VOX POPULI Алуа Сулейменова 29 сентября, 2015 14:00

Әлеуметтік сауалнама: Қала көшелерінің кімнің құрметіне аталғаны туралы білесіз бе?

Әлеуметтік сауалнама: Қала көшелерінің кімнің құрметіне аталғаны туралы білесіз бе?
Фото: Мухтар Жиренов
Сіз қай көшеде тұрасыз? Қай жерде жұмыс істейсіз? Жұмысқа қай көшелер арқылы жүріп барасыз? Ал сз сол көшенің аты кімнің құрметіне қойылғанын білесіз бе? Соңғы сұрағымыз аясында, қала тұрғындарынан тұрып жатқан көшелерінің тарихын, кімнің атына берілген көше екенін, ол қоғам қайраткерінің кім болғанын білетін, білмейтіні туралы сұраған едік?

Біз алдымен, кішкентай ғана көшенің атына иеленген қазақтың көрнекті ақыны Сырбай Мауленовтен бастадық. Одан соң Нұрмақов, Әуезов, Сәтбаев т.б. көшелерді араладық.

Гүлмира:

— Бұл - Мәуленов көшесі. Бірақ, өкінішке орай оның кім екенін білмеймін.

Роман:

— Жоқ, мен бұл көшенің кімнің құрметіне қойылғанын білмеймін.

Әлім:

— Бұл - Мәуленов көшесі. Мен бірақ, кім екенін білмеймін. Эт

Светлана:

— Мен өзім қазақстандық емеспін, Молдавадан келгенмін. Мұна тұрып жатқаныма бір жылдай болды. Маған бұл көше өте ұнайды, тыныш, әдемі. Меніңше, ол қазақтың жазушысының құрметіне қойылған. Қала тұрғындары олар жайлы міндетті түрде білулері керек сияқты деп ойлаймын. Бұл деген сіздердің тарих қой.

Айман:

— Бұл кқше қазақтың жазушысы Сырбай Мәуленовтің құрметіне қойылған.

Серікжан:

— Көше белгілі жазушы Сырбай Мәуленовтің құрметіне қойылған.

Сәуле:

— Сырбай Мәуленовтің құрметіне қойылған, ол қазақ жазушысы. Бірақ, нақты қандай еңбектері бар екенін білмеймін. Ол ана жердегі 129-ы үйде тұрған.

Евгений:

— Бұл - Нұрмақов көшесі. Оның кім болғанын білмеймін.

Константин:

— Бұл - Нұрмақов көшесі. Ол бір жазушы ма болған шығар.

Светлана:

— Нұрмақов? Меніңше, қоғам қайраткері болу керек. 

Тейжан:

— Исаев? Мен нақты білмеймңн, меніңше, Батыс Қазақстаннан болу керек. Мен нақты білмеймін, меніңше, жазушы болған.

Павел:

— Бөгенбай батыр? Ол бір қазақтың батыры болған, соның құрметіне көшеге ат берілген. Меніңше, адамдар ондай тұлғалар туралы білулері керек, бірақ ақпараттар өте аз.

Леонид:

— Байзақовты білемін, ол ғалым болған. 

Александр:

— Әрине, бұл біздің өскен көшелеріміз ғой. Байтұрсынов - белгілі қазақ қайраткері. Ол - қазақ әліпбиінің авторы, жазушы. Сәтбаев - Қазақстанның еңбегі сіңген геологы. Оның құрметіне тіпті бір өаланың аты берілген.

— Әрине, адамдар олар туралы білулері керек. Оларға ақпарат беріп тұру қажет. Қазір көп көшелерге жаңа атаулар берілді, бірақ, олардың кімдердің аттарына беріліп жатқанын көп ешкім біле бермейді. Көбісі олар туралы ақпаратты білгілері де келмейді.

Светлана:

— Мұхтар Әуезов — ол жазушы.

Алексей:

— Бұл көше Мұқтар Әуезовтің құрметіне қойылған. Мен ол туралы басқа ештеңе білмеймін. Қазір жаңа көшелер өте көп, есте сақтау өте қиын.

Дәурен:

— Мұхтар Әуезовің құрметіне қойылған. Ол жазушы болған.

Расим:

— Мұхтар Әуезов. Ол ақын ба, жазушы ма болған. Адамдар олар туралы білу керек. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру керек. Үлкендер жастарға айтып, үйретіп жүрулері керек.

Валентина Борисовна:

— Мүхтар Әуезов? Ол жазушы болған. Әрине, адамдар ол туралы білу керек.  

Виктор:

— Жазушы, Мұхтар Әуезовтің құрметіне қойылған. Оның ең белгілі шығармасы - "Абай жолы" романы. Қаныш Сәтбаев - Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Оның есімімен біздің қаламызда университет бар.

— Егер мен бір көшенің атын кімнің есіміне, құрметіне берілгенін білмесем, ғаламтордан іздеп, біліп алуға тырысамын.


Біздің әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы көрсеткендей, қала тұрғындары аттарын атағанмен, нақты қандай қайраткер болғанын білмей жатты. Біздің сауалнама жүргізген кейіпкерлеріміздің көбісі, бірақ, олар туралы бәріміз біліп жүруіміз керек дейді.

Ал сіз өзіңіздің көшеңіз туралы не білесіз? 

Бөліс
Алуа Сулейменова
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000