VOX POPULI Екатерина Лейман 15 июня, 2015 14:00

Kids.Help.Children: мейірбан жүректер жәрмеңкесі

Kids.Help.Children: мейірбан жүректер жәрмеңкесі
Фото: Мухтар Жиренов
Хелен Келлер бірде қайырымдылық жайлы былай деген екен, қайырымдылық — ешқандай ақы сұрамай басқаларға көмек көрсетуге деген ізгі ниет. Басқалардың қайғысына бейжай қарамайтын Kids.Help.Children қозғалысының жап жас белсенділері шын ниетімен мейірімділік көрсетуге ниет білдірді. Vox Populi журналистері қайырымдылық жәрмеңкесінде болып, біздің қоғамымыздың болашағы бар екеніне және де болашақ ізгі ниетті әрі қырағы адамдардың қолдарында екеніне көз жеткізіп қайтты.

Мына балалардың барлығы бүгін мұнда бір ғана мақсатпен жиналды: бір жарым жасар Анюта Казанцеваға көмектесу үшін. Бұл нәрестеге гидроцефалия, тетрапарез және эпилепсия деген диагноз қойыпты. Қызды Мәскеуде емдеуге Казанцевтар отбасына 7 000 $ қаражат керек.

Нәрестенің қайғысын ести сала, EF Education тілдерді үйрету мектебінің жанындағы «Жас көшбасшылар клубының» белсенді мүшелері қайырымдылық жәрмеңкесін өткізуге ниет білдірді, және бұл бастама жүзеге аса кетті. Жәрмеңкеге қатысушылардың ең кенжесінің жасы — 5 те, ең ересектері — 17-18 жаста. Жәрмеңкеде қойылған суреттердің ішінде құны 30 000 теңге тұратын туындылар бар. Бүгін мұнда суреттерімен келгендердің арасында арнайы білімі бар, ал біреулері әшейін кішкентай Аняға көмектесу үшін қолынан келгенін жасап алып келді. Өткізілген шарадағы дресс-код — ақ түс, бұл түс тазалық пен адамгершілікті білдіреді. Балалардың бар сұрағаны шараны өткізетін жер болатын, оны EF Education First орталығы қуана қуана берді. Қалған машақат еріктілердің мойнында болды. Біз жәрмеңкеге қатысушылардың әрқайсымен сөйлесіп, олардың мақсатын білдік.

Айгерім, 15 жаста

— Мына судокуларды мен өзім жасадым, блокноттарды да. Мені мұнда достарым шақырды және менің шынымен де көмектескім келді. Өз қолыммен бір нәрсе болса да жасағым келді. Ойлап қараңызшы, осында жүргендер осы біздің құрдастарымыз ғой. Меніңше бұл өте құтты іс. Мен біз әлі де бұндай жәрмеңкелердің талайын ұйымдастырамыз деп ойлаймын.

— Расында бұл менің өз қолыммен жасаған алғашқы туындым. Бұл жәрмеңкеде мен өз мектебімде оқитын, бірақ бұрын араласпайтын балалармен жақындасып кеттім. Келесі жолы басқа бір нәрсе жасаймын, бірақ міндетті түрде өз қолыммен.

София, 13 жаста

Мен EF оқығандықтан, мұнда өткізілетін шаралар туралы міндетті түрде біліп тұрамын. Маған балалардың өз жұмыстарын көпшілікке көрсете отырып кішкентай Аняға көмектескісі келетіндігі ұнады. Менің сурет салатын достарымның біразы өз жұмыстарын қоюды өтінді менен. Олар да ауырып жатқан кішкентай Аняға міндетті түрде көмектескісі келеді. Біз Аняның әке шешесімен келістік, жәрмеңкеден түскен ақшаның барлығын қыздың емделуіне береміз.

— Жалпы біз барлық ауру балаларға көмектескіміз келеді. Менің ата анам да көмекке мұқтаждарға жәрдемдескісі келеді. Біз барлығымыз осы шараға үлкен жауапкершілікпен қараймыз.

Анна, 15 жаста

— Сурет салып, қолдан бір нәрсе жасағанды ұнатамын. Бұл менің хоббиім. Мен мектепте жүргенде осындай шара туралы ойлағанмын, кейін EFтағы Анельге айттым ойымды. Біз басқа адамдарды да қостық игі бастамаға, солайша жобамыздың ауқымдылығы арта түсті. Мен шынымен де қатты көмектескім келеді. Былтыр мен ертегілер кітабын жаздым. Кітап 500 данамен жарық көрді, бірақ жаздың аяғына таман кітап дүкеніндегі сөрелерде біреуі де қалмады. Маған қарапайым нәрселер шабыт беретін, мысалы құрбымның мысығы да мені шабыттандыратын.

