VOX POPULI Дамир Отеген Игорь Юг 29 июля, 2014 13:03

"Фотоаппаратты дұрыс пайдалану" конкурсы

"Фотоаппаратты дұрыс пайдалану" конкурсы
Қайда қарасаң да, фотокамера ұстаған адамдарды көруге болады. Vox Populi редакциясының фотографы Дәмір Өтеген фотоаппаратты суретке түсіріп қана қоймай, басқа қажеттілікке де қолдануға болатынын көрсетті. Репортажды анықтап оқысаңыз - соңында сізді конкурс күтіп тұрады.

Фотоаппаратпен шеге қағуға болады. Бұл әдісті қолдансаңыз, қолымды жарақаттап аламын деп қорықпайсыз.

"Городки" ойыны есіңізде ме? Сол ойынды фотокамералар көмегімен ойнауға болады. Бірақ бұл жағдайда ойынды "айна сынықтары" деп атаған жөн болар.

Фотоаппаратпен киім үтіктеуге болады. Бірақ, бұл іс тек мынадай шебер апаларымыздың қолынан ғана келеді.

Фотокамераға жатып ұйқтауға да болады. Білмедіңіз бе? Ал сіз жатып көріңіз!

Фотоаппарат көмегімен шахмат ойнауға болады. Фигураларды бөлу үшін түрлі объективтерді пайдалануға болады.

Фотокамера арқылы шаш кептіруге болады. Бірақ, электр желісіне қалай қосуды, мына көрікті қыздан сұрау керек.

Фотоаппараттарды балық аулауға барғанда, қолдан жасалған орындықтың тіреуіші ретінде қолдануға болады. Ал қызық бір нәрсе көріп қалсаңыз, камераны тез шығарып, суретке түсіріп аласыз.

Үлкен объективті фотокамераларды гантельдердің орнына қолдануға болады. Нәтижесінде бұлшықеттердің қаншалықты шыныққанын байқадыңыз ба! Фитнес-жаттықтырушылардың бұл әдістің мүмкіндіктерін бағаламай жүргені өкінішті.

Айналы фотоаппаратты гольф ойыны кезінде қажет болатын тірек ретінде қолдануға болады. Бастысы - допқа дәл тигізіп, мүлт кетпеу керек.

Сонымен қатар, объективі ауыспалы үлкен фотокамераны термос ретінде де қолдануға болады. Бірақ, осыдан кейін, фотоаппарат жұмыс істейді деген кепілдікті ешкім бере алмайды.

Біз айналы фотоаппаратты қолданудың қарапайым мысалдарын келтірдік. Ендігі кезек сізде! Инстаграмда Canon айналарының түрлі қолданыстарын жариялаңыз. Міндетті түрде canonkz#photolavka#voxpopulikz хэштегін қолданыңыз. Конкурс 29 шілдеден 31 тамызға дейін өтеді. Жеңімпазды Canon, Voxpopuli және "Фотолавка" тобынан құралған төрешілер анықтайды.Бас жүлде - айналы фотоаппарат EOS 1200D. Барлығына шабыт тілейміз!

P.S. Егер сіз фотоаппаратты шын мәнінде дұрыс пайдаланып үйренгіңіз келсе, арнайы фотокурс өтуге кеңес береміз.

Бөліс
Дамир Отеген
Дамир Отеген
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000