VOX POPULI Айсауле Байгазина Екатерина Лейман 5 февраля, 2015 14:52

ТӘЖІРИБЕ: АЛМАТЫДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ МЕКТЕБІН ТАҢДАЙМЫЗ

Тимур Батыршин
Тимур Батыршин
Фото: Сергей Панин
Vox Populi суретшісі Тимур Батыршин өзінің жаңажылдық ағылшын тілін үйрену уәдесін орындауға кірісті. Біз тіл мектептерінің жеке рейтингін тізіп, оның қайсысының Тимурға қойылған жоспарын іске асыруда көмек беретінін анықтағымыз келді.

Тіл мектебін таңдау үйренуге кіріскен адамның мүмкіндігі мен қалауына байланысты. Біз Алматыда орналасқан барлық тіл орталықтарын көріп шықтық. Yellow Pages мәліметіне сүйенсек, бізде Intermediate (орта деңгей) деңгейінде тілді үйрену мүмкіндігін ұсынып отырған 103 мектеп жұмыс жасап жатыр.

Біз Алматтыдағы ең үздік бес тіл орталықтарын осы белгілермен анықтадық.

Оқу бағасы

Тіл орталығына бармас  бұрын, өзіңіздің қаржылай мүмкіндіктеріңізді есептеу керек. Жиі оқу бағасы сабақ мерзімділігіне байланысты болады, сондықтан, егер сіз төмен бағаны көрсеңіз шешім қабылдауға асықпаңыз: айына бар болғаны 3-4 дәріс өткізілуі мүмкін. Ол нұсқа Тимурға қолайлы болмағандықтан, ол 20 000 теңге салуы қажет. 

Бір тіл деңгейін өту мерзімі

Жақында ашылған мектептердің кейбіреулері, мысалы, Спасиbeaucoup, тілдің бір деңгейін 3 айда үйренуді ұсынып отыр. Өзге орталықтарда оқу мерзімі 4 пен 5 ай аралығында болғандықтан, біз ол оқытудың жоғары сапасына сенбейміз. Ары қарай жүреміз. 

Ұстаздар құрамы

Орталықта жергілікті оқытушы болумен қатар, тіл иесі болғаны маңызды. Жергілікті оқытушы бастапқы кезеңде грамматиканың ерекшеліктерін тиімді түсіндіре алса, тіл иесі ол ережелерді сөйлесу тәжірбиесінде пысықтайды. Тимур грамматиканы мүлдем есінде сақтамаған, ал оның сөз қоры  "Hi" және  "Ok" сөздерімен шектеліп қалған.

Топтағы оқушылар саны

Оқытушымен жеке сабақтар – өте қымбат ғанибет. Отра бағамен бір сабақ 4 000 теңге тұрады. Біз үшін ыңғайлы нұсқа – ол 5-6 адамнан құралған топ. Ол екі себеппен ыңғайлы: біріншіден, осы көлемдегі топта тілдесу тәжірбиесін жүргізу үшін қарым қатынас орнату оңайырақ; екіншіден, сабақ барысында оқытушы әр оқушымен бірнеше минут жұмыс істей алады.  


Қолданылатын әдебиет

Біз үшін дәрістерге арналған әдебиеттің кітап дүкенінен оңай табылуы маңызды болды. Ең танымалы –English File.

.


Осы белгілерді анықтап біз бес түрлі тіл орталықтарының Intermediate деңгейінде дәріс алып жүрген топтардың сабағына кіріп көрдік. Бізге оқутышының  сабақ барысында тек грамматиканы ғана түсіндіріп қоймай, оқушымен тілдесуге, тиянақты ойды қалыптастырып, оны дұрыс айтуына көңіл бөлуі маңызды болды. Рейтингтегі соңғы сатылар тек қана теорияға жүгінетін тіл орталықтаына тиесілі болды. Үздік сатыларда – теория мен практиканы үйлестіре алатын орталықтар. 

Бесінші орын. Спасиbeaucoup  мектебі.

Бұл мектептегі бір ай оқу бағасы,аптасына бір рет дәріс болған жағдайда  – 1 500 теңге, аптасына үш рет дәріс болған жағдайда  – 7 500 теңге, мини топ үшін аптасына үш рет дәріс болған жағдайда – 12 000 теңгені құрайды.

Тілдің бір деңгейін үйрену мерзімі – 3 ай. Мәліметті жақсы меңгерген жағдайда бір деңгейді  2 ай ішінде өтуге болады.

