VOX POPULI Жанна Ахметова Айгерим Ельмухамед 6 марта, 2015 08:00

Жартылай әдемі

Акниет
Акниет
Фото: Тимур Батыршин
Ақниет 17 жаста және ол өте сұлу. Бірақ бұл қыз өзінің бетінің тек күлмегенде, қуанбағанда, таңданбағанда, ешқандай сезімін білдірмегенде ғана әдемі екенін біледі... Vox Populi Ақниет туралы әңгімелеп бергенді жөн көрді.

Туылуың ғанибет болмаса

17 жыл бұрын, тамыз айының аптап ыстық кештерінің бірінде, Түркістандық перзентханада бір қыз дүниеге келді, қазақстандық бір отбасының күткен бір қызы дүние есігін ашқан болатын. Әйтеуір бір нәрсе дұрыс болмай, дәрігерлер жаңа туылған нәрестені "о дүниелік" қыла салды. Бұндай сұмдық шешім қабылдауға, яғни нәрестені мәйітхана жіберуге дәрігерлер санаулы минут қана уақыт жұмсады. Айгуль – Ақниеттің анасы туыттан кейін есін жинай сала дәрігерлерден туылған қызының қайда екенін сұрай бастады. Олардан "Құдай берді – Құдай өзі қайтып алды",деген сияқты мардымсыз жауаптар алған соң, жас ана қайғырып ауруханада өз нәрестесеін іздеп әлек болды. Ешкім оны тоқтата алмады.

Акниет и ее мама
Ақниет анасымен
Суретті түсірген: Тимур Батыршин

Анасы нәрестесән мәйітхананың есігі алдында тауып алады. Ананың "кішкентай ғана қазынасы" ағаш столдың үстінде жатты. Тыр жалаңаш. Жас ана шу көтеріп, аурухана меңгерушісіне дейін барды да ақырында өзінің бөпесін аман сақтап қалды. 15 күннен кекйін анасы мен баласын үйге шығарып берді.

Анасының айтуынша, Ақниет алты айға толмайынша барлығы жақсы болды. Бөпенің ата-аналары баланың беті сол жаққа қарай біртүрлі созыла беретінін байқады. Содан кейінгі жылдар ауруханаларға барумен болды, ол жерлерде де әрдайым анық емес бір диагноздар қойыла берді. Қыздың бетінің қисайғанына қоса, тумысынан (мүмкін туыт үстінде) бір құлағы керең болып қалған. Ақниет – екінші топтағы мүгедек.

Барлық ауруханалар мен дәрігерлерге жақын болу үшін бұл отбасы Алматыға көшіп келеді. Қаланың ең шетіне.

Бір бөлмеде алты адам бірге тұрады – әжесі, тәтесі, анасы, ағасы мен інісі және Ақниеттің өзі. 

Әкесі бағытты автобусжүргізушісі болып жұмыс істейді, жұмысқа ерте кетіп, кеш келеді. Анасы жұмыс істемейді, бірақ барлық нәрседе үнемдеуге тырысады, қызын емдеу үшін барлық мүмкіндікті қолданғысы келеді.

Ақниет өсті, мектепке барды. Мектепте жақсы оқыды. Ортаншы сыныпта оқып жүргенде балалар оның сырт келбетіне көп назар аудара бастады. Ақниет әшейін көз сыртында сыбырлап, келеке қылу әңгімелерін көзге іле бермейтін, бірақ алтыншы сыныпта болған жағдай Ақниеттің төзімін тауысты. Мектепте 8 наурыз мерекесін тойлап жатқан – барлық балалар дайындалған, әдемі киінген. Ақниет мектепке керемет көңіл-күймен келген болатын. Бірақ, кенеттен біреу оны дәрісханада жалғыз өзін қараңғыда қамап кеткен екен. Біреу оның мерекеге баруын қаламаған болуы керек. Сол бір белгісіз біреу Ақниетке "қалыпты" балалардың арасында орын жоқ деп шешкен болуы керек. Анасының айтуынша оны істеген Ақниеттің сыныптастары. Ақниет құрбыларының олай істемегендігіне, оны тек мұғалім апайдың солай істегеніне сенгісі келеді. Осы оқиғадан кейін қыз мектепке барудан үзілді-кесілді бас тартты.

