VOX POPULI Екатерина Лейман 1 июня, 2015 16:55

Сен…ҰБТ-ға кетші!

Сен…ҰБТ-ға кетші!
Стресс, көз жасы, торығу, қорқыныш... Бүгінгі таңда бұл сөздер Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің синонимі болғандай. Әрбір мектеп оқушысы осы үш әріптен тұратын сөзден қорқады. 2015 жылғы түлектерді қолдау мақсатында Vox Populi журналистері Facebook әлеуметтік желісін белсенді қолданатындардың қатысуымен эксперимент жүргізуді жөн көрді. Бүгін біздің журналистер 11-ші сыныптағылар үрейленетін нәрсемен бетпе-бет кездеседі.

BTT_1144

Экспериментке еріктілердің қатарында 11 адам қатысты. Келгендердің барлығы өздерінің шаруалары мен қолы бос еместігіне қарамастан жексенбі күні уақыт тауып қатысуға батыл бел буды.

Мінекі біздің батыл экспериментаторларымыз!

Фото BTT_0968

Евгений Пак, 32 жаста, графикалық дизайнер

«Сынаққа өз күшімді сынауға келдім: өмірімде осыған ұқсас ештеңе жазып көрмептім, себебі емтихандарымды мен ескі жүйе бойынша тапсырғанмын. Маған бұл өте қызық!»

Фото BTT_0969

Шоқан  Құсаинов, 29 жаста, жаңа жобалардың басқарушы директоры

«Маған ҰБТ не екені қызық болып кетті. Өз басымнан өткізіп көрейін деп келіп отырмын».

Фото BTT_0972

Томирис Андарбаева, 17 жаста, 2015 жылдың түлегі

«Үлгі тестілерді жақсы жазамын, соңғысында 123 балл алдым. Мынаны да ойдағыдай жазамын деп ойлаймын!»

Фото BTT_0976

Ирина Абдулина, жасы айтылмайды, үй шаруасындағы әйел

«Биыл менің балам ҰБТ тапсырады, сондықтан да бұл мәселе күтпеген жерден өзекті болып қалды, себебі мектепте балаларға қатты қысым көрсетілуде. Мектепте мұғалімдер ҰБТ тапсыратын балаларды арнайы «құлатады», оларды қарапайым емтихан жазуға күштейді. Оған қоса ҰБТ жүйесінің өзі менің көңілімнен шықпайды. Мен өз басым осымен бетпе-бет кездестім, сол себептен де қызығушылық туды менде, онда қандай олқылықтардың барлығы...»

Фото BTT_0977

Нагима Ахметжанова, 32 жаста, заңгер

«Оз білімімінің деңгейін тексеруге, сұрақтардың дұрыстығын тексеруге келдім. Биыл құрбымның қызы ҰБТ тапсырады. Өз басымнан өткізіп, оны дұрыс бағытқа қоюға көмектескім келеді!»

Фото BTT_0978

Риза Сулейменова, 28 жаста, жарнама агенттігінде жұмыс істейді

«Көңілім қазір екіұдай. Алаңдаймын, бірақ менің нәтиже ештеңені шешпейтіндігін түсінемін. Бірақ қалай болғанда да мойнымдағы жауапкершіліктің жүгі ауыр».

Фото BTT_0980

Асхат Абжанов, 26 жаста, кәсіпкерлікпен айналысады және мектеп оқушыларына арналған мотивациялық тренингтер өткізеді

«ҰБТ тапсыруға байланысты мәселелермен өте тығыз байланыстамын, себебі оқушылардың осыған байланысты алатын стресс деңгейі өте жоғары. Саған ата-ана, мектеп мұғалімдері, директорлар, әкімшілік тарапынан болатын қысымдарға қарамастан қалыпты жағдайды қалай ұстауға болады? Барлығы да балалардың ең жоғары балл алғанын қалайды. Меніңше тест шын мәнісінде балалардың білімін анық көрсетпейді, мен соны дәлелдегім келеді!»

Фото BTT_0983

Дания Утеева, 20 жаста, студент, «Алтын белгі 2012» иегері

«3 жыл бұрынғы сезімдерімді еске түсіргім келеді. Өз білімімді де тексеруге ынтық болып тұрмын!»

