VOX POPULI Айсулу Тойшибекова Канат Бейсекеев 5 августа, 2014 14:15

EXPO-2017-нің ең үздік тұмары

EXPO-2017-нің ең үздік тұмары
Астанада өтетін EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрменің бейнесі қандай болады? Айсұлу Тойшыбекова мен Қанат Бейсекеев конкурсқа қатысушы жеті тұмардың қалай жасалғанын және олардың авторлары кім екенін анықтады. Айтпақшы, финалдық нұсқаларға дауыс беру тап қазір жүріп жатыр.

Астананың тұрғыны жас ана Мира Қанатова бала күтімін жұмыспен тоғыстырады және бұл ғана емес. Ол финалға өтіп, өзінің маскоттарын (тұмарлар. – Ред.ескер.) ұсынуда. Мираға байқауға қатысуға күйеуі ұсынған. Ол бірде ЕХРО сайтынан байқау туралы оқиды:

– Байқауға қатысудың өзі мен үшін мәні көп, ал финалға шығу – үлкен нәтиже.

– Мені не шабыттандырды? Егер шынымды айтсам, осындай нәрселерге қатыспаған едім, тақырыптың өзі болашақ энаргеиясы мен үшін шабыт болды. Жел энергиясы – Дауылхан, күн энергиясы – Күнсұлу, ал Толқынай – су энергиясы.

– Кейіпкерлердің өздері – бұл менің кіші ұлым тәрізді балақайлар (Күледі). Мен сосын ұлттық нақыштағы оюларды қостым, мен бір нәрседен аса алшақтамадым, - деп Мира бөлісті.

Мира мамандығы бойынша дизайнер. Ол байқауға қатысып жатқаны туралы бұған дейін тек жұбайы ғана білетін.

– Маған күйеуім көмектесті. Ол дизайнер емес, алайда нәтижелерін бағалап, сынады. Сәбиім ұйықтап жатқанда, түнгі уақытта бір аптаға жуық үлгілерін өңдедім. Техникалық тұрғыдан барлығын өзім орындадым: алдымен суретін салып, сосын векторда бөліктеп жинадым, - деп Мира жалғастырды.

Мираның алты айлық ұлы да қолынан келгенше анасына көмектесті.

– Мен Толқынайды салып жатқанымда ұлым екеуміз бірге отырғанбыз, қалай жақсырақ болатынын білмей, мен компьютерде біресе осылай, біресе солай шашын ауыстырып отырғанмын. Бір уақытта ұлым тінтуірді тарс итеріп қалды, осы сәтте шаш толқын тәрізді жата қалды.

– Отанымыздың астанасында осындай шара өтетіні тамаша ғой. Маскоттар байқауына қатысу –бұл біздің үлесіміз де, бастамамыз. Әрбір адам бұл шараға бірнәрсе енгізе алады.

EXPO тақырыбының өзі – болашақ энергиясы – өте өзекті. Мен Қытайда оқыдым, онда баламалы энергияға қызыққанмын. Сол кездері біздің еліміз Астанада көрмені өткізуді жеңіп алған еді. Біздің экономика үшін мұндай энергия түріне ауысуымыз өте жақсы. Шараға міндетті түрде барамын, Астанада тұрып, мұндай шараға қатыспау кешірілмейтін нәрсе деп ойлаймын.

EXPO-2017 арналған ең жақсы маскот байқауына жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да қатыса алады. Біздің келесі кейіпкерлеріміз - Green Penguin алматылық студиясының жастары. Олардың жұмыстарының бағыты – креатив.

Юлия Курова баяндайды (фотосуретте – сол жақта):

– Біз маскоттар байқауы өтетіндігі туралы жарнаманы көрдік, әрине, елемей өте алмадық, өйткені біздің дизайнер Надя – көркемдеуші еді, сондықтан әлдеқандай ерекше кейіптерді ойлап тапқымыз келді.

Green Penguin-нің дизайнерлері үш тұжырымдаманы қарастырған, әрбіреуі жетіліп, дамып, идеалға жақындай түскен.

