VOX POPULI Алуа Сулейменова 25 сентября, 2015 14:00

Орын: GO!Cafе салауатты тамақтану мейрамханасы

<p>Сеть здорового питания GO!Cafe</p>
Сеть здорового питания GO!Cafe
Фото: Тимур Батыршин
Спортпен шұғылдану, зиянды әдеттерден арылу, дұрыс тамақтану - бұл бәріне белгілі, мықты денсаулық пен ұзақ жасаудың рецепті. GO!Cafe салауатты тамақтану мейрамханасында да бқл жайлы жақсы біледі. Бұл ғимаратта өз ісінің шеберлері, өздерінің ас мәзірлерін білімді де талантты аспазшылардың, диетолог мамандардың көмегімен жүргізіп отырған үлкен топ жұмыс жасайды. Осы аптада біз жайлы кафеде болып, тамақ әрі дәмді, әрі пайдалы болады дегенге көз жеткізуді жөн санадық.

GO!Cafe өзін Қазақстандағы алғашқы салауатты тамақтану орны деп көркетті. Бұл тамақтану орнының басты ерекшелігі, мұнда тамақтар диетологтың кеңесімен, табиғи, балғын азық-түліктермен, консерванттарсыз дайындалады.

GO!Cafe негізгі концепциясы - барлық ингредиенттердің дұрыс үйлесуі, оның ұүнарының макималды түрде сақталуы және өз дәмінің бұзылмай сақталуы.

Негізгі ас мәзірінен бөлек, мейрамханада тамақтанудың арнайы бағдарламасы жасалған, мысалы, тұлғаны қалпына келтіру, салмақты түсіру, ағзаны жасарту. Қазіргі таңда сондай сегіз байдарлама дайындалған. Олардың әрқайсысы орташа есеппен 21 күнге созылады, күніне 5 мезгіл тамақтануды талап етеді.Мамандар бағдарламаны жасаған кезде медициналық қарсы көрсеткіштерді және тұлғалық ерекшеліктерді ескереді.

Мысалы, "О!Чищение" деп аталатын бағдарлама Анри Шеноның диеталық ұстанымына негізделген, ол ағзадағы шлактар мен токсиндерді тазартуға көмектеседі. "О!Здоровление" деп аталатын бағдарлама бойынша палеодиета ұстанымымен жұмыс жасайды, бұл тағамдарды алғашқы адамдар қолданған деп есептейді. Ол жерде ешқандай дәнді дақылдар, сүтті тағамдар, консерванттар сияқты тағамдар қолданбайды. Бұдан бөлек  «О!Моложение», «О!Бновление», «О!Вега», балаларға арналған «О!Крошка», фитнеспен белсенді айналысатын ерлер мен әйелдерге арналған «BikiniBody» және «BurningMan» бағдарламалары бар.  

Бар мәзірінде ішімдік мүлде жоқ. Бірақ, табиғи кофенің, жеміс-жидек смузидерінің, үй лимонадтарының, дәруменді шырындардың және түрлі сұрыптағы шәйлердің мол таңдауы қойылған. Және ет жемейтіндерге арналған да мәзір жасалынған.   


Толығырақ бұл орын туралы бізгеGO!Cafе директоры Халима айтып берді:

VOX: Сіздердің ашылғандарыңызға бірнеше жыл болды. Қазақстанда салауатты тамақтану сұранысы қаншалықты артқан? 

Халима:  Біздің нарыққа шыққанымызға төрт жыл болды. Осы уақыт ішінде біздің тағамдарды тұтынушылардың саны біршама артып қалды, біздің тұрақты тұтынушыларымыз да бар. Қазір салауатты тамақтану сәнге айналған кезде, оның үстіне өте қажет кезде бізге келушілер көп. Себебі, әрі пайдалы, әрі салауатты тамақтану қашанда қажет.

— Біздің аудитория — адамдардың өмір сүру салтына, қаржылық жағдайына байланысты әртүрлі. Біздің бағаларымыз қала тұрғындары үшін қолжетімді.  

VOX: Сіздер негізгі басымдылық азық-түліктің экологиялық таза болуына беріледі ме?

Халима:  Иә. Біз үнеемі балғын азық-түлік аламыз. Сосын, үнемі жергілікті азықтарды пайдалануға тырысамыз.

