VOX POPULI 2 февраля, 2015 16:52

МАҚСҰТ ЖҰМАЕВ: ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ ШЫҒУ

МАҚСҰТ ЖҰМАЕВ: ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ ШЫҒУ
Біздің кейіпкеріміз, он төрт рет сегіз мыңдықты оттек жабдықсыз бағындырған, белгілі қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев. Көп шыңдарға ол бірінші реттен шыға алған, бірақ «тау бағындырушы» Мақсұтқа тек алтыншы реттен шығуға мүмкіндік берді.

К-2 Эвересттен 239 метрге төменірек болса да, оған шығу өте қиын және қауіпті. 2010 жылға дейін Эверест шыңы 5014 рет, ал   К-2 шыңы тек қана 302 рет бағындырылған. Қайғылы статистика: К-2–мен күрескен кезде аман қалған төрт альпинистке бір қайтыс болған альпинист келеді. 

Жұмаев Мақсұт Сағынтайұлы (23 желтоқсан 1976, Федоровка, батыс Қазақстан облысы, Қазақ ССР, КСРО) – белгілі қазақ альпинист, ҚР альпинисттер құрамының капитаны, ҚР альпинизм спортқа еңбегі сіңген шебер, бірнеше дүркін чемпионы және альпинизмде жоғарғы класстағы  ТМО-ның ашық чемпионатының жүлдегері (2001-2003). 

Аудан басшысымен дәрігердің отбасында үшінші болып туылған, Мақсұт, балалық шағын Батыс Қазақстандағы Чапаев ауылында өткізген. Ерте тұрасың. Күні бойы шаруашылық жұмыстармен жүресін, күн батқан соң ұйықтайсың. Шыңға шығу туралы армандауға уақытта болмаған. Тек кейде ғана Мақсұт қызғалдақтарға далаға шыға алатын еді.

Отбасы Алматыға көшкен соң Альпинизмге деген қызығушылық пайда болған. Достары әлі болған жоқ, ата-анасы өз шаруаларымен жүрген, бос уақыты өте көп болған. Достары пайда болған соң, Мақсұт тауға баратын болды. Бірінші кездері жай ғана қызық болған, ал уақыт өткен соң таулар ол үшін жақын болып кетті.

Жаттығулар. Таусылмайтын жаттығулар. Сен III дәрежедегі альпинист бола алмай тұрсың, сонымен бірге тоқтай алмайсың, әрдайым өсу керек. Қайраттанып, қасарысып, ақырын, бірақ алға жүру керек. 

«Ақырын болса да, әрдайым алға», - біздің кейіпкеріміздің өмірлік ұстанымы. Жаттығулар, бағдарларды жоспарлау, саймандарды іздеу. Жұмыс тек қана келесі шығуға арналған ақшаны табу үшін керек. Мақсұт қарапайым өмірден оқшауланды: қызы да, отбасы да болмаған. Барлықтарға үйреншікті өмір шыңға шығуға кедергі болатын еді. Тіпті киімді де «секонд-хендте» сатып алатын болғанмын. Қымбат емес па? Міне жақсы. Сыртқы келбет – маңызды емес, ең бастысы бұл тау. 

Шыңға шықтың - ол туралы ұмыттың, алдында тағы да жаттығулар және келесі шығуға жоспарлар. Жаттығулар – шың, жаттығулар – шың. Сегіз мыңдыққа келмегенше, дәл солай жалғастыру.

Шығу адамды өте қатты шаршатады. Желмен, суықпен, аштықпен, шаршағандықпен, қорқынышпен – барлығымен сен күресесің. Сен төменде қалай ыстық, қауіпсіз болғанды есте сақтайсың, алайда тырысып жоғарыға шығасың, өйткені басқаша бола алмайды. Соңында сен шыңға шығасың және... ештеңе. Ойымша, қуанышты, шаттықты, ләззатты сезуің керек. Ал сен ештеңе сезбейсің. Тек қана құлазу. Шаршағандық. Сен тіпті келесі мақсатың туралы ойлай алмайсың. Денелік және психикалық жағынан сен әлсірейсің.   


Василий Пивцов и Максут Жумаев
Максут Жумаев және Василий Пивцов

Мақсұт Василий Пивцовпен бірге жұмыс істеген. 6 жылда олар 8 мың метрден астам,  он шыңға шыққан.  Олар шыңға шыққан кезде, олардың келесі мақсаты – Эверест көрінген. Үлкен, шынайы емес, шығуға ауыр тау. Шерптер, Эверестке баратын адамды, анасының тізесіне шығатын сәбимен салыстырады.