Фото BTT_0984

Жазира Тоганбаева, 32 жаста, еркін суретші, әлеуметтік жобалармен және ерікті қызметпен айналысады

«Мен Facebook әлеуметтік желісін белсенді пайдаланатындардың қатарына жатамын, Жанна Ахметованың жаңалықтарына жазылғанмын. Ертеректе болса да, мектепте үздік оқығандықтан шақыруын қабыл алдым. Басымдағы білімімнің 15 жылдан кейінгі жағдайын білу қызық болып тұр, не қалды екен, нені ұмыттым екен».

Фото BTT_0986

Cаяжан Абирбек, 18 жаста, студент, 2014 жылдың түлегі

«Бұл өте жақсы тәжірибе және мен өзімнің жауаптарымның нәтижесін білгім келеді. Бір-ақ жыл өткендіктен, жақсы жазармын деп ойлаймын»

Фото_BTT_1015

Сынаққа қатысушылар, ыңғайлы орындарға жайғасып, тым-тырыс күтіп отырып қалды. Ең алдымен ережелерді түсіндіру керек болды. Тест сұрақтарын шешуге 210 минут беріледі. Осы уақыт ішінде қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және таңдауың бойынша бір пәннен келетін сұрақтарға жауап беру қажет.

Фото BTT_1011

Біз 2014 жылдың сұрақтары мен нақты тестте қолданылатынға барынша ұқсайтын жауап парақтарын дайындап қойғанбыз.

Фото BTT_1012

Дұрыс жауапты шеңберді бояу арқылы белгілейміз – осы жерде қиыншылықтар болады. Шеңберді бояу біраз уақыт алады және мұқият болуды қажет етеді. Қатысушылардың ешқайсысында жауап парағын толтыруға байланысты қиыншылықтар болмады.

BTT_1106

Тестті бастаймыз. Уақыт кетті.

BTT_1033

Алғашқы 20 минут ішінде аудиторияда тым-тырыс болды. Қатысушылар тест сұрақтарына зейін қойып қарап отырды, ал біз оларды бақыладық.

BTT_1007

Алғашқы болып Керім тыныштықты бұзып, ойын айтты:  «Мұнда қате бар! Маңғыстау деген қала жоқ!»

Керімнің сұрақ кітапшасында былай жазылыпты: «Батыс Қазақстанда орналасқан қаланы табыңыз». Соңында жауаптар ұсынылған:

А)Қостанай

B)Көкшетау

C)Астана

D)Маңғыстау

E)Қарағанды

Ескертпе: жалғыз географиялық тұрғыдан алып қарағанда ғана дұрыс жауабы - «D», бірақ ол қала емемс.

Біз сынаққа қатысушыларды ара-сара олардың әр мезгілдегі хал-жағдайын біліп тұратындығымыз туралы ескерткенбіз.

BTT_1082

Vox: «Саяжан, жағдайыңыз қалай?»

Саяжан: «Мен былтыр тапсырғандықтан, маған өте қиын емес, барлығы есімде. Барлығы таныс. Тест сұрақтары тым қиын емес. Жалпы барлығы қалыпты. Ары қарай жалғастырамын».

BTT_1031

Vox: «Томирис, сұрақтар қалай екен?»

Томирис: «Қалыпты. Бірінші мен қазақ тіліне кірістім, одан кейін Қазақстан тарихын шешемін, одан кейін – география. Кейбір жауаптарды логика арқылы табуға тура келеді, кейбіреулері - таныс».

Дания өзіне назар аудартпайынша біз қатысушылардың тәртібінде ешқандай ауытқушылық байқамадық.

BTT_1167

Vox: «Дания, жүзіңізде күлкі көрдік. Ол нені аңғартады?»

Дания: «Әшейін менде сағыныш сезімі ойнап кетті. Бұның барлығын мен үш жыл бұрын өткенмін, сол себептен де жымидым. Шынымен де жадымызда бір нәрсе болса да қалыпты. Шеше бастайсың да, біртіндеп өткенді есіңе түсіре бастайсың. Ең өкініштісі, сұрақтарды мен жатқа білемін де, ал жауаптарын ұмытып қалыптым».

