Нецветаевпен ауыр жекпе-жек өткізеді. Қарсыластық тең болды, бірақ жарыстың соңына қарай Үшкемпіровтың қолынан жеңу келеді. Алтын медаль.

Жақсылықтың қуанышында шек болмады. Осындай жарқын жеңістен кейін күресші 1976 жылғы Олимпиадаға қатысуды ойлап жүрген. Бірақ бапкерлер және спорттық жүйешілер ойындарда өнер көрсету құқығын тәжірибиесі молырақ спортшыға, Алексей Шумаковқа береді. Үшкемпіров қапа болады. Күрестен кетуді ойына алып жүрген.

– Мені Қонаевқа алып келді. Дінмұхамед Ахмедұлы мені өз кабинетінде қабылдады. Ол мені спортты тастамауға көндірді: «Жәке, маған мемлекетті басқару оңай деп ойлайтын шығарсың? Айналыса бер, біз саған көмектесеміз. Келесі Олимпиадада сен жеңімпаз атанасың!».

Үшкемпіров спортта қалуға шешім қабылдайды, дұрыс шешім қабылдайды. 1977 жылы ол КСРО Чемпионатының қола жүлдегері атанады, 1978 жылы екінші орынға ие болады. 1980 жылы Жақсылық польдық  Роман Кирпачтан жарақатының кесірінен жеңіліс тауып, Еуропа Чемпионатының күміс медаліне кол жеткізеді. Осындай жеңістердің тобынан кейін олимпиадалық жолдама кепілденген сияқтанады.

Бірақ оған әлі үш спортшы үміткер еді – КСРО ның үш дүркін жеңімпазы Василий Аникин, қазіргі олимпиадалық жеңімпаз Алексей Шумаков және жас грузиндық күресші Тэмо Казарашвили. Бапкерлер шешуші жекпе-жектерді өткізуге шешім қабылдайды. Оның әр қайсысында Жақсылық жеңеді. Екі сағат айтыс нәтижесінде жаттықтырушылардың күтпеген шешімі: Олимпиадаға Казарашвили барады. Үшкемпіров үшін бұл үлкен соққы болды. Өзінің шәкіртіне Вадим Псарев жақтасты – бапкер түні бойы ұйықтамай олимпиадалық құраманың жетекшісін және Госкомспорттың төрағасының орынбасарын көндірумен болды. Оның қолынан келді.

– Мәскеуде күресетінімді маған ойындарға 20 күн қалғанда жариялаған болатын. Мен өте қатаң жаттығу тәртібін ұстандым, салмақ тастауға тура келді.

Жарыстардың бірінші айналымында-ақ Жақсылыққа қарсыластардың ең мықтысы  – соңғы үш жыл бойы бірде-бір жекпе жегінен жеңіліс таппаған румын Константин Александру түседі.

Жақсылық өмірінде бірінші рет қамықты. Жеребе салудың нәтижелерін көріп, басын салбыратып, үндемей отырды.

Бұл жағдайды ол кезде бапкерлік штабтың құрамына кіретін, олимпиадалық екі дүркін жеңімпаз Валерий Резанцев құтқарды: «Мықты қарсылас? Керемет. Бірінші жекпе-жекте оны жеңсең, келесілерінде әлдеқайда оңай болады». Үшкемпіровтың рухын көтерген осы сөздер. Ол жекпе-жекті жеңді.

– Жеңістен кейін мен әбден әлсіредім, жарты сағат бойы өз өзіме келе алмадым. Кейін маған ОК ЛКСМ-ның бірінші хатшысы Қуаныш Сұлтанов жақындап, менімен МинКеңестің төрағасы Байкен Ашимов сөйлескісі келетінін айтты. «Алтынды ала аласың ба, Жәке?» – деп сұрады ол менен. «Өлсем де ұтамын!» – дедім мен. Сол кезде ол маған бір көмек керек-керек еместігін сұрады. Жиырма байсалды шенеунік менің жауабымды күтіп, тынып қапты. Пәтер немесе көлік сұрайды деп ойлаған шығар. Мен бір кесе қымыз сұрадым. Кернеу жоғалды, бәрі күлді.

Екінші жекпе-жекте Үшкемпіров оған енді таныс польдық Роман Кирпачты жеңді. Үшінші күресте Жәке венгр Ференц Серешті оңай жықты.

Ақтық жекпе-жектің алдында Үшкемпіров әдетте баскетболшылардың біреуі ұйықтайтын үлкен төсекке жатып демалады. Бірнеше сағаттан соң барлық спортшыларды ұйқыдан оятақанда, Үшкемпіровты ұмытып кеткені. Оны жәй ғана байқамайды. Оны кейін, үлкен асығыста, жекпе-жекке жарты сағат қалған кезде оятады. Спортшыға автобуста қыздырынуға тура келді. 

Олимпийский чемпион 1980 года, советский спортсмен Жаксылык Ушкемпиров (сверху) и болгарский спортсмен Павел Кристов во время финального поединка. Соревнования по классической борьбе (весовая категория до 48 кг). XXII летние Олимпийские игры. Спорткомплекс ЦСКА. Россия (Москва)
1980 жығы олимпиадалық жеңімпаз, кеңестік спортшы Жақсылық Үшкемпіров (жоғарыда) және болгарлық спортшы Павел Кристов ақтық жекпе-жек кезінде. Классикалық күрестен жарыстар (48 кг дейін салмақты деңгей). XXII жаздық Олимпиадалық ойындар. ЦСКА спорткешені. Ресей (Мәскеу)
Фото: RIA Novosti/Vladimir Rodionov

Ақтық жекпе-жек. Үшкемпіров болгарлық Павел Христовты 12:7 есебімен жеңді.

