VOX POPULI Эльвира Абдусалямова 22 июня, 2015 15:00

90-шы жылдар жарнамалары: күлу мен жылау

90-шы жылдар жарнамалары: күлу мен жылау
Фото: Эльвира Абдусалямова
Бүгінгі репортажымыздың тақырыбы — 90-шы жылдардағы жарнама. Бұл тақырып ойламаған жерден, біз басқа репортаж жасап жатқанда Ұлттық кітапханадағы ескі газеттер топтамасын қарап отырғанда пайда болды. Ол жылдардағы жарнама күлкілі, оғаш, қатаң болған, оған берілетін бір ғана басты комментарий — қазір ондай жарнама таппайсыз. Қазір алып қарайтын болсақ сол кездегі жарнамаларды - олар бізге салмақты емес, бір нәрсеге сендіре алмайтын болып көрінеді. Өткенге оралып, бізді бір нәрсе сатып алуға қалай көндіргеніне қарап көрейікші ...

1994 жылы «Казахстанская Правда» беттерінде Франция сауда үйінің жарнамасы болған. Өкінішке орай ол кездегі баспаның сапасы қазіргідей емес болатын, сондықтан да суреттегі әйелді «беттің» сәні деп айта алмайсың. Paco Rabanne, Nina Ricci, Ted Lapidus сияқты әйгілі брендтер оқылуы мүмкін, ал Yves Saint Laurent пен Christian Dior менің нашар емес көзіме дұрыс көрінбейді. 

Тағы да сол 1994 жылы «Казахстанская Правдада» «Инвест Алатау» жарнамасын жариялапты, жарнама өзі туралы ешқандай комментарийлерді қажет етпейді. Қазір осындай жарнамаларды кездестіруге болады ма? Мүмкін табуға болатын шығар, бірақ өте сирек...

Бүгінгі күні мұндай жарнамаларды газет беттерінде ғана кездестіруге болады. Көз қаратпас жиһаз деген жазу бар және көздерін жауып тұрған бойжеткен. Мұндай жарнама бізді «жымитті», ал сізді ше?

«Вечерний Алматы» газеті 1993 жылы Silk Road сауда үйіндегі жарнамаларға толы болды. Сенімді әрі қуатты компьютерлер, бірақ мұндай компьютерлерді мектептегі информатика кабинетінде раритет ретінде ғана көруге болады. Жарнама жасаушылар сол кезде сөзден аянып қалмайтын, олар үшін «Қажет болса — айда да жұмыс істейді!» деп жаза салу түкке тұрмайтын іс болатын. 

Ғаламторда «Мен бұны әшейін осы жерде қалдырамын...» деген жазуы бар суреттер еркін саяхаттап жүр. Сол айтқандай, біз де бұны әшейін осы жерде қалдыра саламыз. Айтпақшы, 90-шы жылдары әрбір бетте деп айтсақ та болады алкогольді ішімдіктер мен темекінің жарнамасы болатын. Мына бір керемет туындымен бөліспей кете алмаймыз!
«Вечерний Алматы», 1993 жыл.

Түсіндіріп жатуға уақыт жоқ. Өте қарапайым әрі жарасымды.
«Вечерний Алматы», 1993 жыл.

Сонау 1993 жылы «КазКом» азаматтардың санасына қалай әсер ету керектігін білген. Олар «Вечерка»ның бірнеше беттеріне өз логтипін қойып жарнамалар топтамасын жариялаған.

Бір беттен кейін тура сондай жерде біз «отбасының толығуы» дегенді көреміз.

Тағы бір беттен кейін, бірақ басқа жолақта біз ақырғы нәтижеге жақын бір нәрсе көреміз. Егер біреулер осындай «әзәзілді» жарнама жақында пайда болды деп ойласа, сіздер енді білесіздер «КазКоммерцбанк» ондай тәсілді ең кемінде 22 жыл бұрын қолданған.

Жарнаманың кейіпкерлері «Вечерка» оқырмандарын құрғақ жарнама арқылы құттықтайды.