BTT_1021

Біраз уақыт өткесін біз жаңағы қызға қайтып келуге мәжбүр болдық: Дания қазақ тілі пәні бойынша бір сұрақ төңірегінде күмәні бар сияқты. «Жылдың қай мезгілінде күн ұзарады? Меніңше бұл талас тудыратын сұрақ: жаз да көктем де дұрыс жауап бола алады. Мысалы, 22 наурыз – күн мен түннің теңелетін күні, күн содан бастап ұзара береді.22 маусым – жылдың ең ұзақ күні. Қалай таңдайсыз?» - деп Дания бас қатырды. Жүзіндегі күлкі әп сәтте терең ойланғандығына ауысып кетті.

BTT_1042

Vox: «Шокан, сұрақтар туралы не айта аласыз?  Сіз барлық сұрақтарға жауаптарды білетіндей басыңызды изеп отырдыңыз ғой».

Шокан: «Жо -жоқ… мен әшейін беттерді араластырып отырғаным ғой» (жымиып қояды)

BTT_1037

Жазира тестілерді мұқият оқып отыр: «Аздап ұмытыңқырап қалыптым, дегенмен де мактеп бітіргеніме 15 жыл болды ғой…»

BTT_1052

Бізді Саяжан шақырды: «Амал пысықтауыш бағыныңқылы сөйлемді табыңыз. Менің түсінігімше бағыныңқы сөйлемдердің бұндай түрі «қашан?», «қай жерде?» сұрақтарына жауап береді… Ойын аяқтап болмастан, Саяжан сұрақтың мәнісін түсінді…

BTT_1005

Басқа столда отырған Риза есімді қыздың да сұрақтары туындады. Бойжеткен түсінбеген жайымен мыналарды көрсетті:

Алғашқы әріптерден құралған сөздер:

А)ГЭК, ЦСКА

B)КВН, МИД

C)РК, СНГ

D)КСК, МХАТ

E)ТЮЗ, вуз

Ескертпе: тест құрастырушылар дұрыс жауап ретінде «С» көрсетіпті

Ризаны осындай абдырапқалған күйінде қалдырдық. Жағдай одан сайын шиеленісе бастаған сияқты.

BTT_1022

Жазира келіспеушілік эстафетасын алып, өзінің сұрағын оқи жөнелді:

«Дереу ХХ съезден кейін ақталғандар…»

А)барлық депортацияланған халықтар

B)кәрістер, немістер

C)тек ұжымдастырудан зардап шеккендер

D)депортацияланған халықтар арасындағы тек коммунистер

E)шешендер, ингуштар

Ескертпе: тест құрастырушылар дұрыс жауап ретінде «Е» көрсетіпті

Жазира: «Мұнда көрсетілгендердің ішінде халық жаулары жоқ қой…»

BTT_1104

Риза, бақылаушының тесіліп қарағанына шыдай алмай, алысырақ тұруын сұрайды. Ал тура осындай жағдайда болған оқушылар не істемек?

Сынағымыздың 45 минуты өтті,  Жазира Тоганбаева тестті аяқтауға асығады. Біз оданжәне басқа да қатысушылардан өздерінің эмоциялық жағдайын 5-баллдық жүйемен бағалауларын өтіндік.

BTT_1092 BTT_1094

«Шынымды айтсам, кейбір сұрақтар маған дұрыс емес болып көрінді. Маған қазақ тілінен күрделі сұрақтар келіпті. Қазақ мектебін бітірген маған түсініксіз болғанда, басқалардан не сұрай аламыз? Бесінші пән ретінде ағылшын тілін таңдадым, енді аудармашы мамандығына түскім келеді, бір кездері әкем менің тарихшы болғанымды қатты қалаған. Нәтижесінде, мен КазМУдың тарих факультетіне оқуға түстім. Тестке жәй ғана қарау керек: ол әшейін жинаған баллдарыңыз, олар ештеңені де көрсетпейді. ҰБТ-ға байланысты өз өзіне қол салу дегеніңіз – миға сыймайтын сұмдық нәрсе! Меніңше, бұл біздің еліміздің қайғысы», – деп ой түйеді Жазира.