Ұстаздар құрамы жергілікті жас мамандар болып  ұсынылған.

Топтағы оқушылар саны: қарапайым топ – 10-18 адам, мини топша – 5-7 адмды құрайды.

Қолданылатын әдебиет: New English File

Спасиbeaucoup тіл мектебінің негізін салушы Улжан Смадияр айтқандай, ұстаздар оқулық ретінде түрлі ақпарат көздерін қолдануларына мүмкіндік бар екен. Сонымен, оқушының түрлі стильде мазмұндалған тексттерді түсінуге және құруға мүмкіндігі бар. Ұстаздар тілдесуге аса қөңіл бөледі, сабақ барысында «Ыстық орындық» (сұрақ– жауап) тәсілін қолданады.

Мекенжай:Абай даңғылы,52В, 315 кеңсе.

Төртінші орын. Oxford-education тіл мектебі.

Oxford-education тіл мектебіндегі ересектер мен 12  жастан жоғары оқушыларға Elementary, Pre-Intermediate, Intermediate топтарында бір ай оқу бағасы 15 600 теңгені құрайды,Upper-Intermediate, Advanced топтарына – 16 800 теңге. Қарқынды оқыту қымбаттырақ.  Бір деңгейді үйрену мерзімі – 4,5 ай. Оқушы өзіне ыңғайлы құрылысты таңдайды: айына 90 минуттан 12 дәріс немесе 135 минуттан 8 дәріс.

Бұл тіл орталығында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеХТУның ұстаздары дәріс береді. 

Топта 6 дан 12 дейін адам оқи алады.

Қолданылатын әдебиет:New English File.

Орталық аясында апта сайын тіл иесімен кездесу өткізетін English Club жұмыс жасайды. Кіру тегін. Сабақ құрылымы мынандай: үй жұмысын тексеру, ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындау. Ұстаздар аудио-  және бейнеақпараттар қолданады.

Мекен-жай: Тимирязев көш., 57А.

Үшінші орын. Logos тіл мектебі.

Logos тіл мектебіндегі жалпы дәрістер 25 000 теңге, қарқынды – 35 000 теңге, жеке – 30 000 теңгеден бастап. 

Жалпы сабақтардың өту мерзімі – 4-4,5 ай (аптасына 3 рет біржарым сағаттан), қарқынды дәрістер – 2,5 ай (біржарым сағаттан аптасына 5 рет).

Мектепте тек жергілікті мұғалімдер ғана сабақ береді. 

Қарапайым топта – 2-4 адамнан, мини топшада – 2-3 адамнан оқиды.

Қолданылатын әдебиет:New English File.

Бұл мектеп ағылшын тілін меңгеруге мүмкіндік беріп, Малайзия, Қытай, Біріккен Араб Эмираттары, Кипр, АҚШ сияқты мемлекеттердің жоғарғы оқу орындарында білім алуға көмектеседі.

Элеонор Филипп, шетелде оқу бойынша менеджер, ағылшын тілінің дәрістерінен басқа «Оқу+тағылымдама» Work&Travel USA, Work&Study Canada сияқты  бағдарламары жұмыс жасайды дейді.

Мекен–жай: Абай даңғылы, 42А, 102 кеңсе. 

Екінші  орын. Interpress тіл мектебі.

Interpress тіл мектебінде оқу 29 900 теңгені құрайды.

Тілдің бір деңгейін толық үйрену мерзімі – 6 ай, жартылай  – 3 ай. Студенттер аптасына 90 минуттан 3 рет немесе 135 минуттан 2 рет оқи алады.

Тіл мектебінде жергілікті мұғалімдермен қатар, міндетті түрде халықаралық сертификаты (CELTA или IHC) бар  шетелдік мұғалімдер де сабақ береді.

Топтағы оқушылар саны: 6-12 тыңдаушы. Жас ерекшелік жіктеу бар.

Қолданылатын әдебиет: New English File.


Әйгерім Ондабаева, Interpress бөлімшесінің әкімшісі: «Сәрсенбі сайын сағат 20:30 да біздің тіл мектебімізде English Club өткізіледі. Enterpress студенттері үшін кіру 300 теңге, ал басқа қатысушыларға – 500 теңге».

Мекен–жай:Құрманғазы көш., 33.

Бірінші орын. Tamos education тіл мектебі.

