VOX POPULI Айнур Калдыгулова 9 июня, 2015 08:00

Бір планета-жеті миллиард арман.

Бір планета-жеті миллиард арман.
Фото: Мухтар Жиренов
Қоршаған ортаны қорғау мәселесі әлемдік қоғамдастықта шиеленісе түсуде. Экологтар дабыл қағып халықты қоршаған ортаны қорғауға шақырса,қоғамдық бірлестіктер оны ерте жастан баланың бойына ұялату керек екндігін ұсынады.Біздің жергілікті компаниялар халықаралық ұйымдардың тәжірибесін қабылдайды және қоршаған орта мәселесі бойынша өте жиі іс-шаралар жүргізеді, соның ішінде балалар үйінде.Біздің журналист, Айнұр Қалдығұлова, балаларды табиғатты сүюге, қорғауға қалай үйрететінін біліп қайтты

Іс-шара SOS-балалар ауылында өтті.Бұл 3 жастан 18 жас аралығында 60-қа жуық бала тұратын отбасылық үлгідегі балалар үйі. Әр отбасында 6-7 баладан тұрады.

Ең кішкентай балалар балабақшада болды,сондықтан да олар мейрамға қатыса алмады. Ал мектеп оқушылары акцияның белсенді қатысушылары болды.

Іс-шараның идеясы жөнінде, біз ұйымдастырушылардың бірі Марина Хлопковамен сөйлесуді жөн көрдік.

–  «Бюро Веритас»компаниясы жыл сайын әлеуметтік іс-шаралар өткізеді,осы жылы біз балалар үйін таңдадық.Біз "Жеті миллиард арман,бір планета,ұтымды пайдалан" акциясын өткіземіз.Бұл іс-шараның мақсаты-қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.Бұл табиғатты қорғау акциясы ғана емес,сонымен қатар балалардың жанында болып оларға көмектесу.Олар, шын мәнінде, назар мен қамқорлықты қажет етеді. 

Біздің әңгімемізге балаларды дамыту бойынша аға маман Валентина Валерьевна қосылды.

–Біздің  «Бюро Веритас» -компаниясымен танысу тарихымыз өте қызық.Бізде Польшаға оқуға түсу ұшін белсенді түрде сабаққа дайындалған ақылды бала тұрған.Оның тапсырған пәндерінің бірі-география болған.Сол кезде бізге бір репетитор келетін, ол компания қызметкерлерінің біреуінің анасы еді.Міне сол кісі,біздің балаларымыздың дарынды екндігін айтып ұсынды.Қазіргі кезде біздің бала Польшада оқып жатыр.

– Біз әрдайым осындай танымдық тренингтер мен мастер-класстарды қолдаймыз!Балалар даму керек, әлеуметтік тұрғыдан белсенді болу керек.Мен біздің балалардың әлеуметтік фобия болғанын қаламаймын, сондықтан да біздің есігіміз жаңа достар мен қонақтарға әрдайым ашық.Біз ата-аналары бар кәдімгі отбасындаймыз,қонаққа шақырамыз, қонаққа барамыз, ал егер де қонаққа шақырса балаларды өзімізбен бірге алып барамыз.

– Әсіресе қазір бізге осындай семинарлар қажет, қаржы мәселесінің тапшылығына байланысты біз мастер-класс өткізе алмаймыз.Бізге ішінара мемлекеттен субсидия бөлінеді жеке меценанттан қайырымдылық бөлінеді. Кризиске байланысты кейбір компаниялар қаржыландыруды тоқтатты. 

Осы кезде балалар қонақтармен белсенді түрде ойнай бастады

Сол кезде топтың бір бөлігі сурет салып жатты....

…екінші бөлігі қиын ребустар шешіп жатты...

Ұйымдастырушылар қоршаған ортаны қорғау және дұрыс тамақтануға қатысты ойындарды алды.Олардың пікірінше,дұрыс тамақтану-денсаулық кілті балалардың бойына осы мәдениет пен құндылықты сіңіру өте маңызды.

Бұл белгі не білдіреді деп ойлайсыз? Балалар қас-қағым сәтте дұрыс жауап берді!

Бұл топ күрделі жолдаманы шешуге тырысуда.

Бұл олардың қолынан келетін сияқты.Балалар пикниктен кейін отты сөндірмесе, өртке айналу қаупі бар екенін айтты.Бұл жолдаманы олар жеңіл шешті.

Ойын кезінде, балалар дұрыс тамақтану туралы біз күткендегіден де көп білетінін түсіндік.Чипсы,гамбургерлер, газды сусындарды олар-зиянды тамақ деп атайды.Есесіне құрт,сорпа,жемістерге сүйіспеншілікпен қарады..

Нәтижесінде асфальтта адам ұстап тұрған планета пайда болды.Суреттің идеясы толығымен балаларға тиесілі.

Осындай суреттер балалардың көңілінен шықты.

Іс-шара арнайы қонақтарға арналған бимен аяқталды.

Балалар үйінде өткізілген іс-шара ормандар,көлдер,өзендерді қорғауды осы балалардан бастау керек деген ой қалдырды. Өйткені, біз жас ұрпаққа қандай планета қалдыру керек екндігіне жауаптымыз.

Бөліс
Айнур Калдыгулова
Айнур Калдыгулова
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000