Нәтижесі: 63 балл (қазақ тілі пәнін қоспағанда 47 балл) – колледжге түсу немесе қайта тапсыру

BTT_1003

Жағдайдың шиеленіскені сезіле бастады. Нағима ашуланып күле бастады: «Бір сұмдық болды! Менің есімде еш нәрсе қалмапты!»

BTT_1047

Евгенийдің жағдайын сұраймыз: «4 пәннің сұрақтарына жауап беріп үлгердім. Барлығын саналы түрде бояп жатырмын. Ең күрделі пән – математика».

BTT_1073

Ирина бойын сергек ұстады «Жағдайыңыз қалай деген сұраққа?» ол: «Ештеңе етпейді, барлығын шешуге болады. Ең күрделісі - математика» деп жауап берді.

Нағима Ахметжанова тестін аяқтады.

BTT_1117 BTT_1119

«Бесінші пәнге биологияны таңдадым, себебі мектепте оны жақсы оқыдым. Сұрақтарға дұрыс жауап бердім деп ойлаймын. Мен Қақаз Ұлттық Медицина Университетіне түскім келеді. Математика мен үшін қиын болатын, себебі мен – гуманитариймін. Өз өзіне қол салу мәселесіне келер болсақ, мұнда мектептің де, ҰБТ-ның да кінәсі жоқ, меніңше бұл бірінші кезекте отбасы ішіндегі кикілжіңдерден. Мектеп түлектеріне айтарым - жақсы дайындалу керек, жүйке тоздырудың қажеті жоқ. ҰБТ мен өмір бітпейді. Ең бастысы, сен іштей бір нәрсеге тырысатыныңды сезіну. Оқуға биыл түспесең, келесі жылы түсесің. Мектеп түлегінің нақты білімі болмаса да, ой өрісі кең болуы шарт, дұрыс жауапты логикалық тұжырым жасап, дұрыс емес жауаптарды алып тастау арқылы да табуға болады».

Нәтижесі:  57 балл (42 балл қазақ тілін қоспағанда) – ақылы оқуға болады

Нағимадан кейін Шоқан Құсаинов аяқтады.

BTT_1135 BTT_1138

«Бесінші пәнім ағылшын тілі болды. Шетелде оқығым келеді. Сұрақтар мектептегі оқыған пәндер бойынша, алайда мектеп бітіргенімнен кейін ұзақ уақыт өтіп кеткендіктен көп нәрсе ұмытылып қалыпты, атап айтар болсақ синус пен косинустар, математика күрделі болды. Мектепте оқығанда мен бұны шемішкеше шағатынмын. Қазақстан тарихынан жылдарды ұмытып қалыптым. Менің ойымша барлық оқушылар осы «сынақтан» өту керек. Меніңше оқушылардың өзіне қол салуы – оларға көрсетілетін қысымның нәтижесі. Өйткені олар үшін бір-ақ мүмкіндік бар сияқты, егер бір себептермен бір нәрсе дұрыс болмаса, ары қарай оқуын жалғастыруға мүмкіндігі жоқ сияқты. Мен өзім ҰБТ тапсырмадым: мектепті 2003 жылы бітіріп, дереу шетелге кеттім оқуға. Қазіргі оқушылардың стресске төтеп бере алатын болуларын қалаймын, және болмашы нәрсеге жүйкелерін тоздыруға болмайтынын айтар едім. Әркім өз алдына бір мақсат қойып, ешқандай кедергілерге қарамастан сол мақсатына қарай жүру керек».

Шоқан өзінің тест нәтижесін айтқысы келмеді.

BTT_1108 BTT_1141

Сынағымыз басталғалы 1 сағат 15 минут болды. Асхаттың түрінен оған қиын болғандығы көрініп тұрды. Жігіт тіпті дәлізге шығып келуге рұқсат сұрады, біраз сергіп келу үшін.

Ирина Абдулина тестін аяқтады.