— Біздің тамақтану орнының миссиясы салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыру, ұлт денсаулығы және мемлекетіміздің сапалы өмір сүру жағдайын дамыту. Біз өзіміздің келушілерімізге салауатты тамақтану салтын ұстануды үйреткіміз келеді. Бізде әр түрлі акциялар өткізіліп те тұрады: мысалы бір қорап темекіні, бір стақан табиғи шырынға ауыстыру. Апта соңында бізде тау боп үйілген темекі қорабы жиналып қалады.


GО!Cafe, Алматы
GО!Cafe, Алматы

— Біздің ұранымыз: "Тамақтан! Шабыттан! Әрекет жаса!". Яғни, сіз бізге келесіз, тамақтанасыз, тамақтанудан кейінгі ауыртпалықты сезінбейсіз, шабыттанасыз да әрекет етуге кірісесіз. Сіз шабыттанғаннан кейін, көп нәрсені атқарып тастауға қабілетті боласыз. Біздің тағамдар ішкі жайсыздықтарыңыздан арылтады, арықтатады, денсаулығыңызды жақсартады.



Виталий, шеф-повар GO!Cafe
Виталий, шеф-повар GO!Cafe

Виталий, шеф-повар:

— Біздің салауатты тамақтану мейрамханасында, Біз майлы, тұзды тамақтарды мүлде дайындамаймыз. Барлығын буда немесе қайнатып пісіреміз. Еттің де майсыз сиыр етін, қоян, балық және индейка сияқты түрлерін пайдаланамыз. Біз шошқа етін, қой еті мен тауық етін мүлде пайдаланбаймыз. Жалпы қазір 95 пайыз тауықтар биотикалық аппараттарда өсіріледі, сондықтан да тауықтың етін пайдалану арқылы сіз өзіңіздің денсаулығыңызға зиян келтіресіз.

— Мен тамақ пісігенді, эксперимент жүргізгенді жақсы көремін және адамдар үшін жаңа, пайдалы дүниелерді жасағым келеді.


VOX: Сіздің мекемеде салауатты тамақтану саласының мамандары жұмыс жасайды. Сол кісілер туралы толығырақ айтып беріңізші.

Халима: Иә, біздің топ өте үлкен және тату ұжым. Біздің ұжымда HoReСa мамандарынан бөлек нутрициология және диетология саласының мамандары жұмыс жасайды. Ең бағалы қызметкерлеріміздің бірі - нутрициолог Алуа Пикард. Ол шетелде осы сала бойынша арнайы білім алып келген, еңбек өтілі 25 жыл. Жалпы, нитрициология - тағам туралы ғылым. Алуа вегетариандық, вегандық, шикі тағам пайдалану саласының маманы. Ол адамдарға қандай тағамдарды жеу керектігін, оны қалай дайындау қажеттігін жақсы біледі. Татьяна Загриценко — біздің диетолог. Ол жүйелі түрде дәрістер мен семинарлар өткізіп тұрады.  Бұл семинарларда ол көптеген кеңестер мен егжей-тегжейлі ұсыныстар береді.

— Біз жүйелі түрде тегін семинарлар өткізіп тұрамыз. Кез-келген адам келіп, пайдалы кеңес алып, диетологтың салауатты тамақтан туралы қызықты дәрісін тыңдап кетуіне болады. Әлеуметтік желілерде біз алдын-ала тақырыптарды жариялап, келем деушілерді шақырамыз. Семинарлардың тақырыптары тапсырыс бойынша, кейде мейрамхана қонақтарының ұсыныстары бойынша таңдалып алынады. Мысалы, соңғы тақырыптардың бірі калория туралы, оны тамақта дұрыс пайдалануы жайында болды.

VOX: Сіздердің салауатты тамақтану бағдарламаларыңыздан шыққан қорытындылар бар ма? Атап айтатын мысалдарыңыз бар ма? 

Халима: Біздің кафеде сегіз бағдарлама жұмыс жасайды, оларды әрқайсысы әр тұһүрлі мақсатта жасалған. Балаларға арналған, бауыры ауратын адамдарға арналған, салмақты азайтуға бағытталған бағдарламалар бар. Барлығы біздің диетолог мамандардың жасаған бағдарламалары бойынша, кқміртегі мен ағуыздардың күнделікті қажеттілігін қамтамасыз ететін, үнемдейтін жүйемен жасалынған.  

— Біздің тамақтану бағдарламамыз бойынша, адамдар міндетті түрде арықтайды. Бірақ арықтау уақыттары әр келкі болып жатады. Ең жақсы көрсеткіш көрсеткен бір жігіт 30 күнде 18 келіге арықтады.

