VOX POPULI Святослав Антонов 12 сентября, 2016 14:00

Құрбан Айт мейрамының тарихы

Құрбан Айт мейрамының тарихы
Фото: Фото из свободного доступа в интернете
Бүгін бүкіл мұсылман халықтары исламдағы ең басты мейрам - Құрбан Айтты тойлауда. Бүгін біз осы мейрамның шығу тарихы, ерекшелігі, діндарлар үшін ұстанатын қағидарлары мен әр халықта тойлану салттары туралы айтып бермекпіз.

Колонна Траяна в Риме
Римдегі Траян Колоннасы 

Құрбан шалудың әртүрлі діндердегі тарихы туралы

Құрбан шалу діни мәдениеттің ең көне және формасы жағынан ең көп тараған түрі болып есептелінеді. Ол қазіргі діндер пайда болмай тұрып көп уақыт бұрын, анимизснің алғашқы түрлері пайда бола бастағанда, полеолит заманында пайда болған. Көне заманғы адамдардың түсінігі бойынша бұл салт табиғаттың рухы мен ата-бабалырының рухын тыныштандыру үшін жасалған. Бұдан ертеректе құрбан шалу әлем халықтарының діни сенімдерінің біріне айналып кетеді.  Ежелгі Египетте көптеген құдайлардың мазарларын белгілі бір жануардың бейнесімен бейнелеуімен байланыстырған. Мысалы, отбасы ұтқысы мен жемісінің құдайы деп саналатын Бастеттің басы мысықтың басы іспеттес жасалып, құрбандыққа мысық шалынатын болған. Күн құдайы Гораның құрметіне сұңқардың басы бейнеленген, ал қолтырауындардың құдайы Себектің құрметіне бауырымен жорғалаушылар құрбандыққа шалынатын болған.

Грекия мен Римде құрбандық шалу құдайдың мейіріміне бөлену және құдайларды орналастыру деп  саналған. Антикалық мәдениет қан шығарып құрбан шалу және қан шығармай құрбан шалу деп бөлген. Қан шығармай құрбан шалуға рақымшылық жасау, сонымен қатар мезрабқа сұйықтық құю (көбінесе шарап) жатады. Қан шығарып құрбандық шалу ерекше жағдайларға немесе белгілі бір мерекелерге байланысты жасалынған. Құрбандыққа шалытантын жануар белгілі бір құдайдың құрметіне байланысты таңдалған. Деметра үшін құрбандыққа шошқа шалынса, Дионис үшін ешкі шалынатын болған, себебі, шошқа егістікке зиян келтірсе, ешкі жүзімге зиян әкеледі деп есептелген. Жаппай және мерекелі құрбан шалу дәстүрін - гекатомб деп атаған.  Бір мезгілде жүз бас өгізді бауыздауды да солай атаған.  Ондай салтты соғыс кезінде немесе эпидемия кездерінде жасаған. Гректердің түсінігі бойынша, құрбандыққа шалынатын жануарлар белгілі бір тәртіпке сай болуы керек болған, мысалы, дені сау болуы, семіз болуы керек және де шаруашылықта пайдаланылып жүрген мал болмауы керек.

Құрбандық шалу дәстүрі сонымен қатар, Мезоамерика халықтарының арасында кең таралған. Мысалы, маялықтардың ол жыл сайынғы мейрамы мен салтына айналып кеткен.


Человеческое жертвоприношение у ацтеков
Ацтектердің адамды құрбандыққа шалулары

Белгілі бір уақыттарда кейбір халықтардың арасында адамды құрбандыққа шалу салты болған. Финикия мен Карфагендер құдайдың құрметіне баланы құрбандыққа шалатын болған. Гректердің ертедегі тарихында мистикалық мейрамдар кезінде адамдарды құрбандыққа шалатын болған, мысалы, Дионистің ұйымында құдайдың қаһарын қайтару үшін де адамды құрбандыққа шалған. Римде көбінесе құрбандыққа қылмыскерлер мен құлдарды шалған. Бұл салт б.э.д. 97 жылы жасалынған. Адамды құрбандыққа шалушылардың ең көбі ацтектер болған. Олардың түсінігі бойынша адам қанын шығару, құдайды қолдау деп есептелінген. Құрбандықты белгілі бір арнайы күндерде немесе мейрамдарда, белгілі бір оқиғаарға байлнысты шалған. Кейбір мәліметтерге сүйенсек ацтектер барлығы шамамен 136 мың адамды құрбандыққа шалған дейді.

