VOX POPULI Светлана Ромашкина Инесса Шлапак 8 января, 2014 14:42

2013 жылдың үздік 35 репортажы

2013 жылдың үздік 35 репортажы
Өткен жылы біз сіздер үшін 300-ден аса репортаж жасап, Vox Business және Vox Interview атты екі жаңа айдар аштық, сонымен қатар "Жол", "50 000 доллар" мен "Бір күн" деген ірі жобаларды іске қостық. Бүгін біз қорытынды жасаймыз – 2013 жылы біздің ең көп қаралған репортажды анықтадық.

Біздің тізіміміздегі қарап шыққандардың саны бойынша 35 орын алатын бірінші материал, Оңтүстік Қазақстанның тумасы екі кішкентай баласы бар жалғызбасты әке жөнінде. Олар Алматының орталығындағы автотұрақта 3 жыл тұрған, сол жерде әкесі күзетші болып жұмыс атқарған. Оқиғаны 36500 адам көріп, 147 пікір қалдырған, солардың ішінде мынандайлары да аз болмады: «Шымкенттік ауылда жұмыс істеудің қажеті не? Қой бағып, жерді өңдеудің қажеті не, егер де автотұрақта ештеңе істемей-ақ ақша табуға болса?» Күздің басында кейіпкерге балаларымен бірге туған ауылға қайтуға тура келді, себебі үлкен ұлын тіркелусіз ешбір алматылық мектеп қабылдамаған болатын. Райхан Рахым мен Максим Шатров кейіпкерлердің артынан барып, сол жерде тұру мүмкіндігі жоқ екендігіне көздері жетті. Жанұяға көмек ретінде әкесі балаларымен күн көруі және қыстан аман шығуы үшін Vox Populi оқырмандарының және есіркеушілердің күшімен бұзаулы сиыр сатып алынды.

Келесі материалды 37 000-нан астам адам қарап, 200 пікір қалдырылған, сәбидің қалай дүниеге келетіні, осы құпияшылдық алдында не болатыны (жоқ, жыныстық қатынас жөнінде емес!) туралы репортаж. Осы репортаж туралы ой редакцияда бұрын, Vox Populi пайда болған күннен бастап-ақ туындаған. Ал оны жүзеге асыру тек 2013 жылдың жазында ғана редакция штатындағы бос орын байқауына қатысып жүрген сол кездегі ол машықтанушылардың тізімінде болған Жанар Кәрімованың арқасында мүмкін болды. Бұл репортаж шешуші болды, ол жарыққа шыққан соң Жанар Vox Populi командасына енді.

Vox Populi редакциясы өзінің кейіпкерлерімен әрдайым байланыста болуға тырысады, ал әлеуметтік репортаждарға келсек, мақала жарыққа шыққаннан кейін адамдардың өмірі қалай өзгергені туралы біліп отырады. 2012 жылы біз 5 жыл дүңгіршекте тұрған жанұя туралы репортаж жасаған болатынбыз. Сол кезде көптеген оқырмандар кейіпкерлерге көмектесуге ниет білдірген болатын. Жанұя дүңгіршектен кетіп қалды, бірақ келесі жылы қыста қайтадан ескі орнына қайтып келді. Қайта оралудың себептері туралы Қанат Бейсекеев білген болатын, материалды 37655 адам көрген.

Кейбір репортаждар, мысалы, Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы туралы сөз қозғалып жатса, онда бұл мәтіндік сүйемелдеуді қажет етпейді. Әйгілі фотосуретші Максим Золотухиннің көзімен қаланың үстінен қарағандағы қала көріністері. Алматыны ешкім ол секілді түсіре алмайды. Қарап шыққандар саны (37 800) және сұқтанған (98) пікір осыны дәлелдейді.

Біздің тізіміміздегі 35 репортаждың ішіндегі 31 орында Виктор Магдеев пен Бахтиёр Ысқақов бірге дайындаған Ресейден Қазақстанға машинаны қалай айдап келуге болатыны туралы фотосуреттер негізінде жасалған пайдалы нұсқау тұр. Бұл Виктордың ауқымды жазғы «Жол» жобасынан кейінгі екінші автокөлік саяхаты болды. Репортажды 38 000 адам көріп шыққан және 140 адам осындай тәсілмен авто сатып алуға қатысты өз ойларын білдірген.

