VOX POPULI Айсулу Тойшибекова Жанара Каримова 30 сентября, 2014 11:02

Жарқын жол

Жарқын жол
Біздің репортажымыздың кейіпкерлері Талғардағы барлық мүгедек-балаларға күн сайын көмектеседі, өйткені олардың пікірінше, бөтен балалар болмайды.

Талғар жақын жерде, Алматы – Талғар жоларнасында шағын базар орналасқан: үш-төрт контейнер. Сонда сегіз жылдан бері Рушангуль Тохтахунова көкөніс, жеміс-жидек және бал сатумен айналысады. Бір қарағанда қарапайым әйел сияқты.

Жұмыс күні жабдықтаушылар келген кезде таңның атысымен басталады.

– Әдетте мұнда өз шаруа қожалықтары мен егістіктері бар адамдар сауда жасайды. Біздің өз егіс алқабымыз жоқ - біз жабдықтаушылармен жұмыс істейміз, - дейді Рушангуль.

Жабдықтаушылардың бағасына мұнда 15% қосады. Негізгі сатып алушылар – өтіп бара жатқандар.

– Табыс көп емес, бірақ бұл жер үш отбасын: менің балаларым мен анамды, ағам мен жеңгемді және менің үшінші жанұям – мүгедек-балалардың«Ақжол-М» қоғамдық ұйымын асырайды, - дейді Рушангуль.

Рушангульдің күнделікті түсімі 50-70 мың теңге. Соның ішінде таза табыс 4-7 мың теңгені құрайды. Рушангульге ақша жинау мүмкін болмай отыр: түсім көкөністерді қайта сатып алуға жұмсалады, ал қалғанын ол қорға береді.

Әйелдің басқа жұмысы жоқ – оның қызы БЦС шалдыққан.

– Қызым қасымда болып, өзім жұмыс істеп жүруім керек еді. Сондай-ақ менің үлкен ұлым Мұхамед-Расул бар, ол медицина колледжінің 4 курсында оқиды. Ол түске дейін осында болады, ал түстен кейін сабағына барады, содан соң қайтадан осы жерге оралады. Кешке мен келгенде ол кетіп қалады, ал мен қонуға қаламын, - деп өзінің өзінің күнделікті өмірін баяндады Рушангуль.

Рушангуль мына кішігірім бөлмеде түнейді:

– Ұлым, қызым мен анам бірге тұрады, ал мен осындамын, уақытымның тығыздығына байланысты шыға алмай қаламын: бірде мен қорда болсам, басқа кезде жұмыстамын.

– Мен Талғарда дүниеге келдім, 11-ші сыныпта мені ұрлап кетті, сол кезде мен небәрі 16-да едім. Күйеуімізбен бірге қызымыз дүниеге келгенше өмір сүрдік. Өкінішке орай, мен түсік тастап, қызымды алты айлығында босандым, содан кейін балалардың церебральды сал ауруы деген диагноз қойылды. Біз күйеуімізбен ажырасып, ол көмек көрсетуден бас тартты. Алғашқы төрт жыл қиын болды, мен тіпті осы дерт туралы ештеңе естімеппін, жасым да небәрі 19-да еді. Дәрігерлер ол ешқашан тұра алмайды деді. Көз жасым ағылды, бірақ маған жанұям қолдау көрсетті. Ұлым да маған Маликаны қарауға көмектесті. Қызым қазір 16-да. Оның денсаулығы 70% қалпына келді. Ол жүзумен айналысады, Қазақстанның параолимпиада құрамасының құрамына енеді, жарыстарға қатысып, ұтып жүр, - деп жалғастырды Рушангуль.

Рушангуль жұмысын аяқтап, қорда күтіп тұрған істеріне, ең бастысы – балаларға асығады.

Осы жұмыстың қиыншылықтары да көп болды:

– Біз әкімдікке бардық, бірақ бізге баланста ештеңе жоқ болғандықтан жәрдемдесе алмаймыз деді. Біз үмітпен көмек күтіп, көп уақыт жоғалтып алдық. Жай іздедік, бірақ барлығы қымбат болды. Үш бөлмелі пәтер тауып, оны уқалау кабинетіне жабдықтадық. Жалгерлік ақы коммуналдық қызметттерді қосқанда жетпіс мың теңгені құрайды, ал қысқы мезгілде жүз мыңға дейін жетеді, - дейді Рушангуль.

23 шілдеде жергілікті Мәдениет үйінде «Ақжол-М» қоғамдық қорын таныстыру рәсімі өтіп, оған барлық келемін деушілір шақырылды. Ашылу туралы ақпаратты әлеуметтік қызметкерлер мен ата-аналардың өздері таратты.

– «Ақ жол» – бұл «жарқын жол», ал «М» – бұл «мейірім», - деп түсіндірді қордың негізін қалаушы.

