VOX POPULI voxpopuli 7 марта, 2015 08:00

KAZNET SPORT: Журналистер мен пиарщиктер пинг понг ойнады

Жанна Ахметова
Жанна Ахметова
Фото: Сергей Панин
2015 жылдың 1 наурызында KAZNET SPORT мұрындық болған стол теннисінен екінші спорттық турнир өтті. Турнирге танымал блоггерлер, БАҚ өкілдері мен PR саласының мамандары қатысты. Vox Populi командасының атынан бас редактор Жанна Ахметова қатысты.
Александр Цой
Александр Цой
Суретті түсірген: Сергей Панин

Жарыстар қазақстандық блоггерлер Александра Цой мен Думан Капасовтың бастамасымен ұйымдастырылды, ал ҚР стол теннисі федерациясы белсенді демеушілік көрсетті.

Валентина Успанова, стол теннисінен ҚР спорт шебері, бас төреші болды.

Көптеген қатысушылар, өздерінің айтуы бойынша көптен бері қолдарына ракетка алмаған екен.

Араларында ара-сара пинг-понг ойнап тұратындар да болды.

Сөйтіп, теннистен достық кездесуде әйелдер арасында жеңімпаз болғандар Анна Шелепова (1 орын), Анна Осипова (2 орын) және Алия Батырбекова (3 орын).

Көрермендер сүйіспеншілігі сыйлығы біздің бас редакторымыз Жанна Ахметоваға бұйырды. Жарыстың ертесі күні Vox Populi редакциясы жүлдеге берген – гамак пен өзімен бірге алып жүретін тоңазытқышты алып қуанып отырды.

Ерлер арасында жеңімпаздар болып Александр Цой (1 орын), Павел Токарчук (2 орын) және Вячеслав Попов (3 орын) танылды.

Александр Цой и Думан Капасов
Александр Цой және Думан Капасов
Суретті түсірген: Сергей Панин

– Осы турнирге келіп, оған қолдау көрсеткендерге алғысымды білдіргім келеді. Сіздер - салауатты өмір салтының нағыз үлгісісіздер. Жас ұрпақ сіздерден үлгі алып, рухы биік азаматтар болып, еліміздің өркендеуіне бар үлесін қосады деп үміттенемін..

Спорт тек қана тән мен жанды шынықтырып қоймай, дені сау ел құруда зор роль ойнайды. Біздің БАҚ өкілдері мен PR-мамандар спортты насихаттауда көбірек атсалысады деп ойлаймын.

Турнир туралы айтқанда, мен осы жарысты қолдап, демеу көрсеткен достарымызға алғыс айтқым келеді: Вячеслава Попов пен Анна Осипова besmart.kz компаниясынан, Юрий Дорохов пен insight media компаниясын, vox populi мен headline.kz порталдарын, Аquatell мен "Телемастерская" продакшн-студиясын . Жеке алғыс – "Болат Қажыақбарға, – деп жазады өзінің Facebook парақшасында "Қазақстан велоқоғамы" басшысы Думан Капасов.

KAZNET SPORT-тың футболдан алғашқы спорт турнирі 2014 жылдың 15 қарашасында өткен болатын. Онда Instagram командасын Facebook командасы жеңген болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша,үстіміздегі жылы Қазақстанның бірнеше қалаларында спорттың басқа түрлерінен де турнирлер өткізу жоспарланып отыр.

Бөліс
voxpopuli
voxpopuli
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000