VOX POPULI voxpopuli 22 сентября, 2015 10:00

Тәжірибе: L'Oréal Paris бен бір айда мінсіз тері. Қорытынды.

Тәжірибе: L'Oréal Paris бен бір айда мінсіз тері. Қорытынды.
Фото: Сергей Панин
Бір ай бұрын, L'Oréal Paris тәжірибесіне қатысушы бес қызға күндізгі крем, көздің айналасына арналған реттеуші крем және ВВ-кремнен тұратын Skin Perfcetion косметикалық құралдарының жаңа жүйесі ұсынылған болатын. Бұл жақпа майлардың әрқайсысы бет терісінің басты кемшіліктерін шешуге бағытталған және нақты үш бағытта жұмыс жасайды. Ол: бет терісіндегі тесіктер, терінің құрылымы және түсі. Біз бүгін, қыздарға осы құралдар ұнады ма және бет терісінен қандай өзгерістер байқағанын білеміз.

Ең алдымен, тәжірибеге қатысушы аруларды еске түсірейік:


Надежда Пак. Фото, сделанное до использования линейки Skin Perfection
Надежда Пак. Skin Perfection жүйесін қолданғанға дейінгі сурет

Надежда Пак, 32 жаста. Маркетинг бойынша директор.


Александра Строганова. Фото, сделанное до использования линейки Skin Perfection
Александра Строганова. Skin Perfection жүйесін қолданғанға дейінгі фотосурет

Александра Строганова, 21 жаста. Офис-менеджер.


Айгерім Каюпова. Skin Perfection жүйесін қолданғанға дейінгі фотосурет

Айгерім Каюпова, 27 жаста. Аға заңгер.


Екатерина Щербинина. Фото, сделанное до использования линейки Skin Perfection
Екатерина Щербинина. Skin Perfection жүйесін қолданғанға дейінгі фотосурет

Екатерина Щербинина, 25 жаста. SMM-маманы.


Раилям Якубова. Фото, сделанное до использования линейки Skin Perfection
Раилям Якубова. Skin Perfection жүйесін қолданғанға дейінгі фотосурет

Раилям Якубова, 20 жаста. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті.


Сүйкімді аруларымызды еске түсіре отырып, қыздарымыздың бөлісуге асығып отырған әсерлеріне көшейік


Фото, сделанные до и после месячного эксперимента со Skin Perfection
Skin Perfection пен бір айлық тәжірибеге дейінгі және кейінгі фото

Надежда:

— Жалпы маған бұл құралдар өте ұнады. Осыған дейін ылғалдандырғыш кремді мүлде қолданбайтынмын. Бұл крем жұпар аңқиды, құрамы да жеңіл екен. Енді тональный кремнің орнына BB-кремді қолданып жүрмін. Тональный кремнен ерекшелігі ол өте жұқа жағылады әрі білінбейді және күннен қорғайды. 

— Үш құралды да күнде қолдандым. Таңертең ұйқыдан тұрысыммен жуынып болып, крем жақтым. әбден сіңгеннен кейін ВВ-креммен көздің айналасын тегістейтін кремді жақтым. Мен бұдан әрі де, осы құралдарды пайдаланамын деп жоспарлап отырмын. Өйткені бет терімнің жақсарып қалғанын байқадым.


Фото, сделанные до и после месячного эксперимента со Skin Perfection
  Skin Perfection пен бір айлық тәжірибеге дейінгі және кейінгі фото
.

Александра:

— Күндізгі кремді күнде қолдандым. Ал, ВВ-крем мен көздің айналасына арналған кремді серуендеуге шыққанда ғана жақтым. Маған көз айналасына арналған крем өте ұнады: көз астындағы көгерулер басылды, тіпті күн сайын ұйқым қанып тұрғандай көріне бастады. Күндізгі кремнен терім майсыз бір тегіс болды, бірақ безеулер бұрынғысынша шығып жатыр.

— Ал, BB-крем — өте жеңіл, әрі жағылғаны білінбейді, теріні жарқыратып, бір тегіс әдемі етеді. Әрі қарай ВВ-крем мен көз айналасына арналған кремді қолдануды жөн көріп отырмын, бірақ күндізгі крем менің теріме онша келіңкіремеді.


Фото, сделанные до и после месячного эксперимента со Skin Perfection
Skin Perfection пен бір айлық тәжірибеге дейінгі және кейінгі фото

Айгерім:

— Бір ай бойына мен тек екі құралды қолдандым: күндізгі крем және көз айналасына арналған крем. Негізгі құрал маған ұнады, терімнің біртегістеле бастағанын байқадым. Ал, ВВ-кремді көп қолданбадым.

— Жақпа майлар шынында да, бет терісінің ақауларымен күресті. Тері тесіктерінің азайып, қызарулардың басылғанын байқадым, терімнің жалпы жағдайы жақсарып қалды. Болашақта да күндізгі крем мен көз айналасына арналған кремді қолдансам деймін.


Фото, сделанные до и после месячного эксперимента со Skin Perfection
Skin Perfection пен бір айлық тәжірибеге дейінгі және кейінгі фото

Екатерина:

— Менің терім бір тегіс болып, майлы жылтыр кетті. Мен осындай нәтижеге ұзақ уақыт бойы ұмтылдым, бұрын майлы жылтырды кетіру үшін косметикалық салфеткалар қолданатынмын, қазір олар жоқ және кешке дейін алаңсыз жүруге болады. Тіпті, қазір терім тазарақ көрінетін сияқты әсердемін. 

— Бұл құралдарды қолдануды қуана-қуана жалғастырамын, өйткені оларды тональный кремнің орнына жағуға болады. Енді мен өз теріме шамадан тыс бояу жақпаймын және өзімді жаңарғандай сезінемін.


Фото, сделанные до и после месячного эксперимента со Skin Perfection
Skin Perfection пен бір айлық тәжірибеге дейінгі және кейінгі фото

Раилям:

— Мен Skin Perfection кремдерін күнде қолдандым. Маған басқаларына қарағанда ВВ-крем көбірек ұнады - оны бетіме күніне екі рет жақтым.  Ал, күндізгі кремді кейде ғана бетім тітіркенгенде жақтым, ол да жақсы көмектесті, жақсы ылғалдандырады.

— Көз айналасына арналған түзеткіш кремді жиі қолдандым. Бұл кремді ВВ-кремнің тамаша дуэті деп білемін: көз астындағы қалташалар жойылып, тері біртегістеледі. Әрі қарай да, осы құралдарды сатып алуды жоспарлап отырмын, бірақ бәрінен бұрын тамаша ВВ-крем үшін жүгіретін сияқтымын.


Skin Perfection пен экспериментке қатысқан сұлу қыздарға рахмет. Ал сіз, құрметті оқырмандар,  L'Oreal Париждің жаңа желісін қолданып көргіңіз келе ме?

Бөліс
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000