VOX POPULI Виктория Русакова 30 июля, 2015 14:00

Жасымыз ұлғайсада, жанымыз жас!

Жасымыз ұлғайсада, жанымыз жас!
Фото: Виктория Ли
Үлкен кісілердің көбі зейнетке шыққаннан кейін, өздерін немен айналдыратынын білмей шағымдануда. Бос уақыттары тым көп, ал күнде немерелер бағудан және теледидар көруден жалығады. Біздің кейіпкерлер өздері арқылы айналаны шабыттандырады, зейнетке шықаннан кейін өмір енді басталғанын басқаларға дәлелдеуде.

Таңғы 7:40. Күн жоғарылауда. Махатма Ганди атындағы саябақта адам жоқ дерлік. «Индия әкесі» ескерткішінің алдында бір топ әйелдер жиналуда. Уақыт ерте болғанымен олар жарқын жүзді және көңілді. Уақыт өткен сайын олардың саны көбейуде. Топ ішінен жарқын бір дауыс: «Ал енді жаттығуға тұр!»

Бәрі бір сызыққа тұрып назарларын жаттығушыға аударуда. Тамара Константиновна – сол жарқын дауыстың иесі, әрленген, сымбатты әйел. Ол құрбылары мен шәкірттерін нәтйжелі күнге дайындайды.

Жаттығу дұрыс дем алудан басталады, ақырындап топ дене қимылдарына көшеді. Әр жаттығу үш әдістен тұрады. Менде жаттығуға қосылдым, қолымды және аяғымды жарты сағат қарқынды тербеген соң, жасыма қарамастан біраз шаршап қалдым. Жан жағыма қараған сайын жаттығулар жиынын аяқтауға ынталандым.

Фартукова Тамара Константиновна, 65 жасар жаттығушы:

- Өмір бойы дене шынықтырумен айналысып  келемін. Дене шынықтырудан жоғары білім және медицинадан орта білімім бар. Ауруханада ЕДШ(ЛФК)(емдік дене шынықтыру) маманы болып жұмыс істедім. Зейнетке шықтым, үйде ішім пісті. Жаттыға бастадым, уақыт өте адамдар қосыла бастады. Саябақта жаттығып жүргенімізге үш жыл болды. Күнде,кез-келген маусымда жаттығуға шығамыз. Тек қатты жаңбырда өзімізге үйден шықпауға рұқсат етеміз. Әдетте боранға, желге қарамастан жаттығуымызды жасаймыз!

- Жаттығуға әр ретте адамдар саны қосылуда. Ең көп дегенде 90 адамды санаптық. Жазда белсенділігіміз бәсеңдейді, демалыстарға шығып, бірі курортқабарса, бірі саяжайларына барады. Бізбен көбінесе еркектерге қарағанда әйелдер келіп қатысады. Еркектер 2-3 рет келіп, қашып кетеді. Бірі ыңғайсызданса, бірі ерінеді.

- Дене шынықтыруға адамдарды қалай тарттым десеңіз. Ештеңке істемедім, өздері қызықты. Мен жалғыз өзім жаттығатынмын, иттерін серуендеуге алып шыққан әйелдер келіп: «сізге қосылсақ бола ма?» деді. Осылай танысып алдық.

Біз күнде Стрельникованың әдісі бойынша дем алу элементтерімен, сауықтыру топтамасын жасаймыз. Бірінші кезекте адамдарға дұрыс дем алуды үйретемін, ең маңыздысы осы. Дұрыс дем алған кезде тыығасың, оттегімен қанығасың.

- Спортпен шұғылданғанда теріс эмоциялар кетеді. Мұнда әйелдер көзінде жаны жоқ, әлсіз, бүрісіп келетін. Бір ай өткен соң қарағанымда көздері жайнап, жүзінде күлкі, көңіл күйлері күшті болды. Бастысы өзіңнің жалқаулығыңды жеңіп, шабыт тауып келу. Осының өзі ерліг!

Валентина Константиновна, зейнеткер, дене шынықтыру қатысушысы:

- Қозғалыс -ол өмір. Үйде зейнетке шыққаннан кейін көп қозғалмайсың. Дене шынықтырудан бұрын, қарым-қатынас құру маңыздырақ. Бұл жерде жаңа достарды табасың. Мейрамдарды бірге өткіземіз, киноға, театрға бірге барамыз.

Жас қосқан сайын адам бойындағы зат алмасу бәсеңдейді, ал дене шынықтыру қуат пен сергектік береді. Дене шынықтырумен айналықан адамның ақыл кемдігі болмайды, медицинамен дәлелденген.

