VOX POPULI Екатерина Лейман 23 сентября, 2015 12:00

«Камера! Мотор!», немесе Сәлем, Дуня Пападу

«Камера! Мотор!», немесе Сәлем, Дуня Пападу
Фото: Мухтар Жиренов
Осы бір нәп-нәзік және кіп-кішкентай қыздың ішінде үлкен талант жасырынып жатыр. ДАша Аманғалиева қазір Дуня Пападу сияқты өте белгілі, Vox Populi журналистеріне сұқбат берді, өзінің stop-motion бейне түсірілімдеріне қалай келгенін, ғаламтор оқырмандарының арасында кеңінен таралған боялған банандары туралы айтып берді.

Даша Амангалиева
Даша Амангалиева

Мен жарнамамен айналысатын болғандықтан, өзіме ұнамайтын заттармен ешқашан айналыспаймын. Жақсы дизайнның он қағидасы бойынша айтқанда "Өзіңе ұнамаған іспен ешқашан айналыспа".  

Дашаның сөзі бойынша, банандарды бояды өзі өнер түріне баламайды. Дегенмен, бірнешеуін алып келіп, бізге бояп көрсетіңізші деген өтінішімізді жерге тастамады. Содан соң, Даша банандарымен, біз фотографшымызбен бірге отырдық. Біздің кездесуіміз өте тартымды, кқбіне бола бермейтін оңай өтіп кетті.

Біз ең бірінші "Дуня" деп аталатын лақап аттан бастасақ:

— Лақап ат шабытқа тез үйреніп кету үшін қойылған. Мен өз өнерімді өзіммен өлшемеймін. Бұл меніңше еркелік болып есептелінетін шығар. Өмірде мен - дашамын, ал өнерде - Дунямын. Бұлай бөліну мен үшін қиындық туғызбайды. Егер мен Даша болсам Қазақстан үшін үлкен істер атқаруым керек болады, а мұнда өзімнің лақап атым арқылы ғаламтордың еркесіне айналдым. Біз бірде, сен я озасың, я опық жисің, деп қалжыңдағанбыз. Тегім етістік ретінде қалдырылды.

Бойжеткеннің лақап аты ғана емес, сонымен қатар айналысатын ісі де өзгеше. Дуня stop-motion деп аталатын роликтер түсіреді, оның мақсаты суретке түсіріліп алынған кадрлардан анимациялық қойылымдар құрастыру. Бірақ, бұл туралы кейінірек.

 Дуня Пападу мамандығы бойынша — дизайнер, бірақ әзірге үйреншікті ісінен өол үзе тұрып, өзінің қолтаңбасын қалдырғысы келетін іспен айналысқанды жқн көрген.  

— Бала кезімде ата-анам, суретшілер көп ақша таппайды, - дейтін. Менің есепші болуымды қалады, бірақ артынан менің оңайлықпен көнбейтінімді біліп, қыстамайтын болды. Тоғызыншы сыныптан бастап мен шығармашылықпен ден қойып айналыса бастадым. Ата-анамның қарсылығын жеңдім. Олар әлі күнге таң қалып жүр: "Саған осы үшін ақша төлей ме? Рас па?" - деп таң-тамаша болады. Ата-анам маған таң қалады, дегенмен мақтан тұтады. 50-60 жылдардың адамдары үшін ғаламтор таңсық нәрсе, олар үшін ол әлі түсініксіз дүние. Қазір біз түсінісіп келеміз.

Қазір Даша Амангалиева  SMM айналысады — тауарларын Instagram арқылы таратуда. Қазіргі таңда ол жарнаманың ең тез таралатын түрі, адамдар ақпаратты тек сурет арқылы көруден жалыққан. Тапсырыс берушілер Дуняны ғаламтордағы түсірген бейне роликтері арқылы тауып алады. Бойжеткен келісімшарт негізінде жұмыс істегенді жөн санайды. Көбінесе іскерлік келісімдер үш-төрт роликтің төңірегінде болады.

