VOX POPULI Екатерина Лейман 26 сентября, 2015 10:00

Аңызға сенбейтіндер: Мағбат Спанов долларлану, дағдарыс және несие туралы

Магбат Спанов
Магбат Спанов
Фото: Мухтар Жиренов
Қазіргі, қаржылық тұрақсыздық белең алған уақытта көптеген сұрақтар туындауда. Қазақстандықтар күн сайын доллардың бағамының өскендігі немесе түскендігі туралы хабарды күтеді, іздейді. Біз Мағбат Спановқа қазіргі уақытта көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, шын мәнінде жағдай бір қарағандағыдай қиын ба деген сұрағымызға жауап іздедік.

Магбат Спанов
Мағбат Спанов

Мағбат Спанов — UIB проректоры, профессор. Университет бітіргеннен кейінгі саналы ғұмырын  ғылыми-аналитикалық құрылым саласына арнаған, макроэкономика маманы. Экономит, қаржыгер мамандықтарынан бөлек саяси-экономикалық қырынан да танылған, қоғамдық заңнамаларды жақсы біледі.

— Мен, өзімнің ойым бойынша, Қазақстанда өте жақсы білім алдым, яғни Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде философия және экономика факультетінде оқыдым, - дейді Мағбат Уарысбекұлы.


Аңыз № 1. Несие — ол кіріптарлық.

— Мен бұлай деп ешқашан айтпас едім. Менің пікірімше, несие кіріптарлық емес, ол тек белгілі бір қиындықтар мен мәселелердің жолын табушы қаржылық құрал. Несие алудың шарттары шын мәнінде сізді кіріптар етуі мүмкін. Дегенмен, адамның өзінің таңдауы бар емес пе: несие аламын немесе алмаймын. Мысалы, егер мен директорлар кеңесінің мүшесі болсам, несие -менің мәселелерімді шешуші рөл атқарады. Бірақ, мен өзім несие алмақшы болып барғанымда, шарттарын естіп бас тарттым. Одан да "таза" ешқандай ауыртпалықсыз жүргенім жақсы.


№ 2 Аңыз. Несиенің ипотекадан айырмашылығы пайыздық көрсеткіштері мен төлеу уақыттарында ғана

— Классикалық жүйеде несие кейде қысқа мерзімді, кейде ұзақ мерзімді болады, ал ипотека әрқашан ұзақ мерзімді. Тиісіше, осыған байланысты пайыздық көрсеткіші де соған сай болады. Ипотека, несие сияқты банктің шарттарына және алдын ала төлеміңізге байланысты болады. Өкінішке орай, несие де, ипотека да әлеуметтік орнын анықтамаған жүйелер болып есептелінеді. Ипотека - кіріптар етпейті, тек мойныңа ұзақ уақытқа ілінген қамыт болады. Бірақ қаншалықты ауыр болса да ипотекадан ұтасыз, себебі ол сіздің одан кейінгі өміріңізге пайдасын мол қалдырады. Көптеген адамдардың басында тұратын басты мәселе - тұрғын үй мәселесі. Менің бір кезде, орыс тілінде айтқанда төрт "З" құрайтын ұлттық идеяны жүзеге асыру жобасын ұсынғанмын, ол «Здоровье (Денсаулық)», «Зарплата (Айлық)», «Земля (Жер)» және «Закон (Заң)».  Мұндағы "Жер" деп отырғанымыз тұрғын үй. Міне, мемлекетіміз осы нәрселерге баса назар аударуы керек.

 

— 2005 жылы арнайы мамандар төмендегідей нұсқада есеп жүргізген болатын: яғни Қазақстандағы тұрғын үй мәселесін шешу үшін, 20 жылда жылына 20 млн шаршы метр тұрғын үй тұрғызып отыруы керек. 2008-2009 жылдары біз шамамен 10 млн шаршы метр үй салыппыз. Бұдан кейін бұл көрсеткіш төмендей бастады. Қазір бұл көрсеткіш 6-8 млн шаршы метрге жеткен. Оған халық санының өсуі мен сұраныстың артқанын қосыңыз.