Америкада тұратын біздің адамдар туралы репортаждар осы рейтингте бірнеше рет кездесетін болады. Сан-Францискода орналасқан технологиялық саланың қасиеттінің қасиеттісі – Кремний алабында (Silicon Valley. – Ред. ескертпесі) жұмыс сітейтін және сол жерде тұратындардардан бастайық. Қазақстандықтардың ішінде кім Twitter, Grupon американдық кеңселерінде және басқа да компанияларда жұмыс істейтіні туралы , сол жаққа қалай баруға болатыны туралы біздің арнайы тілшіміз Beks Nice анықтап берді. Бұл репортаж біздің рейтингіміздің құрметті 30-шы орнын алады.

Vox Populi-де әлеуметтік тақырыптарды іздеу мен дайындаудағы басты шеберлерінің бірі ретінде Райхан Рахым саналады. Оның арқасында біз қамаудағылар қалай өмір сүретінін, не себепті олар қайыршыға айналғанын және әйелдер не себепті тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайтындығы туралы білдік. Максим Шатровпен бірге Райхан тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша көшбасшы болған Алматы мен Шымкентке полиция қызметкерлерімен бірге әйелдер мен олардың ерлері осындай өмірге қалай жететіндігін анықтау үшін рейдке барған. Репортаж жарты ай шамасында дайындалды және оны 42 000-нан астам адам қарап шығып, 300-ге жуық ызалы оқырман пікір қалдырған.

Сұлулық байқауларын біздің оқырмандарымыз сүйіп оқиды және ықыласпен қарсы алады – Vox Populi-де қарап шыққандар санымен бірнеше рет дәлелденді. Соның ішінде әдемі әскери қыздар қатынасатын сайыстан сырт айналып кетуге болмайды. Репортажды біздің сайтымыздың үлкен досы, әйгілі астаналық блогер Ескендір Салиходжаев жасаған болатын, ал редакцияның бар ерлер бөлігі оған іштей қызғаныш білдірді, себебі осындай әдемілік біздің алматылық студиядан тыс өткен болатын. 43 мың дерлік адам қарап шығып, өткен жылғы ең әйгілі материалдардың ішінде біздің тізімдегі 28 орынды иеленді.

Ғарыштық кемелер бүкіл жер жүзінің кеңістігін шарлап жатқан кезде әлемді жаһандану қамтып жатыр және барған сайын ұлтаралық некелер көп қиылып жатыр, ал Максим Шатров дайындаған репортажға жеке тұлғалар ұлт тазалығын сақтап қалу туралы пікірлерін қалдыруды жалғастыруда. Аса жігерлілерді банға жіберіп, ал пікірлерді өшіруге тура келді. Дегенмен олар 400-ге жуықтады және 45000 адамның қарап шығуы оны 2013 жылы материалды 27-ші орынға алып шықты.

Отандық шоу-бизнестің жұлдызы Қайрат Нұртас туралы материал әрқашан тұрақты қызығушылық туғызады. Таңданатыны жоқ, даусыз оның әндерін Қазақстанның барлық аудандарынан жүз мың тұрғын тыңдайды, оның концерттерінің үзілуінен жосықтар ұйымдастырады, ал көбісі оған ұқсауды армандайды. Шынында, осы репортажда Қайраттың егіздері туралы әңгіме өрбіді, сөзге орай, оның ұқсастары қазақстандық атақтыларымен салыстырғанда көп болып шықты. 45 мыңға жуық адам әншінің егіздеріне сүйсінуге кірген. Қорытындысында - 26-шы орын!

Біздің сайт жаңалық ресурсы болып табылмайды, алайда біз маңынан жай ғана өтіп кете алмайтын оқиғалар да болады. Алматы орталығындағы алапат апат туралы белгілі болғанда, фотосуретші Максим Шатров оқиға орнына аттанды. Сонда Vox Populi-дің редакторлары Светлана Ромашкина мен Инесса Шлапактар да барды. Сол күні үшеуі де туған редакцияға жете алмады. Олар жанып кеткен үйдің жанында тұрып репортажды дайындап, толықтырып отырды.