Егер сен шыңға шыққың келсе, онда барлық ойларыңмен қиындықтарыңды төменде қалдыруың керек. Сенің елің жоқ. Ұлтың жоқ. Отбасың жоқ. Сен осы шыңда өліп, жаңадан туылуың керек, тек сонда ғана ол сені қабылдайды. 

Команда сақтандыру жабдықтармен тек бедер мүмкіндік берсе ғана қолдана алады. Басқаша айтқанда, біреу құласа, қалғандар да құлайды. Жетістік командаға ортақ, ал өлім әр қайсымызға бөлек.  Қатал ереже, алайды қажетті.

Альпинизм тарихы соншалықты шыңдарға шыға алған басқа жұпты білмейді.

  • Хидден Пик (8068 м) 2001 жылда;
  • Гашербрум II (8035 м) 2001 жылда;
  • Канченджанга (8586 м) 2002 жылда;
  • Шиша-Пангма (8046 м) 2002 жылда;
  • Нанга-Парбат (8125 м) 2003 жылда;
  • Броуд Пик (8048 м) 2003 жылда;
  • Макалу (8481 м) 2004 жылда;
  • Чо-Ойю (8201 м) 2005 жылда;
  • Дхаулагири (8167 м) 2006 жылда ;
  • Аннапурна (8091 м) 2006 жылда;
  • Эверест (8848 м) 2007 жылда;
  • Манаслу (8156 м) 2008 жылда;
  • Лхоцзе (8516 м) 2011 жылда.

Шыңға шығу

Тек К-2 емес. Бұл тау екі альпинистке де нағыз сынау болды. 2011 жылда Мақсұт оған 6-шы рет, ал Василий жетінші рет шықпақшы болған. Олармен бірге австриялық альпинист Герлинде Кальтенбруннер және поляк Дариуш Залуски барған.

Осы төртеуі 2011 жылда «өлтіруші – таудың» шыңына шыға алған жалғыз топ болған.

Альпинистер бірнеше рет негізгі лагерге қайтып басынан бастайтын еді. 16 тамыз – тағы бір талпыныс. Көшкіндер.  Метрлік және одан да көбірек қар. Альпинистер қайраттанып жоғарыға шыққан. Топ 21 тамыз күні, 8 мың метр биіктікте орналасқан, өлу аймағына дейін шыға алды.

Осында, дәл аспанға жақын жерде, адамның ағзасы ауа жетпейтінге бейімделе алмайды. Қозғалу үйлестіруші бұзылады, әр бір қадам қиыншылықпен беріледі, қарапайым мақсаттарға жету үшін өте ұзақ уақыт кетеді. Сен тізеңе, ал кейде тіпті кеудеңе дейін жететін қарда жүресің.

Ақыр соңында К-2 жеңілді. Мақсұт шыңға жетіп қалған кезде, Василий мақсатқа 10 метр қалған жерде, қардың ішінде отырған. Серіктесін күткен, өйткені шыңға олар екеуі шығу керек.

К-2-ден келген соң, Мақсұт ұзақ уақыт бойы үйден шықпаған. Өзіне келіп, өмірінде жаңа мақсат табу үшін, оған бір жыл уақыт қажет болды. 

Бұл мақсат 2 жыл бұрын, еуропалық альпинистердің бейнесіне қарап құрылған, Kazakh Alpine Club - пен байланысты болған. Клуб өз айналасында  салауатты өмір сүрем деген адамдарды жинайды. «Өзімізге қаншалықты жоғары мақсат қойсақ, соншалықты шынайы оған жету. Мүмкін емес нәрсе жоқ, бәріде  мүмкін – осыны мен өз- өзіме әлденеше рет дәлелдедім».

 Әзірше, Мақсұт биік және қауіпті шыңдардан алыс жүреді. Алайда оған қарамай, оның альпинист мансабында тағы бір мақсат қалды: ол - ғаламшардың 7 континентінде орналасқан жеті ең биік шыңдарына шығу - «7 шың» деген міндетін аяқтауға жоспарлайды. Оларға жеке алынған континенттегі ең биік тау шыңдар жатады. Бұл бағдарламада төрт шың бағындырылды: Эверест, Эльбрус; Килиманджаро, Мак Кинли. Үш бағынбаған шың қалды: Аконкагуа, Винсон, Косцюшко және Карстенс

Бөліс
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000