№ 3 Аңыз. Толық долларлану қаупі бар

— Толық долларлану қаупі соңғы сегіз жылда ауызша ғана айтылып жүр. Мемлекет тарапынан әрине бқл жөнсіздік. Көпшілік есеп айырысулар көбінесе доллармен жасалады. Қазіргі жағдайдан біз бірнеше себептерге байланысты шыға алмаймыз. Біріншіден, Қазақстанда өзінің тауар өндіретін базасы қалыптаспаған. Екіншіден, сапалы қызмет көрсете алмаймыз. Үшіншіден, біздің ақшамыз тұрақсыз, біз тауармен қамтамасыз етіле алмаймыз. Төртіншіден, Қазақстандағы доллардың теңгеге шаққандағы бағамымен есептесек, бізде қолма-қол теңгенің жетіспеушілігін байқаймыз. Бесіншіден, өзара есеп айырысу кссалық аппараттарды айналып кетеді. Үкімет барынша терминалдарды көптеп орнатып жатыр, дегенмен біздің халық мет\нтальды есеп айырысуға әлі де болса үйренбей жатыр. Дұрысы біз "ірілену" үдерісіне бара жатқан сияқтымыз. Дегенмен бұл нұсқаны 2025 жылға дейін ұсына алмаймын.


№ 4 Аңыз. "Алтынды" енгізуі мүмкін.

— "Алтынды" енгізу экономикалық категориядан саяси категорияға өтіп кетті. Мен сізге экономист ретінде айтатын болсам, бұл өте саяси тақырыпқа ауысып кеткен. "Алтынды" енгізу азаматтық соғысқа жол ашумен бірдей. Біз Евро Одаққа енетін кезде референдум жасалу керек еді. Халық бұл қадамды қарсылықты түрде құптамайды. Ұлттық валютадан бас тарту - егемендіктен бас тарту. Мұның соңы өте жаман аяқталуы мүмкін. Билік бұл жағын жақсы түсініп отыр, сол үшін бұл сұраққа орын жоқ екендігін айтады. "Алтынды" енгізу үшін 2025 жылға дейін анықталған, кестеге түсірілген бағдарламамен баруымыз керек.

— Экономиканың өзінің теориясы бар, соның аясында біз бірнеше этаптан өтуіміз керек. Біздің үкімет болып жатқан жағдайды халыққа түсіндіре алмайды. Марксизм мен ленинизмнің бір классигі былай депті: "Кішкентай өтірік, үлкен сенімсіздікті тудырады". Біздің жағдайымызда мәселе кішкентай ғана өтірікте тұрған жоқ, мәселе одан да үлкен бағамдарда болып тұр. Көптеген кәсіпкерлер, ұлт жанашырлары бұл үдерістің тынышталуына экономикалық жағдай тұрғысынан бой бермейді. Бұл туралы сәл кейінірек


№ 5 Аңыз. Ұлттық валюта құнсызданады.

— Бұл - өкінішке орай шындық. Бұны дәлелдеу өте оңай.  Доллар 3,5-4 теңге тұратын кезде 1000 теңгеге біршама азық-түлік алуға болатын. Қазір орташа жалақы 120 000 теңге бола тұрып, біздің сатып алу көрсеткішіміз әлдеқайда төмен. Оның үстіне, жалпы ішкі өнім Қазақстанда 2014-2013 жылдардың қорытындысы бойынша, адам басына долларға шаққанда 14 000 долларды құраған.

№6 Аңыз. Қазіргі жағдайда орта және шағын бизнестің өсуіне мүмкіндік жоқ.  

— Өкінішке орай бұл да шындық, бұл да долларланудың салдары. Қазақстанда өз құнына көбірек қосып өткізетіндей тауар экспортының өндірісі жасалмаған. Шикізатты шетелден әкелеміз. Мысалы, қарапайым тоқыма өнімдерін шығару үшін сырын, құрылғыларын, қосымша шикізаттары мен өзгелерін де шетелден алдыртады. Бұрын мысалы, өндірісті қолдау үшін 1000 тонна шикізат қажет деп алдын ала алдыртып қоятын, өазір ондай бақылау да жоспар жоқ. Қазір кез-келген өндірістің мойынында несие бары түсінікті, себебі ол құрылғылар сатып алудың өзіне қыруар қаржы жұмсап, мойындарына несие ііліп алған. Ол ойыншартын білмесе, мұндайға қалай барады?

— Орта және шағын кәсіптер банкротқа ұшырау алдында. Бұл жағынан біз қақпанға түсіп қалдық, себебі рубль бағамының күрт төмендеуінен, оның құнынының тұрақсызданбауынан біз бәсекелесе алмай қалдық. Ұлттық банк екі-үш міртеден кейін қайта-қайта бұлай жасауға құқысы жоқ еді. Ал қазір көріп отырғанымыздан апта сайын бағамды тұрақтандыру үшін қыруар ақша бөлініп жатыр.

