VOX POPULI Владимир Третьяков Алена Гуляева 5 ноября, 2014 12:07

Орал Үсенов: Альпинист тарихы.

Орал Үсенов: Альпинист тарихы.
23 тамыз 1955 жылы таңертең Жеңіс /Тянь-Шань тауының 7439 метр болатын ең биік шың/ шыңында тұрған дауыл соңғы 4 күн бойы тұрып, көптен күткен күн шықты.
Урал Усенов: история альпиниста

Орал Үсенов - Алматылық Альпинист осымен төртінші күн жолда келеді. Төмендегі базалық лагерьге жетпекші. 12-ші күн дегенде Орал жұлдызша мұздағының жарықшағына құлап кетті.  Төмен қарай сырғып түсіп, қыстырылып қалды. Сол орынға өзін бекітпекші болғанда, аяғынан аяқ киімі шешіліп кетті. Мұздақтың көптеген шақырымға созылған жарықшағында  шамамен 5000 метрде жалғыз қалды.  Орал айқайлай бастады. Оны ешкім естіметінін соңынан түсінді. Біреу естуі мүмкін емес.  

Урал Усенов: история альпиниста

Мұз жарғышымен мұздақтарды сындырып, көлденеңнен алаңқай жасады. Мұсылмандарды адамдар қалай жерлейтінін есіне түсіріп, төмен қарай емес, жанына қарай қаза бастады. Ішке қарай еніп, оған кіріп алды. Қорқыныш сейілді:

Орал бәріне өзі кінәлі екенін түсінді. Демек аяғына дейін шыдау керек.  Жүрегінің түбінде өзінің дәл қазір өлмейтініне сенімділік болды. Ақылға салса, ол өз бағытынан ауытқып кеткенін, ешкім таба алмайтынын сезді.  Алайда бір ғажайып болды. Күндіз Орал мұз бетімен жүргенде жеңіс шыңының қабырғасында жүрген Ташкенттік ТүркВО альпинистері қозғанан нүктені байқады. Кейін жоғалып кетті. 

Урал Усенов: история альпиниста

Олар бұл жайында лагерьге хабарлады.  Ол жақтан құтқарушылар тобы шықты. 23 тамыз күні 4700 метр биіктікте түнеп, 24-і күні таңертең Орал қозғанған жерден олар ізін көрді. Сол ізбен жүрді. Орал алғаш дауысты естігенде ол жоғары қарап, құлап жатқан мұздақтарды көрді. Демек, онда біреу бар деген сөз. Сосын Шевченконың дауысы тағы да естілді. Оралдың үміті оянды. Оған жіп лақтырды. Ол өзін байлап, олар тарта бастады. Жоғарыда күн бар, тіршілік байқалады.  Оралдың аяқтары үсімеген бе деп тексерді. Ол аяғын сезбейді. Құтқарушылар  зембіл жасады, бірақ шаңғылар қарға кіріп кете берді. Екі жағынан демеп Орал теңселіп төмен түсті. Қабырғамен оны ұйықтайтын қапшыққа салып, төмен түсірді. Лагерьде сосын ауруханада ол болған жайды жұлдзға мұздағындағы жарықшаққа өткізген екі күні жайында айтып берді. 

Урал Усенов: история альпиниста

Орал Үсенов архивінен алынға, сурет:

Жеңіс шыңына ұмтылыс, 1956 жыл. Суреттердің көбісі 1955-жылы құтқару операциясы кезінде жоғалған. 

Экспедициның басталуы

1955-жылдың тамыздың 5-дегі апаттың ешкім алдын ала білген жоқ. Бұрын ешкім бағындырмаған Жеңіс шыңы альпинистердің  көз жауына айналды. 1949-жылы Колонольниковтың жетекішігімен жасалған әрекет те сәтсіз аяқталды. Ол кезде Жеңіс шыңын бағындыруға солтүстік қатпардағы қар көшкіні кедергі болды. 1955-жылы Жеңіс шыңына екі бірдей экспедиция аттанды: Рацектің басшылығымен өзбекстаннан ТүркВО және Колокольниковтың жетекшілігімен Алматылықтар. Альпинизмнің бүкілодақтық секциясы топтардың бірлесуін ұсынды. Алайда олар шыңға шығуын бөлек бастады: Ташкенттіктер солтүстік қатпардан, Алматылықтар шығыс жағынан көтерілді. 

Урал Усенов: история альпиниста

Жеңіс шыңына ұмтылыс, 1956-жыл. 

