VOX POPULI 17 апреля, 2015 10:00

ТӘЖІРБИЕ: БІР КҮН ҚОЛМА ҚОЛ АҚШАСЫЗ

ТӘЖІРБИЕ: БІР КҮН ҚОЛМА ҚОЛ АҚШАСЫЗ
Қазақстандықтардың көбісі күннен күнге қызмет және тауарға төлемнің қолма қол ақшасыз түрімен – терминал арқылы пластикалық картаның көмегімен қолданғанды жөн көреді. Карталарады қазір барлық жерде: мейрамханаларда, супермаркеттерде, фитнес-клубтарда, киім бутиктерінде қабылдайды. Жанна Ахметова, Vox Populi сайтының бас редакторы көптеген шаруаларды жоспарлап, Алматыда бір күн қолма қол ақшасыз өмір сүруге мүмкіндігін өз тәжірбиесінде байқап көрді.

Тәжірбие нәтижесінде Жанна сонымен қатар, қолма қол ақшасыз төлем әлі қай жерге жетпегендігін, картадағы өз қаражатыңды басқару қиын ба, және банк картасының көмегімен үнемдеп, өз бюджетін жоспарлау мүмкіндігін анықтады.

Бірақ бәрі ретімен.

Сағат  таңғы 9 да мен өзімнің әдеттегі графигім бойынша үйден шығамын. Бүгінгі күн минутына дейін жазылып қойған. Жалпы, менің күнделікті күнім, бірақ мен бүгін, басқа күндерге қарағанда, қолма қол ақшасыз шықтым. Және бар шығын банк картасының көмегімен жасалатын болады. Менің бұл тәжірбиені өткізу себебім – күні бойына ойсыз, әсерлі шығындар көп. Әр кештте мен өз қаражаттарымның кредиті мен дебетінің арасында тепе теңдік орнатуға тырысамын, және әр кеште мен күні бойына жұмсалған ақшаны есептеп, өзімнің шығындарымды кішкене рационалдандыру әрекеттері толық фиаскоға ұшырап жатқанын анықтаймын!

Кішкене жүріп, үйде су мен шекер таусылғанын есіме түсіріп, қазір сатып алуды ойладым, өйткені кейін уақытым болмауы мүмкін. Уақытты үнемдеу үшін мен үйдің жанындағы дүкенге кірдім. Тұрғын үйлердің ауласында орналасқан бұл шағын сауда нүктесінде де терминал арқылы төлемді қабылдайтындығы қуантады. 

Қаланың орталығына шыққан кезде, менің көлігімнің багіндегі жанармайдың ада болғанын анықтаймын. Бұл – мен тікелей КЖБ баруым керек деген сөз. Қаланың барлық жанармай бекеттерінде отын үшін төлемді мәселесіз терминал арқылы қабылдайды. Төлем жасау үшін мен Kassa Nova Банкінен MasterCard картасын қолданамын. 

Жалпы, күнделікті өмірде, қолма қол ақшадан бөлек банк картасында да ақша болса өзіңді сенімдірек және жайлырақ сезінесің. Әсіресе ақшаның жәй ғана әмияныңнан түсіп, суланып немесе зақымданып қалуы, және элементарлы, оларды епті ұрылар алып кетуі мүмкіндігін түсінгеніңде.

Айтпақшы, банкинг арқылы ұйлы телефонымдағы төлемді толтырып жатқанымда мен артық сома салмаймын. Ерег терминал арқылы төлеммен салыстырсақ, мысалы, дүкенде тұрған жабдықтың қайтаратын ақшасы болмайды, сондықтан қажеттіден көбірек ақша салуға тура келеді. Ура! Қаражатты үнемдеу ретіндегі алғашқы әрекет сәтті орындалды!

Ары қарай график бойынша менің қаланың бір кафелерінде кездесуім бар еді. Кездесу орнын таңдау тұтынушыға берілген болатын, сондықтан мен ол жерде төлемді жасау үшін банк карталарын қабылдайтындарына түбегейлі сенімді емес едім. Даяшылар төлем ақысы бар папкаларды алып келіп қойған столдарды мұқият қарап шығып, мен келушілердің біреуі өзінің пластик картасын салғанын көрдім. Мені бұл қуантты, бірақ бүгін мен ешкімге қосымша ақша қалдыра алмайтынғым аздап мұңайтты.

Өзімнің кестеммен теңесіп, мен химтазалауға, үлкен баламның киімін тапсыру үшін барамын. Біздің отбасы үшін бұл екі аптада бір жасалатын міндетті әрекет. Керемет жуудан кейін жеңдердегі еремексаздан, шалбардағы бояудан және басқа да көптеген заттардан із де қалмайды. Менен костюмді, және терминал арқылы да төлемді қабылдайды. Керемет!

