VOX POPULI Диана Калтаева 10 мая, 2015 10:00

Парапланеризм: Аспанға ұшсам

Парапланеризм: Аспанға ұшсам
Аспанға самғап ұшып, еркіндікті сезініп, өзіңді осы әлемнің шекараларынан тыс сезіну – бұл сөзбен айтып жеткізгісіз! Осы репортажымызда біз парапланеризммен айналысудың таңғажайыптары туралы айтып береміз, әрқайсымыздың бойымызда бар шексіз мүмкіндіктер туралы сөз қозғаймыз!

Репортаж мұқабасы фото BTT_3643

«Аспан – уақыт немесе бір орын емес. Аспан – кемелдікке жету». Ричар Бах

BTT_5387

Параплан – бүгінгі таңда әркім меңгере алатын ең қолжетімді өте жеңіл ұшу аппараты. Ұшу деген әрине керемет, бірақ бұндай ләззат үшін физикалық және моральдік тұрғыдан жақсы дайындық қажет.

BTT_3553

 

«Самұрық» парапланерлік мектебі кез келген ұшуға ниет білдірген адамды үйретеді! Оқу бағдарламасына теориялық біліммен қатар 15 ұшу күндері кіреді. Мектепте бейсенбі сайын лекциялар болып тұрады, ал демалыс күндері – көптен күткен әрі ең қызықтысы ұшу мен ұшуға арналған жаттығулары болып тұрады.

BTT_3482

Парапланеристер демалыс күндері таулы жерге келіп, қолайлы ауа райын күту үшін және жаттығулар жасау үшін таңғы сағат 6 оянады.

 

 

BTT_3634

Жаттығулар мен ұшу Үшқоңырдан 31 шақырым жердегі дельтадромда өтеді .Сол жерде сізге қажетті салмағы 15-20 килограмм болатын құрылғыларбереді.

BTT_3622

Әуелі сіз бастамасын үйренуіңіз керек, яғни жүгіріп екпін алу, қолдарыңызды дұрыс ұстау, жерге қону, жел бағытын анықтай білу… тек қана осылардың барлығын үйренгеннен кейін ғана сіз ұша аласыз. Барлығы әдеттегідей өзіңізге байланысты!

 

 

 

 

BTT_3607

Бұған әралуан адамдар қызығушылық білдіреді. Парапландарды ұнататындар – жас техникалық мамандық иелері, зейнеткерлер және әртүрлі әуесқой адамдар.

BTT_3520

 

Жаттығулар 20 метрлік биік таудан басталады, ал тәжірибелі ұшқыштар 100 метрлік биіктіктен-ақ ұша береді.

 

 

 

 

 

BTT_3491

Жаңадан келгендерге, бастамас бұрын, әдеттегідей міндетті түрде нұсқаулық жасау керек. Инструктор Максим парапланды қалай қолдану керектігін бүге шігесіне дейін түсіндіріп айтып береді, арқан жіптердің не екенін, парапланның герметикалық жағдайын қалай тексеру керектігін, кенептің үстіңгі және астыңғы жағы туралы.

BTT_3578

– Бас арқан жіп 3 жіңішке арқан жіпке бөлінеді. Бұл алдыдан болатын қарсылықты азайтады. Арқан жіптердің ұзындығы мен жуандығы әртүрлі. Парапланеристке неғұрлым жақынырақ орналасқан арқан жіптер жуанырақ болады.

 

 

 

 

BTT_3511

– Жаңадан бастағандар бірқатар ұқсас қателер жасайды, ол қателіктерді біз анықтап талдаймыз. Бастысы үйренуші көп қателіктерді жерде болған кезде жасап алғаны, қателіктер аспанға көтерілгенде болмағаны жөн.

BTT_3587

– Көптеген парапланеристердің басты қателігі протекторды үстіне құлауға болатын зат ретінде қабылдауы. Оның үстіне құлауға тыйым салынады! Омыртқа ондай ауыртпалықты көтере алмайды. Ол жалап өтетін соққыларға арналған.

 

 

 

BTT_3654

– Жерге қонғанда аяқпен түсіп, жүгіріп кетуіміз керек. Егер күтпеген жағдайлар болып жатса барлығын «парашюттік ереже»:бойынша істейміз, аяқтар бірге, аяғымыздың басы мен өкшелеріміз бірге.

BTT_3546

Ары қарай парапланды аламыз, жазамыз және дайындаламыз.

 

 

 

 

 

 

BTT_3603

Надежда, парапланермен ұшушы:

– Алматыға жыл сайын келіп тұрамын. Бізде Томскіде әлі жерде қар жатыр. Ауа райы бұндай емес, сіздердегідей тамаша таулар да жоқ! Парапланмен ұшуды төрт жыл бойы ермек етіп келемін. Маған ұшу өте қатты ұнайды.

