VOX POPULI 23 мая, 2011 12:20

Apple Store-дегі алматылықтар

Алматылықтардың басын бір жерге жинап, бірге үйлесімді жұмыс істеуге көндіру және Apple-дің қосымшаларын сататын дүкенге жіберу үшін не істеу керек? Мобильдік құрылғылар үшін қосымшалар әзірлеумен айналысатын MobileCreators мен фотограф Алексей Демидов ол үшін не істеу керектігін ойлап тауыпты. Бүгін ол қосымша AppStore-да  бар және күллі әлемдегі iPhone, iPad және iPodTouch иелері біздің жерлестерімізден: «Уақыт қанша болды?» деп сұрай алады

Әзірлегендердің айтуынша, бұл идея өзге бір қосымшаны дайындап жатқанда кенеттен пайда болған. Оны іске асыруға небары бір апта уақыт кетіпті. Фотосуреттер мен техникалық сипаттамасы бар болғаны бірнеше күнде дайын болған

Модель ретінде бақ сынап көруге тілек білдірушілердің барлығы шақырылды

Сынақ ретінде суретке түсіріліп, мұның барлығы қалайша жұмыс істейтіні нобайға салынды

Суретке түсірер алдында аз-мұз ақпарат беріледі. Қолына кәдуілгі А4 форматындағы қағаз ұстап тұрады. Кейінірек ол қағазда сандар жазылатын болады

Әсия. TexasA&M-нан келген мұнай технологы

Қайырхан. Суретші

Фотоаппаратқа түсірілген сурет WiFi арқылы барлық құрылғыларға дереу тарайды

Уақыт онша көп емес – модельдер не істеу керектігі туралы нұсқауларды тыңдап, жүре тамақтанды

Кирилл мен Анна. Ата-бабаларынан альпинистер

Игорь. Байкер. IT-компания директоры

Көңіл-күй бейнелейтін суфлер болып жұмыс істеген Александр бет-әлпетті қалай қимылдату керектігін модельдерге қолынан келгенше көрсетуге тырысып-ақ бақты

Модельдер де қарап қалмады. Евгений, РА арт-директоры

Александр. Музыкант

Жұмысты жеңілдету үшін қағаз парағы белгілі бір деңгейде болуы тиіс

Кейбіреулер түсірілімнің қалай жүріп жатқанын басқа бөлмеден қарап отыр

Ал енді біреулер кофе ішіп, барлығына ақыл-кеңес беріп тұр

- Сенбеймін! - деп модельдерді жазғырды Алексей

Мария: «Түсірілім арасындағы үзілістерде, Леша маған тарақ беріп шашыма бір нәрсе ойлап жасауымды тапсырды. Мен оның айтқанын жерге тастамадым...»

Қосымшаларды дайындағандар оның көлемін 20 МБ етіп жасауға барынша тырысты, өкінішіке қарай, небір тамаша фотосуреттер жарамсыз деп танылды

Илья Ижанов Apple-ге өзінің қай суретін жіберуді таңдап отыр

Александра Кора қосымшаларға арналған белгілердің бірнеше түрін әзірледі: iPhone-ның әртүрлі нұсқаларына, iPod, iPad және AppStore парақшаларына арнап жеке-жеке дайындады

Нәтижесінде әлемде түр-сипаты қызықты тағы бір сағат пайда болды

Егер уақыт өте баяу жылжып өтіп жатса – өз гаджетіңізді сілкіп алыңыз, ондағы адамдар сол сәтте сапырылысып кетеді

Фотосурет жиектемесі + сағат? Неге болмасқа?

Алматылықтар тіпті жолға шыққанда да уақытты көрсетіп тұрады!

Смотреть приложение в AppStore.

Сағатты әзірлегендер енді бір айдан соң оған арналған тегін жаңарту ұсынбақшы, онда өзге адамдардың тобы болмақ. Сол топта болғысы келетіндерге мына адреске хат жазып хабарласуын өтінеміз idea@mobicreators.com (хатта есіміңізді, байланыстарыңыз бен тұратын қалаңызды көрсетіңіз)

Және P.S. ретінде:

P.P.S. Редакция атынан. Қаңқу сөздер өрбімес үшін құлаққағыс - бұл жарнамалық хабар емес! Егер адамдар іске таңдай қақтырар мықты заттар істеп жатқан болса біз ол туралы қуана-қуана хабарлайтын боламыз. Кейді тіпті тегін )

Бөліс
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000