Ирина Тараненко:

– Біз бірнеше рет бірге жиналып, ойландық. Басында бір кейіпті салғымыз келді, алайда біз гиперөнімді жастармыз, сондықтан тоқтай алмай, үшеуін жасадық, себебі EXPO-2017 логотипіндегі үш жапырақ үш стихияны (баламалы энергияның көздерін) сипаттайды. Осылайша бізде әрбіреуі энергияның белгілі түрін белгілейтін үш кейіпкер дүниеге келді. Шамамен екі-үш аптадай олармен жұмыстандық, негізінен оларды байқауға ұсынғымыз келді. Алайда бір мезетте біз олардың аса бір қазақстандық кейіпкер болмай шыққанын түсіндік.

Юлия Курова:

– Нәтижесінде біз азиялық бет-пішіндерді жасап, ою-өрнектерді қостық. Алайда олар бізде бәрібір қазақстандық кейіпкерлер болмай шықты. Соңғы сәтте біз барлығын ауыстырып, суперқаһармандардың тұжырымдамасын ойлап таптық. Бұл аса қабілеттіліктері бар кейіпкерлерлер болашақтың белгілері деген ой еді.

Әрі қарай кейіпкерлермен бірге жасаған жұмыстар туралы көркемдеуші- дизайнер Надежда Лерих айтып берді:

– Скетчтер өте тез туындады, ой ұшқыны бірден жүрді, біз бұған тіреліп қалдық, шамамен екі күндей уақыт кетті. Қалған уақыттарда біз оларды «егедік», барлығына ұнау үшін әдемірек жасадық. Біз өзіміз құрған маскоттарға өзіміз ғашық болып қалдық. Бізде 30-ға жуық түрлі нұсқалар болды.

Алдыңғылары сияқты соңғы эскиздер де логотиппен бір түжырымда, алайда алғашқылардан айырмашылығы Қазақстанға, біздің мәдениетімізге лайықталып жасалынды. Яғни, оларға қарап, ұлттық кейіпкерлер екенін түсінесің, осы жұмыстардың барлығына үш аптадай уақыт кетті.

Өдерініңің маскоттарға деген қатынастар мен талаптар туралы:

– Бізге 8 немесе тіпті 14 беттік талаптар жіберілді. Олардың негізгілері: маскоттар экотақырыпқа, EXPO тұжырымына сай және ұлттық теңестірілген болу қажет. Біз Миландағы EXPO –ның маскоттарын қарадық, оларда тұтастай тұтынушы кәрзеңкесі болған: апельсин де, банан да. Біз EXPO-ның ғана емес, Олимпиада ойындарының да маскоттарының бүкіл тарихын оқыдық. Олимпиада Қонжығына ұқсас бір нәрсені құруды қаладық, себебі әрбір қазақстандық үшін олар да сондай ұмтылмас нақыш болса.

Күнсұлу күнді кейіптейді, бұл суперқаһарман қолдың қимылымен жылу мен күн сәулелерін құрады. Ол өте сұлу, сондықтан біз оны Күнсұлу деп атадық. Судың суперқаһарманын Бөбек деп атадық. Бірінші нұсқасында ол бізде өте тентек балақай болды. Финалды нұсқаларда ол ондай ойнақы болмағанмен, аты қалып қойды. Біздің үшінші маскотымызды Ұлан деп атауды ұйғардық. Бұл – алға қарай жүретін жас прогрессшіл қазақ жігіті. Ол өзінің тегін біледі, қазақтар жерде өмір сүргенін және көшпелі болғанын біледі, сондықтан ол жермен үйлесімде және оны өзінің кейіпімен елестетеді. Өйткені қазақтар үшін жер – бұл ең басты нәрсе.

– Біз өзіміздің маскоттарымызды өмірде іске асыруы оңай болу үшін қайтадан жасадық. Қуыршақтар жасайтын көппен өндірушілермен кеңестік, себебі жәдігерлердің негізгі мәселелері – бойлы қуыршақтар.

Біз үшін ең бастысы – адамдар біздің қаһармандарымызды жақсы көріп, мақтаныш тұтса, алайда бұнымен қатар маскоттар халықаралық деңгейге шығып, оларды бүкіл әлемге қабылданса. Біз тақырыпты аштық деп санаймыз. Біздің үш стихияны кейіптейтін үш қаһарманымыз бар. Олар футуристтер, бұл біздің критерийлеріміздің бірі. Бұл маскоттар өзімізге ұнасын деп өзіміз үшін де жасадық. Әрбіреуімізде өзінің сүйікті қаһармандары бар: біреуіне Ұлан көбірек ұнаса, біреуі – Күнсұлу, ал біреуіне – Бөбек.