Анжелика, Аннаның шешесі

— Аннаны оның барлық бастамаларында, әсіресе мынау сияқты қайырымдылық шарасына қатысты бастамасында қолдауға тырысамын. Біздің қоғамда басқалардың қиыншылықтарына бейжай қарамайтын жасөспірімдер бар екені және де сондай ұрпақ тәрбиелеп отырған ата-аналар бар екені қатты қуантады. Біздің бастаманы қолдауға сонша адам ниет білдірді! Біздің балаларымыздың арасында өз қолдарымен жақсы нәрселер жасай алатын дарынды балалар бар екен. Олардың арасында шығармашылыққа бейім, өз шығармашылығымен басқаларға көмектескісі келетіндер де бар екен. Бұл әрине керемет! Біз қызымыз екеуміз бұл күнге арнайы ұран да дайындадық: «Өкінішке орай әлемде ауырмайтын бала жоқ, бірақ сондайлардың санын азайту үшін барлығын істеуге болады!»

Камила, 14 жаста

— Мұндай жәрмеңкеге алғаш қатысуым. Ол туралы ести сала келуге, қатысуға бел будым. Бала кезімнен сурет салғандықтан менің суреттерім көп. Менің туындыларымның ішінде ағамның да еңбектері бар.

— Мұнда акрилмен, батикимен салынған суреттер. Естеріңізде ме, Кеңес дәуірінде «Сен Отаның үшін не істедің?» деген плакаттар бар болған, мен дәл сондай туындылар бар, тек американдық нақышта жасалған. Папье-машедегі маскалар балаларға да ересектерге де келеді. Фарфордан жасалған кәдесилықтарды біз бауырым екеуміз бірге боядық және пісірдік.

Томирис, 16 жаста

— Мен жастайымнан басқаларға көмектесуді ұнататындығымнан келдім. Өмірдегі маңызды ұстанымым: жақыныңа жіне мұқтаж адамдарға көмек қолыңды соз. Өз дарыныммен Анютаға көмектескім келді. Акрил бояулармен салынған суреттерді жасау үшін шыдам керек, ал карталарды мен сату үшін жасадым. Олардың әрқайсысында мағына бар, оларды акварель  қарындаштармен жасадым.

— Осындағы ірбір бұйымға мен жанымды салдым. Алғаш сатылып кеткен карталармен қимай қоштастым, бірақ қазір қайырымдылықпен айналысатынымды түсіндім, барлық түскен ақша Аняның емделуіне жаратылады. Соны сезінгенде жаным бір қуанып қалады. Осында келген барлық балалар бүгін сол Аняның отбасына қажет ақшаны тапса екен деп, тіпті одан да көбірек ақша шығарса екен деп тілеймін, себебі қосымша шығындар да болады ғой.

Дінмұхамед, 15 жаста

— Мынаның барлығын мен өзім жасадым. Осында Інжу есімді қарындасым екеуміз келдік. Интернетте рецепттер тауып, жарамал жасайтын печенье пісіріп келдік. Біз мұнда анам жазған кітапты да ала келдік, анамыз психолог.

— Өздеріңіз білетіндей жақсы ойлар жаныңда туындайды. Бір кезде тәтті тағамдар пісіру идеясы ойымызға келді. Менде белгілі бір көлемде ақша жасау жоқ. Мен үшін маңыздысы осы дүниелер адамдарға ұнаса, адамдар оны татып көрсе болғаны.

Ақтолқын, 18 жаста

— Бір жылдай уақыт болды мен бізбен тоқимын. Бұл менің хоббиім, ал менің болашақ мамандығым — дипломат. Мен қазір Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ оқып жатырмын. Бұл жәрмеңкеге өзімнен бір нәрсе қалдырып, айналадағыларды бір қуантып қою үшін келдім.

— Бұрын соңды қайырымдылықпен айналысқан емеспін, бірақ балаларды жақсы көргендіктен маған осында болу өте ұнайды. Менде жаңа туылған бөпелерге кигізетін бас киімдер бар, табиғи және табиңғи емес тастардан жасалған білезіктер бар.

Кәмиля, 17 жаста

— Мені мұнда құрбым шақырды. Ол EFте елші болып жұмыс істейді. Кішкентай моншақтардан жасалатын әшекей бұйымдарын 12 жасымнан бастадым — оны маған жазда лагерде үйретті.

— Қажетті фурнитураларды қала бойынша іздеп жүрмін. Осы жәрмеңкеге қажетті фурнитураларды 1 000 теңгеге алдым.

