VOX POPULI Райхан Рахим Чингиз Сайханов 9 сентября, 2014 13:38

Мінсіз өмір

Мінсіз өмір
Өмірлерінің басында барлық бастан кешкен қиындықтарға қарамастан, осы репортаждың кейіпкерлері отбасыларын құрды, үй салды, сүйікті және маңызды істерімен айналысады. Бақыт деген осы емес пе?

Дүйсенғали Оспанов пен Аруна Жақсыгұлова бұл жылы мерей тойларын атайды – бірге тұрғандарына 20 жыл болған. Олардың жарақат алып, мүгедек болғаны туралы көңілсіз айтады – одан бері көп уақыт өтті, солар бастарынан кешпегендей сияқты. Оның орнына өздерінің қол тумасы – бірігіп жасаған жобасы туралы сағат-сағат қызыға айта алады: 10 жыл бұрын олар Қостанай қоғамдық «Үміт - Надежда» атты тіреу-қозғалу аппараттары бұзылған мүгедектердің бірлестігін ашты.

– Арунамен біз Қарағандыдағы сауықтыру орталығында таныстық. Ол тек 18 жаста еді, ал, мен жасы келген 25 жастағы жігіт болдым, және сол кезге қарай мен өзімнің ең ауыр кезеңімнен өттім.

Мен жарақатымды 19 жасымда алдым, қарсы жолға мәшине шыға келгенде. Мойын белім сынғанның нәтижесінде толық сал ауруы, тек басымды ғана қозғалта алатынмын. Мен онда комсомол райкомында жұмыс істедім, күрес пен бокспен белсеңді айналысатынмын. Кім біледі, қандай спорттық жетістіктерге жетер едім. Бес жыл бойы мен өз өмірім үшін күрестім, қолымды басынан бастап қозғалтып үйрендім. Қайда емделмедім, Мәскеу мен Киевте де болдым. Кейін, қолым қозғала бастағанда, өзім жылжи бастап арбаға отырдым.

Ол арық және сыпайы қыз болды, басында мен оны қарындасым сияқты көретінмін, қамқорлық жасап қол үшімді беріп тұрдым.Бір жыл кейін біз тағы сонда кездестік, сонда менің оған сезімім оянды, шын ойым туды.

– Мен оған ұсыныс жасағанда ол қорқып кетті. Туыстарымыз біздің отбасымызды құрғымыз келетінімізді ауыр қарсы алды. Әсіресе, Арунаның туыстары қатты мазаланды. Барлығы біздің тұруымызды ойлап қорықты... Оның анасы менің туыстарымнан: «Олар өздерімен-өздері бола алады ма?», деп сұрайтын. Бірақ, мен қыңыр адаммын, барлығын сендіре алдым да келісімдерін алдым.

– Әрине, Дүйсенғалидың қыңырлығы өз жемісін берді: үш жыл бойы келіп жүрді, және үш жыл бойы мен одан бас тарттым. Оның еңбегі біз бірге тұра алтынымызды айтып, менің анамды келістіргені, - деп есіне салады Аруна.

– Бірақ, анам талап қойды: барлығы дәстүр және салтпен болсын, маған адам ретінде құда түскенін барлығы көрсін. Бұл бір жаңалық болды, ол кезде арбада отырған қызға құдалар келу және ресми түрде қолын сұрау деген болмаған еді.

– Дүйсенғалидың отбасынан үлкендер келіп маған құда түсті, ал, бір аптадан кейін ол кафеде той жасады. Мен орыс тілді отбасынанмын, сондықтан, біз үйде тек ең жақын туыстарды ғана жинайық дедік, ал Дүйсенғали 450 адамға үлкен той жасады. Осындай тойлар қазір де сирек болып тұрады, ал, ол кезде – болмайтын. Тойға ауылдың жартысы келді, ал, шақырылмаған басқалары кейін көпке дейін ренжіп жүрді. Қонақтардың барлығы, бұл аймақта осындай тойдың болмағанына көп болды дейтін.

Ресми бөлігі өткеннен кейін, дискотека басталды, барлығы ақырғы рет билеп жүргендей биледі. Дүйсенғалидың сыныптастасының өкшесі де түсіп қалды, ал, ол, оған қарамастан, билей берді. Барлығымыз биледік – жастар да, сеқсенге келген әжелер де, біздің өзіміз де. Біздің арба үстінде билеуіміз содан басталды. Есімде, мені тойға әкелгенде, адамдардың көбі таңғала қарады, кейбіреулер жылады да, аянышпен қарады, көбі біздің деніміз сау және аяғымызбен жүрген кездерімізді білетін.