Бүгінде Philips брендінен біз «Сіздің жолыңыз болғыш!» деген слоганды естуіміз екіталай. «Лиза» журналындағы ұнтақты сусындар жарнамасы да баяғыда өзектілігін жойған.
«Лиза», 1997 жыл.

Бүгінде осындай слогандар тауар сатып алатын ниет емес өткенді сағынышпен еске алатын күлкі шақырады. Pantene жарнамасының басы «Бұл әрине бір-ақ күн ішінде болмайды...» деген сөздер газет бетінде ғана жарияланатын жарнаманы еске салды. Бүгінде журнал беттерінде мұндайды кездестіру мүмкін емес.
«Лиза», 1996 жыл.

1996 жылы Samsung «Комсомольская правда» бетінде жаңа принтер жарнамалады. Ол оны шығармашылық ізденіспен-ақ жасаған екен. Бүгінгі күнде де қажетті нәтиже берер еді деп ойлаймыз бұндай жарнама. Бірақ Samsung бүгінде жарнаманы басқаша жасайды...

Ал «Известия» газеті 1993 жылы «Прекрасные сорта Индийского Чая» деген жарнаманы маңызды оқиғалар арасында жариялапты. Үнді шайының керемет сұрыптары...

Шоколадты міндетті түрде ер адамның кеудесі жарнамалауы керек. Еркек кеудесі шоколад қой!
«Известия», 1993 жыл.

Барлық жерде және барлық уақытта әзілкештер табылып тұратын. Мысалы, «Известия» газетінде де ондайлар жеткілікті еді.

Егер шоколадты ер адам жарнамаласа, мынау енді аздап болса да миға қонымды болар. Бірақ макарондық бұйымдарды «керемет боянған» сұлу қыздың жарнамалауын түсіндіріп беру біраз қиындық туғызады. Сол кездегі жарнама жасағыштар жартылай дайын өнімнен тамақ пісірсе әйелдің өзіне көбірек уақыт бөле алады деп айтқысы келді ме екен, біз оны түсінбедік...
«Караван», 1994 жыл.



Ал енді құрметті оқырман, сол бір 90-шы жылдар орамына тереңірек сүңгіп, қандай күлкілі, ал кейде тіпті «есі дұрыс еместеу» бейне жарнамаларға көз салуды ұсынамыз. Бұл жарнамалар ресейлік болғанымен, бізде де көрсетілген.

«Коля Мамбаны сүйеді“, Толя Мамбаны сүйеді“, Оля Мамбаны сүйеді“! Мамбаны барлығы сүйеді“! Сережа да!»



«Т.Т.Т.» дүңгіршектер желісінің жарнамасы. Иә, иә, осындай жарнама шынымен де болған.



«Лада»ның жарнамасы — «Позишн набер ту».



Әрине мына жарнама бізде көрсетілген жоқ, «Т.Т.Т.» желісі сияқты, бірақ бұндай «зомбилауды» көруге тұрарлық.



90-шы жылдары осындай жарнама болды дегенге сену қиын, солай емес пе?



«Пикник» шоколадын бұрындары мүлдем басқаша жарнамалайтын. Айтпақшы мына жарнама біздің есімізге жапондық жарнамаларды түсірді.



Wagon Wheels — сен жеңесің! деген көңілді жарнама



Ал енді сағыныштан келетін көз жасы. Nescafeнің жылы жарнамасы



Пепси ұрпағы. 90-шы жылдарда тәрбиеленген адамдарды осылай атайды. Осылай аталып кетуі тура осы жарнамадан бастау алады, айта кету керек өте сәтті шыққан жарнама. Ал сіздің есіңізде қандай сүйікті, күлкілі немесе біртүрлі жарнама бар?

Қазақтың Абай атындағы Ұлттық Кітапханасына репортаж дайындау барысында көрсеткен көмегі үшін алғысымызды білдіреміз.

Бөліс
Эльвира Абдусалямова
Эльвира Абдусалямова
журналист Vox Populi
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000