14-тамызда 16 алматылықтан тұратын тгп шыңға көтерілді. 15 тамызда ТуркВО тобы жолға шықты.  16 тамыз күні Колокольников тобының альпенистері Чон-Терен ауынан өтті. Және онң биіктігі 5800 метр.  17 тамызда 6350 метр биіктікте болды. Онда альпенистердің бірінің басы қатты ауыра бастады. Оған ілесіп 3 адам бірге төмен түсті. Топта 12-ақ адам қалды. 18-тамыз күні 6800 метр биіктікке барып түнеді. 19 тамызда топ 6930 метрге көтеріллді. Олар Жеңіс шыңына шығыс жағынан 100 метрдей ғана қалды. 

Урал Усенов: история альпиниста

Мерцбахер көлінің маңайындағы лагерь 3304 метр 1955 жыл.  

 Апат ошағында

19 августа

19-тамыз сол жылы қар көп түскен еді. Альпинистерге қазып, қардан текпешек жасады, ол ізінше қарға көміліп жатты, аяқтары белшесінен батып жатты.

18-тамыз күні түнеуден сағат 11-де тұрды.  1 палатка 1 жота төмендеу орналасқан. Екеуі жоғарыда орналасқан.  Түнде рация мен жарық суықтан істемей қалды. Орал қысымнан оянып кетті. Палатканы қар басып қалған. Ол үстіне құлаған. Тыныс ала алмай жатыр. Сыртта боран болды. Альпинистер қарды ашып жатыр. Сәлден кейін төменнен Александр көтерілді. Аяғында унты болды. Қолында сәл ғана бұрын жел ұшырған ұйықтайтын қапшығы болған.  Оның хабарлауынша төмендегі  палатканы қар басып, адамдар суықтан өліп жатыр. Альпинистер жіпті бекітіп, төмен қарай түсті.  Шипилев, Солодовников және Черепановтарды жоғары көтерді. 12-сі де бір палатаға жиналды. Қардан палатадан аршып тұру үшін кезекшілік қойды. Бәрі таңертең ауа райы түзелер деп үміттенген. Алайда боран күшейіп, жел бағытын өзгертті. Тоқтаусыз жауған қар қайда апарып тастарын белгісіз. 

Урал Усенов: история альпиниста

Гончарук пен Үсенов мұздақта. Жеңіс шыңы 1955 жыл. 

20 августа

20-тамыз. Таңертең үңгір қазбақ болып шешті. Адамдар әлсіреп, биіктік әсер етіп, экспедиция мүшелері ауыра бастады. Боранмен арпалысып, альпинистер қардан баспана жасады. Үлкен емес, тым жайлы да емес үңгір. / Бір қабат қардың ар жағында мұз болды./ Кішкентай әрі жайсыздау үңгірге тоңған, шаршаған адамдар жайғасты. Топтың басшысы Шепелев шешім қабылдады. Сигитов пен Үсенов төмен қарай көмекке түсуі тиіс. Ол екеуіне Суслов та қосылды. Олармен бірге тағы 4-і түскісі келді. Алайда біреу айтты: "Біз төменде өлгенше осы үңгірде отырғанымыз жөн". Сонымен қалғандары жайсыз ауаны күтіп, жоғарыда қалатын болып шешті. Сигитов, Үсенов Суслов үшеуі  күні бойы боранмен алысып, төмен қарай түсті. 6400 метрге жеткенде түн болды. Альпинситер қарға кіріп, таңды күтті.

Урал Усенов: история альпиниста

Байланыс. Сигитов пен Анкудинов Жеңіс шыңы 1955 жыл. 

21-тамыз.

 Таңертең Сусловтың жағдайы нашарлады. Алайда үшеуі төмен түсуді жалғастырды.   Бораннан бағыттарынан адасты. Және оң жаққа қарай кетті. Күлгін түстің орынна сары жарқабақтарды көргенде альпинситер бағытынан жаңылғанын түсінді. Жоғары көтерілуге тура келді. Дәл сол сәтте Суслов құлады. Оның әл-дәрмені қалмады.  Қозғалысынан тірі екенін көруге болады. Сәлден кейін ол тізерлеп құлайды. Оның мұрнынан қан ақты. Бірнеше минуттан кейін ол өледі. Қалған екеуі оралып, өлген альпиниспен бірге қалатын болып шешті. Оны жоғалтып алмау үшін. Ал Сигитов төмен түсуді жалғаастырды. ОРал қардан үңгір жасап, түні бойы сонда отырды. 

Урал Усенов: история альпиниста

22-тамыз.

