VOX POPULI Виктор Магдеев 21 октября, 2014 11:07

Автокөлік иелері мен олардың «темір тұлпарлары»

Автокөлік иелері мен олардың «темір тұлпарлары»
Автокөліктер жай қатынас құралы мәртебесінен айырылғанына көп болды. Кептеліс кезінде адамдар мен олардың көліктері біртұтас секілді – жолыңды кеседі, шамдарымен ойнақыкөз қысады немесе өткір гуілдейді. Виктор Магдеев адамдар белгілі бір көлік сатып аларда неге басты назар аударатындығын біліп қайтты.

Гүлмира, 30 жаста, маркетолог. BMW X5, 2008 жыл, үшінші көлігі:

– Бұл машина – ағамның сыйы. Мен онымен сирек серуендеймін, өйткені мен үлкен көлік ағынынан қауіптенемін және кептелістерді жек көремін. Есесіне қала сыртына шыққанды ұнатамын – машина жоларнаны жақсы ұстайды. Маған осы көлікте ең ыңғайлылары – кең салон мен барлық сатып алғаным сиятын үлкен жүксалғышы. Жиі қолданбайтындықтан менің онымен «сөйлесетін» әдетім жоқ. Бірақ ол маған қатты ұқсайды деп айта аламын – ол да сүйкімді, келісесіз ғой?

Талғат, 29 жаста, құрылыс компаниясының қызметкері. Toyota Camry, 2014 жыл, бесінші машинасы:

– Бұл менің алғашқы жаңа машинам, осыған дейін тек ұсталғандарында жүргенмін. Осы жолы салоннан автокөлік сатып алып, оның алғашқы иесі болушы ұйғардым. Модельді бірнеше критерийге сәйкес таңдадым: баға, үнемділік және маңғаздық. Барлығы бір жерден шықты. оған қоса автокөлік қөте ыңғайлы. Машинаны тек өзімнің жеке қажеттіліктерім үшін алдым – қала ішінде жүруге (өзім айтпақшы Қызылордаданмын), жұмысқа баруға және жеке кездесулерге баруға. Машинаға тек техникалық қатыныс құралы ретінде қараймын. Толқу тек жас кезімде, бірінші машинамды алған кезде ғана болды, және оны сатқан уақытымда да біраз уайымдадым. Үйреніп қалған едім, оны қимадым. Ал қазір жаңа көлік сатып алу... кроссовка алу секілді. Нақты төлем және ешқандай эмоциясыз.

Дилором, 31 жаста, маркетолог. MINI Countryman, 2012 жыл, алғашқы автокөлігі:

Бөліс
Виктор Магдеев
Виктор Магдеев
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000