VOX POPULI Дамир Отеген 18 июня, 2012 11:00

Сондай ұқсас, бірақ сондай әртүрлі

Мүмкін бәріміздің туған егіз ағамыз бен апамыз болғанын қалаған шығармыз. Бірақ өмірде бір - біріне ұқсайтын адамдардың бәрінің айырмашылықтары бар. Әсіресе фотосуретте анық байқалады. Біріншіден әр адамға тән жеке ерекшеліктері уақыт келе пайда болады, одан кейін бір - біріне қаншалықты қатты ұқсамайтын түсініктері де әртүрлі болады.

Зерттеулер көрсеткендей өз егіз балаларынан айырмашылықтарынан таппаған ата-аналар олдарды әртүрлі мінездер бере бастайды: біреуі көп күлетін болса, екіншісі көп ашуланғыш келеді.Осындай мінездердің барлығы егіздер арасындағы ерекшелікті анықтап береді. Мысалы кейбір егіздердің біреуі өте белсенді болса, екіншісі тұйық болып келеді және бұл олардың болашақ қалыптасуына әсер ететіні анық  

Рустам мен Надир, 11 жаста

Екеуі мектепте оқиды, олардың айтуы бойынша сырт келбеттерін пайдалану қажет болған жоқ. Надир тентек мінезді және еркелеу болса, ал Рустамның мінезі сабырлы, шыдамды мінезінің арқасында өзінің бауырын әр түрлі жағдайларда құтқарады.

Егіздердің мінездері ешқашан бірдей болмайды. Қалай дегенмен барлық қарапайым ағалар мен апаларыда.

Адиля мен Анеля 17 жаста.

Адиля импульсивті адам, өзінің болашақ мамандығына сәйкес сәнді сауық кешінде уақыт өткізгенді ұнатады.

Өсе келе егіздер өздерінің ұқсастықтарын пайдаланып, басқамын деп адамдарды шатастырғанды ұнатады. Бірінші болып алданатын мұғалімдер.

Алмас пен Нұртас 19 жаста.

Екеуі де "Халықаралық қарым-қатынас" мамандығында оқиды. Олардың айтуы бойынша кейде егіздерге тән классикалық студенттік сызбанұсқаны пайдаланады. Пысық Нұртас бос уақытында демалып, өз жұмыстарымен айналысып жүрсе, ал көңіл жықпайтын мінезді Алмас бұл уақытта ерінбей - жалықпай екеуі үшін сабақ оқиды.

Одан басқа егіздердің ұқсастығына алданып қалатын қарама - қарсы жыныстағылар. Бірақ уақыт өте жақсы араласатын достарын алдау мүмкін емес болып қалады.

Владимир мен Сергей 21 жаста.

Бұл жігіттер модельдер, сондықтан олар әрдайым фотосессияда, көрсетілімдерде, жарнама түсірілімдерінде жүреді. Өздерінің тартымды келбеттерімен әйелдер арасында танымал. Әжелері бір уақытқа дейін немерелерінің киіміне, оларды айыру үшін аттарын жазатын.

Ғылым белгілері болып табылатын дерек - егіздердің бір жұмыртқа жасушаларынан туылғаны (гомозигота) немесе туылмағаны(гетерозигота, түрлі жұмыртқалы). Гомозиготалы егіздер бір-біріне өте ұқсас, қан топтары, көздерінің түстері, шаштары және дене құрылыстары бірдей. Бұл егіздердің генетикалық коды бірдей.

Ирина мен Марина 22 жаста.

Қыздарда тәжірибелі, әлемдік деңгейде жұмыс істейтін модельдер. Олардың айтуынша өздерінің мансаптарының басында есте қалатындай алмасып отырды. Есіңіздеме модель жұмысын бастауға арналған реалити-шоу "Мен әдемімін"? Міне сол кезде қатысудан шығып кеткен Ирина, жобада қалған Маринаның орнын алмастырды. Уақыт өте олардың бұл ісін біліп қойды, бірақ олар бұл қызықты және еліктіретін тәжірибе дейді. Бірақ қыздар қанағатсызданатындай ештеңе істеген жоқ, жай ғана қатты сағынған ата - аналарын көргілері келді.

Егіздер бір-біріне өте жақын. Олар өмірдегі маңызды сәттерді бірге уайымдайды.

Асхат пен Азат 24 жаста.

Олар екеуі де күреспен айналысады, екеуі де қалжыңбас және баларды өте қатты жақсы көреді, сондықтан спорттан бос кезінде Асхат пен Азат балалардың аниматоры болғанды жақсы көреді. Олардың айтуы бойынша, олардың мінездерінде жүз жиырма бес мың айырмашылық, миллион плюстары мен минустары бар, бірақ олар сонда да әрдайым бірге.

Егер туылған кезінен бөлек тұратын егіздер туралы жағдай сізді қызықтырса, онда сізде басқа жерде тұратын өзіңіздің егізіңізді кездестіремін деп ойлайтын шығарсыз? Егіз бір көз қарастан бәрін түсінетін ең жақын дос.

Алина мен Алена 22 жаста.

Олардың мамандықтары өздерінің мінездерінің қандай екенін көрсетеді. Алина - заңгер - шыдамды және ақылды. Ал Алена болса маркетолог - жігерлі және көңілді. Апалы - сіңілділер бір - бірін өте жақсы түсінеді, алдын ала ойлап, іс-қимылын алдын ала біліп отырады. Олар, адам бірін - бірі түсіну үшін міндетті түрде егіз болу қажет емес дейді, олардың ойынша егер саған ол адам өте қымбат және сен де оған жақын болсаң, онда сол сияқты заттар өзі көрінеді.

Бөліс
Дамир Отеген
Дамир Отеген
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000