VOX POPULI Святослав Антонов 4 марта, 2015 14:00

Гиннесс Рекордын Орнату

Супермарафонец Марат Жыланбаеав стал одним из первых казахстанцев – рекордсменов книги Гинесса
Супермарафонец Марат Жыланбаеав стал одним из первых казахстанцев – рекордсменов книги Гинесса
Қазақстан Гинесс Рекорд Кітабына теңіз шекарасы жоқ, ірі мемлекеттердің бірі болып кірді. Бұл біздің елімізге байланысты кітаптағы жалғыз жетістік емес. Бүгін біз, біздің отандастарымызға байланысты, нағыз қызықты қойылған рекордтар туралы айтып береміз.

2011 жылдың желтоқсан айында, Қазақ географиялық қоғамының, 7 адамынан құралған топ, Оңтүстік полюсқа, Қазақстан тарихындағы бірінші көлікпен экспедицияға барды. Жыл өткен соң, бұл жетістік Рекорд Кітабына, Оңтүстік полюсқа көлікпен жылдам барған саяхаттың бір түрі деп саналды.

- Бұл 2008 жылда басталған еді, біздің топ ресейлік “Экспедиция-Трофи” атты жарысқа Мурманск – Владивосток бағытындағы көлік жарысына қатысқан еді. Сол уақытта “Қазақ географиялық қоғамы” қосылу жұмысы басталған еді. Бұл ұйым отандық ғылымның дамуын қалаған бірнеше топ саяхатшылар, зерттеушілер, ғалымдармен  ашылған еді. Біз ойладық, басталғаннан өзіміз туралы қалай қатты жариялауға болатынын, біздің есімізге қысқы жарыс түсті. Қандай да бір себеппен, біздің ойымызға Солтүстік полюс түсті. Ол жақтың жерін түгелдей зерттеп, қиын екенін білген соң, бірінші экспедиция күні ақ құлайтынымызды сездік. Біз өзіміздің назарымызды оған қарсы полюске бұрдық. Көптеген елдер Антарктидада супердержавалар ғана емес, ғылыми жұмыстармен де айналысып жүр. Оның өзінің Уругвайда, Чили, Эквадор, Польша сияқты полярлық бекеттері бар. Бізге де осы жұмысқа кірісу керек. Бірінші қадам жасау керек болды, және біздің қадамымыз соның бірі еді. Бастапқыда рекорд туралы мүлдем ойламаппыз. Жай ғана мәреге 16 желтоқсанға дейін жетіп, тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мен Оңтүстік полюстың ашылғанына 100 жылдығын тойлау үшін, - деп айтып берді, Қазақ географиялық ұйымының президенті Нұрлан Абдуов.

Экспедицияға дайындық “Қазгео” тобының 2 жылын алды. Бізге оңтайлы маршрут құрап, лайықты құралдар мен киімдер керек болды. Ең бастысы – бізге көлікті тауып, дайындау керек болды. Соңғы таңдауларын олар, полярлық жағдайда шыдайтын,  ТoyotaHilux, prado көліктеріне тоқтатты. Көліктер Исландия жіберіліп, күрделі жақсартудан өтті. Қозғатқышы түпнұсқа күйінде, ал қолдайтын рамасын, тоқтатқышын, трансмиссиясын қайтадан жасатты. Отын ретінде қатпайтын керосин пайдаланды. Көлікке отынды жылытатын құрылғы орнатылды. Отын қатып қалмау үшін, көліктің қозғалтқыштары ылғи жұмыс істеу үшін.

Басталу бекеті Новолазаревскаяға келген сәтте қызық оқиға болды. Антарктиканың қақ ортасынан өздерінің көп жыл бұрын, отанынан кетіп қалған, отандастарын орыс экспедициясының құрамынан кездестірді. Бұрынғы астаналық көп уақыттан кейін өз отандастарын көрген сәтте жылап жіберуге әзер тұрды. Бекетке Астана атты жазу қалдырған дәл сол кісі еді.

Полюсқа жол қазақтарға оңайға соқтырған жоқ. Бірнеше рет көліктің дөңгелегін ауыстыруға тура келді. Әрбір экипаж жүргізуші-штурман жұп болып жұмыс жасады. Жүргізуші ылғи жолға қарап, нашар жолдардан айналып өтіп жүрді. Жаман ауа-райы кезінде саяхатшылар тек қана GPS құралғысымен жүрді.

