VOX POPULI Юля Лим 19 мая, 2015 08:00

ҚОСЫНДЫЛАРДЫҢ ОРЫН АУЫСУЫ: АЛМАЬЫЛЫҚ SWITCHEROO

ҚОСЫНДЫЛАРДЫҢ ОРЫН АУЫСУЫ: АЛМАЬЫЛЫҚ SWITCHEROO
Фото: Мухтар Жиренов
Канадада тұратын Хана Песут ғашықтарды бір бірінің киімдерін ауыстыруға сұранып, оларды өзінің Switcheroo жобасы үшін суретке түсіреді. Бұл канадалықтың авантюралық ойын бар әлем таныды, Vox Populi баспасы да шетте қалған жоқ. Біз аламтылықтардың арасында жеті батыл жас жұптарды тауып, олар бізге қыз киімін киген жігіттер, ер азамат киімін киген қыздар қалай көрінетінін көрсетті.

ЕЛЕНА және  ЕГОР

1,5 жыл бірге 

– Біз бірге дизайн студияда жұмыс жасадық, – деп әңгімелейді Елена. Менің алғаш жұмыс күнімде мен онымен лифтте кездесіп қалғанбыз, және Егор менімен жұмыста алғаш тілдескен адам болды. Біраз уақыт өткен соң біз кездесе бастадық. 

– Кейде болады мен Егордың киімдерін киемін. Әдетте олар оған тар болып қалған үй киімі және майкалар. Мен бұл жобаға өте қатсықым келді, біз өзімізде қызықты іс шараларды, флеш мобтарды іздейміз. Ой ұшқырлығын танытқымыз келді, бұл керемет мүмкіндік те туды.

– Бастапқыда мен өзіме бұның бәрін осылай елестетпеген едім, – деп бөліседі Егор. – Оның джжинсыларын киіп көріп біоден жобаға қатысуға келісім бердім. Ал түсірілім күні Лена көйлек киіп бара жатқанын көрдім! Көйлек болса көйлек – маған оның бар киімі жарасады. (Күледі.)


АДЕЛЯ және ИЛЬЯР

2,5 жыл бірге 

– Біздің аналарымыздың тегтері бірдей болатын, сонымен қатар олар параллелды сыныптарда оқыған, – деп бөліседі Аделя. – Бірде анам маған біздің мектептке жаңа ауысқан балаға кітаптарын алып барып беру қажет екендігін айтты. Біз онымен дәріхананың жанында кездесуге келіскенбіз. Ильяр жарты сағатқа кешіккен, мен ашуланып тұрған едім. Мен оның кешіккен себебін білгенімдегі таң қалуымды көрсеңіздер ғой: ол үйінде отырып Дота ойнаған екен! Ол кезде әрине махаббатқа деген мүлдем ой жоқ!

– Кейін біз достастық, ол мектеп сенбілігінде болған еді, – деп жалғастырады Ильяр.  – Аделяның жинастырғысы келмеді , менің де асып бара жатқан тілегім жоқ болатын. Мен осылай бір ойлы адамды, кейінірек екінші жартымды таптым. 

– Ол тек менің белдемшеме сыяды деп шештік. Өзімнің джинсыларыма мен өзім де сыймаймын ғой! – деп күледі Аделя. – АЙтпақшы, мына жейдені мен ерлерге арналған киім бөлімінен алдым, өйткені олмаған ұнады.  Сондықтан ер азаматтарға арналған киімдерді киюмаған үйреншікті. Ильяр қалада жоқ кезде мен оның жейдесінде ұйықтаймын.

– Мен түсірілімге қатысуға келісім берген себебім, маған жоба ойы ұнады, ал киім кию барысы өте көңілді өтті. Мен жасағн ісіме мүлдем өкібеймін! – деп қосады Ильяр. 


АДИСА және  ДЕННИС

Бірге 1 жыл  және 2 ай 

– Тіл курстар мекетебінде ағылшын тілінен сабақ беретін құрбым бір айға Индияға кететін болғандықтан, мен оны алмастыруға келістім, – деп еске түсіреді Адиса. – Менен бөлек оқушыларды шетелдік тілге native speaker – тіл иегері оқытуы қажет болатын. Мен дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері, ол болса сейсенбі және бейсенбі күндері сабақ беретін. Біз тұрлі күндері сабақ бергендіктен мен өзімнің әріптесімді танымайтынмын. Үш апта өткен соң маған басшылық сөгіс айтып, өзімнің teacher’ммен дереу кездесіп, сабақ кесетсін және студенттердің білім деңгейін талқылау қажеттігін айтты. Оны сабағынан кейін күтуге тура келді. Оның Деннис болғанын өздеріңіз де түсінген шығарсыздар. Мен оны көрген сәтте «Қандай сүйкімді!» деп ойладым. Ол болса мені елемегендей. Жақындап, өзін таныстырып , отырды да өзінің кітаптарына үңіле қалды. Уақыт өте келе біз онымен ортақ тіл тауып, досатсып кеттік. Достық болса махаббатқа жалғасты. 

– Үйде мен үнемі оның киімін киіп жүремін. Қазір ол киіп отқан жейде менің ең сүйікті киімім!

– Ал мен болсам қазір ол киіп отқан көйлек менің ең сүйікті киімім деп йта алмайды екенмін, – деп күле қосады Деннис.