– Мектептен кейін мен әрі қарай оқуға кеттім. Жатаханада бос орын болған жоқ, сондықтан, маған алыс бір туыстың үйінде тұра-тұруға дәл келді. Бір түні, үйде ешкім жоқтығын пайдаланып ол маған келді.

Маған еңгезердей қырық жастағы еркек тиіскенде, менің әлім одан босанып алуға әзер жетті. Күштер тең болған жоқ, сондықтан, маған түнгі саған төртте төртінші қабаттан екі қабатты терезеден секіріп түсуден басқа амал қалған жоқ. Секіріс үстінде мен босану амалын жасадым, әуеде аударылып арқаммен түстім, аяқтарым салмақсыз қалды да ұшып кетті. Мен абыройымды қорғаймын деп өзімді қорғай алмадым, - деп есіне алады Аруна.

– Біз Аруна екеуіміз кеңес дәуірінің аяғын көрдік, және мүгедектердің позитивті тәжірибесі туралы білуге мүмкіндігіміз болған жоқ, олар мүлде болмаған сияқты. Бөлектеу саясаты болды, оларды қаланың шетіндегі мүгедектер үйіне орналастырып жатты. Мен ол кезде мүгедектер үшін арбаның барын да білмейтінмін. Кеңес кездерінде мүгедектер далаға шықпайтын, олардың бір жерге барулары нонсенс болатын. Ол кезде мүгедектер құқығы үшін қозғалыс түгілі «пандус» деген сөз де жоқ, - дейді Дүйсенғали.

– 2000 жылдары біздің облыстың көп мүгедектері өздері өздерімен болғаны есімде. Қалада біз екі-үш адамнан жиналып тығыз ортада араласатынбыз. Сол кезде жылында бір рет жинау жүйесімен жұмыс істейтін қалалық мүгедектер қоғамы болатын.

Сонда біз Аруна екеуіміз біздің мәселелерді шешетін, тұлғаны дамытуға бағытталған жұмыстың әлеуметтік моделін пайдаланатын өзіміздің мүгедектер қоғамын құруды шештік. Біз өзімізге қарадық: адамдар мүгедек болғанда, олар қайда баруларын, қолдауды қайдан алуларын, не істеу керек, кімнен кеңес алу керектігін білмейді. Адам жиі өз отбасының ортасында ғана қалады, төрт қабырғаның ішінде жабылмай, ел арасына шығу керек қой.

– Біз басында тіреу-қозғалу аппараттары бұзылған мүгедектер үшін ұйым құрсақ, қазір бізге барлық категориясындағы мүгедектер келеді. Мүгедектігіме қарамастан, басынан бастап мен менің проблемаларыма түсіне қараған, осындай адамдарда бола беретін қысылулардан босануға көмектескен менің достарым мен туыстарымның тіреулерінде болдым. Мен өзімді жалғыз немесе төрт қабырғада қалдым деп ешқашан сезінген емеспін. Бірақ, барлық жағдай сондай сәтті бола бермейді, кейбір адамдар қазірге дейін шектеуді сезінеді әсіресе, мен сондай жағдайды мүгедек балалардан көремін. Әдетте осындай балалардың ата-аналары ұялып, мүгедек балалары бар екенін жасырады.

– Сондықтан, қазір біз назарды жастарға аудармақ болдық. Екі жыл болды, жастарға арналған күндік жартылай стационары бар «Преодоление» тәуелсіздік өмір орталығы жұмыс істейді.

– Бізге екеуімізді суретте бірге сирек көреміз деп жиі айтады. Шынында, біз бірге жұмысқа барып үйге қайтатынымызға қарамастан, күні бойы бір-бірімізге екі сөз ғана айта аламыз, одан басқаға уақыт жетпейді, - деп күледі Аруна, - Әрбіреуіміз өз бағытында жұмыс істейді, бірақ бір тандемде. Дүйсенғали қоғамның төрағасы бола тұра, ұйымдастырушылық сұрақтарды шешеді, ал мен адамдармен тікелей араласамын.