Тіпті түңгі уақытта да саяхатшылар сергектікті ұстау керек болды. Қазақстандықтар іші жылтқыш, керосинмен жұмыс істейтін,  екі қабатты шатырда ұйықтады. Ұйықтар алдында жерге бірнеше қабатты жылтқыш төсеу керек болды. 

Әрине, Оңтүстік полюке дейін,  108 сағатта 2500 километр жүріп өтті. Әр түрлі елден жиналған ғалымдар, 3 қазақстандық туы бар көліктерді көргенде қатты таңғалды.

Бастапқыда балалар полюста 16 желтоқсанға дейін қалуды жоспарлады, бірақ ауа райы кедергі болды. Синоптиктердің айтуы бойынша, Антарктидаға қатты дауыл келе жатқанын айтып, барлық саяхатшыларға базалық бекетке қайтуларын сұрады. Қайтатын жол, олар үшін шынайы сынақ болды. Күндердің бір күнінде олар тек қана 18 километр ғана жүрді, қалған уақыттарын олар күрекпен жол қазып жүрді.

- Өмірге деген шынайы қауып болды. Үйге қайтар жолда көліктің бірі тұрып қалды. Оның дөңгелектері мұзбен қатып қалды. Оны шығару үшін, басқа көлікке резенкесін жылытып, ыстық болып тұрған күйде, тұрып қалған көлікті шығарып алу керек болды. Мәселе екінші көлік қатып қалған кезде басталды. Бізде қозғалу үшін тек қана бір көлік қалды. Ол да қатып қалса, біз полюстың ортасында қалып қоятын едік. Әрине, бізге құтқару ұшағын жіберуші еді, бірақ ол тек қана 100 километрге дейін қонатын еді, оған дейін өзімізге баруға тура келді. Құдайға шүкір, үшінші көлігіміз қатып қалған жоқ, қалған көліктерді кейін шығарып алды,- деп еске алды экспедиция мүшелері Сергей Бодров пен Константин Орлов.

20 желтоқсан күні экспедиция мүшелері Новолазаревская бекетіне аман есен келді, ал Қазақстанға 28 күні оралды. 

- Бізге бірден, жылдам келгеніміз туралы айтты. Осыны тексеруге шештік. Шыныменде, Новолазаревская бекетіне бізден ерте келгендер жоқ екен. Рекордқа кіруге ұсыныс жібердік. Лондонда оны 1 жыл тексерді. Көлігімізде біздің бағытымызды көрсететін құрылғы болғаны жақсы болды. Біз комиссияға экспедиция кезіндегі түсірілім және суретімізді жібердік. Комиссия үшін бұл өте аз болды, және олар Новолазаревская, Амудсен-Скотт бекетіне сұрау жіберді. Біздің бағытымыз расталып, рекордымыз тіркелді. Біз Рекорд кітабының мүшелеріне жолдары мен күн көру үшін ақша төледік, одан кейін бізге мақтау қағаздарын берді. Осының барлыға 2 мың долларды құрады. Сол уақыттан кейін біздің рекордымызды 2 рет қайталамақшы болды, бірақ нәтижесіз. Көптеген шетелдік достарыма, біз қазақстандықтар, полюстен аз уақытта қайтып келіп, рекорд жанартқанымызды айтсам, таңғалады, - деп айтып берді Нұрлан Абдуов.

2014 жылдың 7 қыркүйек күні Горький атындағы саябақта, Жетінші каналмен ұйымдастырылған, Аналар күнінде, ең көп пісірілген және желінген бауырсақтар арасында рекорд қойылды. 856 кг бауырсақты 4 сағат ішінде қалай дайындалғаны туралы кейтеринг компаниясының иесі Юрий Пааль айтып берді. 

- Маған достарым хабарласып, Жетінші арнасы қалалық мерекеде, 800 кг бауырсақты дайындау үшін рекорд қоюды ұйымдастырып жатыр екен. Бізге бұл тапсырма оңай болып көрінді. Мен ойлаймын, егерде 10 тонн бауырсақты дайындау да мүмкін еді, тек адам саны көп болу тиіс. Мен бұрыннан ұлттық тағамдарды дайындау үшін рекорд жанартқым келді, және бізге осындай мүмкіндік берді. Жалғыз қиын мәселе ол біз осындай көлемде ешқашан тамақ дайындап көрмеппіз. 