Енді өзім жайлы да ойлансам болады. Көшеде күн жылына бастады және менің жоспарымда көктемгі куртка сатып алу бар. Карта арқылы төлеммен ешқандай мәселелер туындаған жоқ. Айтпақшы, банк картасымен төлем жасап, мен сатып алу барысындағы ешқандай пайыздарды төлемеймін.

Кенет балам хабарласты, жүргізуші оны алып кету үшін мектебіне бармапты. Қызық, ертеректе мүлдем олай жасамайтын. Ол үшін такси шақыртуға шешім қабылдаймын, бірақ машиналарында терминал бар компанияны табу қажет. Ғаламторда ақпарат іздеп сондай бірнеше компания табамын. Такси жалдап, 30 минуттан кейін балам менімен бірге. Көлікті қарсы алып, картамен төлем жасадым. Бірақ аздап қобалжуға тура келді. 

Сабақтан кейін тура сөзбен айтқанда, көшеде қалып кеткен баламмен оқиғадан кейін, менің басым ауырып кетті. Дәріханаға кіріп «Цитрамон алуға тура келді. Алматыда дәріханалардың саны көп,және олардың 99% терминалмен жабдықталған. 

Кішкентай баламмен бірге Burger Kingке барамын деген уәдем есіме түсті. Фри картопы, анықталғандай, баланың ең жақсы «досы» екен. Картамен төлем ешбір мәселесіз өтті. 

Кафеден кейін, біз Арбаттағы ұлттық тауарлар жәрмеңкесінде серуендеуге шықтық. Сол кезде түсіндім, менің қазір қолма қол ақшам болған жағдайда, мені ойсыз керек емес жарқын затты сатып алудан бірде бір дағдарыс тежеп қала алмас еді. Жәрменкеде ешкімнің терминалы жоқ, сондықтан бұл мені қажетсіз шығындар қатынасында тәрбиелейді. 

Халықтық жәрмеңкенің рухына қанып, біз балаға үйге қайтуға, ал анасына ары қарай – шаруаларымен кетуге кез келді деп шешеміз. 

Кешке менің маңызы іс шарам бар еді. Сондықтан қажетті дресс-код және лайықты сырт келбетке көңіл бөлетін уақыт жетті. Былғары курткадан және джинсыден тұратын кез келген киімде мен ол жерге бара алмаймын. Шаш үлгісі – бейненің басты қосымшасы, және осыдан бастау қажет.

Қала орталығында орналасқан сән салонында картамен төлеу еш қиындықсыз өтті. Бұл жағдай қаланың алыс аудандарында қалай болып жатқанын мен білмеймін. Менің ойымша, 50/50 секілді, бір салондарда төлем терминалдары бар, біреулерінде – жоқ. Сән салондарынң иелері, олардың бүгінгі таңда орын алып жатқан бәсекелестікті ескеріп, қазір бір де бір тұтынушыны жіберіге болмайтындығын түсіну керек, сондықтан мүмкіндігінше терминалды бүгін орнату қажет

Шебер менің шашыммен сиқыр жасап жатқан уақытта, коммуналды қызмет үшін төлеуге уақытым пайда болды. Ғаламтор банкинг арқылы Kassa Nova Банкінің картасымен төлеу – адамзаттың керемет айлап тапқан заты және кезекпен күрестегі басты қару! Мен кассаның алдында тұрып бірнеше сағат тұрмаймын, бар төлемді мен 2 минут ішінде жасаймын!

Іс шараның алдында мен гүл сатып алуым керек. Үлкен сауда орталықтарында оранласқан гүл дүкендері бар, және оларда терминал барына мен сенімдімін. Бірақ менің СО на баруға уақытым қалған жоқ сондықтан, мен бірінші банкоматты тауып, бүгінгі іс шараның иесіне керемет гүл шоғын сатып алу үшін, аздап қолма қол ақша аламын. Kassa Nova Банкінің қолма қол ақша алу барысындағы пайыздың мөлшері аз. Менің қаражатым аса зардап шекпейді. 

Қолма қол ақшасыз күнді нәтижелей, мен оның расымен де мүлдем қиын еместігін және қауіпсіз  екендігін айта аламын. Мен картаны жоғалтып қойған жағдайда да, банктің call-орталығына хабарласып оны кілттеп тастау жеткілікті. Ал егер әмияныммен бірге ақша жоғалса, «менің ақшам жылап қалады». Маған әдеттегі картаны қолданып, қалма қол ақшасыз бір күн өмір сүруге мүмкін болды. Күні бойына төлеммен және ақшаны транзикциялаумен бірде бір мәселе туындаған жоқ. Чектер мен жазуларды жинап, мен бір де бір теңге ізсіз кетпегендігін, бәрі таза әрі мөлдір екендігін нәтижеледім. Менің ақшам қауіпсіздікте, ал ол өте маңызды. 

Бөліс
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000