VOX POPULI Святослав Антонов 13 сентября, 2014 14:13

«Қазақстан жетімдерсіз елге айналуы тиіс», - Аружан Саин

«Қазақстан жетімдерсіз елге айналуы тиіс», - Аружан Саин
«Жетімдерсіз Қазақстан» - жетімдер мен балалардың құқығын қорғау мәселесіне бей-жай қарамайтын көптеген адамдарды біріктірген бастама. Жобаны «Милосердие» Ерікті Қоғамы» қоғамдық қоры жасады, сол жобаның шеңберінде екінші жыл бойы сән көрсетілімі форматындағы қайырымдылық көнцерті өткізілді. Модельдердің орнында ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар мен жетімдер, сонымен қатар «Мүгедек балалар ата-аналарының қауымдастығы» Оңалту Орталығындағы мүмкіндіктері шектеулі балалар өнер көрсетті.

«Милосердие» Ерікті Қоғамының» директоры Аружан Саин Қазақстан жетімдерсіз елге айналуы тиіс деп сенеді. Қазіргі таңда Қазақстанда шамамен 10 000 жетім балалар үйлерінде тәрбиеленеді.

Біз сәнді көрсетілімге дайындықты көру мақсатында Rixos Almaty (шара дәл осы жерде өтті) отеліне ертерек келгендіктен, бізге сахнаның арғы жағында не болып жатқанын көру үшін сол жаққа қарай өтуге рұқсат етті.

Мұнда барлығы кәсіпқойлардағыдай шаштаразшылар, стилистер, визажистер болды.

Қорықпаңыздар, мына «қансорғыштар» іс жүзінде өте мейірімді.

Ballroom адамға нық толды, міне көрсетілім де басталды, алғашқы жас модель подиумға шықты. Күлімдеп, шапалақтаймыз.

Топтамалар маусымдарға бөлінген болатын. Балалар сәнді күртелерге кербезденіп киінді, одан кейін үстіндегісін шипажайлық шолақ шалбар мен теркөйлекке ауыстырды.

Жасы үлкендеу балалар мықты акробатикалық трюктар жасады. Подиумда қолмен жүру керек пе? Еш қиындық туғызбайды.

Тақырыптық көрсетілімдер де болды. Барлық модельдер тікелей Хогвартстан келгендей.

Ал мынау сол баяғы «қансорғыштар», MonsterHigh мектебінің оқушылары.

Жоғарыда айтылғандай, модельдердің орнында тек жетімдер ғана емес, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі балалар да өнер көрсетті. Олар қазақстандық жұлдыздармен бірге жұптасып шықты.

Көрермендер тоқтамастан шапалақ ұрды. Көбісі балаларымен бірге келді. Аналар клкілерін, кейде көз жастарын тия алмады. Шара салтанатты болса да, мұңды да алып келді. Балалар үйіндегі жеткіншектер туралы бейнежазбаның эмоциялық қуатының қатты болғаны соншалық, көптеген адамдар бетін жууға шықты.

Соңында үлкен торт болды. Тәтті құмарлар оны бірнеше минутта «жоқ қылды».

Көрсетілімдегі киім-кешектер балаларға сыйға тартылды.

Данил, 10 жаста. Диагнозы: балалардың церебральды сал ауруы. Шарадан алған әсерін ол қысқаша: «Тамаша» деп айтты.

Мария, 12 жаста. Алматыдағы балалар үйінің бірінде мекендейді. Әнші болуды армандайды, тіпті өз өлеңдерін де жазып жатыр екен.

Көрсетілімнің басты міндеті қоғамға жетімдердің жан айқайын жеткізу. Олардың әрқайсысы ешкімнен кем емес – олар ақылды, дарынды, шынайы екенін, ата-анасының болғанын қалайтындығын көрсету.

Бөліс
Святослав Антонов
Святослав Антонов
Журналист, редактор раздела HISTORY
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000