VOX POPULI Святослав Антонов 12 апреля, 2015 04:27

ТОРДЫҢ ІШІНДЕГІ ЖЕКПЕ--ЖЕК: АЛМАТЫДАҒЫ АРАЛАС ЖЕКЕ КҮРЕСТЕРДІҢ ТУРНИРІ

ТОРДЫҢ ІШІНДЕГІ ЖЕКПЕ--ЖЕК: АЛМАТЫДАҒЫ АРАЛАС ЖЕКЕ КҮРЕСТЕРДІҢ ТУРНИРІ
Фото: Тимур Батыршин
4 сәуірде Алматыда KunlunFight 2 CageSeries халықаралық аралас күрес турнирі өтті. Аралас стильдің қазақстандық күресшілері Қытай, Бразилия, АҚШ және Франция спортшыларымен жарысып, жақсы өнер көрсетті.

Аралас күрес біздің елімізде күннен-күнге танымалдылыққа ие болып келе жатыр. Біздің күресшілер қатысатын турнирлер толық залдарды жинайды. Бұл спорт түрі түрлі күрес және жекпе-жек тәсілдерінің үйлесімі болып табылады. MMA-ның іргесіне бокс, кигбоксинг, каратэ, еркін және греко-римдық күрестің, джиу джитсу, грэллинг, дзюдо және самбо элементтері қаланған. Жиі аралас күрестің спортшылары осы аталған спорт түрлерінің бірінен шығады.

MMA жарыстары жиі түрлі коммерциялық спорт ұйымдарымен өткізіледі. Олардың ішіндегі ең танымалдары: американдық UFC, еуропалық M-1 және жапондық Pride FC. Алматыдағы турнирдің ұйымдастырушысы болып табылатын KunlunFight аралас күрес Федерациясы Қытайда орналасқан. Ол әлі жас ұйым болғанына қарамастан, әлем бойынша мыңдаған көрермендерінің және жанкүйерлерінің назарына қол жеткізіп үлгерді. 

Турнир тақырыбы Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына сәйкес анықталды. Жарыс басталмас бұрын, ұлттық нақышта, жарық технологияларының қолданумен турнирдің ашылуы өтті. Тақырып бойынша жас батыр, от пен судан өтіп KunlunFight жеңімпазының белдігін алады.

Жекпе-жектер октагонда – тормен қоршалған, сегізбұрышты алаңда өтті.

Әр қатысушы өз елінің танымал хип-хоп хиттеріне шықты. Әр шығыс көз тартарлық отты шашумен әсерленді. Қатқыл түсті сарбаздар күресші мемлекетінің туын көтеріп шығарды. 

57 келіге дейінгі салмақтағы бірінші жарыста атыраулық аралас күрес мектебінің тәрбиеленушісі, жекпе-жек ұлттық спорт түрінен өткізілген ашық республикалық турнирдің күміс жүлдегері, жекпе-жектен Қазақстан Кубогының иегері – Алпамыс Адиятов, өзінің кәсіби карьерасында бес жеңіс және төрт жеңіліс тапқан Қытайдың күресшісі Джыфа Шангпен кездесті.

Бірінші болып алуды қытайлық өткізді, бірақ кейін біздің күресші босап шыға алды. Алпамыс қарсыласын мықтап ұстады деп көрермендер ойлаған кезде, ол бұл тәсілден құтылып қазақстандық спортшыны ұстап алды. Нәтижесінде, кешті ашқан жекпе-жектің алғашқы раундында-ақ қолға жұмсалған ауырту тәсілімен қытайлық жеңіп шықты. 

61 келіге дейінгі салмақта Қарағанды облысының тумасы, ушудан республикалық жарыстардың жеңімпазы, аралас күрестен Қазастан Кубогының күміс жүлдегері – Алтынбек Бажимов және Ішкі Монғолиядан шыққан қытайлық файтер, өнер көрсетуінің жеке нәтижелері MMA бойынша үш жеңіліс және үш жеңіс тапқан Алатенг Хейли кездесті. 

Жарыс ұқсас сценариймен, бірақ керісінше нәтижемен өтті. Бұл жолы қателікті қытайлық жіберді және Алтынбек оны пайдаланбай қалмады, үш бұрыш сияқты белгілі буындыру тәсілімен бірінші раундта жеңіске жетті. Көрермендердің қуанышында шек болмады. Бұл осы турнирдегі қазақстандықтардың алғашқы жеңісі еді. 

Келесі жекпе-жектер файтерлердің қарсыласуын тамашалауға мүмкіндік бермей, бірінші раунда аяқтала беретіндей көрінді. Бірақ қазақстандық Русла Камзаев және Франция спортшысы Абделькерим Эль Куедидің қарсыласуы мүлдем басқаша өтті.  

Руслан жекпе-жектің бастапқы сәттерінен қарсыласын қысым көрсетіп келді, бірақ ол ұстауларды сәтті қайтарып, жұдырықтардан құтылды. 

Қарсыластардың күштері тең келген екен. Үш раунд бойы оның ешқайсысы анық басымдылыққа ие бола алмады. Жекпе-жектің соңында қазылар жеңісті белсенділігі үшін Русланға берді.

Үш раунд бойы ұқсас түрде Атыраудан шыққан жас күресші, жекпе-жектен спорт шебері – Нұрберген Шарипов және Қытайдың өкілі – МаШуангтың қарсыластығы өтті. Жарыс партерде өтті. Қытайлық белсенділік танытпағаннан кейін қазылар жеңісті Нұрбергенге берді. 