Ересектер мен  13  жастан жоғарғы оқушыларға жергілікті маманнан бір ай дәріс алудың бағасы 16 800 теңге; Англиядан келген мұғаліммен қарқынды тілдесу курсын өту – 19 200 теңге. Бір деңгейді үйрену мерзімі: 4,5 – 5 ай. Оқушы дәрістерді аптасына  2 академиялық сағаттан  3 рет немесе 3 академиялық сағаттан 2 рет ала алады.

Tamos education тіл мектебінде жергілікті мұғалімдермен қатар, Англиядан келген тіл иелері де сабақ береді.

Топтағы адам саны: 7-8 адам.

Қолданылатын әдебиет: New English File, New Headway, Grammar murphy, Family and Friends.

Менеджер Валерия Павлова айтпақшы, бұл мектептің айрықша белгісі, жыл сайын наурыз-ақпан айларында олимпиада өткізіліп, басты жүлдесі  –  Англияға бару екендігін айтады.

Мекен–жай:Наурызбай батыр көш. 94, Төле би көш. бұрышы.

Рейтінгті құрып баолған соң Тимурдың Tamos education жеңімпаз мектебінде деңгейді анықтайтын ақысыз сынама тестын өткісі келді.

– Ағылшын тілін үйренгім келеді, өйткені ол маған өзімнің кәсіби саламда керек. Мен басқа жағдайда да оны үйренгім келеді, сондықтан ол үшін мен міндетті түрде уақыт табамын. Ағылшын тілі керек, онсыз қазір ешқайда бара алмайсың. Шетелдік компаниялармен қызмет еткім келеді, – дейді Тимур. 

Мен басқа жағдайда да оны үйренгім келеді, сондықтан ол үшін мен міндетті түрде уақыт табамын. Ағылшын тілі керек, онсыз қазір ешқайда бара алмайсың.

Соңғы рет Тимур ағылшын тілін мектеп кезінде оқыған. Суретшінің айтуынша, оның білімі өте үстіртін.

– Мен «Полиглот» бейне–сабақтарынан бастаған болатынмын. Мен тек қана екі сабаққа шыдай алдым. Қазір менде басқа уәж бар: егер мен ақша төлесем, мен бұл сабаққа қатыспай тұра алмаймын, – деп ойланады біздің Тимур.

Tamos education мектебінде Тимурға 20 сұрақтан тұратын грамматикалық тест ұсынды. Тест дайындықтың деңгейін анықтайды: elementary (бастапқы деңгей) бастап upper-intermediate (жоғарғы орташа деңгей) дейін. Әрине, грамматикалық тест барлық «осал» жерлерді  анықтай алмайды, сондықтан тесттың басқа да түрі – Speaking (тілдесу) бар. Тіл орталығында тіл иесімен сөйлесуден өтуге мүмкіндік бар. 

Tamos education мектебінде Тимурға 20 сұрақтан тұратын грамматикалық тест ұсынды. Тест дайындықтың деңгейін анықтайды: elementary (бастапқы деңгей) бастап upper-intermediate (жоғарғы орташа деңгей) дейін. Әрине, грамматикалық тест барлық «осал» жерлерді  анықтай алмайды, сондықтан тесттың басқа да түрі – Speaking (тілдесу) бар. Тіл орталығында тіл иесімен сөйлесуден өтуге мүмкіндік бар. 

Тимурға нәтижесін хабарлады: 20 мүмкін сұрақтан 6 дұрыс жауап. Бұл – бастапқы деңгей. Өз деңгейін біліп, сбақ уақытын белгілеу керек. Тимурға кешке жұмыстан кейін оқыған ыңғайлы. Ол топ әр дүйсенбі, сәрсенбі, жұма сайын сағат 20:00 дан бастап оқиды.

–  Қазір біздің оқу орталығымызда 650 студент оқиды. Біздің орталығымыздың басқа, Абай көшесі–Торгут Озалда орналасқан бөлімшесінде 1 000 жуық студент оқиды, – дейді Tamos education бөлімшесінің директоры Нұр Мұқаметқали.

Тимур сатып алу керек Elementary  деңгейіндегі New Headway кітап жинақтамасы 8 100 теңгені құрайды. Жинақтамаға Work Book, Student Book, грамматика бойынша кітап және оқулық диск кіреді.

Мақсатты орындаудағы бірінші қадам: Тимур жұмыстың маңызды болатынын түсінді. 


Егер сіздің де арманыңы болса және оны іске асырғыңыз келсе, ештеңеден қорықпай бізге қосылыңыз. Әлем сіз ойлағаннан да қарапайым. Vox Populi оған сенімді!

Бөліс
Айсауле Байгазина
Айсауле Байгазина
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000