VOX POPULI Артур Жумашев 13 апреля, 2015 16:15

КШИШТОФ РЫБИНЬСКИ, ЖЭУ РЕКТОРЫ: БІЗ ЖАҢА ФОРМАЦИЯДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРЫП ЖАТЫРМЫЗ

КШИШТОФ РЫБИНЬСКИ, ЖЭУ РЕКТОРЫ: БІЗ ЖАҢА ФОРМАЦИЯДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРЫП ЖАТЫРМЫЗ
Фото: Мухтар Жиренов
2018 жылға Орта Азиядағы ең мықты және экономикалық инновациялық университетке айналу – Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеттің стратегиялық мақсаты. 2014 жылдың желтоқсанында Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетке атын ауыстырған еді, ал 2015 жылдың 1 ақпанынан бастап жооны Польшадан келген экономика саласындағы PhD докторы, Кшиштоф Рыбиньски басқарып келеді.

Жаңа атау және университеттің жаңа даму сатысының басталғаны жайлы жоо басшылығы БАҚ құралдарына 2015 жылдың 7 сәуірінде ресми емес кездесудегі бір шыны шәй барысында жариялады. 

Жаңа ректор сәтті шешкен алғашқы тапсырмалардың бірі – университеттің 2018 жылға дейінгі жаңа  жұмыс стратегиясын жасау. Үш жылдан кейін басшылық және профессорлық-мұғалімдік ұжым Т. Рыскулов атындағы ЖЭУды жаңа формациядағы жоо ретінде көреді, ол заманауи экономика және бизнес тендецияларына сай болып, студенттер сұрауларына және жұмыс берушілердің талаптарына жауап беретін болады.

– Біздің түлек – бұл басқа жоолардың түлектерінің арасында ең биік жұмыс ақысын алатын, барлығы жұмысқа шақырғысы келетін дайын маман, – деп өз көруімен бөліседі Кшиштоф. – Бұл жооны аяқтаған, қолында тек дипломы ғана емес, монеталанған жобасы да бар бастап келе жатқан іскер адам. 

Пресс шәйда тілшілер жооның ребредингінің себебімен байланысты сұрақтарға жауаптар алды. Жаңа ректор университет орындауға кірісіп кеткен негізгі тапсырмаларды атап шықты. Кшиштоф Рыбиньскидің өзінің биографиясының да,оны  Қазақстанға келуге қандай жайт итермеледі деген сұрақтар шетте қалмады. 

Барлығы жайлы толығырақ Кшиштоф тілшілермен кездесу біткен бойда біздің басылымға берген сұхбатында тартынбай  айтып берді.

– Сізбен тілдесуге мүмкіндік үшін алғыс айтамын! Кшиштоф, сізді біздің оқырмандамен таныстыруға рұқсат беріп, өзіңіз жайлы айтып кетсеңіз.

– Қазақстанға келердің алдында мен Варшавадағы  жеке «Вистула» университетінде ректор болып қызмет атқардым. «Вистуладағы» төрт жыл қызмет барысында жоо 57 орыннан 5 орынға көтерілді. Осындай білінетін өсу ізсіз қалмады. Қазір бұл жоо басқа мемлекет студенттерінің арасында үлкен сұранысқа ие. «Вистулада» 40 мемлекеттен 2500 студент білім алады. 

Мен варшавалық жоода жұмыс жасамай тұрып, Польшаның Орталық банкінің вице-президент қызметінде, Ernst & Youngта серіктес, түрлі банктерде басқару директоры және бас экономист болдым. Сонымен қатар варшавалық экономика мектебінде қызмет еттім. Менің тәжірбием – бұл  50% білімде және 50% бизнесте. Менің ойымша, жақсы ректордың осындай тәжірбиесі болуы қажет. Жоғарғы оқу орнының жетекшісінің тек қана білім беруде тәжірбиесі болса, ол бизнеске не қажет екенін қалай түсінеді?