Астаналық дизайнер Ильнора Хакимжановаға да жұмысына біздің бірінші кейіпкеріміз Мира Қанатова тәрізді отбасысы көмектесті:

– Байқау туралы достарымнан білдім, бірден қатысу туралы ой келді. Өзімнің күшімді байқап көріп, өзімнің қиялымды жүзеге асырғым келді.

Нәтижесінде менің маскоттарым болған кейіпкерлерді барлық жанұямызбен бірге таңдадық. Содан кейін менің апам маған кеңестер беріп, барынша көмектесті.

– Менің маскоттарым – бұл бүркіт балапаны, барыстың күшігі және құлыншақ. Бүркіт балапаны аспанда қалықтау үшін жел энергиясын қолданады. Барыс Қазақстанның таза табиғатына қатынасы бар, себебі ол Қызыл кітапқа енгізілді. Бұл нақыш тек Алматының ғана емес, барлық Қазақстандікі. Құлыншақ та ұлттық кейіп. Қазақстан үшін жылқы – ұлттық жануар, ол позитивті көңіл-күйлерді сыйлайды, өте жігерлі және мейірбан. Қозғалтқыштың күшін аттың күшімен өлшеуі бекер емес шығар.

– Мені әрқашан да балалар шабыттандырады, тек менің ғана балаларым емес, өйткені олар өмірдің қуанышы ғой. Сондай жігерлі, өздерінің жігерліклерін бізді де жұқтырады. Кейіптерді таңдауда мен тіпті балақайлар болатынына күдіктенбедім де, себебі біздің ел жас.

– Үрдістің өзі айтарлықтай көп уақытты алды, әрдайым сызықтары, түстері түзеліп жатты, нобайлар өте көп болды. Менің эскиздерімді сандық түрге аударуға менің дизайнер-достарым көмектесті. Олардың көлемі сәл өзгерді, алайда менің қолыммен салғаным жаныма жақын, сондықтан мен байқауға екі нұсқаны да жібердім.

Астанада EXPO-2017 өтетіндігі туралы сұраққа Ильнора былай жауап берді:

– Бұл – біздің ел үшін үлкен қадам. Көрме бізде бірінші рет өткізгелі жатыр, Қазақстанның дамуы үшін бұл өте жақсы және тіпті басқаша деңгей. Осындай көрме бізде өтетіндігіне мақтанамын. Өзімнің үлесімді қоссам деймін, сондықтан да мен нақыштарды ойлап шығаруға қатысуға шешім қабылдадым.

Мен міндетті түрде EXPO-2017-ге қатысамын, себебі астанада тұрамын ғой!

Қазақстандық дизайн-студияларынан басқа байқауға халықаралық құрамалар да қатысты. Олардың біреуі финалға өтті. Танысыңыздар, бұл Днепропетровсктің жастары (Украина) – Кирилл Тыква, Евгений Томашевский және Екатерина Бурлак, LIME компаниясының өкілдері. Олар өздерінің қызметтестерінің қолдауымен өздері жасаған үш маскоттарды ұсынды және барлығы финалға өтті!

Фотосуреттердің барлығын LIME командасы Днепропетровсктен жолдады.

Екатерина мен Евгений 2D-кеңістігімен жұмыс істеді, ал гуру Кирилл (сол жағындағы) оларды 3D-ға аударады. Олардың қызметтесі Натальяның айтуы бойынша, дәл Екатерина байқауға қатысуға ұсынды:

– Дизайнерлерге арналған ресурстардың бірінде маскоттар байқауы туралы хабарланған еді. Сілтеме арқылы өтіп, қарап, қатысуға шешім қабылдадық, бірақ та біз бұрын мұндай масштабтағы байқауларға қатыспаған едік. Қолымыздан келмейтін шығар деп ойладық. Біз қажетті уақытты бөлуге дайынбыз ба, әлде біз алып кете аламыз ба деген нәрселерге көп күдіктер бізде болды. Алайда шараның өзі бізді баурап алғаны соншалықты, біз тақырыпқа бар жанымызбен еніп кеттік.

– Катя тақырыпты оқып, біздің қатысуымызға тұрып алды және осы жоба аясындағы жұмыспен айналысуға шабыттандырды. Оның ойына келген бірінші кейіп – бұл күн. Бұл кейіпкерді Жарык деп атадық, себебі күн – бұл алдыңғы қатарлы энергия, EXPO-да ашылатын тақырыптардың бірі. Біз қазақы мақамдарды ескердік, ал сәулелерін көрмеде өзінің логотипіндегі желектерді еске салатындай етіп жасадық, - деп Наталья жалғастырды.