Монотеистік діндерде, тілдік сенімдерге қарағанда,  құрбандық шалу дәстүрі біршама символикалық түрде жасалған. Көптеген уақыт құрбан шалу еврейлік шіркеу қызметкерлерінің негізі болып есептелінген. Иудалықтар үшін құрбандық шалу күнәдан тазару мен оны жуудығ құралы болып саналған. Христиандарда құрбандық шалу басқаша формада жасалған, олар құрбандық шалу деген Христің денесі мен қанын құпия түрде жеу деп түсінген.  



Ибрахим приносит в жертву своего сына
Ибрахим өзінің ұлын құрбандыққа шалмақшы 

Құрбан Айт мейрамының пайда болу тарихы

Біз Құрбан Айт деп атап жүрген, мұсылмандардың Ид аль-адха мейрамы хиджраның екінші жылы (мұсылмандардың жылсанауы), яғни 624 жылдан діннің бір бөлігі ретінде тойлана бастады.  Сенім бойынша, оны Пайғамбарымыз Мұхаммедтің өзі, өзіне жол көрсетуші  Ибрахим Пайғамбарды еске алу құрметіне жасаған.  Мейрамның пайда болу тарихы туралы, оны тойлаудың салттары жайында Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Таяу және Орта Шығыс елдері бөлімінің меңерушісі, тарих ғылымдарының докторы Заур Гафурович Джалилов тарқатып, айтып береді:

— Бұл мейрамның пайда болуы, библия салтында Авраам деген атпен белгілі, Ибрахим Пайғамбардың өмірі мен әрекетіме байланысты. Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Ибрахим бір ғана құдайға сенуші, яғни ханиф болған.  Ол өзінің халқына тілдік сенімдердің тұрақты емес тігін түсіндіруге тырысқан, яғни күн, жұлдыздар, ай да күнде өзгереді, сондықтан да оларға құдай ретінде сыйынбау керек деп түсіндірген. Аңыз бойынша, оның әкесі Азар өзінің қоластындағылармен қаладан басқа жаққа кеткен кезде, ол мешітке кіріп, ең негізгі таңбаны қалдырып, қалғандарын сындырып тастайды. Адамдар Ибрахимге сенбейді, сондықтан ол иконға сенуге болмайтындығын дәлелдегісі келеді. Оны қоғамнан қудалайды. Одан кейін Ибрахим өзінің баласы екеуі Меккедегі мұсылмандар үшін ең киелі саналатын Қағбаны салады да, өздері соның шырақшысы болып қалады.

Құран бойынша, Құрбан Айт өзінің бастауын Алланың Ибрахимге жіберген сынағынан кейін пайда болған. Пайғамбар, 86 жасына дейін бала сүймеген көрінеді, тек 86 жасқа келгенде ғана бірінші ұлі Исмаил дүниеге келеді. Бір күні Ибрахим түсінде Алланы көреді, ол оған жалғыз ұлын құрбандыққа шалуды өтінеді. Алланың өтінішіне қарсы келе алмаған Пайғамбар қазіргі Мекке қаласы тұрған жерге, яғни Мина өзенінің жағасына келеді. Осында барлық дайындықтарды жасайды. Әкесі сияқты Аллаға берілген Исмаил әкесіне қарсы келмейді. Пайғамбар енді салтты жасай бергенде Алла оны тоқтатып, сен менің сынағымнан өттің, маған шын берілгендігіңді дәлелдедің дейді. Сөйтіп құрбандыққа шалуға қой береді. Содан бастап Құрбан Айтта құрбандыққа қой шалу дәстүрі басталыпты.