77 келіге дейінгі салмақ жекпе-жегінде Қарағандыдан тәжірбиелі күресші, аралас күреске ушу саньдадан өткен, Қазақстанның MMA бойынша жеңімпазы Бауыржан Қуанышбаев және Қытайдан келген файтер, өзінің қорынында екі жеңісі, бір де бір жеңілісі жоқ  – Ши Йонха жекпе-жекке қатысты. 

Екі күресші де сенімді көрінді. Олардың әр қайсысы кезекпен граунд-энд-пауд (жық және ұр) тәсілін қолданып, жекпе-жекті партерге өткізіп, жоғарғы қалыпты ұстап, одан кейін шынтақ және жұдырық соққылар топтамасын қолданатын. Аяқ соққысы да қолданды. Октагонда алғашқы қан ақты. Бауыржан бетіне аққан қанға қарамай жекпе-жекті ерлікпен жалғастырды.

Бәрі үшінші раундта, қытайлықтың кезекті тәсілінен кейін Бауыржан оны ұстап, буындыратын тәсіл қолданғаннан кейін аяқталды. Ши Йонха алғашқы жеңілісін тауып, ал қарғандылық болса жеңісті тойлады. 

66 келіге дейінгі салмақтағы кештің алтыншы жарысында сегізбұрышқа Нұржан Тұтқаев шықты. Осы жылдың қаңтарында ол қытайлық Нанкинде өткен “KunlunFight” турнирінің жеңімпазы атанған. Бұл кеште оның қарсыласы Фрациядан келген файтер –Максим Джиакалоне болды. 

Джикалоне Нұржанға бірден дес бере бастады. Бірінші раунд бойында қазақстандық күресші қарсыласын тор бұрышына тақап келді. Екінші раундта оның қолынан ауырту тәсілін қолдану және жекпе-жекті жеңу келді. 

Көрермендер қызықпен жарыстардың барысын тамашалап, біздің спортшыларға жақсы жанкүйерлік көрсетті. 

Соңғы үш жарыс бес минуттан бес раунд түрінде өтті. Кілемге отандық күрестің аңызының біреуі, шотокан каратэ, джиу-джитсу және панкратионнан Қазақстанның көпдүркін жеңімпазы – Ақсар Үмбетов шықты. Онық қарсыласы американдық Кайл Розевски болды. Розевски кілемге айтарлықтай сенімді шыққан еді, бірақ қарсыластық барысында ол сенімділіктен түк те қалмады. Тәжірбиелі қазақстандық күресші түрлі тәсілдер қолданып оған бір секундқа да демалыс бермеді. Нәтижесінде, жекпе-жек үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. 

Одан кейін кеш кестесінде KunlunFigh нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына жекпе-жектің біріншісі өтті. Бұл атаққа панкратион бойынша Азия чемпионы – Қазыбек Ашимов және оның қазіргі иегері, кәріс – Джонг Вонсока таласты. Жарыс көпке созылған жоқ, бірінші раундта-ақ, Қазыбек «гильотина» әдісін өткізіп, қытайлық промоушенның нұсқасы бойынша жеңімпаз дәрежесінде кубокты көтеріп жатты.

Әлем чемпионы атағы үшін әйгілі қазақстандық күресші, еліміздің джиу-джитсу бойынша екідүркін чемпионы, WAFC нұсқасы бойынша ережесіз жекпе-жектерден әлем чемпионы – Бейбіт Назаров және бразилиялық джиу-джитсудан әлем чемпионы – Бруно Аморим бақталасты. 

Бірінші раундта Назаров өзінің қарсыласына қысым көрсетті. Оның қолынан нақты соққылар топтамасын өткізу келді. Дегенмен, Аморим олардан тез есін жиып, раунд аяқталғанша қарсыласының әрекеттерін тежеп қойды. 

Екінші раундтағы Бейбттің дәл соққысы бразильдікті нокдаунға жіберді. Бірақ бір минут өтпей қазақстандық жеңімпазға қорғануға тура келді. Күрделі тәсілден құтылып шығу үшін Назаровқа ереже сай емес аяғымен бірнеше соққы жұмсауға тура келді. 

Үшінші бесминуттықта спортшылар алысумен болды. Олардың біреуінде Бейбіт тағы да тыйым салыпған соққы қолданып, сол үшін ол ескерту алды. Раундтың аяғы бразильдықтың соңында қалды. 

Кенет қазылар турнирді тоқтатуға шешім қабылдайды. Ұзақ ақылдасудан кейін жеңімпазды анықтай алмай, олар үшминуттық экстра-раунд өткізуді шешеді. 

Қазақстандық ұстау жүргізді, бірақ оны лақтыруға жалғастыра алмады.Қарсыластар жекпе-жекті төменгі қалыпқа ауыстыруда «арқан тартысты» ұзақ уақыт ойнады. Нәтижеде, Ариома Бейбітті құлатқан кезде гонг дыбысы естілді. 

Раунд аяқталғаннан кейін қазылар ақылдасып, жеңісті Бейбіт Назаровқа береді. Шешім күмәнді, бірақ күтілген болды.

Бразильдық қазылыққа көңілі толмай, алаңнан марапаттауға дейін кетіп қалды. Кейінірек ол бар турнитрді қатал сынаған болатын. 

Турнир нәтижесі бойынша он жекпе-жектің сегізінде қазақстандықтар жеңіске жеткен. 

Бөліс
Святослав Антонов
Святослав Антонов
Журналист, редактор раздела HISTORY
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000