VOX POPULI Кирилл Жданов 29 июля, 2015 14:00

Астана: Loud & Quick

<p>Астана: Loud &amp; Quick<b></b></p>
Астана: Loud & Quick
Фото: Илья Астахов
Демалыс күндері елордалык автомобилистер үшін өте шулы және адреналинді болып өтті. Осылай Астанада «Қазақстандық дыбыс және тюнинг чемпионтының соңы» және «Raceweekend» атты екі ірі көлемді Қазақстандық іс-шаралар өткізілді. Шиналардың гуілі, жүздеген децибел және ең батыл тюнинг. Ал, кеттік пе?

Біздің түсірілім тобы іс-шара орнына жетпестен «автодыбстың» шулы болуын сезді. Астанада 25 шілдеде барлық асыққандарды қатысушылардың децибелімен қарсы алды. Чемпионат ұйымдастырушысы «АМТ-Евразия» авто-дыбыс, мультимедиа және тюнинг орыс жарыстар қауымдастығы болды.

Қазақстанның әр аймақтарынан 80 ге жуық қатысушылар чемпионатқа қатысты, ал арнайы шақырылған жүргізуші қонақтар Омбы және Екатеринбургтен шақырылған. Ең стильді және мықты қатысушыларды 11 кәсіби төрешілер таңдады.

Сауда орталығының алдындағы автотұраққа келгенде, шынымызды айтқанда біз бірден  іс-шара мен жарыс туралы ұмытып та кеттік. Осылай біз ең жарқын қатысушыларға бой тарттық. Сонымен сіздердің ду қол шапалақтарыңызбен өткен жылдың,  біздің ойымызша ең үздік үштік автодыбыс пен тюнинг қатысушыларының автомобильдері  мен иелерін таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Танысып қойыңыздар ерекше әрі есте қаларлық автокөлік. Егер сіз бұл ескі шіріп жатқан  «Запорожец» деп ойласаңыз дәл тапқаныңыз.

Александр БЛОХИН «ЗАЗ» - көлік иесі. Александрдан бұл ғажайыпқа қанша күш салынғанын және осы қызғылт жарқын сирек затты қаншаға бағалайтынын сұрадық.

- Негізі бұл біздің ең бірінші айдап үйренген көлігіміз. «Запорожец»тің өзі 1988 жылы жасалған. Көлікпен жұмысты 12 жыл бұрын айналыса бастағанбыз. Қазір қанша ақша жұмсалғанын айта аламаймын, нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар. Қазақстанда осындай көлікті көрген емеспін. Осындай іс-шаралардан біз бес жүлдеге ие болдық. Бұл күнделікті қолданылатын көлікке ұқсай ма? Жоқ әрине (күледі), қайда барам бұл көлікпен? Өз заманында ол көптеген жерлерде жүрген. Тек бір нәрсені айта алам бұл көлікті ешқандай ақшаға сатпас едім. Ақшамды қиған емеспін, ең бастысы осындай ғажапты жасауға кеткен күшті ойлаймын!

Келесі қатысушының қасынан жәй өте алмадық, өйткені бізді дыбыс толқыны естен тандырды. Танысып қойыңыз Дүйсембаев Дамир көлігінің маркасы BMW X5. Дамирдің көлігі үлкен шулы ультрадыбысты ауданға ұқсайды. Есіктерінде ондаған динамиктер, үлкен көлемді девбоналар, көлік тұтастай рамамалармен және күшейткіштермен жабдықталған, танкті еске түсіреді.

Өз көлігі туралы иесі былай дейді:

- Көлік ішінде 4 аккумулятор орналасқан, ол 32 алдыңғы колонкаларды және 4 девбонсты нәрлендіреді. Осының бәріне 20 мың доллардай кетті. Осы көліктің арқасында мен алты медаль және бір кубок жеңіп алдым. Көлігімді сатпаймын, қанша күш жігерімді көлігіме жұмсадым. Осындай дыбыс толқындарын көтермейді, есік бекітулері күшейтілген төбесі қайнатылған. Көлікте музыканы тыңдаймын (күледі), көп емес.

