VOX POPULI Айсауле Байгазина 13 июня, 2015 12:00

Эфиопия. Африка жүрегіне саяхат

Эфиопия. Африка жүрегіне саяхат
Фото: Байгазина Айсауле
Көптеген адамдарда тек бір ғана сөз — Африка дегенді естігенде онша бір жағымды емес сезімдер пайда бола бастайды. Біз Африканы ең бір қауіпті құрлық ретінде көзімізге елестетуге дағдыланып алғанбыз, құрлықтағы барлық елдердегі өмір бір бірінен еш айырмашылығы жоқ сияқты: барлық жерде аш балалар, өркениеттің иісі де сезілмейді, ал халық сол баяғы тас дәуірінде өмір сүретіндей. Бірақ шын мәнісінде де жағдай солай ма? Осындай қалыптасып қалған стереотиптерді жою үшін мен сіздерге африкалық елдердің бірімен — Эфиопиямен танысуға шақырамын, бар кереметін қаз қалпында көре отырып!

Бұл елдің тұрғындары екі күнтізбе бойынша өмір сүреді — григориандық және жергілікті күнтізбе бойынша. Бұл елге аяқ басқандағы түсінгендігіміз жергілікті күнтізбенің, Езамэн, григориандық (жалпыға ортақ) күнтізбеден біраз айырмашылықтары бар екен. Бір мысал ретінде мұны оларда бір жылда 12 емес, 13 айдың болуымен түсіндіруге болады. Әр айда 30 күн бар, ал қалған 5-6 күн үшін он үшінші — пагуми айы құрылған. Езамэн күнтізбесі бойынша,Жаңа Жыл бұл елде 11 қыркүйекте тойланып, содан бастап ай санау басталады.

Эфиопия кофенің отаны болып саналады, себебі расында осы елдегі Каффе провинциясында Калди есімді малшы кофенің дәндерін кездейсоқ тауып алған болатын. Бүгінгі таңда эфиоптар кофе ішу дәстүрін жиі ұйымдастырып тұрады, оған олар туыстарын, достарын, қонақтарын шақырады. Бізге осындай бір дәстүрге қатысудың сәті түсіп, нағыз таза кофенің дәмін таттық.

Ең әуелі кофенің шикі дәндерін топырақтан жасалған ыдысқа салып, көмір жағып қуырды.

Содан кейін қуырылған кофенің дәндерін қайнақ сумен бірге топырақтан жасалған құмғанға құйды. Бұл құмғанның мойны жіңішке, ал қақпағы дайындалу барысында хош иісін жоғалтып алмас үшін жабық болды. Қайнату үшін шамамен 10 минут қажет болды.

Дайын болған кофені көлемі 60-80 мл, болатын кішкентай кеселерге құйды, оған татымына қарай тұз, қант және сүт қосты .

Кофені дайындауға 15 минут уақыт кетті, айта кету керек оған заманауи технология мен озық құрал жабдықтар қолданылған жоқ. Бұл біз өмірімізде ішіп көрген кофелердің ең дәмдісі болып шықты, титтей де бір қышқыл дәмсіз. Бұл кофенің аса іждағатты хош иісі мен жеңіл бір дәмі болды, теледидардан жарнамаланатын ең керемет кофе сияқты.

Эфиопиядағы саяхатымыз жалғасуда. Мінекі апалы сіңлілі саудагер қыздар көкөніс сату нүктесінде.

Әрбір аттаған қадамыңызда пальма мен экзотикалық гүлдер кездестіруге болады.

Аддис-Абеба — Эфиопия астанасы.

Көктемнің ортасында-ақ жапырақ түстері ақырындап өзгере бастайды, маусым айында жаңбырлар басталады да ауа температурасы шамамен 10 ºC төмендейді. Нөсер жаңбырлар күнде екі үш сағаттан жауады, сол себептен де көптеген астана тұрғындары қаладан уақытша кетіп қалады. Бірақ жалпылай алғанда Аддис-Абеба климаты өте қолайлы: өзінің орналасқан жерінің арқасында мұнда мидан өтетін аптап ыстық жоқ.

Қаланы аралап жүріп ескі маркалы автокөліктерді кездестіруге болады.

Мысалы 50-60-шы жылдардағы Volkswagenнің «Жук» моделі.

Кеңес дәуіріндегі «Жигули» автокөлігін ел жолдарында кездестіруге болады. Бұларды 80-ші жылдары елге алып келген, ол кезде Социалистік Эфиопия мен КСРО бір бірімен қоян қолтық араласқан.

