VOX POPULI Святослав Антонов 12 сентября, 2014 20:47

Отбасы күні немесе «Жетімдерсіз Қазақстан»

Отбасы күні немесе «Жетімдерсіз Қазақстан»
«Милосердие» Ерікті қоғамы» қоғамдық қоры Отбасы Күніне арналған қайырымдылық концертін екінші жыл өткізіп отыр.

«Біздің «Жетімдерсіз Қазақстан» атты жобамыз арқылы қарайтын болсақ, бұл әсіресе өз ата-анасы немесе балалары жоқ ересектер мен балалар үшін өте маңызды мереке, - дейді «Милосердие» Ерікті қоғамының» директоры Аружан Саин.

Жетім балаларға әке мен шеше керек екені, оларды балалар үйінен отбасыға алып кету керек деп ойлау қалыптасып қалған. Алайда, Аружан Саинның айтуынша, баласыз жанұяға да бала қажет: «Біздің азаматтардың 15% балалы бола алмайды, көбісіне тіпті экстракорпоралды ұрықтандыру (жасанды ұрықтандыру) да көмектеспейді. Сондықтан біз өзіміздің шараларымыз арқылы балалар мен ересектердің жанұяның өмірдегі ең маңызды нәрсе екенін сезсін деп қалаймыз.

Концерт бүгін Rixos Almaty отелінде сән көрсету форматында өтіп жатыр, ал модельдердің орнында ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар мен жетімдер, сонымен қатар «Мүгедек балалар ата-аналарының қауымдастығы» Оңалту Орталығындағы мүмкіндіктері шектеулі балалар өнер көрсетеді.

Толығырақ ертең www.voxpopuli.kz сайтынан оқыңыз

Бөліс
Святослав Антонов
Святослав Антонов
Журналист, редактор раздела HISTORY
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000