Аружан, 8 жаста

— Білезіктерді әкеммен бірге жасаймыз. Кейбіреулерін жасау өте қиын. Бұл жәрмеңкеге Аняға көмектескім келгендіктен келдім. Біз көмектесеміз деп ойлаймын.

Махамбет, Аружанның әкесі

— Мен өз баламды қайырымдылықтың не екенін және ол не үшін керек екенін білсін деп тәрбиелеймін. Аружанға білезіктерді сатудан түскен ақшаны жинаған және ол ақшаны мұқтаж адамдарға беру ұнайды. Менің ойымша бұл жас баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызды кезең. Екі апта бұрын Аружан екеуміз басқа бір жәрмеңкеге қатыстық, онда қызым паракордтан жасалған білезіктер сатты.

Дмитрий, 12 жаста

— Мен қажетті ақшаны жинай аламыз деп үміттенемін. Менің әпкем бірнеше жылбойы қайырымдылықпен айналысып келеді, оның жетістіктері мені шабыттандырады. Маған басқаларға көмектескен ұнайды. Мен тоқымамен анам Аня екеуі Қытайдан оралғанда айналыса бастадым, олар маған ол жақтан резиналар алып келді. Интернетте тоқудың схемасын көріп, үйреніп алдым. Басқаларға да ұнайды деп үміттенемін.

— Тоқуда маған ешкім көмектеспейді, өзім жасаймын. Сонымен қатар мен судағы полоны қатты ұнатамын. Арманым спорт журналисі болу. Барлығымыз көмектесіп жатқан қызға жақсы ота жасалып, олай аман есен жазылып кетуін тілеймін.

— Білезік қаламайсыз ба? Сіздің футболкаңызға білезік әдемі үйлеседі екен!

Зара, 7 жаста

— Мен кекс пісіремін. Біраз ұнтақ қосылып құлпынайдан жасалғаны бар, және ішіне ештеңе қосылмағаны да бар. Анам оларды тек духовкаға салады, қалғанын өзім істеймін.

— Открыткаларды құрбым Ания жасады, оның қазір шашын өріп жатыр. оның жасы бесте. Қазір ауруханада жатқан қызға көмектескім келеді. Сурет салғанды ұнатамын: әртүрлі үйшіктер, портреттер. Мұрын мен қолдарды онша жақсы сала алмаймын.

Томирис, 15 жаста

— Мынау біздің стол — мұнда барлығы өз қолымызбен жасалған. Дайындауға жалпы тоғыз сағат уақыт кетті. Үйде мен үнемі тамақ пісіремін. Ең жақсы көріп пісіретінім — кекстер. Бұрын қайырымдылық шараларға қатыспаған едім, осы жолы дұрыс болар деп келіп отырмын.

Аружан, 16 жаста, Ажар мен Нұрзия, 15 жаста

— Біз мұнда басқа балалар тағамдар сатып тұрғанын көрдік те, интеллектуалды бір өнім қосуды ұйғардық. Адамдарға кітап оқу ұнағандықтан, біз мұнда қызығырақ деген кітаптарды таңдап алдық.

— Кейбір кітаптармен қоштасу қиын болды, бірақ ештеңе етпейді. Біз ауыр халде жатқан қыздың жағдайын түсінеміз, жиналған ақша сол қызға көмекке жұмсалады.

Алуа, 14 жаста

— Менде хнамен сурет салу тәжірибесі бар. Мен сурет салғанды ұнатамын — ол маған тыныштық сыйлайды. Көмекке зәру қыз туралы естіп, жәрмеңкеге қатысуға бел будым. Бар жиналған ақша бір жарым жасар Анютаның емделуіне жұмсалады.

— Осындай шаралар жиі жиі ұйымдастырылса керемет болар еді. Балалар бойындағы дарынын көрсетіп, басқаларға көмектесе алады. Мұнда басқаларға көмектескісі келетін достарым көп.

Ботагоз, 17 жаста

— Біреуге көмектесуге мүмкіндік туғаны өте жақсы болды. Бір жақсы әрі пайдалы нәрсе істегіміз келді. Сондықтан мұнда пісірілген заттар көп.

— Әдетте біз көп көлемде бұлай пісірмейміз, бірақ бүгін Аня үшін тырыстық. Осының барлығын пісіруге алты сағат уақыт жұмсадық.

Таир, 10 жаста, Дана, 5 жаста

— Мына кекстерді мен өзім пісірдім, маған ешкім көмектескен жоқ. Олардың біразының ішінде шоколад бар. Дайындауға 3 сағат кетті.