Тағы бір сұлулық байқауы, бұл жолы өткен ғасырдың әйгілі Pin Up бейнесіндегі қыздар туралы репортаж! Идея мен репортаждың өзі Vox Populi мен Vse.kz. күшімен дайындалды. Таңданған пікірлерді де ол аз жинаған жоқ – шамамен 200-дей, ал қарап шыққандардың саны оны жылдың қорытындысы бойынша 24-ші орынға шығарды.

Тіпті ержүрек стаффордширлік терьер болса да, ит – адамның досы. Осыған бізді сендірген репортажды дайындаған фотосуретші Виктор Магдеев пен осы иттердің иелері. Редакция сөзге сенді, алайда осы төртаяқтылармен көшеде кездеспеген дұрыс деп іштей шешті.

Өткен 2013 жылы ашылған қосымша беттердің бірі – VOX INTERVIEW, сол айдарда әйгілі мәдениет қайраткерлері, министрлер, оппозиционерлер мен қызметінен босаған саясатшылар, мысалы, Болат Әбіловпен болғандай кездесулердің қорытындылары жарияланады. Vox Populi-дің жетекшісі Әлішер Елікбаев экс-саясаткерден бірінші болып сұхбат алуға үлгерді және оның кейінгі жоспарлары туралы білді. Репортажды шамамен 50 000 адамдай тамашалады.

Бізде адамдардың жағдайларға орай түрлі жерлерде – дүңгіршекте, автотұрақта, құрылыста , тіпті... зиратта тұруға тура келетіні туралы репортаждар аз болған жоқ. Не себепті адамдарға зираттардың ортасында тұруға мәжбүр екенін Максим Шатров анықтады. Оның репортажы 53 мыңнан аса қаралды, шамамен 200 пікір жинап, 21 орынға шықты.

Біз әрқашан Қазақстан халқының ұлттық дәстүрлері туралы үлкен ризашылықпен әңгімелеп отырамыз. Ұйғыр тойына біз редакциялық таныстарымыз арқылы біздің фотосуретшілеріміз Виктор Магдеев пен Жанар Кәрімованың бару сәті түсті. Егер сіздер, біздің құрметті оқырмандарымыз, осы жылы ОҚО-дағы қандай-да бір ауылындағы үлкен тойға барғыңыз келсе, бізді міндетті түрде ұлттық ерекшелікті түсіріп алуға шақырыңыз! Бұл репортажды 53 мыңнан аса адам қарап шыққан және ол осы бойынша қаралуы бойынша 20-шы орында тұр.

Өткен жыл әйелдерге қатысты әлеуметтік өзгерістер жағынан алып қарағанда қуанарлықтай болмады. Әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайту, декреттік төлемдерді азайту... Тағдырдан рақымшылық күтуге дағдыланбаған күштілер мен батыл жандар дегеніне өздері жететіндер, Қазақстанның барлық аналарына лайықты декреттік төлемақылар тағайындалуын талап етіп, ереуілге шықты. Олардың оқиғаларын 54 мыңға жуық адам оқып шыққан, 700-ден астамы пікір қалдырған. Және де пікірлер әртүрлі болды – «әйелдерді қолдаймыз!»-дан бастап ,«ақшаның жетіспейтініне жылайды, қағаздарды ауыстырып-түйістіріп, бояма жұмыс істегені үшін айына 400000 теңге алады және бұл оларға аз екен. Босанғыларыңыз келсе босаныңдар, босанбасаңдар - босанбаңдар. Сіз ақша үшін тумайсыз ғой!» дегендерге дейін.

Егер арықтағың келсе – біздің кейіпкерлерімізден қалай деп сұра! Біз ҚР-сы тағамтану акдемиясының түсіндірмелерімен бекітілген адамдардың қалай нәтижелі салмақ тастауы туралы шынайы оқиғаларды жарияладық. Айтпақшы, репортаж шыққаннан кейін біздің редакцияға белгілі бір жағдайларда салмақты қалай тастауға болады деген қоңыраулар шалынып, сұрақтар жазылып жатты. Олай болса біз шындап ойланудамыз – салмақ жөніндегі мәселемен шынымен де неге айналыспасқа? Неге дейсіздер ғой? Пайданың болатыны сөзсіз, өйткені статистика бойынша әрбір екінші қазақстандық дененің артық салмағынан зардап шегеді.