Рекорд орнату үшін арнайы 3 тонн тағам сиятын арнайы ыдыс дайындалды. Сонымен қатар, ауырлықты көтеретін таразы алынды. Осындай көп мөлшерлі бауырсақ дайындау үшін, қолдаушылар 500 кг ұн, 400 литр май, 300 литр су, 11 кг секер, 11 кг тұз, 12 кг ашытқы берілді. Алайда 15 қазан тұрғызылды. Бауырсақты дайындау үшін 21 аспаз жұмыс істеді.

- Біз бауырсақты классикалық рецепт арқылы дайындадық. Басында ұннан, судан, ашытқыдан  қамыр жайдық, кейін оны төрт бұрыштап кесіп, майда қуырдық. Қазанның мөлшері арқысында 8 кг бауырсақты бір уақытта дайындауға мүмкіндік болды, - деп айтып берді Юрий Пааль.

- Геннисс Кітабының шарттарының ішінде тек оны дайындап ғана емес, және оны сол жерде жеу керек еді. Ұйымдастырушылар бастапқыда көп адам таба алмаймыз деп қорықты. Ақырында, концерт пен қызықты бағдармаланы көру үшін, демалыс күні көп адам жиналды. 856 кг бауырсақты 1 сағатта жылдам жеп қойды.

Басынан бастап, аяғына дейін алаңда Ұлыбританиядан келген тәжірбиелі төреші болды. Ол барлығын қадағалап тұрды. Егерде сәл қателік кетсе ол рекорд қойылмады деп шешім қабылдаушы еді. 

- Біздің рекордымызды тіркеді, бірнеше ай өткен соң, диплом мен Ұлыбританиядан растау қағазын жіберді. Оларда ең көп мөлшердегі бауырсақ атты категория жоқ, сондықтан Рекорд Кітабына ұлттық тағамды бәліш деп тіркеді. Сонымен қатар рекорд арқылы біз ұлттық тағамды жарнамаладық, бұл біздің ең басты мақсатымыз еді. Біз жаңа рекорд қоюды жоспарлап отырмыз. Мысалы, біз бұрын әлемдегі ең үлкен чак-чак жасаймыз деп ойлағанбыз. Қазір рекорд татарстан аспазшылары дайындаған, 2 метр радиус және 3 метр биіктігі бар десерт. Біз 9 метр радиус және 4,5 метр биіктігі бар чак-чак дайындағалы отырмыз. Осы ойымызды Той қазан сайысында ойға асырамыз деп ойлаймын, - деп қосты Юрий. 

Супермарфошы Марат Жыланбаев Гиннесс Рекорд Кітабына кірген алған қазақстандық; сонымен қатар, оның аты 7 рет Гинесс Кітабына кірді. Марат әр нүктеде орналасқан, 4 шөлдаладан жүгіріп өтті:

-         Мектеп кезінен мен кішілер арасында чемпион болдым. Бірақ жаттықтырушы маған жүгіру тәжірбием жоқтығын айтып, мені марафон тобына  жіберді. Қазір бұл күлкілі естіледі, бірақ мен ол кезде жүгіруді ұнатпадым. Кетіп қалатын ой келді, бірақ жаттықтырушы айтты: Сенің әсіз шыдамсыз екеніңді біліп едім. Мені бұл қатты ашуландырды және мен өз күшімді екі есе қостым. Спорт менің негізгі мамандығым болмаса да, мен жаттығуды жалғастыра бердім. Марафон әуесқойлық клубын аштым КСРО ның ең үздік ондығына кірді. Марафоншылардың тәлімгерлері ретінде, мен әр түрлі әдістерді қолдандым, соңында өз әдісімді ойлап таптым. Мен “Советский спорт” және ”Бег и мы” атты журналға өз әдісім туралы мақала жаздым. Оған барлығы күліп оны шынайы қабылдамады. Сонда мен сол әдісті өзіме жасап көрдім. Қарапайым әуесқой спортшыдан мен әлемдік деңгейдегі чемпион болуды жоспарладым. Бір күнде 9 сағат жүгіріп, екі марафондық қашықтықта жалпы 70-80 км жуық. Кейде күшім біткелі жатқан секілді болады. Маған рекорд орнатып, басынан менің айтқандарым дұрыс екендігін дәлелдеу керек еді.

