VOX POPULI Бахытгуль Журкабаева Эльвира Абдусалямова Тимур Батыршин 2 января, 2015 10:03

ЖАҢА ЖЫЛ – ЖАҢА ӨМІР: МАҚСАТТАРДЫ ҚАЛАЙ ҚОЮ КЕРЕК ЖӘНЕ ОЛАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ

Редакция Vox Populi
Редакция Vox Populi
Фото: voxpopuli.kz
Әр адам жаңа жылдық түнде өткен жылдың нәтижелерін есептеп, қарар шығарады – өз өзіне жақсарам деген уәде береді: темекі шегуді тастау, азу, ақырында ағылшын тілін үйрену, спортпен шұғылдану, ақшаны құртуды доғару. Мәліметтерге қарағанда, адамдардың арасында тек 8% сол уәделерді орындайды екен.

Vox Populi редакциясы 2015 жыл бойы болатын тәжірибе бастайды. Редакцияның тоғыз қызметкерлері өз алдына мақсат қойды – бір әдетті меңгеру. Одан не шығатынын көреміз.   


Святослав Антонов научится профессионально фотографировать
Святослав Антонов кәсіпті суретке түсіруді үйренеді.

Святослав Антонов, тілші:

— Мен суретке алуды үйренгім келіп тұр, өйткені бұл менің кәсіптік жұмысыма өте пайдалы. Келешекте маған көмегі өте зор болады. Бұдан бөлек қарағанда, бұл өте қызық, шығармашылық әлеуетті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Соған қоса, сурет – жақсы келешекке бағытталуы. Соңғы жағдайда, басқа жұмыс болмаса, әр қашан суретші болып жұмыс істеуге болады. 


Александр Хамрик – за год намерен встать на сноуборд
Александр Хамрик – бір жылдың ішінде сноубордқа тұрмақшы.

Александр Хамрик, шығарушы редактор:

— Мен тау жоқ аумақта өскенмін, сондықтан қысқы спорт түрлерімен шұғылдану деген ойыма да келмеген. Алматыға келіп, тауларды көрген соң, мен сноубордқа тұру жақсы болады деп, шештім. Алматыда маған көмекке келген адамдар бар болғаны жақсы болды. Менің қолымнан бәрі келетініне сенемін және аз уақыттың ішінде таудың бөктерінен қатты жылдамдықпен ұшамын.


Дина Берентаева – должна научиться хорошо играть на фортепиано
Дина Берентаева – фортепианода жақсы ойнауды үйрену керек.


Дина Берентаева, менеджер по продажам:

Дина Берентаева, сауда менеджері:

 — Мен бұрында әуен сабақтарына баратын едім, бірақ енді жалғастырып, еселеп айналысқым келеді. Ұнайтын шығармаларды емін-еркін ойнағым келеді. 


Вероника Полбина – будет брать уроки вокала
Вероника Полбина – вокал сабақтарына қатысады


Вероника Полбина, фототілші:

—Мен ылғида әншілік қабілетім бар екен деп ойлайтын едім. Достарыммен бірге караокеге барған кездерде, олар менің даусым әдемі деп, айтатын еді, алайда мен онымен қолдана алмаймын. Бір топта кәсіпті ән айтатын құрбым, маған дұрыс ән айтуды үйрену үшін оның сабақтарына кел деп айтатын еді. Ол мені нота арқылы ән айтуды үйретуге дайын.


Тимур Батыршин – решительно настроен выучить английский язык
Тимур Батыршин – ағылшын тілін үйренуге бел буды  

Тимур Батыршин,  фототілші:

—Ағылшын тілі бәріне қажет екендігінен бастаймыз! Қаншалықты тілді үйренуден алыстатсам, соншалықты оны меңгеруін қажет екенін түсінемін: әңгімелесуге де болады, саяхаттау барысында пайдалануға да болады және шетелдік серіктестерімен байланыста болуға пайдалы. Ағылшын тілді білу өте қажет!