Көктемде ҚР-сы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовқа байланысты жанжал туындады. "Өйткені, өйткені..." деген бейнежазба және шенеунікке жұмыртқа лақтырылған Алматыдағы есте қаларлық баспасөз мәслихаты пайда болды. Осыдан кейін Әлішер Елікбаев Серік Әбденовтың көмекшілерімен тез арада байланысып, сұхбат жөнінде келісті. Кадрдың сыртында қалғаны – министр 20 минут Әлішер мен фотосуретшіні күтіп, машинада отырды, тек содан кейін ғана олар мейрамханаға түсірілімге аттанды. Мейрамхананың интерерьері кейбір оқырмандарды таң қалдырды. Біз фотосессияға арналған орынды министр емес, редакция қызметкерлері таңдағанын айтуға мәжбүрміз. Әбденовпен болған әңгімені 62 мыңға жуық адам қарап шыққан және ол біздің рейтингіміздің 17орнын алып отыр.

16-орынды "Американдықтар асырап алған қазақтар" репортажы алады. Бұл материалдың аздаған алғысөзі бар. 2013 жылдың жазында біз біздің жас фотосуретшіміз Қанат Бейсекеевпен қоштастық. Өкінішпен де, қуанышпен қатар қоштастық – иә, мұндай болады екен. Қанат біздің көмегімізбен АҚШ-тың Нью-Йорк киноакадемиясында оқуға грант иегері атанды. Кетіп бара жатып, Қанат туған Vox-ты ұмытпай, бізге фоторепортаждар жіберіп отыратыны жөнінде уәде берді. Ол өз сөзінде тұрды. Оның ең әсерлі материалының бірі американдықтар асырап алған қазақ балаларына арналды. Бұл материалды көргенде міндетті түрде қол орамалың болуы керек. Егер сіз оқып отырған кезде кө жасыңыз келе қоймаса, онда сіздің «қорғанысыңыз» репортаждың соңында жарияланған бейнежазбаны көргенде міндетті түрде бұзылады.

"Прайм Плаза" СОО маңындағы жосықтан екі апта өткен соң біздің жобамыздың жетекшісі Әлішер Елікбаев Қайрат Нұртаспен кездесіп, оны ашық әңгімеге тартты. Әнші кешірім сұрады, алайда бірден өз кінәсін сезінбейтіні туралы ескертті. Сонымен бірге, өзінің киім желісі мен әуе желісін шығаруға дайындалып жатқанын айтты. Шынын айтқанда, біз ол қалжыңдап тұр деп ойлағанбыз, бірақ бірнеше аптадан соң шынымен де Қайрата Нұртас атымен киім пайда болды. Енді біз авиация үшін уайымдаудамыз. Қайратпен сұхбатты 66 мыңнан астам адам оқып шыққан.

Бір күні жоспарлама кезінде біз редакциямызда тек екеуіміз ғана байырғы алматылық екендігі ойда-жоқта анықталдық. Осылайша, "Алматыға ағыл-тегіл келгендер" туралы репортаж жасау идеясы пайда болды. Байырғы алматылықтар деген кімдер, табиғатта олар бар ма, келгендерді не себепті ұнатпайды... Осы маңызды тақырыпты біз машықтанушыларымыз Айсұлу Тошыбекова мен Шыңғыс Бакішевтерге сеніп тапсырдық және жастарымыз оны мінсіз орындады: 67 мың қарап шығу мен 300 пікір барлығын түсіндіреді.

Біртіндеп біздің рейтингіміздің 13 орнына да келіп жеттік. Қанат Бейсекеев Америкада тұрып жатқан қазақстандықтар туралы репортаждар топтамасын дайындады. Сол материалдың екінші бөлігін 70 мың адам көріп шықты. Модель, физик, тіс дәрігері, Брэд Питт тұрғын үй алуға көмектескен фотосуретші, – барлық осы кейіпкерлер америкалық күн астындағы орынға қалай таласатыны жөнінде әңгімелейді. Материал 70 мың рет қаралып, 300 пікір жинады.