Ауа райы түзелмеді. Орал тоңғанын сезді. Ол Сусловтың мүрдесін тастап, төмен қарай түскісі келді. Артық заттардың бәрінен құтылып, ол төмен түсе бастады. 5800 метрге келгенде ол Сигитовтың бұлыңғыр іздерін көрді.  Ол сол жерде тұрақтағысы келген сияқты, алайда із үзілген. Орал күні бойы жүріп, келесі түні терең қарға аяғы батып, аяғы жансызданып, Жеңіс шыңына жабысып тұрды. Әбден шаршады. Егер ұйықтап кетсе, бәрі бітеді. 

Урал Усенов: история альпиниста

Үсеновты жарықшақтан шығару.  Жеңс шыңы 1955-жыл.

23-тамыз. 

Сонымен таң атты. Жұлдызша мұздағынан ол жолды қысқартқысы келді. Топ сияқты оң жақпен жүрмей, солға қарай ұмтылды. Дәл осы таңертең ауа райы жақсарды. Таң ертең шыққан күн Оралды құтқарды. Бірнеше сақаттан кейін олжарықшаққа құлады. Жеңіс шыңының солтүстік жағынан келген альпинистері  Оралды көрді. 

Урал Усенов: история альпиниста

Оңнан солға қарай: Гончарук, Үсенов және Шевченко 1955 жыл.  

Тау құрбандары.

Семченконың жетекшілігімен қазақстандық экспедиция тобы 1 тәуліктен кейін зорығып өлген Гончаровтың  денесін тапты. Кузьминнің жетекшілігімен шыққан құтқарушылар 8-қыркүйек күні 6400 метр биіктікке көтеріліп Анкудиновтың денесін тапты. Одан сәл жоғары Черепановтың. Ол екеуі де ұйықтап жатып қатып қалған. 

Урал Усенов: история альпиниста

Үңгірдегі шам жарығымен ішкен таңғы ас. Жеңіс шыңы 1956-жыл. 

6930 метр биіктіктен 2 жыртылған палатка заттар мен саймандар табылды. Басқа ешкім жоқ. Тек үзілген жіп төмен салбырап тұр. Бәлкім  әл-дәрмені қалмаған адамдар жіптен ұстай алмаған болу керек, сөйтіп, 1800 метр биіктіктен мұздаққа құлады ма екен?

Урал Усенов: история альпиниста

Үңгірдегі Леонов. Жеңіс шыңы 1956-жыл.

Суслов пен Цигитовтың денесі сондай-ақ қалған экспедицияның 6 мүшесінің /Шипилев, Акышев, Александров, Солодовников, Ырысбаев және Селижанов/ күні бойы табылмады. 

Урал Усенов: история альпиниста

Жеңіс шыңына ұмтылыс. 5300 метр 1956 жыл.

Орал Альпинизммен айналысуды тастаған жоқ. Жаттығуын қайта бастап, 1956 -жылы Абалаковың жетекшілігімен Мәскеулік "Спартак" тобымен бірге тарихта алғаш рет Жеңіс шыңын бағындырды.

Урал Усенов: история альпиниста

Жеңіс шыңын бағындырғаннан кейін. Төмендегі демалыс. Үсенов пен мәскеулік Спартак альпинситері, 1956-жыл. 

Урал Усенов: история альпиниста

Жеңіс шыңынан төменге түсі, 1956-жыл. 

Опат болған достары аяқтай алмаған істі соңына дейін жекізуді шешті. 1956-жылы Орал 27 жаста еді. 

Урал Усенов: история альпиниста

Жеңіс шыңынан түскеннен кейін. Үсенов және "Спартак" альпинистері 1956 жыл. 

Урал Усенов: история альпиниста

Төменгі қатар, оң жақ шетіндегі - Үсенов. 1956 жыл. 

Урал Усенов: история альпиниста

Комсомол шыңы.  4376 метр. 1962 жыл. 

Альпинизм: Не үшін?

Райнхольт Меснер итальяндық әлемде алғаш рет 8000 метрлік барлық 14 шыңдарды бағындырған. Көптеген шыңдарды жалғыз өзі бағындырған. Әлемдік тарихтағы ең танымал альпинистердің бірі өзінің 70 жасқа қараған шағында ....... сайтында былай деді: "таулар қауіпті. Онда тастар, мұз және қар бар. Найзағайлар онда қаладағына қарағанда өте қауіпті. Егер мен тауға шығып бара жатсам, онда өлетінімді түсінуім керек. Мне, сондықтан да Альпинизм қызықты. Бұл спорт емес, бұл табиғатпен жекпе-жек.  Мен экспедицияға шықпай тұрып, үнемі өсиетхат қалдырамын": мен өлетінімді білемін, бірақ мен өлмес үшін арыстан сияқты арпалысамын. Егер де тау қауіпті деп мен үйде қала берсем мен мен болмас едім. Маған осы қажет. Егер мен шыңға шығар алдында қорқынышты сезінсем, дұрыс дайындалмағаным немесе менің жабдықтарым ойдағыдай емес. Мен бәрін бақылап, шешімімді өзгерте аламын. Шыңға шығуды мен өзімді дайын болғанда бастаймын. Бастар алдында шыңға көтерулу кезінде мен үнемі сақ болғанмын. Қауіп-қатерден қашуға тырысамын. Альпинизм өнері өлім емес. Альпинизм өнері қабырғамен жоғары қарай көтерілу емес. Эверест шыңына көтерілгендей. Бұл - үйге тірі оралу.