Біз келген уақыттта балалар қуанышты айқайларымен Рушангульді қоршап алды.

Бірақ оның келгеніне он жасар Әлішер бәрінен қатты қуанды.

– Алишер – аутизм дертіне шалдыққан. Оның өзінің ерекше күн кестесі бар, соған сәйкес мен оған қазір уқалау жасауым қажет. Мен оған уқалау жасауға қарсы емеспін, - деп түсіндірді Рушангуль.

– Әлішер бізге тамызда келді. Жергілікті «Ковчег» қоры таратылған кезде Әлішердің әкесі оны бізге алып келді. Аздаған уақыт ішінде Әлішер осы жерге бейімделіп, жатырқамайтын болды. Қазір доп лақтырып, сөйлесе де алады, ал бұрын ол тіпті ештеңеге жауап қайтармайтын.

Тап сол кезде көршілес бөлмеден балалардың күлкілері мен айқайы естілді:

– Бір, екі, үш, төрт! Арқаларынды түзу ұстаңдар, тізелеріңді бүкпеңдер.

Баян Байбақова Рушангуль сияқты бей-жай қарап отыра алмаған. Енді ол да қорда жұмыс істеп, балаларды қарайды.

– Барлығы өзіміздің балаларымыздан басталды. Бәріміздің мүмкіндіктері шектеулі ерекше балаларымыз бар. Менің ұлым Ердәулеттің көзі 5 жыл бұрын мүлдем көрмей қалды. Неден болғанын айта алмаймын. Үнемі көздері қышитын, дәрігерлер оны аллергиядан емдеді. Ал одан кейін кенеттен соқыр болып қалды, дәрігерлер глаукома деген диагноз қойды. Оның жеткіншек шағы еді және жанарынан айырылуы біз үшін ауыр сынақ болды. Мен күні-түні жылайтынмын, ал Ердәулет маған жыламашы дейді, - деп бөлісті Баян.

– Біз Алматыдағы Республикалық кітапханаға барып, сонда ол Брайль әліппиін оқыды, жаңадан компьютерді қолдануды үйренді. Сонымен қоса бізге суға жүзу туралы кеңестер берілді. Сол жерде біз Рушана мен оның қызы Маликамен таныстық, - деп жалғастырады Баян.

Ердәулет:

– 12 жасыма дейін менің көзім көрген, ал одан кейін аллергия басталды. Алматыда мен үш жыл ем қабылдадым және еш оң өзгеріс болмады, кейін үш айдың ішінде мен соқыр болып қалдым.

Қиынға соқты, қатты депрессия болды. Тіпті қазір, біршама уақыт өткеннен кейін, соны еске түсіру өте қиын. Бірақ мен жаңа өмір бастадым, менде барлығы тамаша. Ағылшын тілін оқимын, бір жылдай жүзумен шұғылданамын, аздаған жетістіктерім де бар – жүзуден облыстық жарыстарда екі рет бірінші орынды иелендім. Мұнда мен анама келемін, ол осында еңбек етеді. Жаттығу құрылғысында шынығып, балаларға қарауға көмектесемін.

Ал Малика өте сүйкімді және ақжарқын бойжеткен. Жүзумен айналысқанына екі жылдай болған.

– Бірнеше жыл бұрын Малика басқа мүгедек-балалармен бірге бассейнга барып жүретін – сол кезде аудандық әлеуметтік қорғау органы көлік бөліп, оларды әуітке апарып тұратын. Оған қатты ұнайтын, және біз жыл бойы баруға рұқсат сұрадық. Бір күні біздің бапкеріміз Маликаға Қарағандыда өткелі жатқан жарысқа қатысуды ұсынып, ол келісімін берді. Жиырма күн бойы оны сайысқа дайындай бастады. Бірінші күні-ақ Малика үшінші орын, екінші күні – екінші орын алды, ал жарыстың үшінші күні – жеңімпаз атанды, - дейді Рушангуль.

Бүгінгі таңда Талғар ауданында 600 мүгедек-балалар есепте тұр.

– Біздің қорға 3-18 жас аралығындағы 93 бала келіп тұрады, біз бәрін қабылдап, көмектесуге тырысамыз. Уқалаушы мен психологпен келісімге отырдық, оларға біз көп төлей алмаймыз, айына 20 мың теңгеге жұмыс істейді, аптасына бірнеше рет келеді.

Бізге Казкоммерцбанк қызметкерлері қатты жәрдемдесті – жаттығу құрылғыларын сатып алуға жететін ақша жинап берді. Олар Аружан Саинға хабарласып, және оларды бізге жіберген, - дейді Рушангуль.

– Біз балаларға көмек көрсету және оңалту қорын ұйымдастыруды шештік. Барлығы ата-аналардың күшімен жасалды, өйткені көмек ешқайдан келмейді, - деп түсіндірді Баян.