– Келісемін. Сізді Қазақстанға қалай шақырды, сол жайлы айтып беріңізші?

– Менімен LinkedIn (ред.: іскер тұтынушыларға арналған әлеуметтік желі) арқылы жооның акционерлері – бұл«Верный капитал» инвестициялық фонды байланысты. Егер университетті халықаралық деңгейге шығару керек болса,жоғарғы білім беруде  реформаларды сәтті енгізу тәжірбиесі бар және орыс тілді жақсы менгерген басшы қажет деп акционерлер шешкен.

Және сол адам сіз болдыңыз ғой. Сіз ЖЭУды басқаруға қаншалықты тез бекіндіңіз?

– Келіс сөздер төрт ай бойы жүргізілді. Менің Варшавадағы орныма жаңа ректор табу үшін уақыт қажет еді.  

– Сіздің тарапыңыздан шыққан жақсы жауапқа не себепкер болды?

– Қызық. Осындай жағдай білім беру тарихында сирек орын алады, жооны әдеттегі қалыптан халықаралық деңегейге шығару сияқты. Менің ұқсас тәжірбием бар, және менің оны қолданғым келді, бірақ басқа жағдайда. Мысалы, басқа мемлекетте. Бұл бірінші сәт. Екіншіден, мен қазақстандық жоғарғы білім беру жүйесін ұзақ уақыт бойы зерттегенмін. Және жүйе былай жұмыс жасайды екен: егер бізідің қолымыздан ЖЭУда жақсы реформаларлы енгізу келсе, бұл жағдай басқа да жооларға әсерін тигізеді. Қазақстандағы білім беру әлемдік талаптарға сай болғанда, менің үлесім көрінерлік болатыны маған ұнады.

– Бұл бір түрде шақыру сияқты ғой?

– Ия, менің бар өмірім – бұл кілең шақырулар. Польшада ішім пысып кетті: жоодағы жүйе қалыптасқан, оның бәрі менің көмегімсіз ақ жұмыс жасайды, мен тек 3-4 сағатқа ғана келетінмін. 

Қазір ЖЭУде біз тәулігіне 15 сағатқа дейін жұмыс жасаймыз. Проректорлар, декандар және бөлімшелердің басшыларымен кездесу өткенде, егер біздің қолымыздан жаңа формациядағы университетті қалыптастыру қолымыздан келсе, жарты жылдан кейін біз сегіз сағат, ал бір жарым жылдан соң – тіпті төрт сағаттан жұмыс жасайтынымызды айттым. Университеттің жаңа концепциясын жүзеге асыру,  үш жыл барысында біз жооны нақты құралған жүйелік  жұмысқа бағыттаймыз.

Жаңа формация студенті жоғарғы компетенцияға ие болып, креативтірек және мобильдірек болуы қажет.

– Ребредингті ұсынған кім?

– Ребрендинг және қайта тіркелу мен келгенге дейін жасалып қойылған еді. Мен жұмысқа ЖЭУға келдім.

– Атауда неге «жаңа» сөзі бар, қалай ойлайсыз?

– Нақты айта алмаймын, мен нейминг барысына үлес қосқан жоқпын ғой, бірақ менің өз ойларым бар.

– Қызық...

– Қазақстан енді жаңа даму уақытына қадам басып жатыр. Бұл жерде Президенттің бағдарламасы жақсы жұмыс жасайды. Оның мемлекетті алып келе жатқаны маған ұнайды. Дағдарыстан кейін мемлекетті жоқшылық күйінен ортаәлемдік деңгейге шығару – кез келген адамның қолынан келмейді. 

Қазір одан да күрделі, бірақ қызық кезең келе жатыр – Қазақстан орта деңгейден жоғарлайды. Енді мемлекеттегі білім беруге деген талаптар басқа. Жаңа формация студенті жоғарғы компетенцияға ие, креативтірек және мобильды  болуы қажет. «Қазақстан 2050»  Стратегиясының өзі бәрін жаңаша жасауға шақырады. Президент Назарбаев бәрін жаңаруға шақырады.