Басқа екі маскот ұжыммен бірге жасалды.

– Біз «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырып, ойларымызды талқыладық, бірге бейнені іздедік. Әрбіреуі маскотты өзі қалай елестетінін айтып беруге мүмкіндік болды. Нәтижесінде барлық ойлар ағындардан бір тұжырымдаманы тудырдық. Бір тұжырымдамадағы екінші және үшінші нышандар - жай ғана екі қиялдың көрінісі. Біз заманауи бір нәрсені қаладық, өйткені бұл энергияның тазалығын, болашақ технологиясын бейнелесе және онымен қоса ұлттық ерекшелікпен, нақты жермен үйлесімін тапса.

Кирилл:

– Олар, міне осылай, пайда болды – сондай екі түрлі, алайда сол уақытта бір-біріне ұқсас бейнелер Энерджик және Данара. Энерджиктің басында үш түспен жарқырайтын және болашақ энергияның түрлерін нақыштайтын үш өсіндісі бар. Кейіпкердің өзі адам тәріздес болып шықты, онда жергілікті ерекшелік байқалады.

– Біз Қазақстанның не екенін, ол немен өмір сүреді, бұл шараның мемлекет үшін маңызы қандай екенін түсінуге көбірек тырыстық. Біздің балаларымызға есімдерін ұзақ таңдадық, қазақ есімдерін EXPO-мен орайластырған сөздермен байланыстыруға тырыстық. Осындай «селекциялық шара» жолымен Данара және Энерджик есімдерімен анықталды, - деп Кирилл жалғастырды.

– Данара – қыз, аудармасын қарадық – «тұмар» болып шықты. Ал Энерджиктің қолындағы шырағдан «Бәйтерекке» ұқсады, оның ортасында атом, дегенмен бастапқыда ол шырағданның орнына желді ұстап тұрды.

– Бұл толығымен командалық жұмыс болды. Дарья таныстыру рәсімін дайындаумен айналысты. Екі кейіптің суретін Катя салды, ал біреуін – Женя.

Біз украиндықтар Астанадағы EXPO-ға келе ме деп сұрадық, олар бұған былай жауап қатты:

–2017 жылы не болатынын көреміз, біз ең көп дегенде жұмаға дейін жоспарлаймыз.

– Біз финалға өткенімізге өте қуандық. Қуанышымыз қойнымызға сыймады, бұл таңғы лездемемізде №1 тақырып болды. Бұл біз үшін мега жаңалық болды! – деп жастар бөлісті.

Оларға бәйгені бере ме деген сұраққа қосылып күліп, үміттенетіндерін айтты.

Ал бұл қазақстандық GOOD компаниясының жастары! Біз маскоттардың орындаушыларымен кездестік – арт-директор Рустам Гареевпен, даму бойынша директор Дәурен Төлеев және жобаның үйлестірушісі Диана Сайбековамен кездестік.

Сіздерге сөзсіз Алматы өтетін алдағы Универсиаданың нышаны таныс шығар, міне бұл жұмыс GOOD компаниясының жастарының туындысы! Осындай табыстан кейін оларда EXPO–ға арналған маскоттар байқауына қатысу керек пе, жоқ па деген күмән болмады:

– Біздің қағидатымыз «жасау керек» және «жасамау керек» дегендердің арасында біз біріншісін таңдау болып табылады. Ал егер жасасақ, онда жақсы етіп жасау. Біз Алматыда өтетін Универсиада – 2017-ге ұран, логотип және тұмарын жасауға қатыстық, сөйтіп жеңдік, - деп Дәурен баяндады.

Рустам:

– Әдетте, Олимпиада, Универсиаданың нышандары үшеу-бесеу болады. Біз екеуін жасауға ұйғардық – Тәңірдің өзі және оның көмекшісі Бөрі. Кейіптердің өзі ойға орала кетті, себебі тәңіршілдік – Қазақстан мәдениетінің бөлінбес бөлшегі. EXPO-ның тақырыбы бұл өте жақын болып шықты. Тәңіршілдікте күн – қазіргі уақытта жел энергиясы тәрізді ең әлеуеті бар энергия негізі.