— Бұндай бағдарламаның орташа бағасы 120 мың теңге. Адам тек ішкен тамағына ғана төлейді. Бқл ақшаға біз тұтынушыға арнайы тамақтану жоспарын құрамыз, ол кісінің ағзасының ерекшеліктері мен күн тәртібін ескере отырып дайындаймыз, қайткен күнде де 5 мезгіл тамақтану кестесін бекітеміз. Ағзаны тазарту мен қажетті дәрумендерді де беруді ұмыстпайсыз.


Магазин Take–away
Take–away дүкені

VOX:  Болашаққа жоспарларыңыз бар ма?

Халима: 2015 жылы Қазақстанда салауатты өмір салты мен тиісінше, салауатты тамақтану әдебі дамығанын байқадық, соғын орай біз Алматы қаласы бойынша территориямызды кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Тамыз айында Take–away форматында кафе ашылды, яғни AFD бизнес орталығында өз-өзіне қызмет көрсететін кафе мен дүкен  ашылды. Esentai Mall-дың үшінші қабатында осы жылдың аяғына дейін  үшінші кафемізді жасу жоспарлануда. Мұнымен тоқтап қалмаймыз, 2-3 жылдың ішінде  кафелеріміздің санын 10 жеткізу ойымызда бар.

VOX:  Take–away форматының ерекшелігі неде?

Халима:  Бұл өзіңізге-өзіңіз қызмет көрсететін салауатты тез дайындалатын тағамдар сатылатын кафе-дүкен. Мұнда сэндвичтер, ыстық тағамдар, калориясы төмен салаттар, тіскебасарлар, тәттілер мен көкөніс, жеміс-жидек чипстары бар. Барлығы 24 сағат қана сақталуға жарамды, барлығы біздің салауатты тамақтану фабрикасында дайындалады. 

GО!Cafe күнделікті сағат  07:30 дан 00:00 дейін жұмыс жасайды.Мекемеде орташа есеппен 4000 теңге. Негізгі ас мәзірінен бөлек, таңғы ас үшін фуршет үстелі қойылады. Оның бағасы 2300 теңге, балалар үшін 1150 теңге. Түскі асқа арналған фуршет бір адам басына 3000 теңге, балаларға 2100 теңге. Ал Take–away форматында орташа чек 1 200 теңге. Жеткізіп беру қызметі де бар.  



Алимжан и Анелия, посетители GО!Cafe
Алимжан мен Анелия, GО!Cafe келушілері

GО!Cafe келушілері былай дейді:

Алимжан:

— Маған салауатты тамақтану, осы орын, қызмет көрсету, адамдар ұнайды. Менің қызыма да бәрі ұнайды, мен оны салауатты тамақтану салтына үйретіп жүрмін.


Акбар, постоянный гость GО!Cafe
Акбар, GО!Cafe тұрақты келушісі

Акбар:

— Мұнда жайлы. Мен спорт залға күнде барамын, салауатты өмір салтын ұстанамын, маған ол жағынан  GО!Cafe-те көмектеседі. Күнделікті келуге тырысамын.

— Мұнда бәрі дәмді, Тамақтың көлемі үлкен емес, артық тамақ ішіп қоямын деп қорықпаймын, бір порциясы есептелініп беріледі. Бәрі буда пісіріледі. Мен мәзірдегі барлық тамақтарды жей беремін. Маған барлық тамақтары ұнайды.


«Салауатты болу сәнді» — бұл қазіргі кезде ең өзекті ұрандардың бірі. Егер сіз осында ұранды ұстанатын болсаңыз, онда  GО!Cafe есіктері әрқашан ашық.  

 Қала:

 Алматы

 Аудан:

 Алмалы

 Мекен жайы:

 Наурызбай батыр, 89  World Class ғимаратында —  мейрамхана.

 Әл-Фараби, 36, блок В, «AFD» бизнес орталығы —  take-away

 Телефон:

 +7 (727) 315-19-19

 Сайт:

 www.gocafe.kz

 Facebook:https://www.facebook.com/GoCafeAlmaty

 Instagram: https://instagram.com/gocafekz/

 Орташа баға:

 мәзір бойынша 4 000 теңге.

 Таңғы ас фуршеті: 2 300 теңге (балалар үшін 1 150)

 Түскі және кешкі ас фуршеті: 3 000 теңге (балалар үшін 2 100)

 Take-away: 1200 теңге

 Жұмыс уақыты:

 Күнделікті 07:30 - 00:00

Бөліс
Алуа Сулейменова
КОММЕНТАРИИ ()
Осталось символов: 1000