– Қазақстаннның стратегиясымен толық келісесіз бе?

–  Әрине, мемлекетте мықты көшбасшы бар кезде, және бәрі соның бағытымен жүрсе, бұл мемлекетті әлемдік аренада бекемдей түседі.

– Сіздің келуіңіз жоо тобының құрамынан әсерін тигізді ме?

– Біз жоо тобын өзгерткен жоқпыз. Оқу орнын басқару жүйесі ғана өзгереді. Және профессор мұғалімдік құрамға да жылдық бағалау жүйесі енгізіледі, осы жүйеге сәйкес университет басшылығы дәріс берушінің жұмысын ағалайды. Оқу жылының соңында біз кез келген мұғалім қалай жұмыс жасағанын көре аламыз. Жақсы жұмыс атқарсаң – бонустар мен жұмыс ақысының көтерілуін ал, ал егер нашар жұмыс істесең, жаңа талаптарға сай болуға тырыспасаң, біз «рахмет» деп қоштасамыз. Қазір ЖЭУда керемет мамандар жұмыс жасайды – проректорлар, декандар, бөлімшелердің жетекшілері, мұғалімдер. Біз жаңа формациядағы жооға ұмтыламыз, оған әр қайсысы сай болуы қажет. Егер заманға сай болмасаң, топта сенің не керегің бар?

– Пресс шәйда сіз ЖЭУ жұмыс берушілердің талабына толықтай сай болатынын айттыңыз. Бұл бағытта қандай жұмыс жасалатынын айтып өтіңізші?

– Бұл бағытта жұмыс басталып кетті – бизнеспен үнемі тығыз диалог жүргізілуде. Бұл тек қана ректор және проректорлардың жұмысы емес. ЖЭУде 1000 жуық адам қызмет етеді, және солардың әр қайсысы студенттерге оқу барысында көмектесу үшін бизнес қоғаммен серіктес болуы қажет. Біріншіден, бұл қонақ лекциялары. Екіншіден, іскер ортаның өкілдерімен бірлесіп жасалған оқу бағдарламалары. Бізде оқу бағдарламаларының директорлары бар, олар бағдарламаларды жасау барысында бизнесмендермен кездесіп кез келген бағдарламаны бірлесіп жасайды. Бизнес өкілдері бағдарламаларда не жеткілікті, неге назар аудару қажеттігін,нені мүлдем алып тастауға болатындығын айта алады. Бір нәрсені өзгерті керек болса – біз өзгертеміз, ал мемлекеттік білім беру талаптарына сай өзгертілмейтін жерлерде, сол күйі қалдырамыз. 

Оқу бағдарламаларының  50 пайызын біз жұмыс берушілердің талаптарына сай болатындай етіп өзгерте аламыз. 20 бағдарлама директторы және бизнес қоғам студенттерді сәтті жұмыс табуларына дайындап жатыр.

– Сіздің келуіңізге дейін жооны бітірген түлектер қаншалықты табысты?

– Біздің түлектер әрдайым сұранысқа ие. Мысалы, бес студент әлі оқуда, бірақ KPMGде қызмет етеді. Біздің түлектер жақсы жұмыс табады, бірақ бір жайт кедергі етеді – ол ағылшын тілін нашар білу. Сондықтан бір жыл бұрын – төрт жыл бойы ағылшын тілін үйрету сағаттарын аптасына екі сағаттан алты сағатқа дейін көбейту шешілген еді. Қазір ЖЭУде ағылшын тілін АҚШ және Ұлыбританиядан келген мамандар үйретеді.  

Біз әр студент оқуын жақсы оқып, жоонны ағылшын тілін жақсы меңгерген деңгейде аяқтайтынына кепілдік ете аламыз. Әрине, бұл жұмыс іздеу барысында өте көп көмек көрсетеді. ЖЭУтің басқа жоолардан бәсекелестік артықшылығы – ол экономикалық пәндерді қазақ тілінде берудің жоғарғы деңгейі. Қазір біз барлық пәндердің мемлекеттік тілде берілу деңгейін жоғарлату барысындамыз. 