Аруна кеңсені көрсетуде:

– Әр компьютер, әр орындық, әр жаттығу құрылғысы – осоның барлығы бір жобалардың шеңберінде сатып алынған. Соның барлығына біздің махаббатымыз, энтузиазм және күнделікті еңбегіміз сіңген. Осының барлығы адамдарға пайда әкелу керек. Бізде емдік дене шынықтыру бойынша инструктор, медицина қызметкері, психолог, музыка мен вокал оқытушысы, еңбек терапиясын оқытушысы жұмыс істейді

– Білесіз бе, бізге бір қыз келеді, дауысы қандай! Нағыз дарын! Қазір соны үйіне апарып тастау керек. Бізде арба көтергіші орнатылған өз машинамыз бар, оны өзіміз өз ақшамызға сатып алдық, сонымен біз барлығын үйлеріне жеткіземіз. Осындай бірнеше машина болса деп армандаймыз, деп жалғастырды Аруна.

– Бірақ, олардың осы жерден ең басты алатыны – бұл қатынасу. Бір-бірімен сөйлесіп, олар тек ләззат алып қана қоймай, тәжірибе алмасады, социумдағы өмірге бейімделеді.

– Менің өмірімде екі маңызды зат бар: жұмыс және отбасым. Біздің ұйым үшін мен көп нәрсе жасай аламын. Мен тірі тұрғанда оның жұмыс істеп тұрғанын қалаймын, және тек жұмыс істеп қана қоймай, адамдардың рухына қайта дем берсін!

Және, әрине, менің әйелім Аруна. Бірге өткізген жиырма жылдан кейін, біз бірге туғандай сияқты сезім пайда болды. Егер ол үйде бірнеше күн болмай қалса, жалғызсырап қаламын, ал, бірге болсақ – толықтықты сеземін.

Менің жасаған ең басты ерлігім, менің ойымша, Арунаның қолына жете алып, соған үйлену алғаным. Соны мақтан етемін.

– Мен Дүйсенғалидың қоғамында көмектесе бастаудың алдында мен үй шарушылығында болдым, барлығын өзім жасайтынмын: борщ пісіріп, бәліштер пісірдім, мәнті жасайтынмын, үйді жинайтынмын. Жазда банка жабатынмын, Дүйсенғалидың інісі Ғабит біздің үйде болды. Ол бақшадан көкөністерді алып келеді, мен арбада отырып, еңкейіп банкаларды жабамын. Қазір үй шарушылығына тек қана демалыста уақыт болады. Біз дамыл таппаймыз. Күнде, бүгін көбірек істеп ертең демаламыз, деп ойлаймыз. Солай, демалуға ешбір уақытымыз болмайды, жаңа идеялар, жобалар туады, - дейді Аруна.

– Мен әрқашан да билегенді жақсы көретінмін, құлағаннан кейін мен үшін би әлемі жабылды, деп ойладым, бірақ, барлық әлемде арбада отырып билейтінін білгенде мен қатты таң қалдым. Басында бізге қиялшылдарға сияқты қарады, бірақ, біз мүгедектердің билей алатынына және соны істеуге мүмкін екеніне, сендіре алдық. Бес жыл бұрын біз республикалық мүгедектік арбадағы спорттық билер фестивалін өткіздік. Үлкен ұйымдық жұмыс атқарылды, оның ішінде психологиялық сипатты, одан бұрын біздің елде ешкім арбада билеген емес қой.

– Ең басты қиыншылық биге арналған дөңгелектері бұрыш астындағы арнайы жеңіл арбалардың болмағаны. Облыс әкімі біздің спортшыларға осындай бес арба сыйлады, сондықтан, жаттығу жеңіл болды. Тамызда Қостанай облысының спортшылары қатысқан тағы осындай бір шара өткіздік.

Алғашқы «Танцующие коляски» фестивалін өткізгеннен кейін біз Қазақстанның паралимпияда реестріне осы бір әдемі спорт түрін енгізуді сұрап ҚР спорт және дене шынықтыру министрлігі мен ҚР Паралимпиада Комитетінің президентіне хат жібердік. Фото, бейне, мақалаларды, бейне сюжеттерін, фестиваль бойынша барлық жасалған материалды қостық та, оңды жауап алдық. Енді, елімізде арбадағы билер бойынша чемпионаттар ресми түрде өтеді, және біздің бишілер Қазақстаннан атынан халықаралық кубоктар мен турнирлерге қатысады. Осолайша, біз Қазақстандағы арбадағы билердің негізін қалаушылар болып шықтық.