— Мен атақты фотограф болуды армандайтынмын. Көптеген суреттер түсірдім. Бұдан бөлек мен той суреттерін түсірумен айналысамын. Бірде мен тапсырыс берушімен тойды түсіруге келістім, алайда ол күндізгі уақытта болуы тиіс етін. Оларды күтумен үш сағат уақыт қтті, аңбыр басталды, күн қарайып кетті. Ал менің жарық беретін құрылғызы бар фотоапаратым болмағандықтан, не бар сонымен түсіре бердім. Олар ең алдымен бағаны түсіріп жіберді, бар болғаны 10 000 теңге ғана береміз деді. Оның үстіне менің жігітімнің ағасы да бағаны бұзды. Ең соңында болмайтын ақша ғана қалды. Кейін суреттер оларға әрине ұнамай қалды, себебі, жаңбырда оның үстінде қараңғыда түсірілген суреттер тиісінше нашар сапамен шықты. Содан кейін мен жарты жыл камераны қолыма алмай кеттім. Тек қолмен сурет салатын болдым. Қазір ашуым басылды, өз қателігімді түсіндім: әрқашанда өз мақсатыңа қол жеткізу жолында: жинақы, табанды, батыл болу керектігін ұқтым.  

 



Бұдан кейін Дунидің назары бейнеге ауады.

— Бейне роликтердің алғашқылары қызықсыз формада жасалды, сонда тапсырыс беруші "Мен саған көп ақша төлей алмаймын, не істесең оны істе" деді. Бұл өте еркін тақырыпта жасалған дүние болатын. Маған өте аз төлейтін, дегенмен мен өзім не көрсем соны бейнеге түсіретін болдым. Бұл Click&Grow гаджеті болды. Мен өзімнің бастығыма stop-motion жасауды ұсындым, сосын бұл жұмысымыз айналымға еніп кетті. Бұл ролик ең көп лайк жинаған бейне-жазба болды, өйткені ол шын жүректен жасалған дүние болатын.  



Бұл бейнелерді жасау үшін Дашаға әдеттегі ресесйлік роликтер көмектесті.

— Қазақстанда бқл іспен айналысып жүрген жастар өте көп. Бісекелестер өте көп, дегенмен біз нарықты бөлісе білеміз, - дейді Дуня Пападу.



Бейнеролик түсіру үшін фон таңдалып алынады, фотоапарат дайындалады, суреттің кейбір тұстары қолдан салынады, сосын түсіріледі. Ең басты элемент - сценарий. Ол ең майда бөлшектеріне дейін өлшеніп, сызылып алынуы қажет. Бойжеткен адамдарды жалықтырмайтын роликтер түсіргісі келеді. Түсіріліп алынған бейнелерді  Adobe Premier Pro бағдарламасында редакциялайды.

— Менің жігітім, Паша маған мантаж жасауға көмектеседі, біз екеуміз де осы саланың маманымыз, - дейді  Даша Амангалиева.



Мынандай бейнероликті түсіру үшін бар-жоғы бір сағат уақыт кетеді. Бірақ, өажетті заттарды орналастыру, сәйкес келетін фон мен декарацияны даярлау біраз уақытты алады. Дашаның жұмыс кестесі өзіне өте ыңғайланған, тапсырыс берушілер жазған кезде немесе хабарласқан кезде ол ұйықтайтын киімімен, үйде монитордың алдында отыруы мүмкін.



Даша әр кез, жаңа бейнебаянын түсіретін кезде, өзінің жұмысын қиындатады. Себебі, ізденіс, қиындықты жеңу, оқу, үйрену, адамға шабыт береді, одан шығатын қорытынды...



— Құлаққа ұрғандай тыныштықта жұмысжасағанды ұнатамын. Ал роликке қажетті музыканы таңдағанда өте сақ боламын, себебі, роликтің сәтті шығуының 80% музыкаға байланысты. Кейде, дайын дыбыстар ұнамаса, дыбысты өзіміз жазатын сәттер болады, - дейді бізге суретші.