— Экономика үшін саяси сенім мен тұрақтылық қажет. Қазақстанда бұл жағынан президенттік басқару формасынан басқа тұрақты бақылау комиссиялары жоқ. Ұлттық банк төрағасынығ мәлімдеуі және премьер-министрдің ештеңе мәлімдемеуі қорытындының нақты стратегия мен түсінігінің жоқ екендігін аңғартады. Осыдан барып барлық қиындықтар туындайды. Кез-келген адам өз-өзіне сенімді кезде, ойын ережелерінің өзгеріп кетпейтініне көз жеткізген кезде барып жұмыс жасайды.  


№ 7 Аңыз. Қазақстандықтар қарызға өмір сүретін болады.

— Қазақстан әлемдік жаһандық экономикалық жүйенің бөлігіне айналды. Егер бұл сұрақты сапасы мен жағдайына қарай қарастыратын болсақ, Қазақстан қарызға өмір сүрмейді, ал қазіргі сыртқы қарыдарын есептейтін болсақ, ол қарызды біздің немерелеріміз өтейтін болады. Қазақстанда тұтынушылық несиелер орта есептен асып кеткеніне қарамастан, біз бәрібір де ірі дамыған елдер сияқты өмір сүріп жатқан жоқпыз. Мысалы, Америка күрделі есеппен алғанда тұтастай қарызға өмір сүріп жатыр. Бізде жалпы ішкі өнім сыртқы қарыздан асуына кепілдік берілген, ал АҚШта бәрі керісінше.

— Қазақстандық егер өзі төлей алмайтын несие алған жағдайда ғана қарызға өмір сүреді. Күдік тудырып отырған несиелердің саны артып келеді, дегенмен ол банктік-қаржылық сектордың жағдайын өзгертетін шамаға жеткен жоқ. Тоңазтқыш немесе басқа да тұрмыстық техниканы несиеге алу дегеніміз, несиеге өмір сүру дегенді білдірмейді деп ойлаймын.


№ 8 Аңыз. Жылжымайтын мүлік құны арзандайды.

— Бір қарағанда, қазір белең алып тұрған әлемдік дағдарыс жұрғын үй бағасын арзандату керек деп ойлаймыз. Бірақ, бұл жерде экономикалық көзқарас тұрғысынан қарастыру керек. Біз нарықтық экономиканың басты заңдылығын білеміз: сұраныс ұсынысты тудырады. Құрылыс жинақ банкінің жүйесі бойынша 300 000 отбасы тұрғын үй алуға кезекте тұр. Қазақстан бойынша 2 000 000 адам өзінің үйін жақсартқысы келеді. Менің есебімше, баға біраз ойнауы мүмкін, бірақ арзандамайды. Баға бірнеше жағдайда ғана түсуі мүмкін: егер шыртты қимылдай жасалынша немесе мемлекет дымсыз қалған жағдайда. Ұлттық резервті есептесек олай болуы екіталай. Әсіресе, өте ірі қалаларда үйдің бағасының арзандауы болмайды.


№ 9 Аңыз. Қазақстан өзін-өзі несиеге "айдап" әкелді.

— Көп жағдайда дағдарыс мемлекеттің ішкі  басқару жүйесі ұтымды жүргізілмеген кезде, саяси және экономикалық жүйе тиімді жүзеге аспаған кезде болады. Қазақстан 95 пайызға өзін-өзі "айдап" келді деуге болады. Көп жағдайға біз өзіміз кінәліміз дегенге, өкінішке орай, келісемін. Меніңші, жауапкершілік барлық басқармалар тарапында болу керек. Бізге дәл қазір жауапкершілікті жан-жаққа, парламентке, үкіметке, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бөліп беру керек, конституциялық заңға өзгертулер енгізілу керек. Қазір бізде реформаны жүзеге асыру үшін реформа керек.


№ 10 Аңыз. Дағдарыстан шығатын жол бар!

— Тығырықтан шығатын жол қашанда табылады. Егер адамзат үмітін үзген болса біз нан өсіріп, станоктар шығармайтын едік. Жай ғана ұстанатын сұрақтарымызды референдум арқылы шешуіміз керек. Бізге ендігі экономикалық бағанымызды анықтап алуымыз керек, әртүрлі өндіріссіз жұмсалып жатқан шығындарымызды қысқартуымыз шарт, ұстанымдарымызды өзгерту керек. Біз үшін оны ешкім өзгертіп бермейді.


Біз, сіздердің көкейлеріңізде жүрген сұрақтарға жауап таптық деп ойлаймыз. Дағдарыстан қорықпаңыздар, болашаққа сеніңіздер!

Бөліс
Екатерина Лейман
Екатерина Лейман
журналист Vox Populi
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000