Құрбан Айтты тойлау және құрбан шалу салты Орталық Азияда ислам дінінің келуімен бірге тараған. Ол Х-ХІІІ ғасырларда етек алған. Бұл салт көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халық үшін таңсық болмайды.

Қазақтардың алғаш Құрбан Айтты тойлаулары туралы ақпараттар ХІХ ғасырдағы орыс жазбаларында да кездеседі.


Мейрамның мазмұны

Мұсылман халықтары Ид аль-адха (Құрбан Айт) мейрамын әр түрлі тойлайды. Дегенмен, барлығына ортақ нәрсе Алланың разылығы үшін құрбандық шалу. Құранда былай делінген:

"Аллаға құрбандықтың еті де, қаны да жетпейді, Аллаға сіздердің сенімдеріңіз ғана жетеді. Алла сіздерді тура жолға салушы, ал сен оны өзіңнің ізгі істеріңмен қуандыр! "


Стояние на горе Арафат
Арафат тауына жиылған қауым

— Мейрамның мазмұны Құдайға жақынау, оған тіл қату. Орта Азия халықтарының салты бойынша мейрамның діни мазмұнынан бөлек гумандық аспектілеріне де көңіл бөлінеді. Құрбан Айт күні адамдар Аллаға жалбарынудан бөлек, туыстарына қамқорлық жасап, жағдайы төмен отбасыларына көмек қолын созулары керек. Құрбандықтың үштен бірі жағдайы төмен отбасыларға таратылады, - дейді Заур Гафурович.


Кааба в Мекке
Меккедегі Қағба

Бұдан бөлек Ид аль-адха мұсылмандардың Меккеге қажылық жасауымен тікелей байланысты, Мейрамға бір күн қалған кезде Меккеде қажылық етушілер Арафат тауына шығады. Құрбан шалу күні олар Қағбаны жеті рет айналып, бейнелі түрде шайтанды таспен қуалайды.



Праздничная молитва в мечети Алматы
Алматы  қаласының мешітіндегі Айт намазы

Құрбан Айтты тойлаудығ салт-дәстүрлері

Бұл мейрам Ид аль-Фитр оразасынан кейін 70 күннен кейін, Зуль-хиджа айының 10-шы күні тойланады. Құрбан Айттың негізгі салты құрбан шалу және Айт намазы. Мейрамның бұл салты барлық мұсылман халықтарында бірдей жасалады.

Мейрамнан бір күн бұрын, яғни арапа күні ораза ұстау салты бар (бірақ Меккеде қажылықта жүргендер ұстамайды). Ид аль-адха бір күн бұрын күн батқаннан кейін Алланың разылығы үшін дауыстап тахбир оқылады. Құрбан Айтты тойлау таң ата басталады. Намаздан бұрын адамдар хасұл алып, қырынып, таза киімдерін киіп дайындалады. Сонымен қатар, адам иіс су сеуіп баруына болады.  

Осы күні мешітте ид-намаз, яғни Айт намазы оқылады. Намаз көпшілікпен бірге, екі ракаат (намаздағы айтылатын сөздер реті мен әрекеттер)  оқылады. Ид-намаздың юасында "Аллаху акбар" деген сөз дауыстап айтылады: "Мен Алланың разылығы үшін, Құрбан мейрамының құрметіне екі ракаат  намаз оқимын".

Намаздан кейін діндарлар топ-топқа бөлініп, көшелерді айналып, Аллаға мадақ айтады. Одан кейңн олар мешітке қайта келіп немесе арнайы алаңға жиналып, молалар құрбан шалу мен қажылық жасаудың  мазмұны туралы уағыз айтады. Осыдан кейін ғана, адамдар құрбандықтарын шалады.

Ислам заңдылықтарына сәйкес құрбандыққа қой немесе ешкі (бір жастан үлкен), сиыр (екі жастан үлкен) және бес жасар түйеден үлкен малдар шалынады. Құрбандыққа соқыр, ақсақ, ауру-сырқау, мүйізі қырқылған, құйрығы мен құлағы кесілген малдарды шалуға болмайды.