BTT_3487

Айдар Қақабаев бұл іске жаңадан кірісті, бұл оның төртінші сабағы. Әр демалыс күндерін ол тіс қаққан парапланеристермен бірге өткізеді. Достарымен клубта жүруді таза ауада өткізуге айырбастапты, қазірше тауда, ал енді сәлден кейін аспанда болады. Қазір ол өзінің байырғы арманы – ұшуды жүзеге асыру үстінде!

BTT_3536

– Жұмыс күндері барлық адамдарда бірдей деп айтуға болады, белсенді өмір сүруге тырысу керек, басқа қызықты іс іздеп табуға тырысу керек. Осылайша біз жан мен тәннің тепетеңдігіне қол жеткізе аламыз. Бүгінгі жастарымыздың бәлкім өмірлік құндылықтары басқа шығар.… Әрине түптің түбінде әркім өзіне қажеттісін табады. Мен мысалы бала кезімде ұшуды армандайтынмын, сол себептен парапланеризммен айналысуға бел будым. Бұл маған таныс әрі өте жылы сезім. Арманымды орындап келемін! – деп ой бөліседі Айдар.

BTT_3567           

Ермек, тәжірибелі ұшқыш, қазірдің өзінде жақсы ұшып жүр, жақын арада халықаралық FAI  лицензиясын алуға емтихан тапсырмақшы.

– Бұнымен айналысқаныма бірнеше жыл болды. тәжірибелі ұшқыштар бағдар бойынша ұшады. Мысалы, GPS арқылы өздеріне нүктелер белгілеп алады. Бұл күрделі, және де ұшып келе жатқан кезде жылы желді ұстай білу керек. Бұның барлығын мектепте, лекцияларды айтып түсіндіреді.

BTT_3657

– Есімде, бір күні мен ұштым, ал қонған кезде Ұзынағаштың ар жағына барып бірақ қондым, қырсыққанда ақша жоқ, телефонымда да ақша жоқ, тас жолға дейін алыс. Ауада бұл жер онша алыс емес болып көрінеді. Сөйтіп дельтадромға әрең жеткен болатынмын. Сол кездегі ұшуым ең көп дегенде 3 сағатқа созылды. Ұшу маған бостандықты сезіну мен орасан зор жеңілдік берді, – дейді Ермек.

BTT_5329

Денис. тәжірибелі ұшқыш:

– Әу баста парапланмен ұшуды мен 2005 жылы бастадым. Оқып үйрендім, бірақ сол кезде ұшу құрылғыларын сатып алуға ақшам болмады, жұмыс істедім. Сосын біраз үзіліс жасадым, 2009 ұшу аппаратын сатып алдым да арнайы ұшумен айналыса бастадым. Неге мен осымен айналыса бастадым? Бала кезімнен мен спортқа жақын болдым, спортты сүйдім, кейінірек альпинизммен шұғылдандым, Кейде жұмыста отырып, терезеге қарайсың да ойлайсың: жаз бітті, қыс келді, қайтадан жаз болды, өміріңде қызық ешнәрсе жоқ сияқты. Қарап тұрсаң жұмыс үшін өмір сүретін сияқтысың, ал озің үшін, өзіңнің рахатың үшін ештеңе істемейсің.

 BTT_3652

 

–Кейбіреулер үшін демалыс дегеніңіз «медуза кейпінде» жату, мен үшін демалыс дегеніміз – таулар, парапланмен ұшу. Жұмыстағы, отбасыңдағы қиындықтар ұмытылады да, сені солардан бөлетін бір қорғаушы қамал пайда болатын сияқты, осы кезде сен демаласың.

BTT_5332

Мектепті бітіргеннен кейін әрбір оқушының емтихан тапсырып, ұлттық және халықаралық FAI лицензиясын алуға мүмкіндігі бар, ол лицензиямен сізге жер бетінің кез келген ұшуға болатын жерінен «аспан ашық» болады.

BTT_3681

 

Бір айдан кейін де, жарты жылдан кейін де ұшуға болады, барлығы адамның өзіне байланысты. Орташа есеппен алғанда өз бетінше ұшу үшін шамамен 2-3 ай қажет болады. Спорттың басқа кез келген түрі сияқты, парапланеризм көп күш, уақыт, тер төгетін жаттығуларды және спорттың осы түріне деген сүйіспеншілік пен қажырды талап етеді. Бұл дегеніңіз өмір сүру салты, сондықтан да бұнымен ең әуелі өзің үшін айналысуың керек..

BTT_3639

Күдіктенбеңіздер, ұшуды үйренгенде сізде бостандық сезімі пайда болады, сіздің алдыңызда сіз тіпті армандамаған жаңа мүмкіндіктер ашылады! 

Бөліс
Диана Калтаева
Диана Калтаева
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000