VOX POPULI Екатерина Лейман 1 июня, 2015 14:00

Алматы Charity Club: Мейірімділік сәнге айналсын

Алматы Charity Club: Мейірімділік сәнге айналсын
Инженерді, математика мұғалімін және бизнес сарапшыны нендей зат біріктіруі мүмкін? Мейірбандық пен жұмсақ жүрек. Бір топ жас жігіттер мен қыздар жетімдер үйіне көмек көрсететін Almaty Charity Club қауымдастығын құрды. Vox Populi тілшісі еріктілермен бірігудің себебі, оның болашағы және мұңайтатын жәйттер жайлы әңгімелескен еді.

BTT_0960

Біздің бұл кездесуіміз репортаждың шығарынан біраз бұрын жоспарланып қойған болатын: жігіттердің қолы бос емес болғандықтан бірер минут бос уақыт табу олар үшін өте қиын. Олардың әрқайсысы осы өмірді мейірімдірек және сәл болса да бақыттырақ еткісі келетін өз алдына жеке тұлға, пісіп жетілген азамат болып табылады.

BTT_0921

Жайық Дәуренбеков, 26 жаста

Бұл жігіт Батыс Қазақстан өңірінде мұнайгаз компаниясында инженер болып жұмыс істейді.

– Вахталық әдіспен жұмыс істеймін: бір ай жұмыста, бір ай демалыста. Демалысқа берілетін уақытты пайдалы өткізуді жөн көрдім. Өзімнің достарым мен таныстарымды жинап алып бір ой тастадым: жетімдер үйлеріне көмек беруді. Достарым мейірімді әрі көмектесуге дайын адамдар болғасын, олар менің ойымды құп көріп дереу келісе кетті, – дейді Жайық.

Almaty Charity Club қауымдастығы өз жұмысын 2015 жылдың ақпан айында бастап кетті. Бұл уақытқа дейін жас жігіттер бір мәртелік өткізілетін қайырымдылық шараларына қатысатын, бірақ қомақты іс атқару үшін жүйелі жұмыс істеу қажет болды.

– Мен «істелінген, сосын ұмытылған» науқандық шаралар туралы білемін, бірақ бізге бұндай шаруамен үнемі айналысу керек болды. Біздің топқа нақты механизм керек болды», – дейді құрылтайшы.

BTT_0935

Ең бірінші жігіттер Instagramда ресми парақшаларын ашты. Жайық өзі мойындағандай, сол уақытқа дейін ол Instagramды тіпті пайдалана да білмейтін, бірақ қайырымдылық іс үшін үйреніп алған.

Қазіргі таңда Charity Clubта белсенді және белсенді емес мүшелер бар. Белсенділері – жетімдер үйіне барып, оларға бір керекті заттар сатып алатындар, белсенді еместері ақша жинауға қатысады. Еріктілердің барлығы жиналған ақшаны жеміс-жидектер, йогурт, ойыншықтар сатып алуға жұмсайды. Дені жұмыс істейтіндіктерден құралғанына қарамастан бұл еріктілер жақсы іс үшін уақыт тауып жатады.

Клуб мүшелері ай сайын жарна өткізеді. Жарна көлемі шектеулі: 5 000 теңге. «Бұл ережені шынымды айтсам мен ойлап таптым, бірақ көптеген адамдар неге олай шектелгенін түсіне алмады, себебі одан да көп ақша бере алатын және бергісі келгендер де болды. Өз шешімімді мен былай түсіндірдім: клубта бәсекелестік пайда болмауы керек. Мұндай шектеу барлығының жағдайын тең қылып ұстайды, сол себептен де бізде жарысу бәсекелесу деген болмайды»,– дейді Жайық Дәуренбеков.

 

 

BTT_0923

Бүгінгі таңда қоғамдастыққа мүше адамдар саны 20, міндеттердің барлығы дерлік Жайықтың мойнында: «Бастаманы өзім көтергендіктен, барлығына өзім жауап беремін».

Балаларға көмектескісі келетіндер кастинг немесе іріктеуден өтпейді. Біздің ісіміздегі басты талап – көмек жасауға дайын болу .