— Өзім дайындаған открыткаларда қарапайым өмірдегі бір жағдайларды бейнелегім келді. Мысалы мұнда өзінің ұнататын қызы үшін ҰБТ тапсыруға барған бала бейнеленген. Оның көңілсіз болуы, оған осылай істеуді мәжбүрлеген. Қажетті ақшаны жинау үшін осы открыткаларды 20 000 теңгеге сатсақ деген ой бар. Жалпы неғұрлым көп ақша жинасақ, соғұрлым жақсы болады!

Аружан мен Гүлнұр, 14 жаста

— Барлығын аналарымызбен бірге пісірдік. Эклерлер мен круассандарды пісіру ерекше қиын болды. Біз балаларға көмектескіміз келеді, неге десеңізолар да өзіміз сияқты ғой! Сол себептен де әрбір адамөз жақынына ғана емес, айналадағылардың барлығына көмектессе болар еді.

Аружан, 15 жаста

— Дайындауға үш адам қатыстық. Мен өзім ғана қалдым. Біз бельгиялық вафли, чизкейк, кекс және печенье пісіріп келдік. Шынымды айтсам бірдеңе пісіруді ұнатпаймын, сондықтан да маған бұл іс қиынға соқты. Бұл жәрмеңкеге мен құрбымның кеңесі бойынша келдім.

Біздің қоғам шын мәнінде ілгерілеп келеді. Бұлай деуге істелінген шаруалар көлемі дәлел бола алады. Маған да осы бір игі істің жоқ дегенде жүзден бір бқлігі болған ұнайды. Осындай шаралар жиірек өткізіліп тұрса екен!

— Шынымды айтсам білмеймін - қажетті ақша жинала ма жоқ па. Біздің адамдардың менталитеті біртүрлі: бағаны көтерсең — сатып алмайды, төмендетсең — қажетті соманы жинай алмай қаласың. Тепе теңдік керек.

Камила, 13 жаста

— Мен мұнда Аняға көмекке басқа балалардың ақша жинап жатқандығы туралы естіп, келдім. Ойлағанымыз іске асса болғаны.

Ақмарал, 16 жаста

— Шаш өру — менің хоббиім. Мен шаш өруді екінші сыныптан бастап үйренгенмін, себебі анама таңертең ерте тұру қиын болғандықтан өзіме үйренуге тура келді. Анама аяушылық көрсеткім келді. Ешқандай мастер-класстарға бармадым, әшейін өре берем. Анютаға қатты көмектескім келеді.

— Әзірше өзім ақша таппағандықтан кішкентай қызға бірдеңе қылып көмектескім келді. Ең бастысы жақсы болады деп ойлау керек.

Алуа, 14 жаста

— Мен жәрмеңкеге жасөспірімдер, балалар және ересектер көп келетінін білгендіктен көпшілік сүйетін Гарри Поттердің бейнесін қолданғым келді. Мен сүттен жасалған сыра, асқабақ шырыны және  мүкжидектен жасалған коктейль дайындадым. Кішкентай баланың өмірін аман есен алып қалып, көмектескіміз келді. Орасан зор моральдік қанағат алдым.

— Балалр ешқашан ауырмаса екен деп тілер едім. Бірақ бұндай тілегім ешқашан орындалмайтын шығар. Балалардың хал үстінде жатуы әділетсіз!

Мирасбек, 16 жаста

— Менің хоббиім — суретке түсіру. Бір жылдай уақыттан бері осымен айналысып келемін. Осы стендте менің, Алуаның және Томиристің суреттері қойылған. Суреттер әлемнің әр түкпірінде жасалған. Мен адамдарға көмектескенді ұнатамын. Әрбір адам басқаларды түсінетін әрі төзімді болуы керек деп ойлаймын. Мен Анютаны алғаш көргенімде, жүрегім қайғыдан қарсы айырылды, дереу оған көмектескім келді.

— Мен бар жүрегіммен Анютаға көмектескім келеді және қажетті ақшаны жинайтынымызға сенемін. Жағдайды сәл болса да өзгерту үшін біздің қолымыздан келері осы ғана. Кәшкентай нәрестеге көмектесе алатын басқа да адамдар болса қосылса екен деймін.

Балалар 381 000 теңге жинады. Кішкентай батырлардың мұндай ерлігі мақтан тұтарлық.

Егер сіз басқаның қайғысы деп бөлмей, Анна Казанцеваға көмектесе алсаңыз, келіңіз тағы бір періштеге өмір сыйлайық!

Бөліс
Екатерина Лейман
Екатерина Лейман
журналист Vox Populi
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000