Көршім күнде сұрап отырады: «Дене шынықтыруға бардың ба? Жарайсың!» деп. «Өзің қашан барасың?» деп сұраймын. Өзі күнде кейінге қалдырып отырады. Ең бастысы өз жалқаулығыңды жеңгенің. Уақыт өте келе дене шынықтыру қажеттілікке айналады.

Тағы басты мәселе-жан-ұяңның қолдауы. «Анашым, жарайсың!» деп балаларым мен немерелерім қолдап тұрады. Олар нәтижесін көріп отыр. Аналарының жасарып кеткенін байқайды.

Зауреш, зейнеткер, дене шынықтыру қатысушысы:

- Дене шынықтырумен жақында айналыса бастадым, мамыр айында. Зейнетке шығып, денсаулығымның жақсы болуын тіледік. Осы жерге келдім, ұнаттым. Біріншіден ұжымымыз жақсы, достық қарым-қатынастамыз. Үлкен жанұя сияқтымыз. 9 мамырда мейрамды бірге қарсы алғанда оны түсіндім. Соғыс жылдарындағы өлеңдердңі айттық; бір әйелдің күйеуі баянист, ол ойады, біз биледік.

- Зейнкерлердің көбі күйзеліске ұшырайды, оның себебі өздерін айналдыратын жұмыстың жоқтығы,    қарым-қатынастың жетіспеушілігінен зардап шегеді. Жақын тұратыныма өте қуаныштымын, дене шынықтыруды ұнататындар Тастактан келіп отырады. Денсаулығымыз шүкір, жақсаруда. Бұрын ауырып жүретінбіз. Ал енді өміріміз жарқсы және ғажап!

Әйелдер тек дене шынықтырумен белсенді айналыспайды екен. Біразы интернетті жақсы меңгерген. Біз сайт үшін фоторепортаж дайындап жатқанымызды айтып едік, бәрі сайттың мекен-жайын voxpopuli.kz.  жазып алды. Дария Бакина зейнеткерінде  Youtube арнасына дене шынықтыруда жасалған бейнежазбаларын жүктейді екен.

Белсенді зейнткерлермен сұқбат алып және бір күнге күш қуат жинап, саябаққа кешке келуді ұйғардық, зейнетке шыққан ер азаматтарымыз бос уақыттарын қалай өткізетінін көрейік деп.

Байқағанымыздай ерлер интелектуалды спортты шахматты  таңдайды екен. Ойын жанды жүріп жатыр, қатысушылар дауласуда, бір-бірінің ойнына қызыға қарауда, бөтендерге көңілдерін бөлмейді, олардың назарын аударуға қиынға соқты.

Партия арасындағы үзілісте шахматистердің бірімен сөйлесе алдық.

Утеген Керимович, зейнеткер:

- Шахматты 8-9 жасымда ойнай бастадым. Ағам үйреткен. Кәсіби ойнамасамда, бірақ әуесқойлық деңгейде күнделікті жаттығудамын. Бұл жерде зейнеткерлер жиналып бос уақыттарын пайдамен өткізуде. Үйде не істейміз? Ең болмаса кешке шығып миымызды жаттықтырамыз. Көп болып жиналамыз, бізге қосылғысы келіп жүргендер көп. 

- Блиц-шахматты ойнағанымызды көрдіңіздер. Өзім блиц ойнауда әуесқой емеспін, өлшемді, талғамды толық ойынды ұнатамын. Бұл біздің жасымызға тез ырғақты ойын болып келеді. Басқаларына ұнайды.

Шахмат ойыны өте қызықты және тартымды, өмір бойы ойнап келем және шахматты жақсы көремін. Ол ақыл-ой мен логиканы жаттықтырады. Бұл ойын пайдалы және сапалы уақытын өткізу болып табылады.- дейді Утеген Керимович.

Ойынды бақылай келе зейнеткерлеріміз қуатты күшке ие екеніне таңқаласың! Олар әр қадамдары үшін күресуде, өзінікі дұрыс екенін бәсекелесіне дәлелдеуде. Шахмат сағатының ерекше дыбысы шыққанда ойын келесі ойыншыға өтуде, блиц-шахмат ойыны тез ойлау және тез қозғалуды талап етеді.

Алматылық зейнеткерлер қызықты әрі пайдалы уақыттарын өткізуде. Олармен әңгіме құрып болған соң , өзіміз күш жинап, жақсы көңіл-күйде болдық. Болашақта зейнеткерлеріміз немен шұғылданатын екен? –деп ойланып қалдық.

Құрметті Vox Populi оқырмандары зейнетке шыққан жақындарыңыз, таныстарыңыз не істейді?

Бөліс
Виктория Русакова
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000