VOX POPULI Нурлыайым Нурсаин Владимир Третьяков 22 октября, 2014 11:27

Барлық аяғына шебер адам

Барлық аяғына шебер адам
Ол кітап оқу мен моншақпен кестелеуді жақсы көреді, интернет арқылы достарымен хат алмасуды және сауда орталықтарына барғанды ұнатады. Не істесе де 25 жастағы Динара Шарипова аяғымен жасайды – қызда балалық церебралды сал ауруы (БЦС).Тағдырына жалынғанның орнына Динара кейде дені сау адамның күшіне келмейтіннен көп жасайды. Оның тарихы дем береді.

Статистика бойынша, Қазақстанда бір мың перзенттердің арасынан жыл сайын екіден жеті балаға дейін БЦС диагнозымен туылады.

Замануи медицинаның жетістіктері неврологиялық сипаттағы перзенттер патологиясы ең жақсы бірінші жылда түзелетінін дәлелдейді. Демек, дәрігерлер тезірек қалай диагнозды қойса, солай адамның миы емге тиімділеу беріледі.

Динараның анасы Бибігүлге жаман маман кездескен екен, тек туылғаннан кейін бір жыл асқанда перзентке дәл диагноз қойылды.

Он жасқа дейін Динара кереуетте жатты, себебі, отыра алмаған және гиперкинездің – бұлшық еттер тобының ойламаған кезде еріксіз қозғалуының нәтижесінде қолын дұрыс пайдалана алмаған.

Бірақ өмір сүргісі келгендік баланы аяғымен белсеңді пайдалануға мәжбүр қылды – солай, кереуеттен тұрмай-ақ.

5 жасында Динара аяқтарының саусақтарымен қарындашты ұстап сурет сала бастады, өзінің табандылығының және ата-анасының қолдауының арқасында тағы 5 жылдан кейін ол отыра алды да, кешірек бірінші қадамдарын жасады.

2003 жылы мамасы мүгедек балалар ата-аналарының Ассоциациясына барды, онда Динара осындай диагноздары бар басқа балалармен танысты. Жаңа жолдастары қызды одан да әрі жаңа дағдыларға рухтандырды.

Мысалы, қол өнері туралы теледидарлық бағдарламаларын қарағаннан кейін ол аяғының саусақтарымен кесте тігіп үйрене бастады!

Аурғаны да, кейдегі иненің кіріуінен шыққан қан да оны тоқтатпады, және бүгін Динараның шеберлігі сондай жоғары деңгейге жетті, жақын арада оның жұмыстарының жеке көрмесі ұйымдастырылды.

Тағы Динара актерлік мансабты армандайтын.

Тағы да оның арманы орындалды: Динара Азиза Заированың «Быть или не быть» фильмінде эпизодтық рөлді ойнады, енді «Девочка и море» биографикалық фильмде түсуге дайындалып жүр, онда бас рөлін – өзін өзі ойнайды.

–Динара – кезінде ол туралы деректі фильм түсіргісі келетін қыз. Ол тұлға, ол мінез, - дейді Азиз Заиров. – Кезінде ол не арбадан тұра алмайтын, не жүре алмайтын. Бұл ешқашан мұңаймайтын адам. Құласа, күледі. Кейде ол қазір басын жарып сүйектерін жинай алмай қалар ма, деп ойлайсың, ал, ол күледі. Сырттан көмек сұрамайды. Жыламсырағандарды жек көреді, оларға олар қозғала бастайтын етіп немесе өзін үлгі етіп, қалай өмірге қарай керектігін көрсететіп мазақтауға тырысады.

«Шолпан:

–Ештеңе шықпайды, қауіпті. Балалар кешіріңдер, би болмайды.

Динара:

– Біз барлығын жасай аламыз! Солай ғой, Тахир?

Тахир:

–Мен сені тағы құлатып алуға қорқамын...

Динара:

– Ал менің билегім келеді!»

Бұл жаңа фильм сценарийінің үзіндісі қыздың табындылығын жақсы көрсетеді.

Динара тек театрлық қана емес, «МБАА» орталықтың хореографикалық студиясында да шұғылданады. Басқа балалармен қосыла, ол республикалық мәдени алаңдарының сахнасына да шыққан, және лайықты овацияға да ие болған.

Қыздың компьтерді меңгергеніне бірталай болды және енді әлеуметтік желістің белсеңді пайдаланушысы болып табылады, соның арқасында ол әлемнің барлық түкпірінен көп дос тапты. - Біздің орталықтағы компьютерлік сынып Beeline Business-нің «Шектелмеген мүмкіндік» жобасының бірінші объектісі болды, және осы жылдың шілдесінің басынан бастап біздің қамқорымыздағылар төлемақысыз жылдамдатқан интернетпен пайдаланады, - дейді «МБАА» орталығының ұстасы (мүгедек балалардың ата-аналар Ассоциациясы (МБАА)

Интернет оған орта мектебін бітіруге, қашықтықтан колледжді бітіріп Мәскеулік қаржылық-өндірістік университетке түсуге көмектесті.

– Бір күні Динара үйге бір жарнамалық хабарламамен келді, онда талапкерлерді университетке түсуге шақырған екен. Ол осы жоо туралы ақпаратты жинай бастады, содан кейін өзі оқуға өтініш берді, емтиханды өткізіп, грандқа ілікті, - деп айтып берді Бибиігүл. Динараның қазіргі жетістіктерін айтқан кезде оның мамасы мақтанышын ұстай алмай қалады. Қыз тұрмыста толық сыртқы көмексіз әрекеттенеді және үй шарушылығына көмектеседі.

Тағы бір сценарий үзіндісі мамасының сөздерін дәлелдейді: «Динара, еденде отырып, аяғымен тоңазытқыштан қияр, қызанақ, пияз, көкті алады. Аяғынан қолғапты шешіп пышақты алады да тақтаның үстінде абайлап көкөністерді турай бастайды».

Әр кеш Динара ата-анасына ауыр жұмыс күнінен кейін демалуға көмектеседі. Ол оны интернетке салынған төлемақысыз бейнесабақтардан үйренді.

Оның аяқтары барлық жұмыспен адамның қолдары сияқты сондай жақсы жасайды, әрине, олармен барлық қажеттілерге жете алмайды.

Сондықтан, оған бүгінгі таңда қалыпты өмір сүруге аз нәрсе кедергі жасайды және Желісте танысқан достарымен кездеседі.

Бұрын Динара адамдар арасына баруға ұялатын, себебі, оған көп көңіл аударылатын. Өзін өзі қалай бар, осылай қабылдай алғаннан кейін, керісінше, адамдар көп жерде болғанын қалайды.

Болашақ туралы армандары шамасынша барлық қыздардыкіндей.

Біреуі туралы оның өз аузынан естуге мүмкін болды. – Бала туғым келеді, – деп сыбырлады Динара.

Бөліс
Нурлыайым Нурсаин
Нурлыайым Нурсаин
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000