Негізгі жұмысымыз уақытымыздың басым бөлігін алғанына қарамастан, мен биді тастамауға тырысамын, керісінше, жетілдіруге ұмтыламын. Қазір мен Санкт-Петербургте өтетін континенттер Кубогына қатысуға дайындалып жүрмін. Бұл халықаралық деңгейдегі би шарасы, мен барлық әлемнің есінде қалатындай етіп билеуді армандаймын...

– Біз екеуіміз ғана тұрамыз және барлығын өзіміз істейміз. Бөлек өз бетімізбен тұру – ол ерекше сезім. Күнде мен рөлге отырып, біз жұмысқа кетеміз. Біз барлығын бірге жасаймыз, біздің ішіміз ешқашан пыспайды, біздің әуестігіміз бен ісіміз ортақ емес пе. Біз неше түрлі топтағы адамдарға қалай көмектесуге болатынын ойлаймыз. Мысалы, бізде бірнеше жыл бойы елімізді және одан тыс жерлерді көргісі келетін мүгедек спортшылар арасында автожорық өтеді.

– Реті бойынша бесінші «Будущее без барьеров» халықаралық автожорыққа 9 машинамен 19 мүгедек-спортшы қатысты, олар қолмен басқарылатын автомобильдермен ресей аумағымен саяхат жасады. Біз одан бұрын осындай шараны төрт рет өткізгенбіз, бірақ өз елімізде. Енді географияны кеңейтейік деп шештік. Содан кейін, супермаркеттерде би флешмобтарын, фотокөрме мен концерт, аудандарға шығуларды өткізгіміз келеді – жалпы, біздің кестеміз желтоқсанға дейін жоспарланған. Ал, өмірдің осындай ырғағын өзіміз таңдадық, - деп ойымен бөлісті Дүйсенғали.

Бізді тек Қостанай облысына ғана емес, бүкіл еліміз және одан тысқары жерлерде таниды. Екі жыл бұрын Жапонияда әлеуметтік мүгедектерді біріктірудегі біздің ұйымның еңбегін жазған кітап шықты. Авторы Асанай Митико – туа БЦС диагнозы бар арбадағы мүгедек бізге тәжірибе алмасуға келіп, біздің жұмысымызға қайран қалды. Біз осындай халықаралық мойындауды мақтан етеміз, біздің осындай жолды таңдағанымыз бекер еместігін білдіреді.

– Біз арбада отырғанымызға қарамастан, біз ешқашан көмек сұраған емеспіз, тіпті тұрмыс істерінде де. Керісінше, отбасымыздағы ең үлкендері болған соң қарындастарымыз бен інілеріміз үшін жауаптымыз, барлығын жетелейміз, кеңес береміз, олар ештеңеге ұрынып қалмас үшін қамқор көрсетеміз. Менің ойымша, біз екеуіміз де тәуелсіз және намысшыл адамбыз. Мүмкін, осы қасиетіміз болмаса ешқашан қазіргі қолымызда барға жете алмас та шығармыз. Біз мәселелерімізді айтып зарланбаймыз, жай ғана өмірге жол ашамыз, - деп жалғастырды Аруна.

– Екі жыл бұрын біз жаңа үйге көштік. Бұрын бізде екі пәтерлі үй болатын, өте тар еді, ас бөлмесі де шамалы. Бізге туыстар мен қонақтар жиі келеді, мүмкін, біздің кішкентай диванда облыстың барлық мүгедегі түнеп шыққан да шығар. Біз барлығына көмектесуге және қонақжайлы болуға тырыстық, мүгедектердің барлығы мейрамханаға бара алмайды. Кейде қонақтар сондай көп болатын, біз олардан ең болмаса жүре алу үшін өтетін жерді бос қалдыруды сұрайтынбыз. Ойнап біздің пәтерді коттедж дейтін. Кейін біздің пәтердің біздің қажеттілігімізге ыңғайлы еместігінен шаршай бастадық. Қоғамды ашпай датұрғанда Дүйсенғали ауыл шаруашылығымен айналысатын, дүкендері болды, біз барлығын сатып, үй салуды шештік. Алла тағала бізге көмектесті, бір кезде біздің барлық туыстарымыз жиналды да үйді тез арада көтеруге көмектесті.

– Біз көп жерде табысқа жеттік, елге пайда тигізетін біздің жұмысымыз бар, біздің армандаған үйіміз, ең бастысы, бір-бірімізде біз бармыз. Қазір өмірден рахат алу кезі. Бұл біздің мінсіз өміріміз.

Бөліс
Райхан Рахим
Райхан Рахим
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000