– Мектепті бітіру керек болғасын, біз Ақниетті ерекше балалар оқитын интернатқа ауыстырдық – дейді Айгүл анасы. – Сол интернатта әртүрлі балалр оқыды. құлағы нашар еститін, Даун синдромымен ауыратын және басқа да сырқаттары бар балалар сонда білім алатын. Ақниет психологиялық тұрғыдан шыдай алмады. Ол біз оны сол интернатта мәңгілікке тастап кетеді деп ойлап, қорқып, жылап, менсіз онда қалғысы келмейтін. Ол өзінің бір сырқаты бар екеніне, ол сырқаттың соншалықты ауыр екеніне және де интернатта барлық уақытын өткізу керектігіне сенгісі келмеді. Мен мұның бұдан да бетер психологиялық проблемаларға өршіп кетуін сезгендіктен интернатта қалдырмай, үйге алып кетуді жөн көрдім. Осылайша үйде сабақ оқып, Ақниет мектепті бітірді.

Тек соңғы екі жылдың ішінде қызым ауруынан айығады деген үмітпен анасы қызының екінші ұртын "қалпына келтіріп береміз" деп уәде берген бірнеше ірі клиникаларды аралап шықты. Ташкент ауруханасында емделуге кеткен бір жарым ай еш нәтиже бермеді, бірақ оған бір жылдық мүгедектігі үшін алған жәрдемақы толығымен жұмсалды. Бір қытай медициналық клиникасы бір айдан астам уақыт инемен емдеп, көмек бергісі келді. Ақниет оған да шыдап, үміт артты. Нәтижесінде жинақтаған 300 мың теңге босқа шашылды, Бетінің сол жағында тағы бір тыртық пайда болды. Ағайын туыс қыздың анасын осындай бекер шығындар жасағаны үшін ұрсып отырады. Бірақ Айгүл тоқтап қалар емес – өзінің қызына көмек іздеуді жалғастыруда.

– Мінекі қатарына көп жыл бойы бізге ешқандай диагноз қойған емес, ешқандай шешім шығарып, емдеуге жолдама да берген емес. Алматы қаласының бас педиатры былай деген: "Біз бұның қандай сырқат екенін білмейміз, шетелде емделуге де мен сіздерге жолдама бере алмаймын. Қалай мен өзіміздің дәрігерлеріміздің біліксіздігін мойындаймын!"

Тек қыздың жасы 17 толғанда, жақ сүйегі және бет ауруларын емдейтін хирург ақырында ресми медициналық ұсыным жасап, Оңтүстік Кореяның клиникаларының бірінде емделуге жолдама жазып береді.

Бүгінде қыздың ауруынан жазылып, нағыз сұлу болуына мүмкіндігі бар. Ол онсыз да өте әдемі, бірақ жымимай, езу тартпай өмір сүруге бола ма?

Мектеп бітіргеннен кейін мен маникюр жасау курстарын аяқтадым. Осы істің нағыз шебері болғым келеді. Маған адамдарды әдемі ету ұнайды. Сосын мен қыздардың кірпіктерін қалай өсіруді міндетті түрде үйренемін.

– Мектеп бітіргеннен кейін мен маникюр жасау курстарын аяқтадым. Осы істің нағыз шебері болғым келеді. Маған адамдарды әдемі ету ұнайды. Сосын мен қыздардың кірпіктерін қалай өсіруді міндетті түрде үйренемін.

Ақниет сөйлегенде сезімін білдірмей сөйлейді. Оның әдемі көздеріне қарағанда қыздың ешқандай сезім білдірместен-ақ өзін жақсы сезінетіндігін түсінесің.

– Сенің жасың 17 де, жігітің бар ма? Сен жақсы бір баламен дос болып, онымен киноға барғың келе ме?

– Әрине, – деп шыңғырып жіберді Ақниет, жымиды да дереу бетін ары қарай бұрды. .

Оңтүстік Корея жақ сүйек-бет және пластикалық хирургия саласында ем жүргізуден әлем бойынша көшбасшылардың бірі болып саналады. Қыздың бетін емдеуге кірісетін дәрігер де табыған екен. Қыздың басты арманын жүзеге асыру үшін $35 мың ақша қажет. $25 мың ота жасауға жұмсалады, ал $10 – Ақниет пен анасының ұшып барып келуі мен тамақтануына.





Ақниетке қаржылай көмек беру үшін банк деректемелері

"Добровольное Общество Милосердие" Қоғамдық қоры

БСН 060440002437

БИК KZKOKZKX Кбе18

есеп шот KZ479261802140494000

Төлем мақсаты: Ақниетке көмек 

Qiwi-кошелек: +7 778 670 55 51

Бөліс
Жанна Ахметова
Жанна Ахметова
Главный редактор Vox Populi
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000