Мынандай «тук-тук», немесе моторикша, тек қана оңтүстік шығыс Азияда ғана емес, мұнда Эфиопияда да сұранысқа ие.

Жергілікті қойшылар қойларымен бірге жолдан өтеді екен, бір қойдың алдыңғы аяғынан ұстап өтсе қалғандары тып тыныш артынан еріп өте береді екен.

Білім министерлігі ғимаратына қарама қарсы сағаты бар биік мұнара бар, мұнараның төбесінде тәж киген арыстан бар — ол императордың билігінің мықтылығының нышаны.

Эфиопия ұлттық мұражайы әрбір турист бас соқпай кетпейтін жер.

Мұражайда көне экспонаттармен танысуға болады. Мысалы, пластиктен жасалған Люси скелеті — эфиоп тілінде Динкнеш, қазақшаға аударғанда «сен ғажапсың» — австралопитектің әйел жыныстысы. Зерттеулердің қорытындысы бойынша оның жасы 3,2 млн жыл. Бойының ұзындығы — 105 см.

Бұл скелетті ғалымдар 1974 жылы Эфиопияның шығыс бөлігінде тапқан.

Алайда 20 жылдан кейін дәл сол аймақта Арди есімді әйел жынысты адамның скелеті табылған, оның жасы Люсидікінен 1,2 млн жыл бұрын! Бірақ оның әйгілілігі Люсидікіндей емес.

Хайле Селассие I Сүлеймен патша тұқымындағы соңғы император болған, ол 1930-1974 жылдары ел басқарған. Ол Женева қаласында Ұлттар Лигасы басқосуында сөз сөйлеп басқа ел өкілдерін берген сөздерін ұстап, Эфиопияны итальяндық басқыншылардан азат етуге оған көмектесуге шақырды.

Оның сол кездегі «Құдай мен тарих сіздердің шешімдеріңізді есте сақтайды» деген сөздері бүкіл әлемді шарлап кеткен. 1940 жылдың 12 шілдесінде Ұлыбритания ресми түрде Эфиопияны өзінің одақтасы деп мойындаған болатын. Хайле Селассие I батылдығы мен Ұлыбритания сияқты одақтастың арқасында Эфиопия елі итальяндық басқыншыларға қарсы соғыста жеңіске жетіп, өз тәуелсіздігін алған болатын.

Мүмкін осындай басшылардың арқасында, Эфиопия Африкадағы европалық мемлекеттерге отар болмаған екі елдің бірі бола білді.

Бұл мұражайға бізбен бірге өскелең ұрпақ та келді, олар ел тарихы туралы лекцияны үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Орыстың ақыны А. С. Пушкинде эфиопиялық қан бар. Ақынның кейбір туындылары амхар тіліне аударылған.

Эфиопияда, Орталық Африканың басқа да көптеген елдеріндегідей африкандық марабу сияқты жыртқыш құстар жүреді.

Ал мынау кәдімгі падальщик деген құстар, олардың тұмсығының ұзындығы 37 см. жетуі мүмкін

Атап айтар болсақ олар балыққа бай жерлерде өмір сүреді; далаларда, саванналарда, сазды жерлерде, бірақ сонымен қатар кейбір елді мекендерде де.

Ел астанасы Аддис-Абеба, қазақ тіліне аударғанда «Жаңа гүл» деген мағына береді екен, биік таулы жерде орналасқан.

Боб Марли ескерткіші, әншінің әндері Эфиопияда да жаңғырған.

Эфиопиялық үйлену той. Той қонақтары ән салып, би биледі, ара-сара  африкандық тайпалар айтатын қуанышқа толы айқайлар естіліп жатты.

Ел астанасының халық саны 3 миллионнан асып жығылады, жыл сайын астаналықтардың саны өсуде. Аддис-Абебаға халық тек жақын маңдағы ауылда жерлерден ғана емес, көршілес елдерден де ақша тауып өз отбасыларын асырауға келеді.

Эфиопия — өзіндік ерекшелігі бар ел. Бұл елдің оны өзіндік әдемілігі мен қайталанбас ерекшеліктері тек қана Африка құрлығында басқа елдерге ұқсамайтын ел емес, Эфиопия бұл тұрғыдан әлемдегі елдерге ұқсамайтын бір ерекше ел болып табылады. Бұл ел әлі толығымен зерттелмеген, яғни әлі қызыққа толы жерлері мен тарихы мол ел туристерге әлі талай қызықтарын паш етері анық.

Бөліс
Айсауле Байгазина
Айсауле Байгазина
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000