– Мен алғашқылан бастап репортажға қатысқым келді, бірақ Деннистен түбегейлі «Жоқ» дегенді естідім. «Мен ересек және байсалды адаммын, мені көйлекте адамдар көрсе не дейді?» – деп айтатын Деннис. Бірақ менің қатысқым келді, сондықтан мен шағын қулыққа бардым. Оған «Сөйлесу керек» деген сөзбен түскі ас алып бардым. Түскі ас дәмді болды ма немесе менің көндіру қабілетім жеңді ме – нәтижесінде Деннис келісті!


ЮЛИЯ және  АНТОН

Бірге 3 жыл және 3 ай

– Біз жапон тілінің курстарында таныстық. Антон ол кезде маған сондай байсалды және тура адам көрінетін – біздің тілдесуіміз кезекті «сәлем» және «сау болмен» шектелетін. Кейін мен оған бірден ұанағанымды, бірақ ол сыр білдірмегенін білдім, – деп еске түсіреді Юлия. – Бірақ уақыт өткен соң біз достасып, жапон курстары байқалмай екінші реңге ауысыты. Біз кездесе бастған ауақытқа курстарға қатыспайтынбыз!

– Біздің мұғалім Воксті оқымайтын шығар – деп күледі Антон. 

– Антон гардеробынан кем дегенде бес жейдені өзіме алып қойдым, – деп қосады Юлия. – Мен оларды үйде де, сыртқа шыққан да киемін. Тағы да олан маған «мұрағатқа» бірнеше жейде бұйырды. Мен оларды өте жақсы көремін, олар өте ыңғайлы және жылы.

– Тәжірбиеге Антон бірден келіскен жоқ. Оны көндіруге тура келді. Алғашқыда мен Антонға бұрын тиесілі бір жейдені киемін деп шешкенбіз, – деп бөліседі Юлия. – Бірақ кейінірек ол: «Қандай айырмашылық бар? Мен бәрібір қаздаң киімін киемін! Егер қаласаң топ дәне белдмеше кие сал» деген еді.  Мен белдемше кидім, бірақ кейін сәл өкініп қалдым – ол Антонның шеттері мен ішіне солай жабысып қалды, оның атлетикалық торсы мүлдем атлетикалық емес пішінлерге ие болды!

– Сүйген қызың үшін не істемейсің, – деп күрсінеді Антон. 


ШЫНАР және  АРМАН

Бірге 5 жыл 

– Біз мекетеп кезінен дос едік, бір парта басныда отырғанбыз. Мекетп біткен соң достық одан үлкен нәрсеге ұласты, солай болды. Сол уақыттан бері біз біргеміз,  – деп жымияды Шынар. 

– Түсірілім алдында біз басты дайындықты өткізген жоқпыз, тіпті не киетінімзіді де ақылдаспадық. Күн ыстық болатын, мен көйлек кидім. Арман да ауа райға сай киінді.

– Бірақ түсірілім барысында, көйлек найзағайы менің арқамда жабылмай жатқандығы анықталды! – деп өкінеді Арман. – Оған қарамастан, бәрі: маған көйлек Шынарға жарасқаннан кемжараспады деген пікірге келді. (Күледі).

– Адамдар көп жылдар бойы бірге болған кезде, жұбыңды ешнәрсемен таң қалдыра алмайсың деген ой болады. Бұл тәжірбие көптеген жағымды әсердер алып келді. Біз уақытты жақсы өткізіп, уайымдамай ойнап күлдік. Vox Populi ге берілген мүмкіндік үшін рахмет!


АЙДАНА және ВЛАДИМИР

3 жыл бірге 

– Біз бірге КАЗГАСА да сәулетшілерге оқып жүрдік. Бөлек топтарда, бірақ бір ағымда, – деп әңгімелейді Айдана. – Ол бір көргеннен ғашық болу болмады – бастапқыда біз тек арласып жүрдік, кейін біздің арамызда бір ұшқын өтті.

– Біз ой және мінездермен сай келдік. Ол да мен сияқты бар жаңа мен эксперименталдыны жақсы көреді, – деп күледі Владимир. 

– Баяғыдан бері ерекше бір іс шараға қатысқым келетін. Университетте оқып жүрген кезде біз флеш мобтар ұйымдастыратынбыз. Бірде free hugs – барлық қалаушыларға «құшақтаулар» ұйымдастырғаныз. Плакаттар салып көшеге шықтық. Сол күні көптеген адамдар өздерінің құшақ үлесін алды!


НАДЕЖДА ЖӘНЕ ЮРИЙ

5 жылдан астам уақыт бірге 

– Біз бірге қызмет ететінбіз, солай танысып кеттік. Жалп, мен оны бір көргеннен, оның менің адамым екендігін сездім. Мен құрбыма да: «Мен оған тұрмысқа шығар едім» деп айтқан болатынмын. Білесіздер ме дәл солай болды! – деп күледі Надежда. 

– Менің заттарымды ол кимейді. Мен Юраның майкаларын киіп, оларда ұйықтап немесе үйде жүремін. Түсірілімнің алдында біз не киетінімізді ақылдастық. Юраға келетін заттыр табу өте оңай болмады. Мәселе сол еді. Арнайы түсірілім үшін  маған да Юраға да келетін ұзын майка сатып алуға тура келді.

 – Бізге бұл креативті жобаға қатысу өте қызықты болды,  – деп түсіндіреді жұп. – Ұялу көбінесе адамның өз өзіне сенімсіздігінен шығар. Онда тұрған жаман ештеңе жоқ, және күлкілі әрі аңқау көрінуге ұялмау керек!

Бөліс
Юля Лим
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000