Қандай көлікті сіріңке талы өтпейтіндей төмендетеді? Қарапайым жігіттер түнгі қалада қандай көлікте жарысады? Әрине ол  «LADA PRIORA»

Көліктің қасында иесінде таптық, таныс болыңыз Эльвар Агаев. Эльвар бізге неге елден ерекше болуды және «жентектелген Приора» екі есе қымбат болуын айтып берді-Біріншіден бұл менің көлігім және тек менікі. Көлікті достарыммен бірге сатып алып оны бірге жасап бірге айдаймыз. Бұл PRIORA седан, автодыбыс және төмендетілген көліктердің ішінде аңызға айналған авто. Қазір біз оған ауыспалы клиренсті орнаттық, төртконтурлі подвесканы, жетпіс градус суықты көтере алатын жастықшаларын орнаттық. Көрмелерге арналған көлік емес, айдауға арналған, сол үшін біз қала климатына сәкес жасағанбыз. Басқа сөзбен айтқанда біз машинамызды жерге дейін төмендетіп, 30-35 см биіктете аламыз. Оған қымбат құрылғыларды орнатқанбыз. Бір күшейткіштің өзі 2 мың евро тұрады, бұл жерде екеу. Одан басқа генераторға үлкен вольтаж беретін гелиевые аккумулятор орнатылған, динамиктер әр қайсысы мың доллардан. Кавказдық пен қазақстандық орта есеппен тюнинг жасалған. Барлық апрейдтерді өз қолымызбен жасадық.


PRIORA –ның ең қызығы бұл болып шықпады. Көліктен шыққан дыбыстың соншалықты қатты болғаны , артқы жағын тұтастай қайнатқаны бізді таңқалдырды.

Автодыбыстарға құмарымыз қанған соң біз жылдамдығымызды тура «Raceweekend»ке тарттық.



Турасын айтқанда көрермендердің аздығы қайғыртты. Оған себеп екі шараның бір уақытта өткізілуі және тұрғын үйлерден бөлек Астана Арена стадионынның көлік тұрағында өткізілгені болған шығар. «Raceweekend»тің ең әсерлі болғаны динамикте. Қозғалтқыштың шуы және желінген шиналардың иісі, жылдам автомобильдер және әсерлі бұрылыстар болды. Бұл жерде ерекше өзіне ғана тән ауасы болды. 

Жоғары жылдамдыққа келгенде Қазақстан қатысушылары жиналған: Қарағанды, Астана және Көкшетау топтары. Барлығы 23 жарысушы, ұйымдастырушылардың айтуы бойынша техникалық ақаудан 21 ғана жолға шықты.

Үш көшбашылардың ішіне кірген жарыскерлер автокөлігінде отырған жас қызды көреміз деп ойламадық. Таныс болыңыз Анна Ермолаева көлік маркасы BMW. Одан сұхбат алмасақ қылмыс істегенмен тең, сонымен Анна бізге дәстүрлі ерлер спорты мен ұлдармен тең бәсеке жайында айтып берді.

- Автоспортта жүргеніме бес жыл болды, өзіме ұнайды. Әрине физикалық тұрғыдан қиын болғанымен, өте қызықты. Мен алғаш рет жарысты көруге келгенде кездейсоқ бастадым. Сосын өзімді сынап көруге бел будым. Әрине ер адамдар күмәнданды(күледі). Дәл осы жерде әйелдердіңде қолынан келетіне ынталандыруды таптым.

Жарыс жолында PRIORA ға орын табылды. Көлік басқа мақсаттарға арналғанымен әжетайым үлкен өзгерістерге ұшырады- деп өз көлігі туралы Кирилл Щербак айтты.

- Автожарыстарға қатысып жүргеніме бес жыл болды. Жылдамдықты кішкентайымнан балдырғанды қатты теуіп жүргенде сүген сияқтымын. Әрі қарай көбейе берді. Жас қосқан сайын мүмкіндіктер көбейді, ақша табылып көлік, мотоцикл сатып аласың. Өз көлігім туралы не айтайын? Приора түпнұсқасынан тек сырты қалды, осымен боды (күлді).

Бізге әсер қалдырған ең соңғы қатысушымыз Михаил Найденов . Михаил өз қанында жанармай ағып тұратынын айтады. Сол себепті ол астанадағы жарыстарды қалдырмайды.

-Төрт жыл бұрын жарысты бастадым. Жарысқа құштарлығым қалай басталғанын білмеймін. Мүмкін қанымда жанармай бар болуы мүмкін. Жарыста менің көлігім талай соққыға ұшырады, бірақ онсыз болмайды. Мен оны ауыстыруға мүлдем бекінбеймін. Ең соңғы рет ылғал жолда апатқа ұшырадым, сол кезде қашаны түзулеп шықтым. Менің ол оқиғадан кейін де бетім қайтпады. Бұрынғысынша жарыстарға қатысып жүрем.

Көптен күткен мәреге жеттік! Қатысушыларға медальдармен және кубоктармен марапатталды, тағы қосымша естелік ретінде мотор майы берілді.

Бөліс
Кирилл Жданов
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000