VOX POPULI Юля Лим Артур Жумашев 30 мая, 2015 09:00

Сынақ: «Асылған» кофе Алматыда

Сынақ: «Асылған» кофе Алматыда
Егер сіз – кофеман болсаңыз және кофеханалардан шықпайтын жан болсаңыз, онда «асылған кофе» термині сізге таныс болуы тиіс. Бұл дегеніңіз, сіз екі кесе кофенің ақшасын төлейсіз де, мысал үшін, латте немесе капучино, бір кесесін ғана ішсеңіз – екінші кесені бариста басқа бір мұқтаж адамға береді. Бұндай ерекше дәстүр Италияда пайда болып, аз уақыт ішінде әлемге тарап кетті. Vox Populi редакциясы бұл идеяны бізде қалай жүзеге асатындығын және алматылықтардың бейтаныс адамның ішетін бір кесе кофесінің ақшасын төлеуге дайындығын тексеріп көруді ұйғарды.

 1651 - Главная

 

СЫНАҚТЫҢ МӘНІ

1724

«Асылған» кофе идеясы тек негіз ретінде ғана алынды, ал сынақтың өзін біз эстафета түрінде өткізуді жөн көрдік. Кофенің бірінші порциясын кофехана иелері өздері «асып қояды». Яғни, бірінші клиенттің кофені алып, ішіп, ақшасын төлемей кетуге мүмкіндігі бар. Немесе ұсынылған кофені тегін алып, келесі қонақ ішетін бір кофенің ақшасын төлеуіне болады, осылайша эстафета ары қарай беріледі. Осындай екі жағдайда да біз клиенттердің әрекеттерінің мотивтері мен сынақтан алған әсерлерін сұрап білуге асықтық.

Біз бұл сынақты қайырымдылық шарасы ретінде қарастырмадық. Біз үшін бұл ең әуелі жұмыс күндеріндегі таңғы көңіл күйді көтеретін ойын және бір бірлерін мүлдем танымайтын адамдардың қарым қатынасын жақсартатын мүмкіндік ретінде көрінді.

 

ӨТКЕН ЖЕРІ

 1671

Сынақты біз «Алатау» және «Байқоңыр» метро станцияларында орналасқан Underground Coffee Station  желісінің мини-кофеханаларында өткіздік. Біз достарымыз бен таныстарымыздан осы кофеханаларда ең жақсы кофе дайындалатындығын сан мәрте естігенбіз (бұған сынақ барысында көзіміз жетті). Мұндағы шағын бірақ керемет кофе-станциялардағы баристалар – ұшқыр ойлы жас жігіттер бізге көмек қолын созуға келісе кетті, сол үшін оларға ерекше алғыс білдіреміз.

 

«АЛАТАУ» СТАНЦИЯСЫ

1634

Таңғы сағат 8 біз «Алатау» метро станциясында болдық. Seventy Coffee кофеханасында бізді Қанат есімді өте сыпайы бариста жігіт жылы шыраймен қарсы алды. Біз барлығымыз бірінші келерменді асыға күттік, алайда таңсәріде Бразилия, Колумбия немесе Суматрадан әкелінген нағыз кофені ішіп бойын сергіткісі келетіндер болмады. «Алатау» станциясына келгенімізге бір сағат болған кезде, ал келермендердің жоқтығын көріп, арамыздағы бір адам сынақтың табысты болуына күмәндана бастады. бірақ ол бекер екен.

 1676

Сағат 9.15 кофеханаға Әсел есімді қыз келіп капучиноға тапсырыс берді. Бүгін кофе үшін ақша төлеудің қажеті жоқ екенін біліп ол қатты таңданды. Біз оған «асылған кофе» деген не екенін түсіндіріп, жүргізіп жатқан сынағымыздың мәнісін түсіндірдік.

 1680

– Әрине мен сынаққа қатысамын! 400 теңге дегеніңіз көп ақша емес! Жеке басым – қайырымдылықты қолдаймын,– деп жымиып қойды Әсел. – Ал келесі келерменге мен капучино қалдырамын, деді.