Урал Усенов: история альпиниста

Мақсұт Жұмаев.- ҚР альпинистер құрамасының капитаны,  бірнеше мәрте чемпион, альпинизм бойынша ҚР біріншілігінің  жүлдегері, әлемдегі 8000 метрлік 14 шыңды бағындырған алғашқы қазақ.  Оның 2-ін ешқандай оттегісіз бағындырған: "Альпинизм менің өмір сүру салтым, өзімді өзім көрсетуім, квинт эссенция. Менің өмірге көзқарасым да - философия. Тау маған қарапайымдылығымен, ашықтығымен, адалдығымен ұнайды. Ол адамның өзін және өзінің әлсіздігін жеңетін орын. Таулар қауіпті.Сол таулар қауіпті екен деп мен тауларға жоламауым керек пе? Жоқ, себебі мен өзімді басқа қырымнан көріп тұрған жоқпын, көргім де келмейді. Мен өзімді шыңның басындағы өз-өзіммен үйлесімділігіммен тұрған адам ретінде сезінемін. Тауға шығу табыс әкелмейді, сән емес және қауіпсіз де емес. Алайда тауға деген үмітсіз махаббат

күштірек.  Мұндағы өте қауіптісі шыңды бағындыруға тағы да баруға шешім қабылдау.сен таудың басына жеткен кезінде мұнда қорқыныш та, әлсіздік те қалмайды. Мен ол жаққа менің жолым болғаны үшін барамын.  Мен басқа жолды көріп тұрған жоқпын".

Урал Усенов: история альпиниста

Апаттан кейінгі өмір.

Орал Үсенов 1969-жылға дейңн биік шыңдарды бағындыруды жалғастырды. Хан тәңірі шыңына көтерілгенде оның көз алдында досы Евгений Колоколниковтың баласы қайтыс болды.  Алайда оның таудан беті қайтпады. Орал Үсенов альпинизм бойынша еңбегі сіңген жаттықтырушы және үретуші. Көптеген жылдар бойы Талғардағы альпинистік лагерьде инструктор болды. Алматыдағы №63 мектептегі дене шынықтыру мұғалімдігі қызметінен 2010-жылы кетті. 2014-жылы Қазан айында ол 85 жасқа толды.

Урал Усенов: история альпиниста

Максим Горький шыңы. 6050 м. 1962 жыл.

Урал Усенов: история альпиниста

Амангелді шыңына бет ал5ан Альпиниада. 4010 м.

Урал Усенов: история альпиниста

Талғар шыңы. 4979 м. 1969 жыл.

Урал Усенов: история альпиниста

Вододохов, Үсенов, Марьяшев және Кудерин Мәрмәр дуалы шыңына шыққан соң. 6400 м. 1957 жыл.

Урал Усенов: история альпиниста

Қазір Орал Үсенұлы Үсенов жалғыз тұрады – жақындары да, отбасы да жоқ. 

Урал Усенов: история альпиниста

Альпинист достары оған әлі де келіп тұрады. Әртүрлі мейрамдар мен мерейтойларды оны кіші алматы шатқалындағы қайтыс болған шың бағындырушыларға қойылған ескерткішке алып келеді. 

Урал Усенов: история альпиниста

Бірақ достарының назарын аударғаннан басқа Орал Үсеновке медициналық көмек пен күтім қажет.Өйткені оның аяқтары ауырады, біреудің көмегінсіз өздігінен жүре алмайды. Астма ауруын айтпағанның өзінен басқа созылмалы аурулары бар. Оған көмектесетін жұмысшыға мемлекеттік дотация немесе  әлеуметтік көмек беру жөніндегі әрекеттер сәтсіз аяқталды. 

Урал Усенов: история альпиниста

Құрмет грамоталарымен шыңдарды бағындығандардың суреттерінің айналасында 1955-жылғы қорқынышты апаттан аман қалған жалғыз адам ретінде  күнін өткізіп жатыр.  Ол Жеңс шыңын бағындыған жалғыз адам. Қазақстандық аңызға айналған альпинист- Орал Үсенов. 

Бөліс
Владимир Третьяков
Владимир Третьяков
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000