– «Бәйтерек» – бұл да Самұрық тәрізді тәңіршілдіктің нышаны. Мұнда ешқандай діни астыртын жатқан жоқ. Бұл әрбір Қазақстанда дүниеге келгендердің кеудесінде бар, – деп Дәурен қосады.

– Бөлтіріктен басқа қошақан немесе маралды қолдануды ойлағанмын, дегенмен сонда да бөлтірікке тоқтадым. Екі кейіпкер жетерлік: аспанмен күн адамы бөлтірікке ауысады, - деп түсіндірді Руслан.

Жастар өздерінің тұжырымдамасында әр қазақстандыққа жақын, әрі таныс нышанға бағытталды.

– Біз суреттің әдемі болғаны үшін емес, оймен, пәлсафамен болғанын қалаймыз. Себебі әрбір домбыраның сазын естіген адам оның дыбысы адам жанын тебірентетінін айтады. Бүкіл кемпірқосақтың түстері бар түрлі түсті логотип жай ғана әдемі болады, ал біздің қоған мақсатымыз – онда идеологиялық құраушылар болуы. Сонымен қоса алға қойған тағы бір тапсырма – велосипедті ойлап табу емес, - деп Дәурен мән-жайды ашып берді.

– Қазақстандықтың өзі нышанды көріп, иә, бұл менің туып-өскен жерім, мен бұны білемін, мақтан тұтамын деп түсінетіндей болу керек, - деп қосты Рустам .

Анимация жасауда тәжірибесі бар Рустам үшін эскиздер жасау аса қиын болмады:

– Кейіпкерлерді мен әуеліден бері жасаймын. Егер басыңда анық ой болса, онда барлығы тез жасалынады. Алайда бұл компьютерге көшкенде, онда түс таңдау, көлем беру, ою-өрнектер... Мұнда қиындау, бұған көп уақыт кетеді, шамамен екі-үш күн.

Диана:

– Біздің жұмыс талқылаудан басталады. Барлығымыз бірге шамамен бізге қандай ақпарат керек екенін анықтаймыз. Бұл жағдайда біз Олимпиада ойындары, Универсиада, EXPO және футболдан әлем чемпионаттарының топтамаларын қарап шықтық.

Рустам:

– Себебі оларда өздерінің ұлттық мәнері болғандықтан, онда трендті түсінерліктей ойға түртер нәрселер болды.

Дәурен:

– Жылдан-жылға адамдардың түсіністіктері мен күтулері өзгеретінін көрдік, ондағы көптеген заттар уақыттың алдында жүр. Себебі EXPO-2017-нің мақсаты қазіргі 2014 жылы емес, 2017-де өзекті болу керек. Біздің жұмыс уақыттан озды.

– Егер біздің жұмысты таңдаса, онда оны 2017 жылға қайтадан жаңартуға болады, жаңа үрдіс аясына үйлестіруге болады, - деп қосады Рустам .

Маскоттарды ойлап табу кезінде кейбір өлшемдерді сақтау қажет, мысалға, пішімін, олар жұмсақ ойыншақтар және т.б. нәрселер ретінде жақсы көріну керек.

Дәурен:

– Ойыншық-маскоттар оңай жасалып, мықты көріну керек, себебі оларды қонақтарға жәдігер ретінде сыйға тартуға болатындай етіп. Біз жарнама бизнесінен болғандықтан, бұл қаншалықты қиын екенін түсінеміз. Құру кезінде біз осының барлығын ескердік, маскоттарды жағымдырақ етуге тырыстық.

Диана:

– Жасау бойынша барлық тұмарларға сай келетін арнайы ережелер де бар. Оларда бастары сәл үлкендеу, ал денесі сәл кішілеу болу керек. Мұндайлар балаларға арналғандай көрінеді. Олар сонда ғана кез-келген көпшілікпен оңайырақ қабылданады.

Рустам:

– Финалға шығуды күтудеміз, себебі біз көрсеткендердің барлығына ұнады. Ақырында біздің маскоттар өмір сүруге, өмірде болуға және нышан болуға мүмкіндігі бар деп ойлаймыз.

Жеңіс біз үшін мақтаныш болады, өйткені біздің жұмысымыз ұлттық нышан болады. Жеңсек күшті болар еді.

EXPO-2017 нышанына дауыс беру тамыздың 4-нен 18-не дейін өтеді. Ұнаған маскотты мына сілтеме арқылы таңдауға болады.

Бөліс
Айсулу Тойшибекова
Айсулу Тойшибекова