 

 1689

Сынағымыз басталысымен, екінші келермен көп күттірмей-ақ келді. Біздің суретшіміздің объективінде Яна есімді ұяң қыз. Қанат бойжеткенге оның алдындағы Әсел есімді келермен оған тегін капучино қалдырып кеткенін айтты.

 1692

– Қалай сонда ол маған тегін кофе қалдырды? – деп таң қала сұрап қояды Яна.

Біз оған ойын ережелерін түсіндіреміз.

– Жарайды, бұл кофе мен үшін болса, мен қарыз болып қалмаймын,– дейді де Яна келесі келермен ішетін капучиноның ақшасын төлейді.

Эстафета ары қарай жалғасады.

 1705

Тағы бір 15 минут өткен соң Seventy Coffee-ге Фания есімді бойжеткен келді де сынағымызға қатысуға дереу келісімін берді.

 1711

– Бұл бір жаңа әрі қызық бастама екен, қатыспасқа не? Кіріп келе сізге біреу бір кесе ыстық кофе қалдырғанын білу өте жағымды!

 1742

Біз «Алатау» станциясында екі сағаттан астам уақыт болдық, сол уақыт аралығында Seventy Coffee-ге бар жоғы үш келермен бас сұқты. Ақырында біз Қанаттан сынақты бізсіз жалғастыра беретіндігі туралы уәде алып «Байқоңыр» станциясында бағымызды сынап көруді жөн көрдік.

 

«БАЙҚОҢЫР» СТАНЦИЯСЫ

  1829

Underground Coffee Station кофеханасында бізді Айдос.есімді маңғаз жас бариста қарсы алды. «Байқоңыр» станциясында халықтың еті тірілеу болды, біздің келгенімізден 15 минут өтісімен кофехана табалдырығын Алена есімді сары шашты қыз аттады. Бойжеткен өзіне және әріптестеріне төрт латте алады.

 1815

– Мен тегін нәрсенің бір пайда әкелетіндігіне сенбеймін. Менің әжем айтпақшы: «Тегін нәрсеге жын-шайтан төлейді».

Десе де, Алена сынаққа қатысуға келіседі де келесі келерменге бір үлкен порция латтенің ақшасын төлейді.

 1809

Аленадан кейін екі минут өте сала кофеханаға Жания келді – Undeground Coffee Station-нің тұрақта келермені.

 1819

– Рахмет… Бұл ерсілеу естілуі мүмкін, бірақ мен латтені ұнатпаймын, – деп мойындайды Жания.

Біз оған таттенің құнымен парапар басқа кез келген кофе алуға болатынын түсіндірдік.

– Олай болса мен қатысамын! – деп жауап берді Жания. – Бірақ мен келесі келерменді күтіп, оның қандай кофе ішетінін біліп, сол кофенің ақшасын төлеймін, ақшасы қанша болатынына қарамастан!

Ақырында Жания келесі келерменді күтіп қана қоймай, кофеханада бізбен бірге сынақ біткенше отырды.

 

1825

Елена суретшіге қарап фотоға түсуден үзілді-кесілді бас тартып, өзңн тек қана арқасынан фотоға түсіруге рұқсат етті.

– Оның керегі не? Мен өзімнің какаомның құнын төлейін де жүре берейін!

Бойжеткен өте асығыс болғандықтан, сынағымыздың мәнісіне үңілуге уақыты болмады. Сондықтан да біз эстафетаның үзіліп қалғанына біраз көңіліміз қалды.

 1845

Сол күні кофе-станция келермендерінің кілең бойжеткендер екенін аңғарғанымызда кофеханаға Михаил есімді зиялы бір ер адам келді. Ол американо алғысы келгенде, біз оған кофенің ақшасын Жания төлеп қойғанын айттық.

– Онда мен өзімнің тегін американомды алып, келесі келерменнің американосын төлеп қояйын.

