VOX POPULI Виталина Красикова 16 июня, 2015 16:00

Әлеуметтік сауалнама: Туристік агенттіктер қызметіне сенуге бола ма?

Әлеуметтік сауалнама: Туристік агенттіктер қызметіне сенуге бола ма?
Фото: Мухтар Жиренов
Ірі туроператорлардың банкротқа ұшырауы дәстүрге айналғандай. 2014 жылы - Гульнар Тур, 2015 жылы - Travel System. Нәтижесінде, өзіміздің жүздеген туристеріміз зардап шегеді. Осыған байланысты біз осы сауалнаманы жүргізуді ұйғардық. Барлық респонденттерге біз екі сұрақ қойдық:
1. Өзіңіздің демалысыңызды Сіз қалай жоспарлайсыз: өзіңіз бе жоқ әлде турагенттіктердің көмегіне жүгінесіз бе?
2. Турагенттіктерге сенуге болады деп ойлайсыз ба?

Динара, 23 жаста, салық кеңесшісі:

1. Әрқалай жоспарлаймын. Жағдайға байланысты. Мен турагенттікке де жүгіне аламын, болмаса өзім де бір нәрсе жасай аламын.

2. Егер тексерілген агенттік болса, сенуге болады деп ойлаймын. Life in Travel компаниясының қызметтерін қолданамын, ол жерде менің достарым жұмыс істегендіктен мен оларға сенемін.

Айжан, 26 жаста, мемлекеттік қызметкер:

1. Демалысымызды әрқашан өзіміз жоспарлаймыз.

2. Менің ойымша ол әр адамның қаншалықты өз демалысымен айналысқысы келеді соған байланысты. Егер де адам өз демалысын өзі жоспарлауға ерінсе, онда турагенттіктер көмегіне жүгінеді. Бірақ меніңше тек тексерілген агенттіктерге жүгіну керек.

Біздің репортажымыздың кейіпкерлері Динара мен Айжан күтпеген жерден оңтүстік астананың қонақтары болып шықты. Бойжеткендер Мәскеуден келген екен.


Айтолқын, 19 жаста, студент:

1. Меніңше демалысыңды өзің жоспарлаған жақсы. Өзің жоспарлайсың барлығын, қайда және қай кезде баратыныңды, сонда сенімді боласың барлығы ойдағыдай болатынына.

2. Сенуге болатын шығар. Бірақ егер турагенттікке хабарлассаң да демалысты бірге жоспарлаған дұрыс. Тек қана сенімді компанияларға жүгінген жөн.


Жібек, 32 жаста, киім дизайнері:

1. Бұрын турагенттіктерге жүгінетінмін, ал қазір өзім, себебі солай арзанырақ болады, Белгілі бір отелге немесе компанияға байланып қалмайсың, кез келген уақытта басқа жаққа тартып кетуге болады.

2. Тек қана тексерілген агенттіктерге сенуге болады. Бұрындары біз тек қана достарымыз арқылы баратынбыз. Бірде біз 15 әралуан турагенттіктерге жүгініп көрдік, кейбіреулері бізді көзіне де ілмеді, кейбіреулері прайс-лист жіберді, бірақ көбінің шарттары бізге ұнамады, сондықтан да біз өзіміздің таныстарымыздың агентстігіне жүгіндік, себебі ол тексерілген болғандықтан.


Наиль, 34 жаста, қоймашы:

1. Демалысымызды біз өзіміз жоспарлаймыз.

2. Барлығына сенуге болмайды. Таныстар арқылы біліп алу керек, компаниялардың сайтында жазылатын пікірлер әрқашан дұрыс бола бермейді. Компания өкілдері өздері жылы лебіздер жаза береді, қарапайым, компанияларға қатысы жоқ адамдардың пікіріне құлақ салу керек.


Тима, 21 жаста, студент:

1. Өзіміз жоспарлаймыз. Осылай сенімдірек болады, әрі арзанырақ, ақшамды босқа жоғалтам деп қорықпайсың.

2. Сенуге болмайды дер едім. Мен жалпы адамдарға сенбеймін, себебі барлығы «алдап соққысы келеді». Өзіндік«Мен»-ім ең сенімді серігім.


Меруерт, 19 жаста, студент:

1. Өзіміз.

2. Білмеймін.


Леонид, 40 жаста, Германияда балалар үйінде тәрбиеші:

1. Мен бұрын осында тұрғанмын, сондықтан да маған барлығын достарым жоспарлап береді.

2. Мен олармен жұмыс істемегендіктен білмеймін. Еуропа үнемі өз қызметтеріне сақтандыру арқылы кепілдік береді, сондықтан да қорқынышты емес.



Кейбір кейіпкерлеріміз жауап бергілері келмеді, бірақ редакция атын естігенде, қуанышпен жауап бере бастады.

Лариса, 44 жаста, дүкен меңгерушісі:

1. Өзім жоспарларғаным дұрыс деп ойлаймын. Ешкімге, ештеңеге байланбай.

2. Қайсы елге баратыңа байланысты, біз тек қана Тайландта демаламыз, сондықтан бізге өзіміз жаспарлағанымыз тиімді, ал егер Түркияға барсақ турагенттік арқылы барған оңай.


Павлов Сергей, 56 жаста, ғаоым, Ресейден келген қоңақ:

1. Өзіміз жоспарлаймыз, осылай дұрыс.  Барлығын өзіміз жаспарлаумыз керек, қой сияқты қайда айдаса сол жакка жүрмей, - Сергей күледі. 

2. Кейбіреулеріне сенуге болады. Кеңестерді тыңдау керек.


Титов Сергей, 29 жаста, ғылыми хатшы:

1. О не дегеніңіз, өзіміз жоспарлаймыз! Білесіздер ғой, жыл сайын турагенттіктер жойылып жатады. Өз бетімен барып демалсаң арзан әрі сенімдерек. 

2. Сенуге болмайды. Айтым ғой, өзіміз жоспарлаймыз.


Людмила Ивановна, 64 жаста, зейнеткер:

1. Біз барлығын  өзіміз жоспарлаймыз. Өнемі сібірге барып демаламыз. Басқалар оңтүстікке барады, ал біз Алтай аймағына барамыз. 

2. Теледидардағы жаңалықтарды көргеннен кейін сенуге болмыйтынын түсінесің. Адамдар отбасымен шетелге шығып, өз демаластарын сеніп тапсырады, ал нәтижесінде, ше? Сонымда уйлеріне қайта алмайды. Осыдан кейін мен оларға сенбеймін.


Анжелика,  ең жасы кіші респондент біздің сұрақтарымызға жалап бергісі келді. Кішкентай кіз кіші кезінен саяхатқа шығады екен.

1. Біздің отбасымыз үнемі турагенттіктер көмегіне жүгінеді. Біз анам екеуміз жиі Түркияда, Тайландта демаламыз.

2.Иә, - деп батыл жауап берді Анжелика. Маған барлығы ұнады, оларға неге сенбеске.


Ал сіздер, кұрметті оқырмандар қалай ойлайсыздар демалысты қалай ұйымдастырған дұрыс: өзіңіз бе жоқ әлде турагенттіктерге жүгіну керек пе? Оларға сенуге бола ма?

Бөліс
Виталина Красикова
Виталина Красикова
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000