Техникалық жағынан ең қиыны - сурет. Ең бастысы өзіңнің стилінді табы, дәл қазіргі уақытта Дуня сонымен айналысып жүр. Бейне, фото және сурет салғанда әрқашан адам өзін  іздеуі керек. Ең басты қорытынды - жігітінің мақұлдауы.

- Бұрын сынағаны үшін жылап қалатынмын, өазір сынға түсіністікпен қараймын. Тапсырыс берушілер, мен оларға тек жақсы дүние ұсынатыныма сенеді - дейді Даша.

— Паша төзімді және парасатты, ал мен - апыр-топыр, шыдамсызбын. Паша менің суреттерімнің сыншысы, бейнелерімнің сыншысы мен кеңесшісі. Мен кейде одан: Мен қабырғаға қатты соғыссам, қабырғада киімдерім қалып қалуы мүмкін бе? - деп сұраймын. Ал ол болса маған, ол үшін жилкамен киімдеріңді қабырғаға іліп қойып, керек кезінде тартып қалу керек - деп әзілдейді. 

Бейнеролик үнемі ойлағанымыздай шыға бермейді. Дарияның ойында біршама нақтырақ, әдемірек кқрінетін бейнелер шындықпен жанаспай қалады. Бұл бойжеткенді біршама шапшаң болуға, жоғары болуға жетелейді.


Рисунки Даши Амангалиевой на бананах
Даша Амангалиеваның банандарға салған суреттері.

Студент болмай тұрып Даша дизайнер болып жұмыс жасаған, сондықтан да университетте сабақтан көп қалатын.

— Мен университтен гөрі жұмыстан көп нәрсе үйренетінмін, бір күні мені оқудан шығарып жіберді. Одан кейін көбірек жұмыс жасауға тура келді, себебі келесі оқуларымның ақысын төлеуім керек болды. Мен қайтадан сабағыма оралдым, бірақ оқытушылар мені бірден қабылдай қоймады, қайта оқытқылары келді. Бұл фактор маған ұнаған жоқ, бірақ жігерлендірді.

Бір кездері жүздеген аудиторияны қызықтырған банандар туралы Даша былай дейді:

— Ол кезде менің қолымда қағаз болмай қалды. Және өзім де "О, керемет!" деп ойладым. Неге екенін білмеймін, халыққа бұл қатты ұнады.



— Мен жарнамамен айналысатын болғандықтан, өзіме ұнамайтын заттармен ешқашан айналыспаймын. Жақсы дизайнның он қағидасы бойынша айтқанда "Өзіңе ұнамаған іспен ешқашан айналыспа". — дейді Пападу.

— Менің өзімінің қаламды өте жақсы көремін, тауларсыз өмір сүре аламаймын. YouTube-та арна ашып Алматы туралы ролик түсіргім келеді. Бірде Etage журналы ұйымдастырған байқауға қатыстым, ол жерде адамды таң қалдыратын сурет түсіру керек болған. Хэштег бойынша кіріп көрдім, көптеген керемет суреттер түркеліп үлгеріпті, мен де үлес қосуым керек деп шештім. Мен бір ғана бос күнім болған, сонымен мен целлофаннан жасалған көйлек, ғарышкер және тау жасадым. Менің жолым болып, жеңіп кеттім.

— Мен қанша уақыт ролик түсіріп жүретінімді білмеймін. Мен өз қолыммен заттар жасағанды ұнатамын. Бұл үдеріс менің қолымды босатпайды. Мен дизайнер болып жұмыс істеп жүргенде, өзімді еркін сезінбейтінмін - дейді өз ойымен бөліскен Дуня.  



Арнайы біз үшін Дуня Пападу «Vox Populi журналистінің жұмысы» деген атпен  stop-motion түсірді, ол бізді өте таңқалдырды. Сіздер де қарап көріңіздер.

Даша бізді өзінің таңқаларлықтай, қайталанбайтын, әдемі, көркем жұмыстарымен әлі де таңқалдырады деп сенеміз.  

Бөліс
Екатерина Лейман
Екатерина Лейман
журналист Vox Populi
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000