Өткен жылы біз VOX BUSINESS қосымша бетін ашқан болатынбыз, сонда қазақстандықтардың қызықты бастамалары туралы әңгімелейміз. Ауылында киіз басу бойынша шеберхана ашқан зейнеткер туралы мақала біз үшін күтпеген жерден 73 мың рет тамашаланды.

Қазақтар мен мажарлар – туысқандар деген репортаж оқырмандардың ерекше қызығушылығын туғызды. Түрік халқының тарихымен ертеден айналысып жүрген мажарлық антрополог Андраш Жолт Биро солай мәлімдейді. Оның теориясы туралы әңгіме керемет пікірталас туғызды – 500 аса пікірлер қалдырылған, біздің ең үздік материалдар тізімімізде 77 639 қарап шығумен 11 орынды иеленді.

Ақырында біз ең көп қаралатын материалдардың ондығына да жеттік. Оны Қанат Бейсекеевтің АҚШ-қа тұрақты түрде немесе уақытша өмір сүруге кеткен қазақстандықтар туралы репортажы ашады. Көшеде фотосуретші болып жұмыс істеп табыс табатын жігіт, картиналар салатын жасөспірім, гомофобтардан қашқан шаштаразшы, Қазақстанда шағын болса да, сәтті бизнесін тартып алынған зейнеткер-әйел... Қанат өте қызықты кейіпкерлерді таба алған және өз материалымен нағыз толқын туғызды – біздің оқырмандарымыздың пікірлерін оқып, репортаж оларды іле кеткенін түсіну қиын емес. Осы жылдың басында "Америкадағы қазақстандықтар. I бөлім" репортажы 80 мыңға жуық қаралған. Қазір Қанат енді үшінші бөлімін дайындауда.

Біздің машықтанушымыз Жанар Кәрімова редакция үшін оқыстан әйелдерге өте сырлысы жөнінде сөйлесуді ұсынды. Омырау туралы. Қыздар өз өлшемдеріне риза ма, орамжапырақ жесе көкірек өседі, нөлдік өлшеммен қалай өмір сүруге болады, паралонды төстартқыштар несімен қауіпті. Алайда көптеген ер адамдар пікірлерінде материалда бесінші өлшемді әйелдің болмағанына ашынса да, «Омырау өлшемінің еш маңызы жоқ па?» осы репортаж 80 000-ға жуық көрермен жинап, сыйлы 9-орын алды.

Бұл шолуда Қайраттың атын соңғы рет еске саламыз деп уәде береміз. Рас. Статистика қатал, одан ешқайда қашып құтыла алмайсың – "Прайм Плаза" СОО жанындағы жосық туралы "Қайрат Нұртастан кейін" атты материалды 88 мың адам қарап шыққан. Бүліктің басталуы туралы белгілі болғанда, біздің жобамыздың жетекшісі Әлішер Елікбаев Vox фотосуретшілеріне оқиға орнына барып, түсірілім жасауға қатаң түрде тыйым салды, себебі қызметкерлердің қауіпсіздігі мен камералардың сақталуына алаңдады. Бірақ Максим Шатров пен Виктор Магдеев барлық қауіпке қарамай, өздерінің журналистік міндетін атқаруға аттанды. Қортындысында: 88 618 қарап шығу, 355 пікір, 8-орын.

Өткен жылдың көктемінде Қазақстанда ең әдемі қазақ қызын таңдадық. Біз рух берушісі продюсер Баян Есентаева болған "Қазақ аруы" байқауының 18 сұлуларының фотосуреттерін жариялаған болатынбыз. Қыздарға қойылатын талаптары мынандай еді: қазақ тілі, ұлттық дәстүр, Қазақстан тарихы, қазақ әдебиетін білуі, бойы 170 см-ден кем емес және ұзын шаш. Сұлу қыздар сайтқа 110 мың адамды алып келді. Біздің ресурсты табатын сауалдың «қазақтың сұлу қыздарының фотосуреттері» деп аталуы тегін емес.