– Біздің болашаққа деген жоспарларымыз көп, бірақ барлығымыздың негізгі жұмысымыз көп уақыт пен күш-қуатымызды алатындықтан біз жоспарлаған істерімізді жүзеге асырып үлгермей жатамыз. Бір қуантатыны біз бастамасын бастадық. Біз басқаларға үлгі болғымыз келеді. Мен әрине білемін, әрбір адам көмек қолын созғысы келеді, бірақ оларды іске бастайтын бір ұйымдастырушы болуы керек, – деп ой түйіндейді жас жігіт.

image-29-05-15-20:16-2.jpeg

Бастама қоғамдастық мүшелерінен болғандықтан, балалар үйі басшылары бізге түсіністікпен қарайды. Charity Clubтың тәжірибесінде балалар үйі басшылығымен келісе алмағандық тек бір жағдайда ғана орын алды:

– Ең бастысы біз басшылыққа балаларды бізге сеніммен тапсыруға болатындығын дәлелдеуіміз керек. Көптеген тәрбиешілер, мұғалімдер, дәрігерлер бізге түсіністікпен қарап бізді қуанышпен қарсы алатындығы бізді әрине қуантады. Бүгін менімен бірге мұнда Диана және Алмас деген достарым келді, олар тобымыздың ең белсенді мүшелерінің бірі, – деп таныстырды Жайық келгендерді.

BTT_0933

Диана Беркалиева, 23 жаста, математика пәнінің мұғалімі

– Біз Жайықпен жақсы доспыз. Ол біздің идеялық басшымыз. Біз мұндай шарамен айналысқымыз келгеніне біраз уақыт болды, тек бір нәрседен бастау керек болды. Ортақ іспен айналысатын 20 адам – Жайықтың достары. Шындығына келер болсақ балалар үйіне барып келе салу оңай болып көрінетін сияқты. Шындығында келіп қана қоймай, барлық балаларға көңіл бөлу керек. Бұл дегеніңіз өте үлкен жауапкершілік. Балалар әрбір келген адам біраз уақыттан кейін қайтып кететінін біледі ғой, олдегеніңіз өте ауыр тиеді. Мұндағы балалардың барлығын басқаларды «мама» деп атауға үйретіп қойған, тіпті біздің Жайыты да балалар «мама», деп атап кеткен – дейді жас мұғалім.

Image-29-05-15-20:16-4.jpeg

Диананың айтуынша балар үйіне жиі келіп тұру өте қиын: балалар тез бауыр басып қалады. Бойжеткеннің айтуынша бастаған істі орта жолда тастап кетуге де болмайды. Еріктілер балалар үйіне келгеннен кейін балалрмен ойнайды, олардың көңілін көтереді, Кейде өздерімен бірге клоун мен аниматорларды да ала келеді. Олар әдетте мұндай жағдайда тегін қызмет көрсетеді, баларға жақсы көңіл күй сыйлау үшін.

BTT_0939

– Балалар үйінен кетіп бара жатып біраз күңіренесің, жаның күйзеледі, бірақ сонымен қатар рухани тұрғыдан өте күшті қанағаттанарлық сезім аласың. Сен сонда өзіңнің бір үлкен қоғамның мүшесі екендігіңді сезінесің, сол қоғамға бір жаңалық енгізіп, оның жақсаруына үлесіңді қосасың. Құтты бір іспен айналысасың, – деп қосып қояды Жайық. – Мен тіпті өзімнің үлкен бір ләззат алатындығымды байқадым, рухани тұрғыдан өсіп келетінімді байқадым, тіпті жүйке тоздыратын жағдайға аз түсетіндігімді байқадым, қайырымдылықпен айналысқандықтан жаман ойлар да санама аз келетін болды».

image-29-05-15-20:16-1.jpeg

Сharity Club №2 балар үйіне басқалардан жиірек келетін болды, онда мүмкіндігі шектеулі 44 сәби тәрбиеленеді.

– Онда бір зағип сәби бар. Мен олбаланы есіме түсіргенде жаным ауырады. Ондай балаларға ерекше күтім керек қой. Ондағы балалрдың барлығы өте керемет жандар, – деп ой бөліседі Жайық.

image-29-05-15-20:16-9.jpeg

– Мен олардың болашағына қатты алаңдаймын. Қазір олардың барлығы тең: Бір қолының жартысы жоқ бала өзін кемсік сезінбейді, басқалармен бірдей ол ойнайды, ән айтады, би билейді. Ол ертең мектепке барады ғой, айналасындағы басқа балаларға қарайды, сол кезде ол өзін ыңғайсыз сезіне бастайды... Бұлмәселені де ойлаған жөн шығар. Олар да біздің қоғамымыздың тең құқылы мүшелері ғой, олардың да бақытты болуға толық құқылары бар ғой, – деп ой өрбітеді қауымдастық көшбасшысы.

Жақын күндерде Жайық бір қызды кездестірген екен:

– Ол қыздың да бір қолы болған жоқ, бірақ ол керемет жұмыс істейді, ақша табады, дем алады. Мен одан керемет әсер алдым. Ол біз сияқты әзіл айтып, күліп, өзінің кембағал екендігін еш байқатпады. Мұндағы балалардың да сондай болып өскенін қалаймын.