Құрбан шалмастан бұрын мұсылман пышағын өткірлеп, қайрауы керек (оны құрбандыққа шалынатын малдың көзінше қайрауға болмайды), сонымен қатар құрбан шалынатын малды өз отарынан басқа жерде бауыздау керек.

Салтты жасамас бұрын мұсылман өзінің не үшін құрбан шалып жатқандығы туралы сөзін айтады. Содан кейін такбир жасалады. Бауыздамас бұрын міндетті түрде фраза «Бисмилляхи, Аллаху акбар» деген сөз айтылады.

Құрбан шалу кезінде қойдың аяқтарын байлайды. Оның басы Меккеге қаратылады. Содан кейін малдың мойнындағы күре тамырын кесіп, қанын шығарып, бауыздайды. Құрбандықты бауыздағаннан кейін етін үлкен бөліп, бір бөлігін иесі өзі алады, бір бөлігін жағдайы нашар адамдарға таратады, үшінші бөлігін садаққа ретінде таратып жібереді.


Парад в честь праздника в Индонезии
Индонезияда мейрамды тойлау шеруі

— Дегенмен, әр мұсылман халықтарында Құрбан Айтты тойлаудың өзңндңк ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы, Мароккода, Индонезияда, Малайзияда Айтнамазынан кейңн адамдар көшеге шығып, ән айтып, би билейді екен. Бұл елдерде мейрам карнавал түрінде тойланады, - дейді Заур Джалилов.


Молитва в мечети Стамбула
Стамбул мешітіндегі намаз

— Түркияда барлығы классикалық қүрде жасалады екен. Тағы бір ерекшеліктері, сойылған малдың етінен кебаб дайындайды. Күйген кәуаптың иісі бүкіл қалаға тарайды,


Празднование в Афганистане
Ауғанстандағы мейрам

— Тәжікстан мен Ауғанстанда үйлерінде дастархан жайып, қонақ күтеді. Олар үйді-үйді аралап шығады, дегенмен жергілікті халықтың жағдайы төмен болғанықтан бірінің үйінен бірі ешнірсе алмайды.


Курбан Хаит в Узбекистане
Өзбекстандағы Құрбан Хаит

— Өзбекстанда бір күн бұрын ұннан түрлі тағамдар пісіріледі. Кешке үстелге мерекелік палау қойылады. Құрбан шалу күні адамдар кімнің үйінде жақын арада той өтті, сол үйге жиналады. Жас келін оларға мерекелік бай дастархан жаяды. Бұл жас келін үшін өзіндік сынақ болады. Одан бөлек адамдар, жақын арада қайтыс болған кісілердің үйдеріне де келіп, құран бағыштайды.

— Біздің елдің тұрғындары Орталық Азияның халыөтары секілді ханифат суфизмге жатады. Ханафат маххабы - исламдағы ең көп тарағаны. Ол жергілікті халықтардың салттарына негізделген исламдық бағыт. Шариғатта айтылғандай ханафитте  жергілікті салт-дәстүрлер де жасала береді. Мысалы, қазақтар Айт намазынан кейін көптеген мұсылмандар сияқты зират басына барады. Ал радикалды ислам бағытындағыларда бұл дәстүрге тиым салынған.

Қазақстанда құрбан Айтты тойлау көбінесе жергілікті салт-дістүрлермен астасып жатады. Бұрындары бұл күні ат шаптырылып, айтыстар ұйымдастырылып, көкпар, қыз қуу сияқты түрлі ойындар ойнатылып, бай дастархан жайылған. Адамдар бір-бірінің үйлеріне қонаққа барған. Қазіргі кезде де бұл салттар өз жалғасы табуда.


Біздің сайттың редакциясы еліміздің барлық мұсылмандарын Құрбан Айтпен құттықтайды!

Құрбан Айт құтты болсын!

Бөліс
Святослав Антонов
Святослав Антонов
Журналист, редактор раздела HISTORY
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000