90 жылдың басында әлемдік рекордқа тіркелу көп шаруа еді. Мақсаты үшін келісім шартты британдық кеңсемен көп уақыт жүргізу керек болды. Рекордты бекіту үшін оқиғаларды жарықтандырып, жергілікті БАҚ, 3 төрешінің қадағалауы керек болды. Гиннесс Кітабының мүшелеріне жол ақшасымен Қазақстанда тұру үшін ақша төлек керек еді.

-  91 жылдың Қазан айында 1 рекорд қойылды – 1 күнде мен 42 км жүгірдім.

 Рекорд –  23 марафон 23 күнде. 91 жылдың маусым айында 3 рекорд – 30 марафон 15 күнде. Содан кейін маған біздің ұлттық құраманың жаттықтыршысы Федор Сколокин хабарласып, маған жарыстарға қатысуымды сұрады. Бірінші халықаралық турнирде Эльбруске жүгіру үшін, мен 2 орын алдым, бұрын тауға шығып көрмесемде. Робин Дэвидсонның “путешествия никогда не кончаются” атты кітабын оқығанда, менде шөлдалада жүгіру ойы келді.

Тізімде болған бірінші шөлдала Қарақұм еді. Ол көп дайындалып, ғалымдармен ақылдасты. Марат неміс бағдарламасын, әскери карта, шатыр, суға залалсыздандыру таблеткаларын,күнде күймеу үшін , ақ балахон алды. Ең бірінші түнде марафоншыны шекарашылар ұстап алды. Жергілікті малшы спортшыны, парашюттен түскен диверсант деп ойлап қалды. Басқа малшы Мараттың киімін көріп Ақ Шалдың зұлым аруағы деп ойлап қалды. Көп оқиғаларға тап болған марафоншы, 20 күнде 1200 км жүріп шықты.

1993 жылы Марат ең ірі шөлдала Сахараны бағындырмақшы болады. Спортшының жаттықтырушысы Федор Склокин мен алжир жүргізушісі Абид жол бойы қасында болып шықты. Африкалық шөлдалада марафоншы 24 күнде 1700 км жүгіріп шықты. Шөлдаланың орта жолында топ Ковальчук тегіндегі араб отбасын кездестірді. Олар Ресейден кетіп қалған эмигранттардың тұқымы еді. Марат жолда қағазды толтырып, құмға тастап, өткен жолын көрсетіп отырды. Кейін осы қағаздар арқылы рекорд расталды. Австралиядағы Үлкен Викторияда қағаз тастап керек емес еді, спортшының сөмкесіне GPS орнатылған еді. 1994 жылдың сәуір айында Марат 7 рекорд қойды, Невада шөлдаласында 1218 км жүгірді. 

Марафоншының Жер бойын жүгіріп шығу секілді үлкен жоспарлары болды, бірақ олар іске асқан жоқ. Қаржы бөлетін адам таба алмаған соң, өз ойынан бас тартуға тура келді. Сол уақытта Мараттың денсаулығы нашарлай түсті, сондықтан ол спортты тастап кетті. Қазіргі уақытта ол бизнеспен айналысады. Қазір ол Астана қаласында үйлерді жүгіру жолдарымен жабдықтыру жобасымен айналысады. 

Оның туған қаласы Екібастұз, Гиннес кітабында ең биік құбыр деп тіркелген, ал Богатырь көмір орны ең терең деп тіркелген.

16 желтоқсан күні жастар ұлттық би Қара жорғаны Хан Шатырда, еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына, 400 адам болып билеп шығып, рекорд орнатты. Сонымен қатар әлемдегі ең үлкен бешбармақ жасау әрекеті болды. Ұйымдастырушысы ҚазБренд қоғамдық қоры болды, және акцияның қалай болғанын директордың көмекшісі Айгүл Батанова айтып берді:

- Біз рекорд орнатамыз деп ойлаған жоқпыз, тек тәуелсіздігіміздің 20 жылына арналған еді. Жобаны Білім Министрының жастар саяси бөлімі қолдады.