 1852

– Сізге келген кезде кофеңіздің ақшасын бір әдемі қыз төлеп қойғанын есту жағымды болды ма? – деп сұраймыз біз.

– Жағымды ғой, – деп жауап берді Михаил, – Бойжеткенге менің кофемнің ақшасын төлеп не керек? Мен өзім де төлеуге қабылетім бар ғой - деп бір таңдандырып тастады бізді жауабымен

 1858

Михаил жұмыстарын жалғастыруға кетіп қалғанда кофеханаға Алина – Жанияның құрбысы келді.

– Менің ойымша егер бұл дәстүр бізде орнықса, көптеген адамдар келіп, тегін кофе алып кете беретін болады – дейді Алина. Дегенмен де біз ұйымдастырған эстафетаға қатысуға келіседі.

 1868

Алинадан кейін кофеханаға екі ер адам келді. Оларға сынақ туралы айтып түсіндіре бастадық, сөйтсек Қуаныш есімді жігіт біздің сайт туралы біраз нәрсе біледі екен.

 1866

– Сіздер емес пе палау туралы репортаж жасаған? Сұмдық, сұмдық болды! Сіздерді «Бабай» ақшаға сатып алғаны көрініп тұр!

Біз мұндай тосын сауалдан біраз үнсіз қалдық:

– «Бабай» бірінші орынды алған жоқ қой. Сіз репортажды мұқият оқыдыңыз ба? «Бабай» мерамханасы құрметті екінші орынды алды ғой.

– Солай деңіз...?? – деп Қуаныш.бізге сенімсіздікпен қарайды – Бәрібір, маған ұнамады! Мен сіздердің сайтты алғашқы күннен, бірінші репортаждан бастап оқып келемін және палау туралы репортаж маған ұнамады!

Біз Vox Populi-дің тұрақты оқырманымен таласқымыз келмеді. Ал Қуаныш,болса сәл ренжігеніне қарамастан кассаға 700 теңге тастап кетті, осылайша ол «асылған» кофе эстафетасын жалғастырды.

 1888

Біз Қуанышқа «Бабай» мейрамханасы біздің ешқайсымызды ақшаға сатып алмағандығын айтып түсіндіріп жатқанда кофеханаға спорттық киім киген ұзын бойлы бойжеткен кіріп келді. Кейінірек белгілі болғандай – спортшы қыздың аты Келси екен, ол Америкадан келген және баскетболды ұнатады екен.

Эстафета туралы ойымызды Келси «Oh that’s awesome!» деген сөздермен құптай кетті де келесі келерменге бір капучино қалдырып кетті .

 1890

Осындай жағымды нотада біз Айдоспен қоштастық, одан да «асылған» кофе эстафетасын үзбеуге уәдесін алдық.

Метро станциясынан біз парызымызды орындаған сезіммен шықтық, себебі бұл сынағымыз, біріншіден, қатысқандардың көпшілігінің көңілінен шықты, екіншіден, біздің тегін нәрсені жақсы көретіндер туралы күдіктерімізді сейілтті.

Осындай жомарт итальяндық дәстүр - бейтаныс адаидарға тегін кофе беру біздің елде жалғасын таба ма? Оны уақыт көрсетер.

 

НӘТИЖЕ

1803

Үш сағатқа созылған сынағымызға 12 адам қатысты. Біздің күткенімізден бұл әлдеқайда аз көрсеткіш, бірақ жалпылай алғанда біз нәтижесіне риза болдық. Сынақ барысында бізге тек өз ақшасына кофе сатып алып, шытырман бейтаныс адамдармен кофе-ақша аралас қарым қатынасқа түскісі келмегендер де болды. Дегенмен де, кездескендердің көпшілігі бұндай дәстүрге дұрыс бағасын берді. Адамдар бір бірінің кофесіне ақша төлеп, әңгімелесіп, әзілдесуге дайын болды. Ең бастысы – ешкім өзіне тиген тегін кофені іше салып, қашып кеткен жоқ. 

Бөліс
Юля Лим
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000