– Сіз ЖЭУ аясында бизнес инкубатор салатыныңызды айттыңыз?

– Ия, біздің бизнес инкубаторда, мысалы, Еуропа жооларындағыдай, жақсы жобасы бар студент оны монетарлауына мүмкіндік беруге тырысамыз. Бзнес инкубаторда студент немесе түлек, өзінің ойының айналасында жұмыс жасауы немесе өз жобасынан бизнес құрауы – жалға алу ақысын төлемей,компанияның негізін салуы мүмкін. Оның компаниясы табыс алып келе бастағаннан, мархабат, қала шығып, сол жерде кеңсені жалға немесе сатып ал. Бизнес инкубаторда бастау алып жатқан жобаларды бағалаумен нарық – бизнесмендер айналысады.

Жұмыс берушілерге студенттердің топта жұмыс істей алулары маңызды.

– Кім ол – ЖЭУ мұғалімі?

 – Ол студенттің компетенциялары – ББЕ – білім, біліктілік және ептілік болуы керектігін білетін жаңа формация мұғалімі. Тек қана дәріс және пәндерді оқитын мұғалім – нашар мұғалім.  Мұғалім өзінің сабақтарына бизнестен адамдарды қонақтық дәрістерге шақыру, ол өзінің жеке жобаларын дайындау және ғаламторда өзінің зерттеулерімен бөлісетін блогты жүргізу қажет. 

Жақсы мұғалім студенттің өмірлік жағдайларында көмектесу керек. Қаржылық пән бойынша білім алып жатқан студент мысалы, қай банктен  несие алу тиімді, пайызды бағаны қалай есептеу, өзі және өзінің жан ұясы үшін қандай жақсы қаржылық шешімдерді қабылдау керек екендігін білуі қажет. Жақсы мұғалім  өзге мемлекеттердің  тәжірбиесін қолдана алады.

– Студент ше?

– Міне, қараңыз, барлық ЖОО-дардағы  жүйе осылай құралған: дәріс – сабақ – емтихан. Тапсырдың – жарадың!  ЖЭУ студенті үшін компетенциялар маңызды. Жұмыс берушілерге студенттің топта жұмыс істей алуы маңызды. Біздің студенттер 3-4 адам іске қосылған жобалық жұмысты атқарады. Әр қатысушының өзінің компетенциясы, өзінің жауап беретін аумағы бар. Жобаның жетекшісі, топ бар және олар бірлесіпқажетті нәтижеге жетеді.Олардың біреуі жұмыс жасамаса, жоба жетекшісі оны қатыстыру үшін жобаның басқа жүйесін қолдану керек. 

Осындай студент  жұмысқа келгенде мақсатқа жету үшін топта қалай жасау қажеттігін біледі. Тек бір дәрістерді тыңдайтын студенттер әрине ондай комтенцияларға ие болмайды. 

– Біз студент, мұғалім жайлы айттық, онда университеттің ректоры қандай болуы тиіс?

– Ректор – бұл көшбасшы, осы сөздің әр мағынасында. Жооны құбылмалы ортаға икемдендіру үшін топпен жұмыс жасайтын көшбасшы. Ректор профессорлық мұғалімдік құрам, студенттер және бизнес қарым қатынас жасайтын қалыпты жасау қажет, оның нәтижесінде барлғы жұмысқа шақырғысы келетін, және басқа жоолардың студенттеріне қарағанда жоғарғы жұмыс ақы ұсынатын түлек өседі. Немесе, студент бола тұра, оған компания құруға мүмкіндік берген жоба жасаған түлек. 

– Сұхбатыңызға рахмет! Бар баспаның атынан сізге сәттілік тілейміз!

Бөліс
Артур Жумашев
Артур Жумашев
Шеф-редактор
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000