BTT_0945

Алмас Абдешов, 26 жаста, бизнес-сарапшы

Алмас та әңгімеге араласа кетті:

– Біз достарымызбен жиналып покер ойнағанды ұнатамыз. Бір күні Жайық әлеуметтік желіде бір балаға көмек керекболғаны туралы біліп, ойыннан түскен ұтысты қайырымдылыққа жұмсауды ұсынды. Сол мезеттен бастап осы қайырымдылық шара бастау алды. Жайықтың бойында балаларға көмек беру ниеті үнемі болған. Мен ол кезде Астанада жұмыс істетйтінмін, бірақ соған қарамастан сол кезде-ақ ортақ іске қосыла кеттім. Осында келе сала жігіттермен бңрңгңп балалар үйіне бардым. Маған сол мезет өте ұмытылмас, есте қаларлық болды. Маған ол жерде мүмкіндігі шектеулі балалар болатындығы жайлы ескертті. мен оларды ең алғаш көргенімде олар маған айқара ашылған құшақтарымен жүгірді, өздерін құшақтап, бірге ойнағанымды қалады. Мен өзім балаларды қатты жақсы көремін, қастарында өзімді өте жақсы сезінемін. Біз балаларға өзіміздің жанымыздың жылуы мен көңілімізді сыйлаймыз.

image-29-05-15-20:16-5.jpeg

Алмастың айтуынша жас кезімізде біз айналамыздағы қиыншылықтарға мән бермейміз, бірақ біздің айналамызда біздің көмегімізгезәру адамдар бар ғой.

BTT_0941

Кездесудің алдында біз Жайық екеуміз оның балаларды осы үйден кеткеннен кейін ересек болғанда үлкен өмірге бейімдеуге бағытталған бір жоба ойлап табу туралы ойы жөнінде сөйлескенбіз. Бірақ жақында Жайықтың ойлағанын жүзеге асыратын «Бағдаршы» деген жоба бастау алды:

– Ол жоба, дәл 10 мен 14 және 14 пен 18 жас аралығындағы балаларға арналған. Бағдаршылар бозбалаларға балалар үйінен кеткеннен кейін үлкен өмірге бейімделуге, тұрмыстық мәселелерді шешуге, өздеріне лайықты мамандық таңдауды т.с.с. мәселерді шешуге көмектесуді мақсат етеді. Бұндай бағдаршы болу бозбалаларға үлкен өмірге бейімделуге кеңес бере алатын кез келген ересектің қолынан келеді. Отбасында өскен біздерге, мысалы, супермаркетке барып қажетті азық-түлікті сатып алып келудің еш қиындаға жоқ. Ал мына балалар қарапайым нәрселерді де біле бермейді, сол себептен де ерікті бағдаршылар бұл балаларға қандай азық-түлік алу керек, аұшаны қалай жұмсау керектігін үйретеді. Сондай кездерде балар үйінде тәрбиеленіп шыққан бозбалаларға әрине жақсы сенімді адамның жол көрсеткені дұрыс.

 

Видео

Жайытың бір тілегі: «Мен қазіргі білімді ұрпақтың әлсіздерге көмектесе алатындығына сенемін. Біздің елде қайырымдылық жасау мәдениетінің қалыптасқандығын қалаймын. Мейірімді болу бізде сәнге айналса екен!»

Диананың тілегі: «Бүгінгі таңда құндылықтарымызда бір түрлі: киім, телефондар, атақта болу... Бізқалай болғанда да ең әуелі адам болып адамгершілігімізді сақтап қалуымыз керек. Мейірімді болыңыздар, мейірімді, қайырымды шаралар істеңіздер. Біз бақиға материалды заттарды алып кетпейміз, сондықтан біздің топқа қосылыңыздар».

Алмастың тілегі: «Ешкім қиындықтан сақтандырылмаған: біреудің баласы дені сау болмай туылуы мүмкін, біреу кейіннен мертігіп қалуы мүмкін... Әрқайсымызға өміріміздің әп кезеңінде бір көмек қажет болуы мүмкін, соны біз естен шығармауымыз керек. Бақыт деген ақшамен өлшенбейді, адамға ең керегі – айналадағылардың көңілі. Әрбір адамның айналасына бір көз салып, көмекке зәру біреуді тауып, соған көмек беріп, бақытты болуын қалаймын.

image-29-05-15-20:16-10.jpeg

Бұл бойжеткендер мен жігіттер жас әрі мақсатқа тырысатын жандар, біз олардың алға қойған мақсаттарына қол жеткізетіндеріне сенеміз, себебі оларда қайырымдылық жасау, басқаларға көмек жасау деген ниет басым. Осы топқа мүше болам десеңіз, бізбен байланысыңыз. Мүмкін бұл сол қайырымдылық, жақсы нәрселер жасайтын уақыт шығар...

Бөліс
Екатерина Лейман
Екатерина Лейман
журналист Vox Populi
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000