BTT_1162 BTT_1164

«Маған таласты немесе дұрыс емес сұрақтар келмеді. Меніңше физика, математика, химия пәндері бойынша осы форматты қалдыруға болады, ал тарих, әдебиет пәндері бойынша ашық сұрақтардан көбірек пайда болар еді. Биология пәнін тапсырдым, Тұран университетіне «психолог» мамандығына түскім келді. ҰБТ-дағыдай түсініксіз жасалған тестіні жоғалту керек деп ойлаймын: тест түрінде тек нақты ғылымдарды қалдырып, қалған гуманитарлық пәндерді басқаша жолмен тапсыру керек сияқты.

Нәтижесі: 46 балл (40 балл қазақ тілін қоспағанда) – қайта тапсыру немесе колледжге түсу

Саяжан Абирбек Иринадан кейін өз жұмысын тапсырды.

BTT_1184 BTT_1186

«Мен ұмытып қалған сұрақтар да болды, сондықтан да пайымдауымша жауап беруге тура келді. Бір жыл бұрын ғана тапсырғанмын, барлығы есімде болуы керек еді, ұмытып бара жатыр екенмін. Бәлкім сол кезде бір нәрсені тиянақты оқымай, кемістіктер кеткен шығар. Жалпылай алғанда бұл керемет тәжірибе. Мені мұқият болмағандығым жерге қаратты, бір жауапты белгілейін деп отырып, басқасын бояп қойдым. Бесінші пәнім әдебиет болды. Кезінде мен оны оқығанмын, таныс сұрақтар келді. Ең күрделі пән – математика, ең жеңілі – қазақ тілі. Шешімімді өзгертпедім, ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне түскім келеді. Балаларға қысым ата-аналар жасайды, тек ата-аналар ғана күнде балаларына жоғары балл алудың маңыздылығы туралы айта береді. Бұл әрине жақсы, бірақ оқушы баланың да мүмкіндігін ескеру керек. Бала математикадан есеп шығаруға қабылеті болмаса, ол формулаларды жаттай бергеннен не пайда? Егер мектеп бітірген түлек ҰБТ тапсыра алмаса – ол үрейленетін нәрсе емес! Оның барлығы өз басымнан өтті. Маған бұл - өте жақсы өмірлік тәжірибе. Мұнда бақ шабады. Мен ҰБТ тапсырғанда, бір оғаш оқиға болды - бір қыз телефонын қолданғысы келгені үшін оны емтиханнан шығарып, жұмысын қабылдамады. Бұл оған нағыз стресс болды, ол еңіреп жылап сол жерде нағыз айқай шу болды. Мен естіп қана отырдым не болғанын, ары қарай қалай болғанын білмедім. Бір айтарым, шынымен де оқығандар бәрібір оқуға түседі. Ақымақтардың жолы болады - деп жатады, бірақ ондайларға шынымен де көбірек тағдыр көп жағдайда жақсы қарайды.

Нәтижесі: 74 балл (56 балл қазақ тілін қоспағанда) – тек ақылы оқу

Евгений Пак, ақырында бесінші пәннің сұрақтарына жауап беріп болып, өз жұмысын тапсырды.

BTT_1205 BTT_1207

«Көңіл күйім керемет, себебі мен басымның әлі жұмыс істейтіндігіне көз жеткіздім (күледі). Қазақ тілі, өкінішке орай, маған ауырлау болды, ал жалпылай алғанда сынақ керемет болды. Ағылшын тілінен тапсырдым, ҚазҰУ аудармашы мамандығына түсер едім. Мектеп оқушылары арасында өз өзіне қол салу – педагогтардың және психологтардың кінәсі. Әдетте біздің отандастарымыз психологтарға ақыл есі мүлдем дұрыс еместер ғана жүгінеді деп ойлайды. Ал психолог шын мәнінде нақты көмек көрсете алады ғой. Менің тәжірибемде сондай оқиғалар болған. Оқушылармен олар ҰБТдан қорықпайтындай жұмыс жүргізілуі керек. Мұнда көру мен есту жады жақсы дамыған болса жеткілікті. Ал егер, мектеп оқушысы сабақтан қашып жүрген болса, ол басқа әңгіме. Ата-аналар, дайындалу барысында жебеп, балаларын бір сергітіп қоя алады тек. Мен өз баламды бірінші тырысқанда ештеңе шықпаса одан ұялатын ештеңе жоқ деп үйретер едім. Германияда мысалы, оқушы мектеп бітіре сала университетке түспейді, ол еңбек етеді. Бір жыл жұмыс ңстеп көреді де шешеді қайда барып оқуды. Ол оған болашақта көп көмектеседі. Түлектерге айтарым: балалар, өмірімізді бұдан да жақсырақ жасаңдаршы!»