- Дайындық тәуелсіздік күнінен 5 ай бұрын басталды. Бірінші Рекорд Кітабына жолдау жіберу керек еді. Қазір ұйым жеткілікті коммерцияланған . Сенің жолдауыңды қарау үшін, жай ғана ақша төлеу керек еді. Тізімдегі талаптар 30 бетке дейін созылды. Бізге олардың әрбір айтқан талаптарына келісу керек еді.Соңы күлкілі болып кетті. Мысалы, бешбармақ дайындайтын ет туралы. Еуропаның көп елдерінде жылқы етін жеуге болмайтын еді. Біз оларға біздің ұлттық тағамымыз екендігін түсіндірдік, бірақ олар егер жылқы етін қолдансаңдар, сіздердің жолдауларыңызды қарамаймыз деген шарт қойды. Соған көнуге тура келді.

Би жөнінде де бірқалыпты болмады. Біз Лондонға билеген видеомызды жібердік, бірақ бидегі қимылдарды өздері таңдап алды. Ағылшындар біздің ұлттық биімізді қалай билейтінін үйретіп жатыр деген қызық естілетін. Олар басында біздің ұлттық киімімізді украин киіміне ұқсайтынын айтты. Біз оларға костюмның бірнеше үлгілерін жібердік, бірақ оларды тіктіруге уақыт аз еді. Соңында ақ футболка мен тақиямен билеп шықты. 

Бастапқыда флешмобқа оқушыларды іздедік, кейін белгілі бір себептермен студенттер қатысты. Ұйымдастырушыларға Астананың жастар ұйымы көп көмегін тигізді. Бірнеше ай репетиция жасап, Еуразия Университетінде өтті.Бешбармақты дайындау үшін, үлкен ыдыс тапсырыс жасалды. Акцияны өткізу үшін 3 млн теңге кетті. 

- Әлі есімде, бірнеше ай бұрын футболка іздедік. Сауда орталықтарында көп сандағы бірдей футболкалар жоқ еді. Базарға бардық, ол жақтанда таба алмадық, бірақ бізге Алматыдан алып келеді деп уаде берді. Келесі күні, далаға ешкім шыққысы келмегенде, біз қалада футболка толған қаптарды тасыдық. Біздің қолымыздан барлығы келді. Осының барлығын сыйлы адамдар келіп, қарап жүрді. Егерде Лондоннан төрешілер келсе, олардың жол ақысын және тұру ақшасын біз төлейтін едік, - деп еске алды Айгүл.

– Ең басты мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Біз тек қана рекорд орнатпай, студенттерді бір-бірімен таныстырдық. Менің көз қарасым бойынша, жастар саясатының бастысы осы деп ойлаймын. Болашақта осындай акцияларды жалғастыра беруге болады. Бастысы, оның бір мағынасы болу керек.

2003 жылдың 27 қыркүйек айында әр аймақтан жиналған 4 млн 845 мың 98 адам радиомен жіберілген, аэробикада бір уақытта әуенмен жаттығулар жасады. 2012 жылдың тамыз айында Лондондағы Олимпиядада, 34 кг салмақтағы, 418 кг көтерген, ауыр атлетикашы Илья Ильин. 2010 жылда Анталиядағы әлем чемпионатында Мая Майнеза, 63 кг 143 кг штанганы көтерді.

Қазақстан архитектуралық рекордтарда да белгіленген. Хан шатыр ресми түрде әлемдегі ең биік шатыр болып мойындалған. 

Байқоңыр космодромы арқасында Қазақстан Гиннесс Рекорд Кітабына енгізілді. Дәл осы жерден ең бірінші жерсерік ұшырылды. Байқоңырдан ең бірінші космонавты, сонымен қатар ең бірінші әйел-космонавты, Н-1 атты ракетаны ұшырды. 1960 жылдың қазан айында құрлықаралық ракетаны ұшырып, нәтижесінде ірі апат юолып, 91 адам көз жұмды.

1965 жылдың қаңтар айында Семей полигонында термоядролық жарылыс болып, атомдық жарылыстың нәтижесінде атышулы көл – Чаган пайда болды.

Соңғы 23 жылда қазақстандықтар әртүрлі категория бойынша әлемдік рекордтар орнатып отыр. Болашақта бізді жаңа жеңістер күтіп тұр деп сенеміз.

Бөліс
Святослав Антонов
Святослав Антонов
Журналист, редактор раздела HISTORY
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000