– Менің қуанышымда шек болмады. Пьедесталда тұрғанымда оның бәрі түс сияқты еді. Қаншама жыл... ауыру, жарақаттар, физикалық және психикалық кернеу. Бәрі осы күн үшін. 

Атлеттер Алматыға қайтпас бұрын Олимпиадалық елді-мекенде Қазақстан мәдениет күндері өтті. Оған дейін Үшкемпіровтің баласы дүниеге келді.

Надежда Пахмутова және Николай Добронравов осы оқиғаға байланысты өлең жазады, және Жақсылықтан баласын мәскеулік Олимпиада символының құрметіне Михаил деп атауын сұрайды. Күресші сыпайы бас тартады: «Одан да Жеңіс атайын. Қазақша ол жеңіс». 

Алматыда, отанында Үшкемпіров және басқа да спортшы-олимпиадалықтарды батыр секілді қарсы алды. Көшедегі және автобустағы адамдар жеңіспен құттықтап жатты. Триумфаторларды Дінмұханмед Қонаев өзінде қабылдады. Жеңімпаздарға 5 000 рубль және «Волганы» кезексіз иеленуге құқық берілді. Қалған соманы спортшы ескі «Жигулиді» сатып және таныстарынан ақшаны қарызға алып  өз бетімен жинады.

Олимпиадалық жеңістен кейін күресші әлем чемпионатында жеңіске жеткенінше спортпен айналысуды шешкен. Оның арманы орындалады  – 1981 жылы ол түрік күресшісі Салих Бораны жығады. 8:0 есебімен жеңіс және әлем чемпионы атағы.

1982 жылы Үшкемпіров спорттық жұмысын аяқтауды, бірақ күреспен түбегейлі айырылыспауды ұйғарады. Құраманың бас бапкері Генадий Сапунов атлетті  лайықты демалысына құрметтеп шығарып салуды ұсынды. Кеңестік спорттық күрес тарихында алғаш рет мерекелік шығарып салу ұйымдастырылды. Новосибирскте өткен іс-шараға мемлекеттің барлық атақты күресшілер және бапкерлері келді. Оның әр қайсысы Үшкемпіровке құрмет білдірді. Мінезімен сыпайы Жақсылық шынайы масаттанған.

1984 және 1993 жылдар аралығында ол республикалық профсоюз комитетінің спорт мектебінің директоры болып қызмет жасады. Бірақ жеңімпаздың бапкерлік жұмысы іске аспады. Денсаулығы сыр бере бастады  – көпжылдық ауыр жаттығулардың нәтижелері.

– 1995 жылы жүрегім ауыра бастады, спортпен қоштасуға тура келді. Достарым ауылдық жерге қоныс аударуды кеңес етті. Мен ауыл шаруашылығымен айналысуға шешім қабылдадым  – менде ветеринарлық институттың дипломы бар еді ғой. Бақанасқа келдім, маған шағын жер телімін бөліп берді, мен ол жерде ешкілерді баға бастадым. Уақыт өте келе жаңа жер телімдерін сатып алып отырдым, 2000 жылдың басына қарай менің қарамағымда 5 мың гектар жер бар еді. 

2007 жылы Үшкемпіров Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Мынбаев елді-мекеніне келеді. Кезінде жайнап жатқан ауыл қазір толық құлдырауда екен – әдеттегі жол және инфраструктура жоқ, газ жайлы ол жерде ойланбайтын  да. 

– Мен жергілікті шаруашылықты көтеруді жөн көрдім. Ең шағынынан– ауылдық кеңсенің жөндеуінен бастайын деп шештім. Осы жерде өмір бойы өмір  сүрген бір әже ұрысқан еді: «Міне тағы бір ұрлықшы келді. Бұл жерде бәрі ұрланып біткен еді». Мен жауап бердім: «Мен ұрлықшы емеспін, спортшымын. Бұл жерде бірнеше жылдан кейін не болатынын көресіз».

Үшкемпіров іске олимпиадалық табандылықпен кірісті. Өзінің қаржысына ескірген ғимараттарды жаңартып, гаражбен жаңа қоралар салып, адамдарды жалдап, жабдықтарды сатып алды. 2010 жылы Үшкемпіров  320 миллион теңгені жалға алып, кезінде аңызға айналған Қазақ ақбас текті сиырының 500 басын және Әулиекөл тегінің 500 сиырын сатып алады. Қазіргі таңда «Жақсылық» шаруа-қожалығында ірі қараның 4500 саны және 1500 жылқы бар. 

Жақсылық Үшкемпіровтің тағы бір жобасы оның спроттық карьерасымен тікелей байланысты. Өз қаражатынан Үшкемпіров балаларға арналған спорт мектебін салды.

Қазір ол оқушылар арасындағы ең танымал жер. 300 астам жас жеткіншектер самбо, дзюдо, бокспен айналысады. 

Мүмкін, олардың арасында  –  кез-келген турнирлердің пьедесталына шығатын болашақ жеңімпаздар бар шығар. 

Елу жыл бұрын өзі алғаш рет алаңға шыққан Жақсылық, осыған өте үміттенеді. 

Бөліс
Святослав Антонов
Святослав Антонов
Журналист, редактор раздела HISTORY
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000