Итог: 60 баллов (56 баллов без учета казахского языка)- тек ақылы оқу ғана

BTT_1150

Ең соңғы болып Томирис Андарбаева тапсырды. Оның тест парақтары, айта кету керек, ең толық толтырылған және  жазуға толы болды.

BTT_1214 BTT_1215

«Тесттен кейін біраз басым мен белім ауырып тұр, ал жалпы алғанда, барлығы жақсы. Тек ақыл ойдан келетін шаршауды емес, физикалық жағынан да шаршағанымды сезініп тұрмын. Бесінші пәнім география. «Есеп және аудит» мамандығына түскім келеді. Қайсы университетке түсетінімді әлі шешкен жоқпын. Мамандық таңдауда жеке басымның қалауымен бірге болашақта жұмысқа тұру мүмкіндігі әсер етті. Ата-анам мені толықтай қолдайды, демеу береді. ҰБТ 6-маусым күні тапсырамын, бірақ әзірше қобалжуым жоқ. «Алтын белгі» алуға тырыспаймын, себебі 10-сыныпта басқа мектепке ауысқан кезде, география пәнінен тоқсандық бағам «4» болды. Бұл өкінішті-ақ, себебі география пәнімен грантқа түсу қиын».

Итог:  117 баллов (93 балла без учета казахского языка)  - грантқа түсу мүмкін

Керім Нурмаканов та тестті аяқтауға бел буды.

BTT_1217 BTT_1220

Физика мен математика мен үшін – ұиынның қиыны. Мамандығым бойынша мен «халықаралық қатынастар маманымын», бірақ өзім Samsung Engineeringатты жапондық компанияда жұмыс істеймін. Сынаққақатысқандағы үміттерім орындалды, математикапәні бойынша: мен одан «құладым». Өзім уақытында ҰБТ тапсырғанда да солай болатын. Ол кезде 97 балл жинағанмын мүмкін болған 120-дан, математикадан 15 балл алдым. Бесінші пәнім ағылшын тілі болды. ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетіне тапсырар едім. Мен оқушы болғанда ата-анам маған толықтай еркіндік берген, тест нәтижесі бойынша мүлдем қинамайтын. Мен үлгілі оқушы болғандықтан, ұстаздарым маған жақсы қарайтын. ҰБТ – өзіңід және өзіңнің жүйкеңді тексеріп көруге керемет мүмкіндік.

Итог:  87 баллов (63 балла без учета казахского языка) – тек ақылы оқу

Сынаққа қатысқандардың ішіндегі ең шаршаңқы, әрі жабырқауы Асхат Абжанов тесттегі күрделі сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік тапты.