– Рушангульмен біз оңалту шипажайларының бірінде таныстық. Сонда бізге қауымдастық, осы қорды ашу ойы келді. Бірақ одан кейін біз үйлерімізге кетіп, байланыс үзілгендей болды. Алайда, тағдыр бізге бір-бірімізді ойламаған жерден табуымызды жазды, - деп Рушангуль және Баянмен бірге қор игілігіне қызмет етіп жүрген Ләззат Қалиева еске түсірді.

Балалар көп, ал жер аз болғандықтан, қорға олар екі ауысыммен келіп отырады: түске дейін және түстен кейін.

– Кешкі алтыда балалар кеткен кезде, біз ата-аналар, жаңа бірдеңелерді ұйымдастыруды ойластырамыз: ойындар, оқытудың жаңа әдістері, мерекелер, сонымен қатар балаларды келесіде қайда апаратынымызды талқылаймыз, - дейді қор негізін қалаушылар.

Қорда балалар қолөнермен және шығармашылықпен айналысады.

– Жалғыз қаржыландыру көзі – базардан түскен түсім жіне Маликаның мүгедектігіне тағайындалған жәрдемақы, өйткені басқалардың жағдайлары мүшкіл, жанұялары үлкен, артық ақшалары болмайды, олардың өздеріне көмек қажет. Аналары осында тегін жұмыс істейді. Ешқайсысының табысы жоқ. Бізде ақша жинағышымыз бар, кейде адамдар аздап ақша – мың теңге әкеліп жатады, - деп әңгімелейді Рушангуль.

Ләззаттың қызы Дана, жасы 17-де, ол ересектердің балаларға қарасуына көмектеседі.

Ал мынау Дима, жасы екі жас сегіз ай, Даун синдромына шалдыққан.

Анасы Галина оны жақында ғана «Ақжол-М» қоғамдық қорына алып келген:

– Мен баламның дамуы үшін осыған ұқсас бірдеңе іздеп жүргенмін. Біз әлі кішкентаймыз, бірақ онымен қазірден бастап жұмыс істеу қажет. Дима – отбасыдағы жетінші бала. Маған дәрігерлер оны кеш тудың деп айтты. Мен босанғанда қырықта болғанмын, бірақ мен Даун дертіне шалдыққан баласы бар аналарды да білемін.

Саманар БЦС шалдыққан, соның кесірімен ол аяғына нық тұра алмайды. Ол квота алған, енді 14 қазанда оған ота жасалады.

– Біз үшін бұл маңызды жетістік, сырт көзге квота алу оңай шаруа болып көрінетін де шығар, - дейді Рушангуль.

Сонымен қатар балалар бассейнге тегін бару мүмкіндігіне ие, сонда олармен нұсқаушы жұмыс істеп, жүзуді үйретеді. Олар әуітке жеткізетін жүргізушіні тағатсыздана күтеді.

– Бізде көлікке қатысты мәселе бар, үнемі оны жалдауға тура келеді, ал бұл қымбат. Әдетте бізден бір апару-әкеліу сапарына 7-8 мың теңге алады. Бүгін барлық балалар бармайтындықтан бағасын 5 теңгеге түсіре алдық, - деп түсіндірді Рушангуль.

Міне ұзақ жолдан балалар керек жеріне де жетті!

**Снежана*, Ішкі істер министрлігі жанындағы спорт кешенінің бапкері.

– Балалармен жұмыс істеп жүргеніме көп болды, оларды жүзуге үйретемін, әрқайсысына қолайлы оқыту тәсілітаңдалады. Бассейнге олар аптасына үш рет келеді.

Сезім мен оның анасы қорға келіп жүргендеріне бір айдай болған, ол туралы әлеуметтік қызметкерден естіпті.

Суда балалар өздерін жайлы сезінеді, жүзу олардың денсаулықтарына оң әсер етеді.

Малика мен Ердәулет уақытқа жүзеді, олардың айтуынша, жүзуді тастамайды екен.

– Білесіз бе, бізге қаншалықты қиын болса да, жағдайлары бізден де ауыр адамдар да бар, - деп мойындайды Рушангуль.

Біздің сайт оқырмандары арасында осындай адамдарға бей-жай қарамайтындар бар деп үміттенеміз және олар «Ақжол-М» қоғамдық қорына өз қызметін атқарып, мүгедек-балалардың қоғамға бейімделуі мен оңалуына көмектесуіне материалдық жағынан қолдау көрсетеді деп ойлаймыз.

Реквизиттері: Ақ жол ҚҚ, Мекен-жайы: Талгар қ-сы, Қонаев к-сі, 164, 11-ші пәтер БСН 140540002З89, Қазақстанның Халық Банкі АҚ, БИК HSВККZКХ КZ896010311000197476, Кбе18

Бөліс
Айсулу Тойшибекова
Айсулу Тойшибекова
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000