Эльвира Абдусалямова – научится водить и получит права
Эльвира Абдусалямова – машина жүргізуді үйрену және жүргізушілік куәлік алу

Эльвира Абдусалямова, журналист:

—Мен көптен бері жеке көлік туралы ойланып жүрдім. Өз мамандығымның салдарынан қарағанда бұл менің арманым немесе қалауым емес, бұл қажеттілік. Әрине, үйренуге бір жыл кетпейді, алайда ең жақсысын тауып, жылдың соңына дейін көлік жүргізу құқығын мақтанышпен қолымда ұстағым келеді. Менің қолымнан келеді, деп үміттенемін :)


Екатерина Лейман – научится рисовать
Екатерина Лейман – сурет салуды үйрену

Екатерина Лейман, журналист:

—Кішкентай кезімде мен тек тотыны сала алдым, ал мектепте маған әкем көмектесетін еді. Тіпті контур картаны бірге салатын едік. Қазір мен өз қиялдарымды қағазға өткізу үшін, сурет салуды үйренгім келеді. Бірақ дәл нені салғым келетінін әлі білмеймін: сурет өнері, академиялық сурет немесе басқа нәрсе. Маған сәттілік тілеңдер!


Акмарал Жайлыбаева – будет читать по 1 книге в неделю (всего 52 книги)
Акмарал Жайлыбаева – бір аптада бір кітап оқиды (барлығы 52 кітап)

Акмарал Жайлыбаева, журналшы:

—Балалық шағымнан бастап мен кітап оқуды ұнатамын. Ата-анам мені  жиі мектептен кейін таба алмайтын еді: мен қызық кітап оқып, мектеп кітапханасында қалатын едім. Біздің үйде ғаламтор пайда болған соң, мен кітаптар туралы ұмыттым. Менде оқу, ғаламтор болған ... кітаптарға уақыт болмаған. Мен 52 кітаптан тізім жасадым және бос уақыт кезінде оқимын: жұмыстан соң, автобуста, түскі аста. Бұл үшін мен өзіме сыйлық жасадым – электронды кітап.


Бахытгуль Журкабаева – начнет занимать спортом
Бахыткүл Журкабаева – спортпен шұғылдануды бастайды

Бахыткүл Журкабаева, бас редактор:

—Менің жаңа жылдық қарарым – спортпен шұғылдану. Мақсатым – спортты жақсы меңгеру. Мен әлі қай спорт түрімен шұғылданатынымды шешпедім: жүгіру немесе фитнес, әлде балалық шағымда айналысқан биге оралу.  


Редакцияның кеңестері

Өзіңізге қандай жаңа жылдық уәде бердіңіз? Жаңа жылдан соң қалай пайдалы бастамаларды бастау және сол уәделерді нәтижелеу?

Жаңа жылдық уәделерді мақсаттар мен міндетке бөлгеннен бастаңыздар, содан кейін кішігірім жоспар жазыңыз. Өзіңіз үшін мақсатқа жақындататын аралық нәтижелерді анықтаңыз. Жоспарыңызды күнделікке көшіріп оны қадағалауыңыз керек.


Автор: moleskinerie.com

Батылды болып, өзіңіздің қарарларыңызбен әлеуметтік торда бөлісіңіз. Мамандардың айтуы бойынша, табыстың мүмкіндігі 3 есеге өседі.

Ағылшын тілінің курстары немесе спорт клубының мүшелігі – арзан ғанибет емес. Бір жыл алдын төлеп қойғаныңыз абзал, өйткені ақшаның құртуы – уәделерді орындауға жақсы мүмкіндік береді.

Егер сіз құрылған жоспардан шығып кетсеңіз – оған олқылық сияқты қарап, бастағаныңыздан бас таратпаңыз. Жағымсыз тәжірибе – ол да тәжірибе. Қателеріңізді есептеп, жоспарыңызды түзетіңіз.

Қол жетпейтін мақсаттар жоқ – жалқаулықтың жоғарғы коэффиценті, ұғымдылықтың жеткіліксіздігі және сылтаулардың қоры бар. Сондықтан, достар, өз бақытыңызға алға!

Елена Веснина, теннисші

Экспериментке қатысыңыз

Vox Populi редакциясы өз оқырмандарына экспериментке қосылуды ұсынады. Егер сіз 2015 жылда жақсарып, мақсаттарыңызды жүзеге асырам десеңіз – біз сізді қолдауға дайынбыз. red@voxpopuli.kz жазсаңыз, біз бірге сіздің кішігірім жаңа жылдық уәделеріңізді нәтижелейміз. Жаңа жылыңызбен! 

Бөліс
Бахытгуль Журкабаева
Бахытгуль Журкабаева
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000