BTT_1229 BTT_1230

«Маған өте қиын болды. Біріншіден, мен мұнда өзіме нық сенімді болып келдім, себебі мектеп бітірген кезде жоғары балл – мүмкінболған 120 дан 106 балл алған болатынмын. Жас ұлғайған сайын өсіп, дамиды екенмін деп жүрсем. шынтуайтында мендайын емес екенмін! Басымда мектеп бағдарламасындағылардан білім қалды ма соны тексеріп көргім келген. Ештеңе қалмапты! Ұят! Математика мүлдем жоқ, мектепте оқығанда оны жақсы шығаратын болсам да. Бесінші пәнім география болды ҚазҰУ «Туризм» факультетіне түскім келді. Меніңше ҰБТ балалардың психикасын зақымдайды. Мектеп оқушылары арасындағы өз өзіне қол салуға келсек, мұнда кінәлілерді іздеу бекер. Оған себеп көп: білім беру жүйесінің өзі солай жасалған - балаға жан-жақтан барлығы қысым көрсетеді. Оқушыларды ҰҚКтексереді, барлықжерде камералар қойылған. Биыл бір ереже бар деп естідім, биылғы ҰБТ кезінде міндетті түрде әр мектептен екі оқушыны тесттан қуып шығу керек - деген. Таяуда ғана Ақтаудан оралдым, онда мектеп түлектеріне арналған ҰБТға арналған тренингтер өткіздім, онда біз алғырлық пен мақсатқа жете білу туралы әңгімелестік. Сонда мен жеке өз басымнан өткен тәжірибе арқылы түсіндіргім келді, маған грантқа оқуға түсуге бір-ақ балл жетпей қалып, мен нәтижесінде жұмысістеп, ары қарай дамуға шабыттандым. Топтастарым университет бітіріп, жұмыс іздей бастағанда, мен өз ісіме қажетті мамандарды іріктеп жүрдім. Оқушыларға айтарым: грантқа түссеңіздер – жақсы, егер грантқа түсеалмасаңыздар – ол да жақсы, себебі ол сіздерді шабыттандырады».

Итог: 57 баллов (41 балл без учета казахского языка) – жеке меншік жоғарғы оқу орнына түсу, немесе қайта тапсыру

Риза Сулейменова, тесіле қарағаннан үрейленетін қыз, жеңілдеп тыныс алды да, тестін тапсырды.

BTT_1235 BTT_1240

«Ең ауыр пән – математика. Таңдаулы пән – ағылшын тілі. КИМЭПке «Халықаралыққатынастар» мамандығына түсер едім. ҰБТ әділ емес деп ойлаймын! Нашар оқығандардың жолы көбірек болады. Ауызша емтихан тапсыру әлдеқайда әділірек деп санаймын, бірақ ол кезде мұғалім мен оқушы арасында байланыс болады. Түлектерге төзімділік, байсалдылық, жинақы болуды тілеймін».

Итог: 60 баллов (38 баллов без учета казахского языка) – тек ақылы оқу

Дания Утеева тест сұрақтарына ең соңғы болып жауап берді.

BTT_1241 BTT_1247

Үш жыл бұрынбастан кешкендерімді еске түсіру қызық болды. ҰБТ – терең білім емес, жаттап алуға негізделген азғантай ғана білім беретін жүйе екніне көзім жетті. Оқисың, еске сақтайсың, кітапты жабасың, ҰБТ тапсырасың, кейіннен барлығын ұмытасың. Мен тілдерді жақсы оқығанмын, сол мектеп қабырғасында қаланған білім негіздері жемісін беруде. Ал Қазақстан тарихына келгенде өзімнің бұрын тек жаттайтынымды есіме түсірдім, ойымда қалмапты. Шынымды айтар болсам, ҰБТ кезінде математикадан тест тапсырып болғаннан кейін, сұрақтарды жаптым да, ендігәрі ешқашан оған оралмауға уәде бердім. ҰБТ жүйесі басыңдағы бар біліміңнің көрсеткіші емес, тек сол емтиханға дайындығыңды көрсететін емтихан. Түлек үшін ең маңыздысы – жақсылап дайындалу. Білімнің іргетасы мықты болса – жақсы тапсыруға ешнәрсе кедергі бола алмайды. Мен оған нық сенімдімін!

Итог: 96 баллов (73 балла без учета казахского языка) – Тек ақылы негізде оқу.

Бұл сынағымыз да ҰБТ әлі пісіп жетілмеген механизм екенін көрсетті. Күні кеше алған 125 баллыңыз терең білім бермейді, ал 15-16 жыл бұрын миға сіңірген формулалар кейде кәдеге де жарап қалып жатады. Бір күні мыңдаған мектеп оқушыларының дұғалары қабыл болып, тәңірі сол үш әріптен тұратын сөзді ұмыттыратын шығар. Үмітімізді үзбейміз бе?..

Бөліс
Екатерина Лейман
Екатерина Лейман
журналист Vox Populi
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000