Реті бойынша алтыншы материал "Ешкім ештеңеден сақтандырылмаған". жарнамалық репортажы болды. Бізге сақтандырудың түрлері туралы баяндағысы келген STANDARD компаниясы шықты. Біз бұл материалды Қазақстан, Голландия және АҚШ сияқты үш елдің тілшілері мен фотосуретшілерінің күшімен жасадық. Қызықты өмірлік оқиғалар шыға келді. Жұмсалған күш босқа кетпеді: репортаж 127 мың рет қаралды. Не айтуға болады? Енді біз жарнамалық материалдарды жасағанда неге ұмтылу керек екенін білеміз.

Өткен жылдың ең көп қаралған бесінші репортажы тілші Райхан Рахым мен фотосуретші Максим Шатровтың "Жаңа мұсылмандар" атты материалы болды – түрлі ұлт адамдары исламды қалай қабылдайды, намаз оқып, ораза ұстайтындығы туралы сөз қозғалды. 118 мың қарап шығу, дін тақырыбына трактат ретінде оқуға болатын рекордты 1127 пікір.

Төртінші орында біздің бұрынғы отандасымыз "Американдық бизнесвумен Гүлнәр Фебрес", ол 20 жыл бұрын АҚШ-қа кетіп, табысты мансап жасаған материал қызу талқылау мен айыптаушылардың толқынын туғызды. "Гүлнәр жарайсың!"-нан бастап, "Отанынды бір шұжыққа сатып кеттің"-ге дейін. Қорытындысы: 120 мыңға жуық қарап шығу, 382 пікір (қаншасы балағаттау үшін өшірілді!). Редакция атынан Гүлнәрға өзінің қызықты өмірі туралы айтып бергені үшін, ал қаскөй оқырмандардың пікірлерін оқығаннан кейін бізден репортажды өшіруді талап етпегені үшін тек үлкен алғыз білдіреміз.

Біз үшін көшбасшылардың үштігіне дұрыс тамақтану туралы материалдың енгені күтпеген жәйт болды. ҚР-сы тағамтану Академиясымен бірге біз тәжірибе жасадық: бірнеше кейіпкерлерге 5000 теңгеден беріп, олар бірнеше күнге азық-түлік алуы үшін олармен бірге дүкенге бардық. Әрбір алынған "азық-түлік себетіне" академия маманы түсіндірме жасады. Түсіндірмелерге сәйкес, біздің барлық оқырмандарымыз – дипломы бар диетологтар! "#15 тәжірибе. Біздің азығымыз қандай" материалын 138 мың адам қараған.

Екінші орында той репортажы орналасты. Көктемде біз карағандылық тілшілер Ботагөз Омарова мен Олег Битнердің "Өзге той: қыз және қыз" материалын жарияладық. Некелесушілер рөлінде астаналық екі қыз – Крис пен Каролина болды. Бірінші қарағандылық лесби тойы туралы материал 140 мың көрермен жинады, этикалық себептерге байланысты көп бөлігі өшірілген 586 пікір қалдырылды, әріптестер де материалдың таратылуына ат салысты, тіпті BBC сайтындағы британдықтар да шет қалмады. Көбісі біздің сайтты "гей-үгіт, алкоголь мен темекі геноцидінің орны " деп таңба басты.

Екі жылға жуық ең көп қаралатын материал фотосуретші Константин Киквидзенің еліміздің сұлулығы туралы «Қазақстандық әдемілік» атты репортажы болатын. Алайда, биыл табиғатты басқа репортаж ығыстырып тастады. 2013 жылдың аяғында біздің редакторымыз Инесса Шлапак дайындаған "Голландиядағы қазақстандықтар. Өзгеше шындық" материалы суырылып алға шықты. 162 801 қарап шығу, 500-ге жуық пікір, мыңдаған лайк пен модератор бандаған көптеген ресурс бұзушылары. Инесса жалғасы болатына уәде береді, сонда әйгілі қазақ қайраткерлерінің ұрпақтары болады деп жоспарлануда. Бандалғандарға рақымшылық жасаудың уақыты келген сияқты!

2012 жылдың басына қарай ең көп қаралған репортаждар тізімі

Facebook-та ең көп лайк жинаған репортаждар тізімі

Бөліс
Светлана Ромашкина
Светлана Ромашкина
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000